Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 4 қыркүйектегі № 867 және 2010 жылғы 18 тамыздағы № 1042 жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 4 қыркүйектегі
№ 867 және 2010 жылғы 18 тамыздағы № 1042 жарлықтарының
күші жойылды деп тану туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасының 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 4 қыркүйектегі № 867 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 38, 366-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 4 қыркүйектегі № 867 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 18 тамыздағы № 1042 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 47, 433-құжат).
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев