"Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2010 жылғы есепті бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 459 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2010 жылғы есепті бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі                       К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен
пайдаланылуы туралы 2010 жылғы есепті бекіту туралы

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 134-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2010 жылғы есеп бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2010 жылғы есепті Қазақстан Республикасының Парламентіне ақпарат ретінде ұсынсын;
      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2010 жылғы есеп және аудит жүргізу нәтижелері туралы ақпараттың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
            Президенті                           Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің   
2011 жылғы __ ______
№ ___ Жарлығымен    
БЕКІТІЛГЕН      

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қалыптастырылуы
мен пайдаланылуы туралы 2010 жылғы
ЕСЕП

Мазмұны

1-бөлім. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері және оны
         пайдалану туралы 2010 жылғы есеп
2-бөлім. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару
         жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі
         туралы 2010 жылғы есеп
3-бөлім. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі
         2010 жылғы өзге де деректер

1-бөлім. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері
және оны пайдалануы туралы 2010 жылғы есеп

Р/с

Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры қаражатының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы

Сомасы
(мың теңге)

1

2

3

1

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есепті кезеңнің басындағы қаражаты

4 500 703 126*

2

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін түсімдер:

2 407 723 392

оның ішінде:
мұнай секторы ұйымдарынан түсетін тікелей салықтар (жергілікті бюджеттерге есептелетін салықтарды қоспағанда)

2 256 345 640

оның ішінде:
корпоративтік табыс салығы

807 088 340

үстеме пайдаға салынатын салық

105 879 736

бонустар

3 607 269

пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық

775 004 685

өнімді бөлу жөніндегі Қазақстан Республикасының үлесі

93 955 461

қызметін өнімді бөлу жөніндегі келісімшарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі

0

экспортқа салынатын рента салығы

470 810 149

мұнай секторы ұйымдары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа да түсімдер (жергілікті бюджеттерге есептелетін түсімдерді қоспағанда)

16 678 239

оның ішінде:
орталық мемлекеттік органдар, олардың аумақтық бөлімшелері мұнай секторы ұйымдарына салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

11 422 432

республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мұнай секторы ұйымдарына салатын басқа да айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

42

мұнай секторы ұйымдары келтірген зиянның орнын толтыру туралы талаптар бойынша табиғатты пайдаланушылардан алынған қаражат

5 255 706

мұнай секторы ұйымдарынан түсетін басқа да салықтық емес түсімдер

59

республикалық меншіктегі және тау-кен өндіру әрі өңдеуші салаларға жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдер

0

ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер

525 872

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетін инвестициялық кірістер

134 173 641

Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге түсімдер мен кірістер

0

3

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының пайдаланылуы:

1 203 982 229

оның ішінде:
кепілдік берілген трансферттер

1 200 000 000

нысаналы трансферттер

0

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару мен жыл сайынғы сыртқы аудитті жүргізуге байланысты шығыстарды жабу

3 982 229

4

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есепті кезеңнің аяғындағы қаражаты:

5 704 444 289**

      * 2010 жылдың басындағы сальдо 4 211 788 мың теңге мөлшерінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есептелген және мерзімі ұзартылған шығыстарының сомасын және 51 мың теңге айырма мен «Эрнст энд Янг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін (бұдан әрі - «Эрнст энд Янг» ЖШС) - сыртқы аудитор жасаған өткен жылдардағы қаржылық есептіліктегі дөңгелектеу сомасын есепке алмай көрсетілген;
      ** 2010 жылдың аяғындағы сальдо 3 884 641 мың теңге мөлшерінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есептелген және мерзімі ұзартылған шығыстарының сомасын, 51 мың теңге айырма мен «Эрнст энд Янг» ЖШС сыртқы аудиторы жасаған өткен жылдардағы қаржылық есептіліктегі дөңгелектеу сомасын және түзету сомасы болып табылатын 602 031 752 мың теңге соманы есепке алмай көрсетілген.
      2010 жылғы 1 қаңтарға Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты 4 500 703 126 мың теңгені (4 009 528 878 мың теңге - аудиттелген қаржылық есептілікке сәйкес есептеу тәсілімен), 2010 жылғы 31 желтоқсанға 5 704 444 289 мың теңгені (5 098 527 845 мың теңге - аудиттелген қаржылық есептілікке сәйкес есептеу тәсілімен) құрады.
      Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының 39 «Қаржы құралдары: тану және бағалау» талаптарын назарға ала отырып, 2009 және 2010 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қоржынына сатып алынған «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ) мен «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ) облигацияларының баланстық құнын түзету жүргізілді (сатып алу-сату шарттары бойынша 2009 және 2010 жылдары сатып алынған облигациялардың атаулы құны тиісінше 749 900 000 мың теңгені және 220 000 000 мың теңгені құрады). Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының таза активтерінің өзгерістері туралы есебінде «Басқа аударымдар» бабы бойынша көрсетілген түзетулердің мөлшері 2009 жылы 486 962 410 мың теңгені, 2010 жылы - 115 069 342 мың теңгені құрады және кірістілік бойынша дисконтталған, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің айналыс мерзімдері ұқсас қазынашылық облигацияларына ұқсас бағалы қағаздардың деректері бойынша болашақ ақша ағындарының номиналды құны мен келтірілген құны арасындағы айырма ретінде есептелді.
      2010 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына 2 407 723 392 мың теңге түсті, оның ішінде мұнай секторы ұйымдарынан түскен тікелей салықтардың түсімдері есебінен (жергілікті бюджеттерге есепке алынатын салықтарды қоспағанда) - 2 256 345 640 мың теңге, оның 1 046 873 819 мың теңгесі (7 106 300 мың АҚШ долларына барабар) кезекті айырбастау/қайта айырбастау операциясын дәл сол күні жүргізу жолымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының тиісті шотына теңгемен есепке алынған шетелдік валютадағы түсімдер болып табылады, мұнай секторы ұйымдары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа да түсімдер (жергілікті бюджеттерге есептелетін түсімдерді қоспағанда) - 16 678 239 мың теңге, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер - 525 872 мың теңге, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетін инвестициялық кірістер - 134 173 641 мың теңге.

2010 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына мұнай
секторы ұйымдарынан түскен түсімдердің құрылымы

Салық төлемдерінің түрі

Сомасы
(мың теңге)

Жалпы көлемдегі үлесі (%)

1

2

3

Корпоративтік табыс салығы, оның ішінде

807 088 340

35,51

КТС 101105*

601 029 208

26,44

КТС 101106*

28 817 016

1,27

КТС 101107*

177 242 116

7,80

Үстеме пайдаға салынатын салық

105 879 736

4,66

Бонустар

3 607 269

0,16

Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық

775 004 685

34,10

Экспортқа салынатын рента салығы

470 810 149

20,71

Өнімді бөлу жөніндегі Қазақстан Республикасының үлесі

93 955 461

4,13

Орталық мемлекеттік органдар, олардың аумақтық бөлімшелері мұнай секторы ұйымдарына салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

11 422 432

0,50

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мұнай секторы ұйымдарына салатын өзге де айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

42

0

Мұнай секторы ұйымдары келтірген зиянның орнын толтыру туралы талаптар бойынша табиғатты пайдаланушылардан алынған қаражат

5 255 706

0,23

Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін басқа да салықтық емес түсімдер

59

0

БАРЛЫҒЫ:

2 273 023 879 100,00

      Ескертпе:
      * КТС 101105 - заңды тұлғалар - мұнай секторы ұйымдарынан алынатын корпоративтік табыс салығы;
      * КТС 101106 - мұнай секторы ұйымдары резидент заңды тұлғалардан төлем көзінен ұстайтын корпоративтік табыс салығы;
      * КТС 101107 - мұнай секторы ұйымдары резидент емес заңды тұлғалардан төлем кезінен ұстайтын корпоративтік табыс салығы;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдердің негізгі бөлігін (35,51%) заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы, одан соң үлесі түсімдердің жалпы сомасының 34,10 %-ын құрайтын пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық алады. Экспортқа салынатын рента салығы түсімдердің жалпы сомасының 20,71 %-ын құрайды, үстеме пайдаға салынатын салық түсімдердің жалпы сомасының 4,66 %-ын құрайды және өнімді бөлу жөніндегі Қазақстан Республикасының үлесі түсімдердің жалпы сомасының 4,13 %-ын құрайды.
      «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2010 - 2012 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферті туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 8 сәуірдегі Заңына сәйкес 2010 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке даму бюджетінің шығыстарын жабуға кепілдендірілген трансферт түрінде жоспарланған 1 200 000 000 мың теңгенің 1 200 000 000 мың теңгесі аударылды, бұл жоспардың 100 %-ын құрайды.

2-бөлім. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік
басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
қызметі туралы 2010 жылғы есеп

      «КПМГ Аудит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры аудитінің нәтижелері бойынша қаржылық есептілік дұрыс деп танылды және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаржылық жағдайының халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келетінін көрсетеді.

1-нысан 

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік
басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
бухгалтерлік теңгерімі (мың теңге)

Баптың атауы

2010 жылы

2009 жылы

Активтер



Ақша және оның баламалары

176 444 135

200 429 000

Туынды қаржы құралдарын қоспағанда, пайда немесе зиян арқылы әділ құн бойынша есептелетін қаржы құралдары



Қор меншігіндегі

4 518 506 786

3 536 888 162

РЕПО мәмілелері бойынша кепіл ауыртпалығы бар

62 260 905

-

Өтеу мерзіміне дейін ұсталатын инвестициялар

402 785 683

276 814 215

Туынды қаржы құралдары

4 230 221

1 568 264

Дебиторлық берешек

5 333 333

2 543

Активтер жиыны

5 169 561 063

4 015 702 184

Міндеттемелер мен таза активтер



Туынды қаржы құралдары

3 032 339

1 956 773

РЕПО мәмілелері бойынша кредиторлық берешек

60 950 849

-

Кредиторлық берешек және есептелген шығыстар

7 050 030

4 216 533

Міндеттемелер жиыны

71 033 218

6 173 306

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шотына енгізілген таза активтер

5 098 527 845

4 009 528 878

      2010 жылғы 31 желтоқсанға Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры кредиторлық берешегінің және есептелген шығыстарының жалпы сомасы 68 000 879 мың теңгені құрады, одан:
      инвестициялық операциялар бойынша шетел валютасындағы кредиторлық берешек - 64 116 238 мың теңге, оның ішінде 60 950 849 - РЕПО мәмілелері бойынша кредиторлық берешек;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына көрсетілген қызметтер үшін кредиторлық берешек теңгемен - 3 884 641 мың теңге, оның ішінде:
      активтерді басқарғаны үшін комиссия - 3 794 111 мың теңге, оның ішінде:
      - 3 620 132 мың теңге - сыртқы басқарушылардың қызметтері үшін комиссия;
      - 173 979 мың теңге - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің комиссиялық сыйақысы;
      басқа да есептелген шығыстар - 90 530 мың теңге, оның ішінде:
      - 46 996 мың теңге - Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сыртқы кастодианы BNY Mellon қызметтері үшін;
      - 32 670 мың теңге - Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кастодианы BNP Paribas қызметтері үшін;
      - 10 864 мың теңге - Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының аудитін жүргізу жөніндегі қызмет үшін;
      2010 жылғы 31 желтоқсанға инвестициялық операциялар бойынша шетел валютасындағы дебиторлық берешекті білдіретін Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының дебиторлық берешегінің жалпы сомасы 5 333 333 мың теңгені құрады.
      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқарудың 2010 жылғы қорытындылары бойынша есептелген кірістер мен шығыстар бойынша негізгі көрсеткіштер мынаны құрады:
      1) басқару нәтижелері бойынша кірістер - 156 312 808 мың теңге;
      2) басқарудан келген шығыстар - 3 655 083 мың теңге;
      3) теңгемен қайта бағалау (қайта есептеу) бойынша оң айырма - 22 139 167 мың теңге.
      Осылайша, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару шығыстары шегерілгенге дейін жалпы жиынтық кіріс 134 173 641 мың теңгені, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару шығыстары шегерілгеннен кейінгі жалпы жиынтық кіріс 130 518 558 мың теңгені, 2010 жылғы таза пайда 152 657 725 мың теңгені құрады.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының BNY Mellon кастодиан банкінің деректері бойынша 2010 жылғы 1 қаңтар - 2010 жылғы 31 желтоқсан кезеңінде базалық валюта - АҚШ долларымен есептелген инвестициялық кіріс (іске асырылған және іске асырылмаған) пайда болды, ол 916 104 мың АҚШ долларын құрады. Мәмілелер жасауға арналған шығындарды ескере отырып түзетілген инвестициялық кіріс BNY Mellon кастодиан банкінің деректері бойынша осы кезеңде 915 601 мың АҚШ долларын құрады.

2-нысан 

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік
басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
пайдасы мен шығындары туралы есеп (мың теңге)

Баптың атауы

2010 жылы

2009 жылы

Кірістер



Сыйақы түріндегі кірістер

92 100 816

89 071 200

Дивидендтер түріндегі кірістер

14 053 370

12 534 617

Форвардтық валюталық келісімшарттарды қоспағанда, пайда немесе шығын арқылы әділ құн бойынша ескерілетін қаржы құралдарынан түсетін кіріс

27 833 924

66 736 172

Форвардтық валюталық келісімшарттардан түсетін таза пайда/(шығын)

5 884 936

(1 594 031)

Шетел валюталарын қайта бағалаудан түсетін таза пайда/(шығын)

16 439 762

99 989 201

Кірістердің жиыны

156 312 808

266 737 159

Шығыстар



Активтерді басқарғаны үшін комиссиялар

3 371 884

5 395 086

Кастодиандық қызметтерге ақы төлеу жөніндегі шығыстар

255 687

279 389

Аудиторлық қызметтерге ақы төлеу жөніндегі шығыстар

10 864

10 864

Кәсіби қызметтерге ақы төлеу жөніндегі шығыстар

-

-

Бағдарламалық өнімдерді және ақпараттық дерекқорды пайдаланғаны үшін ақы төлеу жөніндегі шығыстар

16 648

12 798

Шығыстардың жиыны

3 655 083

5 698 137

Таза кіріс (шығын)

152 657 725

261 039 022

Басқа жиынтық кіріс



Бағамдық айырма

(22 139 167)

652 580 328

Кезең ішіндегі жалпы жиынтық кіріс/(зиян)

130 518 558

913 619 350

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының шотынан есепті кезеңде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын басқаруға байланысты жалпы сомасы 3 982 229 мың теңге мынадай шығыстар төленді:
       2 377 050 мың теңге - Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқарғаны үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне комиссиялық сыйақы, оның ішінде 1 345 770 мың теңге 2010 жылғы қызметтер үшін және 1 031 280 мың теңге өткен жылдардағы қызметтер үшін;
      1 347 206 мың теңге - Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқарғаны үшін сыртқы басқарушыларға комиссиялық сыйақы, оның ішінде 409 836 мың теңге 2010 жылғы қызметтер үшін және 937 370 мың теңге өткен жылдардағы қызметтер үшін;
      230 461 мың теңге - Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ғаламдық кастодианы BNY Mellon қызмет көрсеткені үшін, оның 174 622 мың теңгесі 2010 жылғы қызметтер үшін және 55 839 мың теңге өткен жылдардағы қызметтер үшін;
      10 864 мың теңге - 2009 жылғы сыртқы аудит қызметіне ақы төлеу;
      8 541 мың теңге - 2010 жылы «The Yield Book Inc.» компаниясы көрсеткен қызметтер үшін төлемақы;
      5 902 мың теңге - «Standard&Poor's» компаниясы 2010 жылы көрсеткен ақпараттық қызмет үшін;
      2 198 мың теңге - «Fitch Ratings» компаниясының бағдарламалық өнімін 2010 жылы пайдаланғаны үшін төлемақы;
      7 мың теңге - 2010 жылы «Бағалы қағаздардың тіркеушілік жүйесі» акционерлік қоғамның теңгеге номинацияланған бағалы қағаздарды есепке алу және сақтау жөніндегі қызметі үшін.

3-нысан 

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік
басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп (мың теңге)

Баптың атауы

2010 жылы

2009 жылы

1

2

3

Операциялық қызметтен түскен ақша қаражатының қозғалысы



Таза пайда (шығын)

152 657 725

261 039 022

Түзетулер:



Қазақстандық мемлекеттік компаниялардың облигациялары бойынша дисконттың амортизациясы

(21 040 810)

(13 876 625)

Пайда немесе шығын арқылы әділ құн бойынша ескерілетін қаржы құралдарынан іске асырылмаған шығын немесе пайда

(17 885 413)

(161 669 914)

Операциялық активтер мен міндеттемелердегі өзгерістерге дейінгі операциялық қызметтен түсетін ақша қаражатының қозғалысы

113 731 502

85 492 483

Операциялық активтердің азаюы (ұлғаюы):



Туынды қаржы құралдарынан басқа, пайда немесе шығын арқылы әділ құн бойынша ескерілетін қаржы құралдары

(1 048 129 051)

536 285 753

Туынды қаржы құралдары

(2 661 957)

3 333 698

Дебиторлық берешек

(5 330 790)

1 256 628

Операциялық міндеттемелердің ұлғаюы (азаюы):



Туынды қаржы құралдары

1 075 566

(509 675)

РЕПО мәмілелері бойынша төлемдер

60 946 617

-

Кредиторлық берешек және есептелген шығыстар

2 833 497

1 808 516

Ақша қаражатын операциялық қызметте таза пайдалану

(877 534 616)

627 667 403

Инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражатының қозғалысы



Қазақстандық мемлекеттік компаниялардың облигацияларын сатып алу

(104 930 658)

(262 937 590)

Инвестициялық қызметте ақша қаражатын таза пайдалану

(104 930 658)

(262 937 590)

Қаржы қызметінен түсетін ақша қаражатының қозғалысы



Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінен түскен түсімдер және басқа да түсімдер

2 273 549 751

1 378 100 414

Республикалық бюджетке аударымдар

(1 200 000 000)

(1 104 600 000)

Басқа аударымдар

(115 069 342)

(486 962 410)

Қаржы қызметінен ақша қаражатының таза түсімі/(әкетілуі)

958 480 409

(213 461 996)

Ақша қаражатының және оның баламаларының таза ұлғаюы/(азаюы)

(23 984 865)

151 267 817

Кезең басындағы ақша және оның баламалары

200 429 000

49 161 183

Кезең соңындағы ақша және оның баламалары

176 444 135

200 429 000

4-нысан 

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік
басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің таза
активтеріндегі өзгерістер туралы есеп

(мың теңгемен)

Баптың атауы

Түсімдер

Алулар

Таза пайда
(шығын)

Валютаны қайта бағалау бойынша резерв

Барлығы

1

2

3

4

5

6

2008 жылғы 31 желтоқсанға сальдо

4 497 720 714

(1 337 930 441)

338 485 492

(188 904 241)

3 309 371 524

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінен түскен түсімдер және басқа да түсімдер

1 378 100 414







1 378 100 414

Республикалық бюджетке аударымдар және басқа да аударымдар



(1 104 600 000)





(1 104 600 000)

Валютаны қайта бағалаудың активтердің бастапқы сальдосына әсері







758 095 124

758 095 124

Валютаны қайта бағалаудың таза пайдаға (шығынға) әсері







(105 514 796)

(105 514 796)

Таза пайда (шығын)



261 039 022


261 039 022

Басқа аударымдар


(486 962 410)



(486 962 410)

2009 жылғы 31 желтоқсанға сальдо

5 875 821 128

(2 929 492 851)

599 524 514

463 676 087

4 009 528 878

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінен түскен түсімдер және басқа да түсімдер

2 273 549 751







2 273 549 751

Республикалық бюджетке аударымдар және басқа да аударымдар



(1 200 000 000)





(1 200 000 000)

Валютаны қайта бағалаудың активтердің бастапқы сальдосына әсері







(25 927 170)

(25 927 170)

Валютаны қайта бағалаудың таза пайдаға (шығынға) әсері







3 788 003

3 788 003

Таза пайда (шығын)



152 657 725


152 657 725

Басқа аударымдар


(115 069 342)



(115 069 342)

2010 жылғы 31 желтоқсанға сальдо

8 149 370 879

(4 244 562 193)

752 182 239

441 536 920

5 098 527 845

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының таза активтері 2010 жылдың 5 098 527 845 мың теңгені құрады (аудиттелген қаржылық eceптілікке сәйкес есептеу әдісімен), жылдық өсім 27 %-ды құрады. Негізінен активтердің ұлғаюына мұнай секторы ұйымдарынан түсетін тікелей салықтар (жергілікті бюджеттерге есептелетін салықтарды қоспағанда) бойынша түсімдер көлемінің артуы есебінен қол жеткізілді.

3-бөлім. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару
жөніндегі 2010 жылғы өзге де деректер

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін басқару

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін бөлу құрылымы мынадай түрге ие болды. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры валюталық қоржынының жалпы нарықтық құны 2010 жылғы 31 желтоқсанда 33 755 821 124 АҚШ долларына тең болды, оның ішінде валюта қоржыны - 31 025 070 735 АҚШ доллары (91,91%) және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ облигациялар қоржыны - 2 730 750 389 АҚШ доллары (8,09%). Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры валюталық қоржынының құрамына кіретін тұрақтандыру және жинақ қоржынының нарықтық құны тиісінше 8 775 131 469 (28,28%) және 22 249 939 266 (71,72%) АҚШ доллары болды.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының валюталық қоржынының құрамына кіретін бағалы қағаздардың және басқа да қаржы құралдарының нарықтық құны BNY Mellon кастодиан банкінің деректеріне негізделеді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының валюталық
активтерін бөлу құрылымы

Мандат түрі

Барлығы

USD-мен нарықтық құны

%

Тіркелген кірісі бар бағалы қағаздар

16 609 428 864

53,54

Ақша нарығы

8 775 131 469

28,28

Акциялар

4 689 725 905

15,12

Жаһандық тактикалық бөлу

950 784 497

3,06

БАРЛЫҒЫ

31 025 070 735

100,00

Тұрақтандыру қоржынының активтерін бөлу серпіні



31.03.2010

30.06.2010

30.09.2010

31.12.2010

Ақша және ақша нарығының құралдары

95,66

98,21

99,40

92,31

Кірісі белгіленген бағалы қағаздар

4,34

1,79

0,60

7,69

Тұрақтандыру қоржынының барлығы

100,00

100,00

100,00

100,00

Жинақтау қоржынының активтерін бөлу серпіні



31.03.2010

30.06.2010

30.09.2010

31.12.2010

Кірісі белгіленген бағалы қағаздар

77,53

77,89

77,90

77,78

Акциялар

18,86

17,30

18,45

19,49

Тіркелген кірісі бар бағалы қағаздар

3,61

4,81

3,66

2,73

Жинақтау қоржынының барлығы

100,00

100,00

100,00

100,00

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры құрылғаннан бастап 2010 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы инвестициялық кіріс 5 074 млн. АҚШ долларын құрады. Құрылғаннан бастап 2010 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кірістілігі 59,67 %-ды құрады, ол жылдық мәнде 5,00 %-ды құрайды.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының таза активтері мынадай санаттар (инвестициялық қоржын түрлері) бойынша жіктелген:
      тұрақтандыру қоржыны;
      жинақтау қоржыны;
      тіркелген кірісі бар бағалы қағаздар қоржыны;
      акциялар қоржыны;
      активтерді тактикалық орналастыру қоржыны.
      Инвестициялық стратегияға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры активтерінің әрбір сыныбы эталондық қоржынға (индекске) қатысты басқарылады, оның негізінде активтердің кірістілігі бағаланады. Эталондық қоржындар (индекстер) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесінде айқындалған.
      2010 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің дербес басқаруындағы тұрақтандыру қоржынының активтері ақша нарығы құралдарына, Америка Құрама Штаттарының қазынашылығының бағалы қағаздарына, сондай-ақ Батыс Еуропа елдерінің мемлекеттік бағалы қағаздарына орналастырылды.
      Тұрақтандыру қоржынының кірістілігі 2010 жылы 0,86 %-ды құрады, осы кезеңде эталондық қоржынның (Merrill Lynch 6-month US Treasury Bill Index) кірістілігі 0,36 %-ды құрады. Осылайша, тұрақтандыру қоржынының активтерін басқару нәтижесінде 2010 жылы 0,49% мөлшерінде оң үстеме кірістілік алынды.
      Жинақтау қоржынының кірістілігі 2010 жылғы 4,01 %-ды құрады. Осы кезеңде эталондық қоржынның кірістілігі 4,36 %-ды құрады. Осылайша, теріс үстеме кірістілік (-) 0,35% мөлшерінде алынды.
      Сонымен бірге, жинақтау қоржынының активтерін басқару нәтижелері барлық мандат түрлері бойынша оң нәтижемен қатар, теріс нәтижелерді де көрсетті.
      Мәселен, 2010 жылы оң үстеме кірістілікке «Жаһандық акциялар» мандат түрі бойынша 0,63 %-ды құраған және «Активтерді жаһандық тактикалық бөлу» мандат түрі бойынша 1,85 %-ды құраған активтерді басқару нәтижесінде қол жеткізілді, «Жаһандық облигациялар» мандат түрі бойынша (-) 0,58 %-ды құрады.

Мандаттардың түрлері бойынша жинақтау қоржынының кірістілігі

Тұрақтандыру қоржынының кірістілігі

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөнінде
2010 жылы өткізілген іс-шаралар туралы қосымша ақпарат

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 1 ақпандағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыны бекіту туралы» № 1 және «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды бекіту туралы» № 2 қаулыларымен мынадай Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушылар бекітілді:
      «Жаһандық пассивтік акциялар» мандаты бойынша: UBS Global Asset Management;
      «Жаһандық облигациялар» мандаты бойынша: 1) Nomura Asset Management UK Limited, 2) Mitsubishi UFJ Asset Management (UK) Ltd, 3) Wellington Management Company LLP, 4) Deutsche Asset Management International GmbH, 5) Schroder Investment Management Limited, 6) LLB Asset Management AG.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаржылық тәуекелдерін азайту және жинақтау қоржынының кредиттік сапасын жақсарту мақсатында  Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 21 мамырдағы № 42 қаулысы бекітілді. Осы қаулыға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жинақтау қоржыны үшін эталондық портфельдің еуро қосалқы индексі кредиттік рейтингінің нашарлауы байқалған Еуроаймақ елдерін шығарып тастау мақсатында өзгертілді.
      Қордың активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау барысын жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 шілдедегі № 66 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2010 жылғы № 43 қаулысы бекітілді. Мәселен, атап айтқанда, сыртқы басқарушылар арасындағы басқару стильдерін және теріс корреляцияны әртараптандыру мақсатында бір сыртқы басқарушыға берілетін активтердің көлемі 100 миллион АҚШ доллары баламасынан аспайтын мамандандырылған мандаттар көзделді.
      Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 962 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) мақұлданды, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының функцияларын тиімді іске асыруды көздейді. Тұрақтандыру функцияларын іске асыру абсолютті мәнде 8 млрд. АҚШ доллары мөлшерінде тіркелген республикалық бюджетке кепілдік берілген трансфертті қамтамасыз етуді болжайды. Қордың жинақтау функцияларын орындау үшін тиісті қаржы жылының аяғына ЖІӨ болжамды мәнінің 20 %-ы мөлшерінде төмендемейтін қалдық белгіленеді. Бұл ретте кепілдік берілген трансфертті жүзеге асыру үшін қаражат жеткіліксіз болған жағдайда төмендемейтін қалдық лимитінің сақталуы қажеттігіне байланысты кепілдік берілген трансферттің мөлшері тиісті шамаға азайтылады. Бұл шара Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры активтерінің тез тозуына жол бермеу мақсатында көзделді.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес отырысының 2010 жылғы 4 қазандағы № 01-7.10 қбп хаттамасының 1-тармағына сәйкес Ұлттық Банк «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ облигацияларын сатып алу-сату шартын жасады және 220 млрд. теңге сомаға осы облигацияларды сатып алуды жүзеге асырды.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 маусымдағы № 504 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қаражатын пайдалану және іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының (бұдан әрі — Іс-шаралар жоспары) 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 1438 қаулысымен «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 66 қаулысына Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесінен қазақстандық қаржы құралдарын алып тастауға қатысты өзгерістер бекітілді.
      Іс-шаралар жоспарының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 27 желтоқсанда өткен отырысында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 102 қбп қаулысы бекітілді.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі арасында бірлескен экономикалық зерттеу бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2010 жылы «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жүйесін одан әрі жетілдіру және оның жұмыс істеуіне тиімді тәсілдерді әзірлеу» іс-шарасы өткізілді.
      Халық арасында Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру жөнінде жүйелі жұмыс жүргізу шеңберінде мынадай іс-шаралар жүзеге асырылды:
      2010 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасының Қаржы министрі дағдарыс жағдайларында Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жұмыс істеуіне қатысты мәселелер бойынша «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетіне сұхбат берді;
      2010 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасының Қаржы министрі «Қазақстан элитасы» - «Елді дамытудың қаржылық тетігі» баспасының ІІ томында одан әрі жариялау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының міндеттері мен жұмыс істеуіне қатысты мәселелер бойынша Экономикалық стратегиялар институтына сұхбат берді;
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы 2009 жылғы есеп пен сыртқы аудитті жүргізу нәтижелері туралы ақпарат 2010 жылғы 24 маусымдағы № 199-200 «Егемен Қазақстан» және 2010 жылғы 22 маусымдағы № 128-129 «Казахстанская правда» газеттеріне жарияланды, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің веб-сайтына орналастырылды.
      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қызметі туралы қажетті ақпарат, есептер, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің веб-сайтына (www.minfin.kz) орналастырылды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады