"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы, табиғи монополиялар мен реттелетін нарық субъектілерінің инвестициялық қызметі мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 сәуірдегі № 413 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр энергетикасы, табиғи монополиялар мен реттелетін нарық субъектілерінің инвестициялық қызметі мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
           Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

Жоба  

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электр
энергетикасы, табиғи монополиялар мен реттелетін нарық
субъектілерінің инвестициялық қызметі мәселелері бойынша
толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62 -құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар, № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар, № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; 2011 жылғы 25 қаңтарда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру және қылмыстық процестегі заңдылықтың кепілдіктерін күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 2 ақпанда «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 29 қаңтарда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне механикалық көлік құралдарына және олардың тіркемелеріне міндетті техникалық байқаудан өткізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 24 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 3 ақпанда «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 1 ақпанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 26 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 8 ақпанда «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 5 ақпанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне медиация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 17 ақпанда «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 15 ақпанда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ипотекалық кредит беру және қаржылық қызметтерді тұтынушылар мен инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 147-6-бапта:
      тақырыбы «энергиясын» деген сөзден кейін «және электр қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі қызметтерді» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1, 2-1, 2-2-бөліктермен толықтырылсын:
      «1-1. Энергия өндіруші ұйымның электр қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі қызметті электр қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі қызметке шекті тарифтен асатын баға бойынша өткізуі -
      заңды тұлғаларға энергия өндіруші ұйымның электр қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі қызметті электр қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі қызметке арналған шекті тарифтен асатын баға бойынша өткізу нәтижесінде алынған табысының (түсімінің) бір жүз проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      «2-1. Энергия өндіруші ұйымның электр энергиясын басқа энергия өндіруші ұйымнан заңсыз алуы (сатып алуы) -
      электр энергиясын алуға (сатып алуға) салынған тыйымды бұзу нәтижесінде алынған (сатып алынған) электр энергиясы үшін ақы төлеу сомасының бір жүз проценті мөлшерінде (электр энергиясын сатып алған ұйымға) айыппұл салуға әкеп соғады.
      2-2. Энергия өндіруші ұйымның энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдарға және электр энергиясының көтерме нарығының субъектілері болып табылатын және жүйелік оператормен электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарттары жоқ тұтынушыларға электр энергиясын өткізуі (сатуы) -
      дара кәсіпкерлерге үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      үшінші бөліктегі бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Энергиямен жабдықтаушы ұйымның басқа энергиямен жабдықтаушы ұйымға электр энергиясын заңсыз өткізуі (сатуы) -»;
      2) 147-7-бап мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
      «1-1. Реттелетін нарық субъектілерінің шекті бағаларда ескерілген инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) орындау жөніндегі міндетті орындамауы -
      инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға пайдаланылмаған соманың он проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      3) мынадай мазмұндағы 147-11-баппен толықтырылсын:
      «147-11-бап. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы
                   туралы заңнамасын бұзу
      1. Энергия өндіруші ұйымның Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында көзделген инвестициялардың көлемі мен бағыттары не инвестициялық міндеттемелердің орындалуы туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында уақтылы, дұрыс немесе толық жарияламауы -
      дара кәсіпкерлерге бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды. тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Энергия өндіруші ұйымның Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында көзделген электр энергиясын өндіру мен өткізу шығындары жөніндегі және электр энергиясын өндіру мен өткізу көлемі жөніндегі есепті табыс етпеуі, уақтылы, дұрыс немесе толық табыс етпеуі -
      дара кәсіпкерлерге екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Энергия өндіруші ұйымның мемлекеттік органдар сұратқан, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында көзделген өз өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты табыс етпеуі, уақтылы, дұрыс немесе толық табыс етпеуі -
      дара кәсіпкерлерге екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, энергия өндіруші ұйымның келісімде айқындалған инвестициялық міндеттемелерді орындау жөніндегі міндетті орындамауы -
      келісімде көзделген инвестициялық міндеттемелерді іске асыруға пайдаланылмаған соманың он проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      4) 541-баптың бірінші бөлігі «147-1 (екінші бөлігінде),» деген сөздерден кейін «147-6 (1-1, 2-1, 2-2-бөліктерінде), 147-11,» деген сөздермен толықтырылсын;
      5) 565-1-баптың бірінші бөлігі «147-6» деген цифрлардан кейін «(бірінші, екінші, үшінші бөліктерінде)» деген сөздермен толықтырылсын;
      6) 636-баптың 1-тармағының 1) тармақшасында:
      жиырмасыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «энергетика саласындағы уәкілетті органның (127, 147-6 (2-2-бөлігі), 147-11, 223,224, 224-1-баптар);
      отыз тоғызыншы абзацтағы «(356-бап)» деген сөздер «(147-6 (1-1, 2-1-бөліктері), 356-баптар)» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж, № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат):
      1) 3-баптың 4) тармақшасы «монополия» деген сөзден кейін «, реттелетін нарық» деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 4-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 5-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «5-2) электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі;»;
      3) 7-бапта:
      7) тармақша «бастап» деген сөзден кейін «күнтізбелік» деген сөзбен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 7-5) тармақшамен толықтырылсын:
      «7-5) инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезеңінде жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысан бойынша инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы ақпарат беруге;»;
      мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «14-1) тарифті, оның шекті деңгейін және инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту үшін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тәуелсіз сарапшылар жүргізген қаржылық және техникалық сараптаманың қорытындыларын табыс етуге;»;
      18) тармақшада:
      «табиғи монополиялар субъектілерінің белгіленген тәртіппен бекітілген инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын)» деген сөздер «белгіленген тәртіппен бекітілген инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші абзацтағы «10),» деген цифрлардан кейін «14-1),» деген цифрлармен толықтырылсын;
      4) 7-2-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      «2-1. Уәкілетті орган шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы тоқсан сайынғы ақпаратты қарайды және ол орындалмаған жағдайда жыл қорытындысы бойынша реттелетін нарық субъектісіне алынған және шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыруға пайдаланылмаған табысты қайтару туралы нұсқама енгізеді.»;
      5) 7-3-бапта:
      1) тармақшаның бесінші абзацындағы «табыс етуге» деген сөздер «;» белгісімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
      «осы ақпаратты Қазақстан Республикасының өзге заңдарына сәйкес табыс ететін реттелетін нарық субъектілерін қоспағанда, шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы тоқсан сайынғы ақпаратты уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырма бесінші күнінен кешіктірмей табыс етуге;»;
      мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «3-1) баға белгілеу тәртібіне сәйкес шекті бағаларда ескерілген инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) орындауға;»;
      «3-2) алынған және шекті бағаларда ескерілген инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға пайдаланылмаған табысты тұтынушыларға не тұтынушылардың толық тізбесін белгілеу мүмкін болмаған жағдайда, баға белгілеу тәртібіне сәйкес алдағы кезеңге шекті бағаның деңгейін төмендету жолымен қайтаруға;»;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) шекті бағаны негізсіз көтеру нәтижесінде алынған табысты тұтынушыларға не тұтынушылардың толық тізбесін белгілеу мүмкін болмаған жағдайда, баға белгілеу тәртібіне сәйкес алдағы кезеңге шекті бағаның деңгейін төмендету жолымен қайтаруға міндетті;»;
      6) 13-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 5-9) тармақшамен толықтырылсын:
      «5-9) табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы ақпаратына талдау жүргізеді;»;
      7) 14-баптың 1-тармағының 20) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «20) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту кезінде ескерілетін табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларын (жобаларын) тиісті мемлекеттік органмен бірлесіп бекітуге;»;
      8) 14-1-бапта:
      1-тармақтың 1)тармақшасында:
      бесінші абзацтағы «жағдайларында табиғи монополия субъектісінің тұтынушыларға келтірген залалын өтеу үшін уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы шешім қабылдауға міндетті.» деген сөздер «;» белгісімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
      «тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін бекіту кезінде ескерілген инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) орындамау жағдайларында табиғи монополия субъектісінің тұтынушыларға келтірген залалын өтеу үшін уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы шешім қабылдауға міндетті.»;
      екінші бөліктегі «және бесінші» деген сөздер «, бесінші және алтыншы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
      «Ескертпе. Нақты қаржылық көрсеткіштері бекітілген инвестициялық бағдарламалардағы (жобалардағы) көрсеткіштерден кем инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыру инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) орындамау деп түсініледі.»;
      9) мынадай мазмұндағы 15-3-баппен толықтырылсын:
      «15-3-бап. Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту және оның орындалуы туралы ақпаратқа талдау жүргізу тәртібі
      1. Табиғи монополия субъектісі инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту үшін уәкілетті органға ұсынады.
      2. Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен бекітеді.
      3. Уәкілетті орган инвестициялық бағдарлама (жоба) уәкілетті органға ұсынылған сәттен бастап оны күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды.
      Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган осы баптың 5-тармағында көрсетілген мемлекеттік органға инвестициялық бағдарламаны (жобаны) (инвестициялық бағдарламаны (жобаны) қоса бере отырып) бекіту туралы шешімнің қол қойылған жобасын жібереді не табиғи монополия субъектісін дәлелді қорытындыны қоса бере отырып, инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекітуден бас тарту туралы хабардар етеді.
      Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту туралы шешімнің жобасы табиғи монополия субъектісі ұсынған немесе уәкілетті орган түзеткен инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекітуді көздейді.
      Уәкілетті орган инвестициялық бағдарламаны (жобаны) табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту қағидасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен түзетеді.
      Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту туралы шешімнің жобасы табыс етілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде осы баптың 5-тармағында көрсетілген мемлекеттік орган уәкілетті органға инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту туралы қол қойылған шешімді жібереді не дәлелді қорытындыны қоса бере отырып, инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекіту туралы шешімнің жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттігі туралы хабардар етеді.
      4. Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) бекітуден бас тарту негіздері:
      1) инвестициялық бағдарламаның (жобаның) экономикалық тиімділігінің болмауы;
      2) инвестициялық бағдарламаны (жобаны) қаржыландыру көздерінің болмауы;
      3) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен көзделген негіздеуші құжаттар мен материалдардың болмауы;
      4) дұрыс емес ақпаратты қамтитын құжаттарды табыс ету болып табылады.
      5. Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) уәкілетті орган мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен бірлесіп бекітеді.
      Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын болып табылатын, Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) уәкілетті орган облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органымен бірлесіп бекітеді.
      6. Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту туралы шешім уәкілетті органның және осы баптың 5-тармағында көрсетілген мемлекеттік органның бірлескен бұйрығымен ресімделеді.
      Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын болып табылатын, Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту туралы шешім уәкілетті органның және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органының бірлескен құқықтық актісімен ресімделеді.
      7. Табиғи монополия субъектісі инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезеңінде жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей уәкілетті органға:
      1) ұсынылатын реттелетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) жоспарлы және нақты көлемдері туралы ақпаратты;
      2) пайда және залал туралы есепті;
      3) инвестициялық бағдарламаны (жобаны) қаржыландырудың нақты шарттары мен мөлшері туралы ақпаратты;
      4) инвестициялық бағдарламаны (жобаны) орындаудың нақты көрсеткіштерін бекітілген инвестициялық бағдарламадағы (жобадағы) көрсеткіштермен салыстыру туралы ақпаратты;
      5) қол жеткізілген нақты көрсеткіштердің бекітілген инвестициялық бағдарламадағы (жобадағы) көрсеткіштерден ауытқу себептерінің түсіндірмесін қамтитын инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы ақпаратты табыс етеді.
      8. Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы ақпаратын талдауды уәкілетті орган ол ұсынылған сәттен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жүргізеді.
      9. Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы ақпаратына талдау жүргізу мынадай кезеңдерді қамтиды:
      1) инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру барысы туралы ақпарат жинау;
      2) көрсетілген реттелетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) қол жеткізілген нақты көлемін және нақты шығындарды талдау;
      3) қол жеткізілген нақты қаржы нәтижесін инвестициялық бағдарламада (жобада) қабылданған көрсеткіштермен салыстыру;
      4) тариф (баға, алымдар ставкалары) деңгейінің өзгеруіне, табиғи монополия субъектісі ұсынатын реттелетін тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) сұраныстың дамуына инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асырудың әсерін бағалау;
      5) табиғи монополия субъектісі инвестициялық бағдарламасының (жобасының) орындалуы туралы ақпаратты талдау нәтижелері туралы қорытынды дайындау.»;
      10) 17-баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2) тармақшаларындағы, үшінші бөлігінің 1), 2),4) тармақшаларындағы, 3, 4-тармақтарындағы «он бес», «жеті», «отыз», «бір», «бес», «он» деген сөздердің алдынан «күнтізбелік» деген сөзбен толықтырылсын;
      11) 17-баптың 3-тармағындағы «алпыс» деген сөз «қырық» деген сөзбен ауыстырылсын;
      12) 18-баптың 2-тармағы «отыз», «он» деген сөздердің алдынан «күнтізбелік» деген сөзбен толықтырылсын;
      13) 18-1-бапта:
      2-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қуаты аз табиғи монополия субъектісі осы баптың 1-тармағының 2) - 4), 5) тармақшаларында көрсетілген іс-әрекеттерді жасағанға дейін кемінде күнтізбелік он күн бұрын уәкілетті органға өзінің көрсетілген іс-әрекеттерді жасауға ниеттенгені туралы ақпарат жіберуге міндетті.»;
      4-тармақтағы «қабылдамауға құқылы» деген сөздер «қабылдамайды» деген сөзбен ауыстырылсын;
      14) 19-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Уәкілетті орган табиғи монополия субъектісіне өзі жүргізген тексерулер материалдарының негізінде табиғи монополия субъектісінің тарифтік сметаны орындауын талдау және (немесе) табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы ақпаратын талдау нәтижелері бойынша шешім қабылдау күнгі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасын ескере отырып уақытша өтемдік тарифті белгілейді. Уақытша өтемдік тарифті енгізу тексеру, табиғи монополия субъектісінің тарифтік сметаны орындауын талдау және (немесе) табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы ақпаратына талдау жүргізілген айдан кейінгі екінші айдың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады.».
      3. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 7, 38-құжат; № 13, 87-құжат, № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; 2011 жылғы 11 наурызда «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 12 наурызда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік мүлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 1-бапта:
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) генерациялайтын қондырғы - электр энергиясын шығаратын құрылғы;»;
      40) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «40) «электр энергиясының көтерме нарығы — электр энергиясын, оның ішінде электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығында сатуға-сатып алуға, жүйелік және қосалқы қызметтерді, электр қуаты нарығындағы қызметтерді көрсетуге байланысты электр энергиясының көтерме нарығы субъектілерінің арасындағы шарттардың негізінде жұмыс істейтін қарым-қатынастар жүйесі;»;
      42) тармақшада:
      «орталықтандырылған» деген сөздің алдындағы «электр энергиясының» деген сөз алып тасталсын;
      «электр энергиясының» деген сөздерден кейін «және электр қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі қызметтердің» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 43-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «43-1) электр қуатының спот-сауда-саттығы - бір күн бұрын режимінде қысқа мерзімді негізде электрондық сауда жүйесінде электр қуатының (тендерлік негізде жаңадан пайдалануға енгізілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын қоспағанда) әзірлігін қолдау жөніндегі қызметтердің ұйымдастырылған саудасы;»
      50) тармақшадағы «, сондай-ақ импортталатын электр энергиясын жеткізуді» деген сөздер алып тасталсын;
      51) тармақшадағы «ұйымдар.» деген сөз «ұйымдар;» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 52), 53), 54), 55) және 56) тармақшалармен толықтырылсын:
      «52) электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету - генерациялайтын қондырғылардың Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесінде белгіленген тәртіппен аттестаттаудан өткен электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету жөнінде жүйелік оператор көрсететін қызмет;
      53) электр қуатының әзірлігін қолдау - энергия өндіруші ұйымдар жүйелік операторға генерациялайтын қондырғылардың белгіленген тәртіппен аттестаттаудан өткен электр қуатын жүктеме көтеруге әзірлігін қолдау жөнінде көрсететін қызмет;
      54) электр қуатының нарығы - электр энергиясының көтерме нарығы субъектілерінің арасындағы өзара қарым-қатынастарының Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесінде электр қуатының қажетті шамасын ұстауға байланысты электр қуатының болжамды теңгерімінің негізінде айқындалған жүйесі;
      55) электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығы - энергия өндіруші ұйымдар мен жүйелік оператор арасында жасалатын электр қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі қызметтерді электронды сауда жүйесінде сатып алу-сату мәмілелері (тендерлік негізде жаңадан пайдалануға енгізілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын қоспағанда);
      56) электр қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі қызметтерге арналған шекті тариф - электр қуатының нарығына қатысатын энергия өндіруші ұйымдар үшін энергия өндіруші ұйымдардың топтары бойынша бекітілген электр қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі қызметтерге арналған тарифтің (бағаның) ең жоғары шамасы (тендерлік негізде жаңадан пайдалануға енгізілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын қоспағанда).»:
      2) 4-бапта:
      3-1) және 3-3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3-1) есептік тарифті айқындау, шекті және жеке тарифтерді бекіту тәртібі мен электр қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі қызметтерге шекті тарифті айқындау тәртібін белгілейді;»;
      «3-3) шекті тарифтерді және электр қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі қызметтерге арналған шекті тарифтерді бекітеді;»;
      5) тармақшадағы «бекітеді.» деген сөз «бекітеді;» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 6), 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
      «6) жаңадан пайдалануға енгізілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендерлер өткізу тәртібін бекітеді;
      7) электр қуаты нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу тәртібін бекітеді;
      8) Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес есебі бөлек жүргізілетін электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті көрсетуден түскен жүйелік оператор табыстарының тек осы қызметті ұсыну кезінде шеккен өзінің шығыстарын өтеуге жетіспеуінің салдарынан электр қуатының әзірлігін қолдау үшін энергия өндіруші ұйымдардың алдындағы міндеттемелерін жүйелік оператордың орындауы мүмкін болмаған жағдайда жүйелік операторға мемлекеттік қаржылай қолдауды жүзеге асырады.»;
      3) 5-бапта:
      5) тармақшада:
      «әзірлейді және» деген сөздерден кейін «(немесе)» деген сөзбен толықтырылсын;
      «электр» деген сөзден кейін «энергиясы мен қуатын» деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 7-5), 7-6), 7-7), 7-8), 7-9), 7-10) және 10-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «7-5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жариялауға қойылатын талаптарды сақтай отырып, энергия өндіруші ұйымдардан инвестициялық міндеттемелерді орындау туралы ақпарат сұратады және алады;
      7-6) электр қуатын орналастырудың перспективалық схемасын әзірлейді және бекітеді;
      7-7) жаңадан пайдалануға енгізілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізеді;
      7-8) жаңадан пайдалануға енгізілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендердің қорытындылары бойынша осы тендер жеңімпазымен шарт жасасады;
      7-9) жүйелік операторға электр қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі қызметтерді сатып алу туралы шарт жасасу үшін жаңадан пайдалануға енгізілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендердің жеңімпазын, электр қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі қызметтерді сатып алу бағасын, көлемі мен мерзімдерін белгілейді;
      7-10) Қазақстан Республикасының Үкіметіне шекті тарифтерді бекіту туралы ұсыныс және электр қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі қызметтерге арналған шекті тарифтерді бекіту туралы ұсыныс енгізеді;»;
      «10-2) электр энергиясының және қуатының болжамды теңгерімдерін бекітеді;»;
      11-1) тармақшадағы «электр энергиясының» деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 12-1) және 12-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «12-1) энергия өндіруші ұйымдардың осы Заңның 12-бабы 3-тармағының 2), 4) - 8) тармақшаларында, 13-бабы 3-2-тармағының 3) тармақшасында көзделген талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
      12-2) жүйелік оператордың осы Заңның 15-2-бабының 2-тармағында көзделген талаптарды сақтауын.бақылауды жүзеге асырады;»;
      4) 7-бапта:
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) осы Заңның 12-бабы 3-тармағының 1), 3), 9) тармақшаларында, 4-тармағында, 12-1-бабының 4, 5-тармақтарында, 13-бабы 3-2-тармағының 1), 2), 4) тармақшаларында, 3-3-тармағында көзделген талаптарды энергия өндіруші ұйымдардың сақтауын бақылауды жүзеге асырады және анықталған бұзушылықтарды жою туралы орындалуы үшін міндетті нұсқамалар енгізеді;»;
      8) тармақшада «бекітеді.» деген сөз «бекітеді;» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
      «9) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жариялауға қойылатын талаптарды сақтай отырып, энергия өндіруші ұйымдардан осы Заңның 12-бабы 3-тармағының 1), 3), 9) тармақшаларында, 4-тармағында, 12-1-бабының 4, 5-тармақтарында, 13-бабы 3-2-тармағының 1), 2), 4) тармақшаларында көзделген талаптарды энергия өндіруші ұйымдардың орындауы жөнінде ақпарат сұратады және алады.»;
      5) 10-баптың 1-тармағында:
      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «15) электр энергиясының және қуатының болжамды теңгерімдерін әзірлеуді жүзеге асырады;»;
      мынадай мазмұндағы 16), 17), 18), 19), 20) және 21) тармақшалармен толықтырылсын:
      «16) электр қуаты нарығының жұмыс істеуін ұйымдастырады;
      17) электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету жөнінде қызметтер көрсетеді;
      18) генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттауды жүзеге асырады;
      19) тендер жеңімпазымен жаңадан пайдалануға енгізілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі қызметтерді уәкілетті орган айқындаған баға бойынша, көлемде және мерзімде сатып алу туралы шарт жасасады;
      20) жасалған шартқа сәйкес генерациялайтын қондырғылар пайдалануға енгізілген сәттен бастап жаңадан пайдалануға енгізілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі қызметке ақы төлеуді жүзеге асырады;
      21) тендерлік негізде жаңадан пайдалануға енгізілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын қоспағанда, электр қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі қызметтерді орталықтандырылған сауда-саттықта сатып алуды жүзеге асырады.»;
      6) 12-бапта:
      3-тармақта:
      3) тармақшадағы «міндетті» деген сөз «;» белгісімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:
      «4) жыл сайын, 31 наурыздан кешіктірмей уәкілетті органға өткен күнтізбелік жыл ішіндегі электр энергиясын өндіру мен өткізу шығындары жөніндегі, электр энергиясын ендіру мен өткізу көлемі жөніндегі есепті табыс етуге;
      5) жыл сайын, 31 желтоқсаннан кешіктірмей келісімде келесі жылға көзделген инвестициялардың көлемі мен бағыттары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға;
      6) жыл сайын, 1 мамырдан кешіктірмей өткен жыл үшін инвестициялық міндеттемелердің орындалуы туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға;
      7) жыл сайын, 1 мамырдан кешіктірмей жария тыңдауларды өткізу туралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында жария тыңдауларды өткізгенге дейін күнтізбелік бес күн бұрын жариялап, келісімдерді орындау нәтижелері бойынша жария тыңдауларды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік органдардың, тұтынушылардың және олардың қоғамдық бірлестіктерінің, тәуелсіз сарапшылардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін шақыра отырып өткізуге;
      8) уәкілетті органның және табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның талап етуі бойынша тиісінше осы Заңның 5-бабының 7-5) тармақшасында және 7-бабының 9) тармақшасында көзделген ақпаратты тиісті сауал алынған күннен бастап бес жұмыс күнінен кем болмайтын олар белгілеген мерзімде қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде беруге;
      9) тендерлік негізде жаңадан пайдалануға енгізілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын қоспағанда, электр қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі қызметке арналған шекті тарифтен аспайтын баға бойынша электр қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі қызметті өткізуді жүзеге асыруға міндетті.»;
      мынадай мазмұндағы 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:
      «5. Энергия өндіруші ұйым келісімде көзделген инвестициялық міндеттемелерді орындамаған жағдайда, энергия өндіруші ұйым көтерме және (немесе) бөлшек нарығының субъектілеріне инвестициялық бағдарламаларды орындауға көзделген және оларды іске асыруға пайдаланылмаған, алынған қаражатты Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен электр энергиясының босату бағасын келесі күнтізбелік жылға төмендету арқылы қайтаруға міндетті.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген міндет келесі күнтізбелік жылға келісім жасасу кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің келісім жасасу күнгі қайта қаржыландыру ставкасын ескере отырып, орындамау сомасына қосымша міндеттемелерді қабылдаған энергия өндіруші ұйымдарға қолданылмайды.
      Энергия өндіруші ұйым келісімде көзделген қосымша міндеттемелерді келесі күнтізбелік жылы орындамаған жағдайда энергия өндіруші ұйым кейінгі жылдарға осы қосымша инвестициялық міндеттемелерді қабылдай алмайды және осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес көтерме және (немесе) бөлшек нарығының субъектілеріне қайтарылуға тиіс.
      6. Энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдар және электр энергиясының көтерме нарығының субъектілері болып табылатын тұтынушылар электр қуатының нарығына электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсетуге жүйелік оператормен жасалған шарттардың негізінде қатысуға міндетті.»;
      7) 12-1-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Энергия өндіруші ұйым электр энергиясын шекті тарифтен аспайтын бағамен өткізу үшін уәкілетті органмен белгіленген тәртіппен келісім жасасады.
      Келісім энергия өндіруші ұйымның жаңа активтерді құруға, қолда бар активтерді кеңейтуге, жаңартуға, қолдауға, қайта құруға және техникалық қайта жарақтандыруға бағытталған іс-шараларды іске асыру жөніндегі инвестициялық міндеттемелерін көздейді.
      Келісімде электр энергиясын өндіруге байланысты іс-шаралардың толық тізбесі әрбір іс-шара бойынша инвестициялардың нақты көлемі мен сомалары көрсетіле отырып айқындалады.
      Келісім жасасу кезінде жабдықтың техникалық жай-күйін растау үшін тәуелсіз энергетикалық сараптаманың қорытындысы ескеріледі.
      Келісімге инвестициялардың жалпы сомасын төмендете отырып өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
      Келісім энергия өндіруші ұйымның келісімді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін айыппұл санкцияларын көздейді.
      Уәкілетті орган энергия өндіруші ұйымдардың келісімдерді орындауының мониторингін және электр энергиясын өндіру мен өткізу шығындарының және электр энергиясын ендіру мен өткізу көлемдерінің мониторингін жүргізеді.
      Энергия өндіруші ұйым өзінің инвестициялық міндеттемелерін амортизациялық аударымдарға және электр энергиясын шекті тарифтен аспайтын бағалар бойынша өткізуден алынған таза табыстың деңгейіне сәйкес дербес белгілейді.»;
      8) 13-бапта:
      3-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Энергия өндіруші ұйымға:
      1) электр энергиясының экспортын қоспағанда, көтерме және (немесе) бөлшек нарығының субъектілері болып табылмайтын жеке немесе заңды тұлғаларға электр энергиясын өткізуге (сатуға);
      2) электр энергиясын өндірудің тәуліктік кестесіне сүйене отырып айқындалатын қуаттардың авариялық істен шығу және (немесе) электр энергиясын өз мұқтаждарының көлемінде сатып алу жағдайларын қоспағанда, электр энергиясын басқа энергия өндіруші ұйымнан алуға (сатып алуға);
      3) жүйелік оператормен электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер көрсетуге шарттары жоқ электр энергиясының көтерме нарығының субъектісі болып табылатын энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдар мен тұтынушыларға электр энергиясын өткізуге (сатуға);
      4) энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызметпен айналысуға тыйым салынады.»;
      3-3-тармақтың бірінші бөлігі «сатып алу-сату» деген сөздерден кейін «және импортталатын электр энергиясын жеткізу (импортталатын электр энергиясының көлемінде)» деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақта:
      бірінші бөлік «ережелерінде» деген сөзден кейін «, электр қуаты нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу ережелерінде» деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші бөлік алып тасталсын;
      9) 15-бапта:
      1-тармақта:
      4-тармақшадағы «тұрады.» деген сөз ««;» белгісімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      «5) электр қуаты нарығынан тұрады;»;
      2-тармақта:
      бірінші абзацтағы «Электр энергиясының» деген сөздер алып тасталсын;
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) электр энергиясының және қуатының спот-сауда-саттығын ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асырады;»;
      2) тармақша «энергиясының» деген сөзден кейін «(қуатының)» деген сөзбен толықтырылсын;
      10) мынадай мазмұндағы 15-1, 15-2, 15-3-баптармен толықтырылсын:
      «15-1-бап. Электр қуаттарын орналастырудың перспективалық
                 схемасын әзірлеу және жаңадан пайдалануға
                 енгізілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға
                 тендер өткізу тәртібі
      1. Жүйелік оператор жыл сайын он бесінші қазанға дейінгі мерзімде алдағы жеті жыл кезеңіне электр энергиясының және қуатының болжамды теңгерімін әзірлейді.
      2. Уәкілетті орган электр энергиясының және қуатының болжамды теңгерімдерінің негізінде жыл сайын электр қуатының болжамды тапшылығын белгілейді, сондай-ақ олар бойынша тендер өткізілген жаңадан пайдалануға енгізілетін генерациялайтын қондырғылар басым енгізілетін электр қуаттарын орналастырудың перспективалық схемасын әзірлейді және бекітеді.
      3. Электр қуатының болжамды тапшылығын жабу үшін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпке сәйкес жаңадан пайдалануға енгізілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізеді.
      4. Уәкілетті орган тендерлік құжаттама бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ әлеуетті инвесторлардың тендерге қатысуға құжаттар мен материалдарды табыс етуінің соңғы күніне дейін күнтізбелік отыз күн бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында жаңадан пайдалануға енгізілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу туралы хабарландыру жариялайды.
      5. Жаңадан пайдалануға енгізілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерлік құжаттама пакеті:
      1) жаңадан пайдалануға енгізілетін генерациялайтын қондырғылардың сипатын және талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану ерекшеліктерін;
      2) жаңадан пайдалануға енгізілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендердің жеңімпазымен шарттың жобасын қамтиды.
      6. Жаңадан пайдалануға енгізілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерге:
      1) құқық қабілеттігін (құрылтай құжаттарын);
      2) жаңадан пайдалануға енгізілетін генерациялайтын қондырғыларды салу үшін генерациялайтын қондырғылар құнының жалпы көлемінің кемінде отыз процентін өз қаражатынан қаржыландыру есебінен жеткілікті қаржы және материалдық ресурстарының болуын;
      3) салық берешегінің тендерлік өтінімдерді беру күніне үш айдан аспайтын мерзімде болмауын;
      4) банкроттық не тарату рәсімінің болмауын растайтын құжаттар мен материалдарды табыс еткен әлеуетті инвесторлар қатысады.
      7. Тендерлік комиссия жаңадан пайдалануға енгізілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендердің қорытындыларын тендерлік өтінімдері бар конверттерді ашқан күнінен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде шығарады.
      Уәкілетті орган жаңадан пайдалануға енгізілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендер қорытындыларын шығарған күнінен бастап күнтізбелік отыз күннің ішінде жаңадан пайдалануға енгізілетін генерациялайтын қондырғыларды салу шартының жобасын жаңадан пайдалануға енгізілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендердің жеңімпазы деп танылған әлеуетті инвесторға жолдайды.
      Жаңадан пайдалануға енгізілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендердің жеңімпазы жаңадан пайдалануға енгізілетін генерациялайтын қондырғыларды салу шартының жобасын алған күннен бастап он жұмыс күнінің ішінде оған қол қояды немесе уәкілетті органды қазіргі бар келіспеушіліктер туралы немесе қол қоюдан бас тарту туралы жазбаша хабардар етеді.
      8. Жаңадан пайдалануға енгізілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендер:
      1) екеуден кем әлеуетті инвесторлар болған;
      2) барлық әлуетті инвесторлар табыс еткен құжаттар мен материалдар осы баптың 6-тармағына сәйкес келмеген жағдайларда өтпеді деп танылады.
      Жаңадан пайдалануға енгізілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендер өтпеді деп танылған жағдайда, уәкілетті орган қайтадан конкурс өткізеді.
      9. Жаңадан пайдалануға енгізілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендердің қорытындыларын шығарған күннен бастап уәкілетті орган күнтізбелік қырық бес күннің ішінде жаңадан пайдалануға енгізілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендердің жеңімпазымен шарт жасасады, онда генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға енгізу мерзімін және тендердің жеңімпазы қабылдаған міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілігін айқындайды.
      10. Жаңадан пайдалануға енгізілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған шартты жасасқан күннен бастап күнтізбелік қырық бес күннің ішінде жүйелік оператор тендердің жеңімпазымен жаңадан пайдалануға енгізілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі қызметтерді сатып алу жөніндегі шартты уәкілетті орган белгілеген баға бойынша, көлемде және мерзімге жасасады.
      Осы баптың 9 және 10-тармақтарында көзделген шарттар Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен үлгі шарттардың негізінде жасалады.
      15-2-бап. Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын
                аттестаттаудан өткізу тәртібі
      1. Энергия өндіруші ұйым электр қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі қызметтерді өткізуді генерациялайтын қондырғылардың электр қуаты аттестаттаудан өткізілгеннен кейін жүзеге асырады.
      2. Жүйелік оператор энергия өндіруші ұйымның генерациялайтын қондырғыларының электр қуатын аттестаттауды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.
      3. Жүйелік оператор генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттауды энергия өндіруші ұйымның өтінімі бойынша жылына бір рет энергия өндіруші ұйыммен келісілген мерзімде, бірақ аттестаттауды өткізуге арналған өтінімді алғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүзеге асырады.
      Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттаудан өткізу кезінде жүйелік оператор:
      1) энергия өндіруші ұйымда бар және оған сәйкес энергия өндіруші ұйым электр энергиясын шығаруға техникалық мүмкіндігіне ие генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының шамасын;
      2) генерациялайтын қондырғылардың талап етілетін параметрлерінің генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттаудан өткізуге арналған энергия өндіруші ұйымның өтінімінде көрсетілген мәндерге сәйкестігін айқындайды.
      4. Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттаудың нәтижелері бойынша жүйелік оператор аттестаттау өткізілгеннен кейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттау актісін ресімдейді және энергия өндіруші ұйымға жолдайды, онда электр энергиясын шығаруға дайын энергия өндіруші ұйымның генерациялайтын қондырғыларының аттестаттаудан өткен электр қуатының шамасы көрсетіледі.
      5. Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын кезектен тыс аттестаттау мынадай жағдайларда:
      1) жүйелік оператор электр қуатының нақты шамасының және генерациялайтын қондырғылар параметрлерінің аттестаттаудан өткендерге сәйкес келмеуін анықтаған кезде;
      2) энергия өндіруші ұйымның бастамасы бойынша өткізіледі.
      15-3-бап. Электр қуатының нарығы
      1. Электр қуатының нарығы жаңа электр қуатын енгізу, электр энергиясына сұранысты қанағаттандыру үшін жеткілікті көлемде қолда бар электр қуатын қолдау және электр қуатының болжамды теңгерімінің негізінде айқындалған Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесінде электр қуатының шамасын ұстау үшін инвестицияларды тарту мақсатында жұмыс істейді.
      2. Көтерме нарығының субъектілері электр энергиясын және қуатын өндіруге-тұтынуға арналған болжамды өтінімдерді айларға бөле отырып алдағы жылға қалыптастырады және жүйелік операторға есептік жылдың алдындағы жылдың бірінші қазанынан кешіктірмей жолдайды.
      Жүйелік оператор есептік жылдың алдындағы жылдық он бесінші қазанынан кешіктірмей электр энергиясының және қуатының болжамды теңгерімін алдағы жылға көтерме нарығы субъектілерінің электр энергиясын және қуатын өндіруге-тұтынуға арналған болжамды өтінімдерінің негізінде әзірлейді.
      3. Жүйелік оператор электр қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі қызметтерді:
      1) осы генерациялайтын қондырғылар пайдалануға енгізілгеннен және аттестаттаудан өткізілгеннен кейін жаңадан пайдалануға енгізілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі қызметтерді сатып алу туралы шарттың негізінде;
      2) электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындылары бойынша жасалған электр қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі қызметтерді сатып алу-сату туралы шарттың негізінде сатып алады.
      4. Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығына энергия өндіруші ұйымдар генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын жүйелік оператор аттестаттаудан өткізгеннен кейін жіберіледі.
      Энергия өндіруші ұйымдар электр қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі қызметтерді электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығында сатуды аттестаттаудан өткен электр қуатынан аспайтын көлемде:
      1) экспортқа шығарылатын электр энергиясы электр қуатының ең жоғарғы көлемін;
      2) тендерлік негізде жаңадан пайдалануға енгізілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының көлемін шегеріп жүзеге асырады.
      Электр қуатын кезектен тыс аттестаттаудан өткізу нәтижесінде энергия өндіруші ұйымның аттестаттаудан өткен электр қуатының шамасы төмендеген жағдайда электр қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі қызметтердің көлемі аттестаттаудан өткен шамаға дейін төмендейді.
      5. Орталықтандырылған сауда нарығының операторы электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен ұйымдастырады және өткізеді.
      Орталықтандырылған сауда нарығының операторы электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының қорытындылары бойынша мәмілелерді өтеусіз тіркеуді жүзеге асырады.
      Орталықтандырылған сауда нарығының операторы жүйелік операторға электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру мен өткізу жөнінде және нарық субъектілеріне шарттық негізде қызметтер көрсетеді.
      7. Жүйелік оператор электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қолдау жөніндегі қызметтерді энергиямен жабдықтаушы, энергияны беруші ұйымдарға, көтерме нарығының субъектілері болып табылатын тұтынушыларға табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамаға сәйкес ұсынуды жүзеге асырады.»;
      11) 17-бапта:
      1-тармақтағы «теңгерімдеу,» деген сөзден кейін «электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету, электр қуатының әзірлігін қолдау, электр энергиясының және қуатының орталықтандырылған сауда нарығына қатысу, электр энергиясының көтерме нарығында электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Электр энергиясын сатып алу-сату шарттары, электр энергиясын беру, техникалық диспетчерлендіру, электр қуатын реттеу, электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету, электр қуатының әзірлігін қолдау, электр энергиясының көтерме нарығында электр энергиясын өндіруді-тұтынуды теңгерімдеу жөніндегі қызметтерді көрсету шарттары, электр энергиясының және қуатының орталықтандырылған сауда нарығына қатысу шарттары шарт бойынша уақтылы төлем жасалмаған жағдайда тиісті қызметтерді көрсетуді тоқтату талаптары мен тәртібін қамтуы тиіс»;
      12) 25-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      «5. Осы Заңға сәйкес уәкілетті органмен келісім жасамаған және бекітілген инвестициялық бағдарламасы жоқ энергия өндіруші ұйымдар электр энергиясын тиісті энергия өндіруші ұйымның 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша электр энергиясының бағасынан аспайтын электр энергиясының бағасымен өткізеді.»;
      2-бап. Осы Заң 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағы 8) тармақшасының жетінші абзацын, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының төртінші, бесінші, сегізінші, тоғызыншы абзацтарын, 2-тармағының 2) тармақшасын, 3-тармағы 1) тармақшасының алтыншы - оныншы, он төртінші, он жетінші және он сегізінші абзацтарын, 2) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, тоғызыншы абзацтарын 5) тармақшасының алтыншы, сегізінші, тоғызыншы және оныншы абзацтарын, 6) тармақшасының оныншы және он бесінші абзацтарын, 8) тармақшасының алтыншы, оныншы, он бірінші абзацтарын, 9) тармақшасының сегізінші, тоғызыншы және оныншы абзацтарын, 10) тармақшасының отыз бесінші, отыз алтыншы, қырық бірінші - елуінші абзацтарын, 11) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
            Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады