Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 21 шілдедегі № 749 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) кредиттің нысаналы мақсаты - Астана қаласындағы «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық кешенінің құрылысын аяқтау, оның ішінде жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес бас мердігерлердің алдындағы берешекті өтеу;».
2. Осы қаулы кол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов