"Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 384 Қаулысы

       Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі                       К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына
толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

      Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуі мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) осы Жарлық қабылданған күннен бастап үш ай мерзімде салалық бағдарламалардың іске асырылуын бағалауды және бақылауды жүзеге асыру тәртібін бекітсін;
      2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
              Президенті                         Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2011 жылғы «__» _______
№ ___ Жарлығымен 
БЕКІТІЛГЕН    

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына
енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер

      1. «2009 - 2011 жылдарға арналған «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 29 тамыздағы № 653 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 37, 398-құжат):
      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Қазақстан Республикасының Үкіметі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығында айқындалған мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Бағдарламаның орындалу барысы туралы ақпарат берсін.»;
      4-тармақ алып тасталсын.
      2. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 30, 259-құжат, 2010 ж., № 20-21, 150-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінде:
      4-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік стратегиясы;»;
      5-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының мониторингін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган ай сайын жүзеге асырады және оның іске асырылу барысы туралы ақпарат Қазақстан Республикасының Үкіметіне есепті айдан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей беріледі.
      Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы ақпаратты мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметіне жартыжылдық қорытындылары бойынша - есепті жылдың 15 шілдесіне дейін, жылдың қорытындылары бойынша - есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейін, Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жартыжылдық қорытындылары бойынша - есепті жылдың 25 шілдесіне дейін, жылдың қорытындылары бойынша - есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қаңтарына дейін береді.»;
      6-тармақта:
      алтыншы бөлік «арқылы» деген сөзден кейін «, сондай-ақ оны іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспары арқылы» деген сөздермен толықтырылсын;
      жетінші бөліктегі «доктриналарды әзірлеу» деген сөздерден кейін «, оларға мониторинг, бағалау және бақылау жүргізу» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Тұжырымдамалар мен доктриналардың мониторингін, оларды бағалау мен бақылауды Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
      мынадай мазмұндағы 3.2-1-бөліммен толықтырылсын:
      «3.2.-1. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік стратегиясы
      15-1. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік стратегиясы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында әзірленеді.
      15-2. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік стратегиясын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган орта мерзімді (5 жылға) немесе ұзақ мерзімді (5 жылдан астам) кезеңдерге әзірлейді.
      15-3. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік стратегиясын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
      15-4. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік стратегиясының іске асырылуының мониторингі мен оны бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді, бұлар оны түзетуді жүзеге асыруға негіз болуы мүмкін.
      15-5. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік стратегиясының іске асырылуын бақылауды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі жүзеге асырады.
      15-6. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік стратегиясын әзірлеу, оған мониторинг, бағалау және бақылау жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.»;
      мынадай мазмұндағы 33-1-тармақпен толықтырылсын:
      «33-1. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде айқындалған мемлекеттік органдар стратегиялық жоспарларды әзірлемейді.»;
      34-тармақта:
      «мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның» деген сөздер «мемлекеттік жоспарлау, бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдардың және заңдық сараптама жүргізуге жауапты органның» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «орган» деген сөз «органдар» деген сөзбен ауыстырылсын;
      35-тармақтың үшінші бөлігіндегі «Президентінің Әкімшілігі мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің» деген сөздер «Президенті Әкімшілігінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 37-1-тармақпен толықтырылсын:
      «37-1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасының Парламенті Шаруашылық басқармасының, Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының стратегиялық жоспарларын іске асыру мониторингін әзірлеуші мемлекеттік орган жүзеге асырады.»;
      мынадай мазмұндағы 38-1-тармақпен толықтырылсын:
      «38-1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасының Парламенті Шаруашылық басқармасының, Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының стратегиялық жоспарларының іске асырылуын бағалауды әзірлеуші мемлекеттік орган жүзеге асырады.»;
      40-тармақтың бірінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 40-1-тармақпен толықтырылсын:
      «40-1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасының Парламенті Шаруашылық басқармасының, Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының стратегиялық жоспарларының іске асырылуын бақылауды әзірлеуші мемлекеттік орган жүзеге асырады.»;
      мынадай мазмұндағы 45-1-тармақпен толықтырылсын:
      «45-1. Салалық бағдарламалардың іске асырылуын бағалауды және бақылауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.»;
      46-тармақтағы «мен мониторинг» деген сөздер «, мониторинг, бағалау мен бақылау» деген сөздермен ауыстырылсын;
      47-тармақтағы «мемлекеттік жоспарлау» деген сөздер «бюджеттік жоспарлау» деген сөздермен ауыстырылсын.
      3. «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 10, 115-құжат):
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қазақстан Республикасының Үкіметі 2012 жылдан бастап «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығында айқындалған мерзімде Стратегиялық жоспарды іске асыру мониторингінің нәтижелерін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынып отырсын.».
      4. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 20-21, 150-құжат):
      1-тармақтағы «схемасын,» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік стратегиясын,» деген сөздермен толықтырылсын;
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын, Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг, бағалау және бақылау жүргізу ережелерінде:
      тақырыбы мен 1-тармақтағы «схемасын,» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік стратегиясын» деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақтағы «схемасы,» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік стратегиясы,» деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақта:
      «кезең.» деген сөз «кезең;» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «4-1) стратегиялық құжаттар - жаһандық пайымдауды, елдің ұзақ мерзімді кезеңге арналған экономикалық, әлеуметтік, қоғамдық-саяси дамуының мемлекеттік саясатының басты бағытын қалыптастыратын Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы, Қазақстан Республикасының тиісті онжылдық кезеңге арналған стратегиялық даму жоспары мен Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасы және Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы;
      4-2) бағдарламалық құжаттар - мемлекеттік бағдарламалар мен аумақтарды дамыту бағдарламалары.»;
      11-тармақтағы «және Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын» деген сөздер «, Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік стратегиясын» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:
      «16-1. Бағдарламалық құжаттардың мониторингін жүргізу үшін бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жарты жылдың қорытындылары бойынша ағымды жылдың 1 тамызынан кешіктермей және жыл қорытындылары бойынша - есепті жылдан кейінгі жылдың 30 қаңтарынан кешіктірмей бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша мемлекеттік органның Стратегиялық жоспарының құрамында бекітілген олардың көрсеткіштеріне қол жеткізуді негізге ала отырып, осы бюджеттік бағдарламалар бойынша жоспарлы және нақты атқарылу сомасы көрсетілген бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы ақпарат береді.»;
      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «23. Қорытынды мыналарды:
      1) құжаттың деректемелерін (құжат бекітілген нормативтік құқықтық актінің атауы, нөмірі, күні, әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган және бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар, іске асыру мерзімдері, оның ішінде кезеңдер бойынша);
      2) есепті кезеңге арналған аралық мәндерімен нысаналы индикаторларды. Аралық мәндерге қол жеткізілмеген жағдайда себептері көрсетілсін;
      3) есепті кезеңге жоспарланған және қол жеткізілмеген нәтижелер көрсеткіштерінің, іс-шаралардың санын;
      4) қаржыландыру көздері бойынша бөле отырып, есепті кезеңге бөлінген және игерілмеген қаржы қаражаты туралы ақпаратты;
      5) жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы мәліметтерді;
      6) қорытындылар мен ұсыныстарды қамтуға тиіс»;
      35-тармақтағы «құжаттарды» деген сөзден кейін «, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын» деген сөздермен толықтырылсын;
      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «44. Қазақстан Республикасының Президенті немесе ол уәкілеттік берген лауазымды адам бекітетін стратегиялық құжаттардың, мемлекеттік бағдарламалардың және стратегиялық жоспарлардың іске асырылуын бақылауды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін стратегиялық жоспарлардың іске асырылуын бақылауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
      Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың стратегиялық жоспарының іске асырылуын бақылауды тиісті жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.»;
      65-тармақтағы «ақпараттар негізінде жедел есептілікті» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын іске асыру барысы туралы жедел есептілік негізінде мониторинг жөніндегі жалпы есепті» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 66-1-тармақпен толықтырылсын:
      «66-1. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарларының мониторингін жүргізу үшін нысаналы индикаторларға қол жеткізуге жауапты мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 маусымына дейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарының іске асырылу барысы туралы жедел есептілікті ұсынады.»;
      73-тармақ алып тасталсын;
      75, 77, 78 және 79-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «75. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарының мониторингі мен бағалау нәтижелері туралы қортындылар берілгеннен кейін бір ай мерзімде Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын бақылау нәтижелері жөніндегі жыл сайынғы ақпаратты береді.
      Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын бақылауды жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
      77. Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасының әзірленген жобасы мынадай талаптарға сәйкес болуға:
      1) алдағы онжылдық кезеңге арналған Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын іске асыру мақсатында әзірленуге;
      2) елді перспективалы аумақтық ұйымдастыру мәселелерін ашып  көрсетуге;
      3) экономикалық ресурстарды оңтайлы пайдалану, өндіруші күштерді ұйымдастырудың жаңа жүйелерін пайдалану мәселелерін ашып көрсетуге;
      4) аумақтарды инфрақұрылымдық қамтамасыз ету мәселелерін қамтуға тиіс.
      78. Аумақтық-кеңістіктік дамудың болжамды схемасының құрылымы мынадай бөлімдерді қамтиды:
      1) аумақтардың қалыптасқан экономикалық ұйымдастырылуын талдау;
      2) аумақтық-кеңістіктік дамудың негізгі бағыттары;
      3) Қазақстан Республикасының экономика секторларын дамытудың болжамды схемалары;
      4) Елді аумақтық-кеңістіктік дамытудың алдағы онжылдық кезеңге арналған болжамды схемасын іске асырудың мониторингіне арналған индикаторлар.
      79. «Аумақтардың қалыптасқан экономикалық ұйымдастырылуын талдау» бөлімі тұтастай елдегі және оның әрбір өңіріндегі елдің даму басымдықтарын негізге ала отырып, өңірлердің экономикалық әлеуетін бағалауды, еңбек және демографиялық әлеуетті бағалауды, әлеуметтік инфрақұрылымның қамтамасыз етілу мәселелерін қамтуға тиіс»;
      80, 81, 82, 83, 84, 85, 86, 87, 88, 89 және 90-тармақтар алып тасталсын;
      91 және 92-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «91. «Аумақтық-кеңістіктік дамудың негізгі бағыттары» бөлімі елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының мақсаттарынан, міндеттері мен басты тәсілдерінен, өңірлердің даму сценарийлерінен, өңірлердің стратегиялық даму бағыттарынан, ірі агломерациялардың тиімді даму мәселелерінен және басқа да таратып орналастыру жүйелерінен, бюджетаралық қатынастарды жетілдіру мен базалық әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етілудің бірыңғай стандарттарын енгізуден тұрады.
      92. «Қазақстан Республикасының экономика секторларын дамытудың болжамды схемалары» бөлімі индустриялық сектордың перспективалық даму, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, инженерлік-көлік инфрақұрылымын дамыту схемаларын қамтиды.»;
      мынадай мазмұндағы 92-1-тармақпен толықтырылсын:
      «92-1. «Елдің алдағы онжылдық кезеңге арналған аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын іске асырудың мониторингіне арналған индикаторлар» бөлімі өңірлерді дамытудың алдағы онжылдық кезеңге арналған негізгі көрсеткіштерін, салаларды дамытудың болжамды параметрлерін қамтиды.»;
      93-тармақ алып тасталсын;
      95-тармақтағы «ақпарат негізінде жедел есептілікті» деген сөздер «Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасының іске асырылу барысы туралы жедел есептілік негізінде мониторинг жөніндегі жалпы есепті» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 96-1-тармақпен толықтырылсын:
      «96-1. Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасының мониторингін жүргізу үшін мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін жауапты мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар өз құзыреті шегінде есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырына дейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасының іске асырылу барысы туралы жедел есептілікті тапсырады.»;
      103-тармақ алып тасталсын;
      105-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «105. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасының мониторингі мен бағалау нәтижелері туралы қорытындылар берілгеннен кейін бір ай мерзімде Қазақстан Республикасының Президентіне жыл сайын Елдің аумақтық-кеністіктік дамуының болжамды схемасын бақылау нәтижелері туралы жыл сайынғы ақпаратты береді.
      Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын бақылауды жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.»;
      мынадай мазмұндағы 3-1-бөліммен толықтырылсын:
      «3-1. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік стратегиясы
      3-1.1. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік стратегиясын әзірлеу
      105-1. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік стратегиясының жобасы мынадай талаптарға сәйкес болуға:
      1) Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын іске асыру мақсатында әзірленуге;
      2) «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған ұлттық қауіпсіздіктің басым бағыттарын қамтуға;
      3) қысқа әрі нақты жазылуға тиіс.
      105-2. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік стратегиясының құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:
      1) кіріспе;
      2) ұлттық қауіпсіздіктің басым бағыттары;
      3) қорытынды.
      105-3. «Кіріспе» бөлімінде алдағы жоспарлы кезеңге арналған Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік стратегиясын әзірлеудің негіздемесі мен қажеттілігі көрсетіледі.
      105-4. «Ұлттық қауіпсіздіктің басым бағыттары» бөлімінде ұлттық қауіпсіздіктің негізгі басым бағыттары бөлінісінде:
      қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы негізгі проблемалар;
      елдің дамуының ықтимал сценарийлерінен туындайтын қауіпсіздікке әлеуетті қатерлер;
      қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы стратегиялық мақсаттар көрсетіледі.
      Стратегиялық мақсатқа қол жеткізу дәрежесін айқындау үшін әрбір мақсатқа нысаналы индикатор (аралық және түпкілікті) сәйкес келуге тиіс.
      Әрбір стратегиялық мақсат бөлінісінде жағдайды талдау негізінде қалыптастырылатын және жоспарлы кезеңнің соңында белгілі бір саладағы түйінді өзгерістерді көруге мүмкіндік беретін тиісті міндеттер айқындалуға тиіс.
      Әрбір міндет жоспарлы мәнге қол жеткізу көзделетін нақты кезең көрсетіле отырып, бағдарламаның міндеттерін шешу дәрежесін сипаттайтын, сандық жағынан өлшенетін мән ретіндегі нәтижелер көрсеткіштерін қамтуға тиіс.
      105-5. «Қорытынды» бөлімінде алдағы жоспарлы кезеңге арналған Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік стратегиясын іске асырудың негізгі тұжырымдары мен нәтижелері келтіріледі.
      3-1.2. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік стратегиясын іске асыру
      105-6. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік стратегиясын іске асыру оның Іс-шаралар жоспарын орындау арқылы жүзеге асырылады.
      105-7. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары - мемлекеттік органдардың стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге бағытталған, мерзімі, жауапты орындаушылары мен аяқтау нысандары айқындалған нақты іс-қимылының жиынтығы.
      105-8. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган кезең-кезеңімен әзірлейді және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік стратегиясы бекітілген күнінен бастап бір ай мерзімде бекітеді.
      3-1.3. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік стратегиясының мониторингі
      105-9. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік стратегиясының мониторингін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік органдар ұсынатын жедел есептілік негізінде жүзеге асырады.
      105-10. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік стратегиясының мониторингі жылына бір рет жүзеге асырылады.
      105-11. Іске асыруға қатысатын мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жыл қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік стратегиясын іске асыру барысы туралы жедел есептілікті ұсынады;
      105-12. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік стратегиясының жүргізілген мониторингінің қорытындылары бойынша мониторинг жөніндегі жалпы есепті дайындайды және оны есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанына дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады;
      105-13. Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның мониторинг жөніндегі жалпы есебін қарағаннан кейін Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік стратегиясының жүргізілген мониторингінің нәтижесі бойынша қорытынды дайындайды және оны есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанына дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынады.
      3-1.4. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік стратегиясын бағалау
      105-14. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік стратегиясын бағалауды оларды іске асырудың үш жылы өткеннен кейін (аралық) және жоспарлы кезеңнің қорытындылары (түпкілікті) бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
      105-15. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жүргізілген бағалау қорытындылары бойынша бағалау жөніндегі жалпы есепті дайындайды және оны есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне тапсырады.
      105-16. Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның бағалау жөніндегі жалпы есебін қарағаннан кейін Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік стратегиясын бағалау бойынша қорытынды дайындайды және оны есепті кезеңнен кейінгі жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынады.
      3-1.5. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік стратегиясын бақылау
      105-17. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік стратегиясын бақылау Іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша мониторинг, бағалау және жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижелері негізінде жүзеге асырылады.
      105-18. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік стратегиясына бақылауды жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.»;
      136-тармақтағы «мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың барлық кезеңіне» деген сөздер «іске асырудың барлық кезеңіне немесе кезең-кезеңімен» деген сөздермен ауыстырылсын;
      140-тармақтағы «1 қыркүйегіне» деген сөздер «15 тамызына» деген сөздермен ауыстырылсын;
      141-тармақта:
      «қорытынды» деген сөз «қорытындылар» деген сөзбен ауыстырылсын;
      «оны» деген сөз «оларды» деген сөзбен ауыстырылсын;
      «15» деген цифрлар «1» деген цифрмен ауыстырылсын;
      142-тармақта:
      1) тармақшадағы «10» деген цифрлар «15» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      2) тармақшадағы «1 ақпанына» сөздер «25 қаңтарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
      143-тармақтағы «1 наурызына» деген сөздер «13 ақпанына» деген сөздермен ауыстырылсын;
      144-тармақтағы «15» деген цифрлар «1» деген цифрмен ауыстырылсын;
      150-тармақ алып тасталсын;
      152-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «152. Жылдың және мемлекеттік бағдарламаны бағалау қорытындылары бойынша мониторингтің нәтижелері туралы қорытынды ұсынылғаннан кейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі бір ай мерзімде Қазақстан Республикасының Президентіне мемлекеттік бағдарламаларды бақылау нәтижелері бойынша жыл сайынғы ақпаратты береді.
      Мемлекеттік бағдарламаларға бақылау жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.»;
      159-тармақта:
      4) тармақшадағы «мен нәтижелер көрсеткіштері» деген сөздер «, нәтижелер көрсеткіштері және оларға қол жеткізу жолдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5)  және 6) тармақшалар алып тасталсын;
      169-тармақтағы «Бағдарламаның қойылған мақсаттарына қол жеткізу жолдары және тиісті шаралар» бөлімінде» деген сөздер «Әрбір міндет бөлінісінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 169-1-тармақпен толықтырылсын:
      «169-1. Аумақтарды дамыту бағдарламасының қойылған мақсаттарына қол жеткізу жолдарында осы шараларды (іс-шараларды) іске асыру қойылған мақсаттарға қол жеткізуге қаншалықты мүмкіндік беретінін көрсету қажет.»;
      170-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «170. Қойылған мақсаттарға қол жеткізу және алда тұрған міндеттерді шешудің жолдары туралы ақпаратты аумақтарды дамыту бағдарламасын іске асыру кезеңдері бөлінісінде көрсету қажет.»;
      175-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «175. Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасын іске асыру облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамытудың тиісті бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарын және облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың тиісті стратегиялық жоспарларын іске асыру арқылы жүзеге асырылады.
      Ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасын іске асыру ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамытудың тиісті бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарын іске асыру арқылы жүзеге асырылады.»;
      179-тармақ «уәкілетті органдары» деген сөздерден кейін «мемлекеттік органдар» деген сөздермен толықтырылсын;
      181-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «181. Аумақтарды дамыту бағдарламаларының мониторингін жүргізу үшін оларды іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде жарты жылдың қорытындылары бойынша - есепті жылдың 15 шілдесіне дейін, жыл қорытындылары бойынша - есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдарына жедел есептілікті ұсынады.»;
      мынадай мазмұндағы 181-1-тармақпен толықтырылсын:
      «181-1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы мемлекеттік органдар ұсынған жедел есептіліктің негізінде мониторинг бойынша жедел есептілікті дайындайды және оны мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жарты жылдың қортындылары бойынша - есепті жылдың 1 тамызына дейін, жыл қорытындылары бойынша - есепті жылдан кейінгі жылдың 30 қаңтарына дейін ұсынады.»;
      182-тармақтағы «15 ақпанынан» деген сөздер «13 ақпанынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
      183-тармақтағы «10» деген цифрлар «1» деген цифрмен ауыстырылсын;
      194-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «194. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму бағдарламаларын жыл қорытындылары бойынша мониторингілеу мен бағалау нәтижелері туралы қорытынды ұсынылғаннан кейін бір ай мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Қазақстан Республикасының Президентіне облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламаларын бақылау нәтижелері жөніндегі жыл сайынғы ақпаратты береді.
      Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламаларын бақылауды жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі айқындайды.»;
      мынадай мазмұндағы 194-1-тармақпен толықтырылсын:
      «194-1. Ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламаларын бақылауды жүзеге асыру тәртібін тиісті аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты айқындайды.»;
      195-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) осы мемлекеттік органға жүктелген функциялар мен міндеттерді негізге ала отырып, мемлекеттік орган қызметінің түйінді бағыттарын қамтуы;»;
      2) тармақша алып тасталсын;
      196-тармақтың 3) тармақшасында «, іс-шаралар» деген сөздер алып тасталсын;
      200-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) экономика мен қоғамның алдында тұрған, шешілуіне стратегиялық жоспар бағытталған негізгі проблемаларды талдау (бұл ретте күшті және әлсіз тұстарын, мүмкіндіктер мен қауіптерді алдын ала талдау негізінде негізгі проблемаларды, үрдістер мен алғышарттарды бөліп көрсету қажет) баяндалады;»;
      3) тармақша алып тасталсын;
      204-тармақтың бірінші бөлігінде:
      «, іс-шаралар» және «, іс-шаралары» деген сөздер алып тасталсын;
      «, сондай-ақ мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігінің сипаттамасы келтіріледі» деген сөздер алып тасталсын;
      206-тармақтағы «және мақсатқа қол жеткізу жолдары, құралдары мен әдістері» деген сөздер «, бюджеттік бағдарламалардың кодтарын көрсете отырып, мақсатқа қол жеткізу жолдары мен әдістері» деген сөздермен ауыстырылсын;
      210-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «210. Әрбір міндет үшін есепті және жоспарлы кезеңдерде шешілу деңгейін барынша көрсететін нәтижелердің санмен өлшенетін көрсеткіштері келтіріледі.»;
      212-тармақ алып тасталсын;
      214-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «214. Функционалдық мүмкіндіктерді дамытуға бағытталған жоспарланатын іс-шаралар стратегиялық жоспардың стратегиялық бағыттары, мақсаттары және міндеттері бөлінісінде жазылады.»;
      220-тармақта:
      3) тармақша алып тасталсын;
      4) тармақшадағы «(сандық, сапалық, тиімділік, нәтижелілік)» деген сөздер «(тікелей нәтижесі, түпкілікті нәтижесі, сапасы, тиімділігі)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 229-1-тармақпен толықтырылсын:
      «229-1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы, Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы стратегиялық жоспарлардың іске асырылу барысы туралы ақпарат қалыптастырады және интернет ресурстарда: есепті жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша есепті жылдың 1 тамызынан кешіктірмей, жыл қортындылары бойынша есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей жариялайды.»;
      230-тармақта:
      «Қазақстан Республикасының Үкіметіне» деген сөздер «мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «1 ақпанынан» деген сөздер «30 қаңтарынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 230-1-тармақпен толықтырылсын:
      «230-1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына жүргізілген мониторинг қорытындылары бойынша мониторинг жөніндегі жалпы есепті дайындайды және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне есепті жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша - есепті жылдың 15 тамызына дейін, жыл қортындылары бойынша - есепті жылдан кейінгі жылдың 13 ақпаннан кешіктірмей береді.»;
      231-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «231. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар стратегиялық жоспарлардың іске асырылуы жөніндегі жедел есептілікті дайындайды және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға: есепті жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша - есепті жылдың 1 тамызына, ал жыл қортындылары бойынша - есепті жылдан кейінгі жылдың 30 қаңтарынан кешіктірмей ұсынады.»;
      мынадай мазмұндағы 231-1, 231-2 және 231-3-тармақтармен толықтырылсын:
      «231-1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларына жүргізілген мониторингтің қорытындылары бойынша мониторинг жөніндегі жалпы есепті дайындайды және оны жергілікті атқарушы органға: есепті жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша - есепті жылдың 15 тамызына дейін, жыл қорытындылары бойынша - есепті жылдан кейінгі жылдың 13 ақпанынан кешіктірмей береді.
      231-2. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларының мониторингі бойынша жалпы есепті қарағаннан кейін жергілікті атқарушы орган қорытынды дайындайды және оны әзірлеуші мемлекеттік органға: есепті жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындылары бойынша - есепті жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей, ал жыл қорытындылары бойынша - есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей жолдайды.
      231-3. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар жергілікті атқарушы органның стратегиялық жоспарлардың іске асырылу барысы туралы қорытындыларын алған күннен бастап бір апта мерзімде жедел есептерді интернет ресурстарда жариялайды.»;
      232-тармақта:
      «қорытынды дайындайды және оны» деген сөздер «қорытындылар дайындайды және оларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «15 тамызынан» деген сөздер «1 қыркүйегінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «15 ақпанынан» деген сөздер «1 наурызынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 232-1-тармақпен толықтырылсын:
      «232-1. Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Үкіметінің стратегиялық жоспарлардың іске асырылу барысы туралы қорытындыларын алған күннен бастап бір апта мерзімде жедел есептерді интернет ресурстарда жариялайды.»;
      233-тармақтағы «Орталық» деген сөзден кейін «және жергілікті» деген сөздермен толықтырылсын;
      236-тармақ алып тасталсын;
      240-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «240. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орталық мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының, Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының стратегиялық жоспарларының іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының - Қазақстан Республикасының Үкіметі, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларының - тиісті жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.».
      5. «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығына:
      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығында айқындалған мерзімде Бағдарламаның орындалу барысы туралы ақпарат берсін.».
      6. «Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 28, 215-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу ережесінде:
      51-тармақ алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 4-1-бөліммен толықтырылсын:
      «4-1. Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі
      62-1. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі бекітетін стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың іске асырылуын бақылауды Қазақстан Республикасының Президенті:
      1) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті беретін мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы есепті ақпарат;
      2) Қазақстан Республикасының Үкіметі беретін стратегиялық және  бағдарламалық құжаттарға жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша қорытынды;
      3) стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды бағалау нәтижелері;
      4) Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелері өткізетін бақылау іс-шараларының (жоспарлы және жоспардан тыс тексерулерінің) нәтижелері негізінде жүзеге асырады.
      62-2. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті беретін мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы есепті ақпарат осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтерді қамтиды.
      62-3. Қазақстан Республикасының Үкіметі беретін стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша қорытындылар «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығында айқындалған нысан бойынша және мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне беріледі.
      62-4. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығында айқындалған нысан бойынша және мерзімде Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың іске асырылуын бақылау қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың жай-күйі мен оларды бақылау нәтижелері туралы жыл сайынғы ақпаратты береді.»;
      жоғарыда аталған Ережеге 3 және 4-қосымшалар алып тасталсын.
      7. «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 58, 557-құжат):
      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) жартыжылдықтың қорытындылары бойынша «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығында айқындалған мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Бағдарламаның орындалу барысы туралы ақпарат берсін.».
      8. «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығына:
      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығында айқындалған мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Бағдарламаның орындалу барысы туралы ақпарат берсін.».

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады