Оңтүстік Қазақстан облысында жек дуадақ өсіру питомнигінде аналық басын құру мақсатында арнайы жасалған жағдайларда оларды қолдан өсіру және кейіннен тіршілік ету ортасына шығару үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2011 жылғы 1 сәуір - 30 маусым кезеңінде Шығыс Қазақстан облысының аумағында 200 дана жек дуадақ жұмыртқасын жинау жүзеге асырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті:
1) белгіленген тәртіппен «Охотзоопром» ӨБ» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Шығыс Қазақстан облысының аумағында 200 дана мөлшерде жек дуадақ жұмыртқасын жинауға рұқсат берсін;
2) жек дуадақ жұмыртқасы жиналатын орындарда жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қол қойылған бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов