Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылгы 22 қыркүйектегі № 903 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 сәуірдегі № 352 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 475 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 07.08.2017 № 475 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДі:

      1. "Қазақстан Республикасының сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегі № 903 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:

      Бекетаев - Қазақстан Республикасы Әділет

      Марат Бақытжанұлы министрлігінің жауапты хатшысы

      Рау - Қазақстан Республикасының

      Альберт Павлович Индустрия және жаңа технологиялар

       бірінші вице-министрі

      Хасенов - Қазақстан Республикасының Ауыл

      Сакташ Сатыбалдыұлы шаруашылығы вице-министрі

      Нұрпейісов - Қазақстан Республикасы

      Қуаныш Қалиұлы Бәсекелестікті қорғау агенттігі

       (Монополияға қарсы агенттік)

       төрағасының орынбасары;

      көрсетілген комиссия құрамынан Арман Қайратұлы Евниев, Рустам Александрович Ақбердин шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады