Орман қоры жерінің жекелеген учаскесін басқа санаттағы жерге ауыстыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 424 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 130-бабына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Шымкент жол дистанциясы филиалының жалпы алаңы 0,165 гектар жер учаскесі орман қоры жерінің санатынан өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жер санатына ауыстырылсын.
      2. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен кірме темір жол тармағын салу үшін осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскесінің «Еңбекші - МТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі — серіктестік) берілуін қамтамасыз етсін.
      3. Серіктестік қолданыстағы заңнамаға сәйкес орманды алқаптарды орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алып қоюдан орын алған 40227 (қырық мың екі жүз жиырма жеті) теңге мөлшеріндегі орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджеттің кірісіне өтесін.
      4. Осы қаулы қол қойылған бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 18 сәуірдегі
№ 424 қаулысына  
қосымша       

Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жер санатына ауыстырылатын орман қоры жерінің экспликациясы

Жер пайдаланушының атауы

Жалпы алаңы, гектар

оның ішінде:

темір жол жиегіндегі жолақтардағы қорғаныштық екпелер

жайылым

су астында

құрылыстар салынған

жолдар астында

өзге жерлер

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Шымкент жол дистанциясы филиалы

0,165

0,165

-

-

-

-

-

БАРЛЫҒЫ:

0,165

0,165

-

-

-

-

-

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады