"Қазмұнайұңғымажою" акцнонерлік қоғамын құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 309 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 1 тамыздағы № 756 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 01.08.2013 № 756 қаулысымен.

      Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қазмұнайұңғымажою» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) құрылсын.
      2. Қоғам қызметінің негізгі бағыттары:
      1) оқшаулау-жою жұмыстарын жүргізуге жататын иесіз мұнай-газ ұңғымаларына, төгілген мұнайға, қоймаларға тұрақты зерттеу жүргізу;
      2) жоюға жататын иесіз мұнай-газ ұңғымаларын, төгілген мұнайды, қоймаларды оқшаулау-жою жұмыстарын ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      3) консервациялау және жою бойынша төгілген мұнайдың, иесіз мұнай-газ ұңғымаларының және қоймалардың бірыңғай ақпараттық жүйесін құру;
      4) жобалау-іздестіру жұмыстарының жылдық және перспективалық жоспарларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
      5) заңнамада белгіленген тәртіппен иесіз мұнай-газ ұңғымалары, қоймалары және төгілген мұнайды жою жөніндегі жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді, қарауды және бекітуді ұйымдастыру;
      6) иесіз мұнай-газ ұңғымалары, төгілген мұнай және қоймалар саласында талдамалық және ғылыми зерттеулерді жүргізу, инновациялық технологияларды енгізу болып белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен 75600000 теңге (жетпіс бес миллион алты жүз мың теңге) мөлшерінде Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті:
      1) Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігімен бірлесіп, Қоғамның жарғысын бекітуді және оның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігіне акциялардың мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын берсін;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
      5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           K. Мәсімов

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің           
2011 жылғы 31 наурыздағы  
№ 309 қаулысымен      
бекітілген         

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар

      1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
      «Астана қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-124-жолмен толықтырылсын:
      «21-124. «Қазмұнайұңғымажою» АҚ».
      2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
      көрсетілген қаулының қосымшасында:
      «Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 20-5-жолмен толықтырылсын:
      «20-5. «Қазмұнайұңғымажою» АҚ».
      3. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 44-2-жолмен толықтырылсын:
      «44-2. «Қазмұнайұңғымажою» АҚ».
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.19 № 340 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      5. «Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 454 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің қарауындағы ұйымдар тізбесінде:
      «Акционерлік қоғам» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3-жолмен толықтырылсын:
      «3. «Қазмұнайұңғымажою» АҚ».

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады