Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2010 - 2012 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферті туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 8 сәуірдегі № 264-IV Заңы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 қарашадағы № 358-IV Заңымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР 2010.11.30 № 358-IV (2011.01.01 бсатап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      ҚР Заңының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшері бекітілсін:
      2010 жыл - 1 200 000 000 мың теңге;
      2011 жыл - 1 200 000 000 мың теңге;
      2012 жыл - 1 200 000 000 мың теңге.
      2-бап. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2010 - 2012 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" 2009 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 23, 110-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      3-бап. Осы Заң 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                          Н.Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады