Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдаланудың үлгі шартын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 мамырдағы № 477 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 20 тамыздағы № 655 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 20.08.2015 № 655 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдаланудың үлгі шарты бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің   
2011 жылғы 3 мамырдағы
№ 477 қаулысымен 
бекітілген  

Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдаланудың
ҮЛГІ ШАРТЫ

____қ.         №______________             20___ жылғы «__ »____

Бұдан әрі «Несие беруші» деп аталатын_________________________атынан                            (жергілікті атқарушы органның толық атауы)
____________негізінде әрекет ететін_________________________
  (Ереже және т.б.)              (уәкілетті адамның лауазымы, тегі,    _______________бір тараптан және бұдан әрі «Несие алушы» деп
аты, әкесінің аты)
аталатын  
_______________атынан_____________________ негізінде әрекет ететін
(заңды тұлғаның толық атауы)
___________________       _________________________________________
(Жарғы, Ереже және т.б.) уәкілетті адамның лауазымы, тегі, аты,
                                       әкесінің аты)
      «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылға 17 шілдедегі Заңы мен Несие алушының 20___ жылғы  «___ » №___ өтініші негізінде осы жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалану шартын (бұдан әрі шарт жасау).

1. Шарттың нысанасы мен объектісі

      1. Шарт бойынша Несие беруші Несие алушыға облыстық және аудандық маңызы бар_______________________________________________
(облыcтық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін көрсету, учаске, км)
автомобиль жолын немесе олардың учаскелерін (бұдан әрі - Объект) өтеусіз уақытша пайдалану құқығын береді, ал Несие алушы объектіні өтеусіз уақытша пайдалану құқығын қабылдайды және Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Шарттың № 1 қосымшасына сәйкес______________
_____________________________________________________________________
(қайта жаңарту, күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу - қажеттісін көрсету) жүзеге асырады.
      Осы Шартта төменде келтірілген ұғымдар мынадай түсініктемені білдіретін болады:
      «Несие беруші» - Объектіні өтеусіз уақытша пайдалануға беретін жергілікті атқарушы орган;
      «Несие алушы» - Объектіні қабылдайтын және Объектіні қандай күйде алса, сондай күйде қалыпты тозуын есепке ала отырып немесе Шартта белгіленген күйде қайтаруды қамтамасыз ететін заңды тұлға.
      2. Несие алушы Объектіні өтеусіз пайдаланады. Осы Шарттың қолданылу кезеңінде Несие алушы шеккен шығыстарды Несие беруші өтемейді.

2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      3. Несие беруші:
      1) Несие алушымен Шарттың талаптары туралы келіссөздер жүргізуге;
      2) Несие алушының кінәсінен Объектінің жай-күйі нашарлаған жағдайда Несие алушыдан шығындарды өтеуді қайтаруды талап етуге;
      3) Шартта белгіленген тәртіппен Несие алушыдан мүліктің жай-күйі туралы ақпарат алуға, оның ішінде Объект бойынша қаржы есептілікпен танысуға;
      4) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және Шартқа сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
      4. Несие алушы:
      1) Шартта көзделген талаптарда Объектіні пайдалануға;
      2) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және Шартқа сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
      5 Несие беруші:
      1)Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары саласындағы заңнамасын және Шарт талаптарын Несие алушының сақтауын бақылауды жүзеге асыруға;
      2) осы Шартқа қол қойылғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде Шарттың № 2 қосымшасына сәйкес Несие алушыға Объектіні және Объектіге қажетті құжаттаманы қабылдау - тапсыру актісі негізінде беруге міндетті.
      6. Несие алушы:
      1) Объектіні мақсаты бойынша пайдалануға;
      2) тапсырылған Объектіні нақталуын қамтамасыз етуге;
      3) қайта жаңартуды, күрделі, орташа және ағымдағы жөндеуді
______________________________________жүзеге асыруды қоса
(қажеттісін көрсету)
алғанда, Объектіні техникалық жарамды күйде ұстауға және Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Шарттың № 1 қосымшасына сәйкес оны күтіп ұстау жөніндегі барлық шығыстарды көтеруге;
      4) Объектіні күтіп ұстауды өз есебінен жүргізуге;
      5) Шарттың қолданылу мерзімі аяқталған, оны мерзімінен бұрын бұзған және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда белгіленген тәртіппен Объектіні тиісті техникалық күйде тапсыруға;
      6) Объект сапасының автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар бекіткен автомобиль жолдары саласындағы нормативтік-техникалық құжаттардың белгіленген талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге;
      7) өз есебінен қауіпсіздіктің жалпы талаптарын сақтауға;
      8) Объект ұзындығының бойында көлік құралдары қозғалысының рұқсат етілген жылдамдық режимін қамтамасыз ете отырып, қауіпсіз кедергісіз тегін жол жүруді қамтамасыз етуге;
      9) Несие беруші берген жұмыстарды жүргізу құқығына рұқсаты болған жағдайда жол полициясы органдарының келісімімен Объектіні қайта жаңарту және жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге;
      10) Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Шарттың № 1 қосымшасына сәйкес Объектіде жұмыс жүргізгеннен кейін Объектіні күтіп ұстау жөнінде жұмыстарды жыл бойы ұйымдастыруды қамтамасыз етуге міндетті.

3. Тараптардың жауапкершілігі

      7. Шарттың талаптарын орындамағаны немесе тиісті орындамағаны үшін тараптар Шартта және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген жауапкершілікте болады.
      8. Қолайсыз ауа-райы жағдайларының және жол-көлік оқиғаларының себебінен жолдың және олардағы жасанды құрылыстардың конструктивтік элементтері бұзылған жағдайда Несие алушы жедел түрде бұзылуды жою жөнінде барлық қажетті шараларды қабылдауға және қауіпсіз жол жүруді қамтамасыз етуге тиіс.
      9. Егер Несие алушы уақытында қайта жаңарту, күрделі, орташа, ағымдағы жөндеу және ұстау_________________________________________
                                                (қажеттісін көрсету)
жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға уақтылы кіріспесе және Несие берушімен келісілген өндірістік жоспарды бұзса, Несие беруші Несие алушыға мерзімі өткен әрбір күн үшін айда орындалмаған жұмыстар құнының 0,1 %-ы мөлшерінде тұрақсыздық айыбын ұсынады.
      тармақшасында көрсетілген міндеттемелерді орындамаған және тиісті түрде орындамаған жағдайда Несие беруші мерзімі өткен әрбір күн үшін айда орындалмаған жұмыстар құнының 0,1 % мөлшерінде тұрақсыздық айыбын ұсынады.
      Осы Шарттың 9, 10-тармақтарында айқындалатын тұрақсыздық айыбының сомасын Несие алушы тиісті бюджетке аударады.
      11. Несие алушы Объектідегі технология талаптарын сақтауды және жұмыстарды сапалы орындауды автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен автомобиль жолдары саласындағы қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес қамтамасыз етеді.
      12. Жол қозғалысының қауіпсіздігіне ықпал ететін қолайсыз ауа-райы құбылыстары туындаған кезде Несие алушы қолайлы ауа-райы қалыптасқанға дейін Объектідегі жұмысты қамтамасыз етеді.

4. Несие берушінің Шарттың орындалуын бақылау тәртібі

      13. Несие беруші Несие алушының Шарт талаптарын, сондай-ақ Объектіні Шартта белгіленген мақсаттарға сәйкес пайдалану жөніндегі міндеттемелерді сақтауын бақылауды жүзеге асырады.
      Бақылаудың негізгі бағыттары:
      1) Объектіні пайдаланудың және тиісті техникалық жай-күйде сақтаудың тиімділігі;
      2) азаматтық заңнаманың автомобиль жолдары саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарының және Шарттың талаптарын сақтау болып табылады.
      14. Несие алушы Несие берушінің Шарт талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органдары өкілдерінің Объектіге, сондай-ақ Объектіге байланысты құжаттамаға кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
      15. Несие алушы тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей, Несие берушіге Шарт бойынша өзінің қызметі туралы есепті ұсынады.
      16. Несие берушінің жазбаша сұратуы бойынша Несие берушінің сұрауында көрсетілген кезеңдегі Несие алушының Шарт бойынша қызметі туралы есепті Несие алушы жеті жұмыс күні ішінде ұсынады.
      17. Несие алушының Шарт бойынша қызметі туралы есеп Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Шарттың № 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша Несие алушының міндеттемелерді орындау барысы туралы ақпаратты қамтуға тиіс.

5. Шартты бұзу тәртібі

      18. Шарт тараптардың келісімі бойынша бұзылуы мүмкін.
      19. Несие беруші мынадай:
      1) Объектіні қайта жаңарту, күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау______________________________ жөніндегі
                                    (қажеттісін көрсету)
міндеттемелер орындалмаған;
      2) Осы Шарттың 6-тармағының 10) тармақшасында және 8-тармағында көзделген шаралар қабылданбаған жағдайда Шартты біржақты тәртіппен бұзады.
      20. Несие алушы:
      1) Шартты жасау сәтінде білмеген және білуі мүмкін болмаған, қалыпты пайдалануға мүмкіндік бермейтін немесе ауыртпалық түсіретін кемшіліктерді анықтаған жағдайда;
      2) Егер Несие беруші Шартта көзделген мерзімде Объектіні бермесе, Шартты мерзімінен бұрын бұзуды талап етуге құқылы.

6. Шартты орындау кепілдігі

      21. Несие беруші мыналарды растайды:
      1) Шартқа қол қойылған күні және Шартты мемлекеттік тіркеу сәтіне дейін Объект үшінші тұлғалардың құқықтары және қандай да бір ауыртпалықтардан бос;
      2) Несие берушінің не Несие алушының Объектіге қатысты Шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындауға ықпал етуі мүмкін қандай да бір сот немесе төрелік талқылаулары жоқ;
      3) Объектіні уәкілетті орган Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы заңнамасына сәйкес тіркеген.
      Ескерту. 21-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.07.18 N 820 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      22. Несие алушы Шартқа қол қойған күні:
      1) таратылу, қайта ұйымдастырылу, банкроттық сатысында тұрмағанын;
      2 )Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзінің мүлкіне тыйым салынбағанын, өзінің қаржы-шаруашылық қызметінің тоқтатыла тұрмағанын;
      3) Шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржы және материалдық ресурстарының бар екендігін;
      4) қарыздарды, кредиттерді ресімдеу, облигацияларды, инвестицияларды тартудың және Объектіні қаржыландырудың өзге түрлерін шығару үшін заңнамада белгіленген тәртіппен барлық қажетті және тіркелген құжаттарының бар екендігін.
      5) Объектіге үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынбайтынын растайды және кепілдік береді.

7. Дауларды қарау тәртібі

      23. Шарт бойынша даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер жолымен шешіледі.
      24. Дауларды келіссөздер жолымен реттеу мүмкін болмаған жағдайда мұндай даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешіледі.

 8. Форс-мажор

      25. Егер Шарт бойынша қандай да бір міндеттемелерді орындамау немесе тиісті түрде орындамау еңсерілмейтін күш (форс-мажор) мән-жайларынан туындаса, онда мұндай орындамау немесе тиісті түрде орындамау үшін Тараптар жауапты болмайды.
      26. Еңсерілмейтін күш жағдайларына Тараптардың Шарт бойынша міндеттемелерді орындауына тікелей ықпал ететін әскери қақтығыстар, дүлей апаттары сияқты осы мән-жайлар кезінде төтенше және күтпеген жағдайлар жатады. Келтірілген тізбе түпкілікті болып табылмайды. Мұндай мән-жайларға, атап айтқанда нарықта жұмыстарды орындау үшін қажетті қызметтердің немесе материалдардың болмауы немесе тапшылығы жатпайды.
      27. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған жағдайда олардан зардап шеккен Тарап ол туралы бес күн ішінде форс-мажорлық мән-жайлардың басталған күнін және сипатын нақтылайтын жазбаша хабарламаны тапсыру немесе пошта арқылы жолдау жолымен басқа Тарапты хабардар етеді.
      28. Форс-мажорлық мән-жайлар туындаған кезде Тараптар қалыптасқан жағдайдан шығу жолдарын іздеу үшін шұғыл түрде келіссөздер жүргізеді және мұндай мән-жайлардың салдарын барынша азайту үшін барлық құралдарды пайдаланады.
      29. Форс-мажорлық мән-жайларға байланысты Шарт бойынша жұмыстарды толық немесе ішінара тоқтата тұрған жағдайда осы жұмыстарды жүргізу кезеңі форс-мажордың әрекет ету мерзіміне ұзартылады және форс-мажор аяқталған сәттен бастап қайта жаңартылады.

9. Өзге де шарттар

      30. Шарт талаптарының орындалуын бақылауды Несие беруші жүзеге асырады.
      31. Шарт тең заңды күші бар________ түпнұсқа данада мемлекеттік
және орыс тілдерінде, соның ішінде Несие беруші үшін_______ данада,
Несие алушы үшін__________________данада жасалады.
      

10. Шарттың қолданылуы

      32. Шарт________________________ жылға жасалады және уәкілетті органдар тіркелген сәттен бастап күшіне енеді.
      Шарт 20____ жылғы «____»__________ қолданылады.
                         күні      айы
      33. Шарт Несие алушы өзінің міндеттемелерін тиісті түрде орындаған жағдайда Тараптардың келісімімен анықталатын қосымша кезеңге жаңа талаптарда мүлікті өтеусіз уақытша пайдалануға жаңа шарт жасасу жолымен ұзартылуы мүмкін.

Тараптардың заңды мекенжайы және деректемелері:

Несие беруші                        Несие алушы
__________________________       _________________________
(Т.А.Ә.)                              (Т.А.Ә.)
____________________________      _______________________
(Жергілікті атқарушы органның)         заңды тұлғаның
_____________________             _______________________
    толық атауы                        толық атауы
Орналасқан жері________          Орналасқан жері____________
____________________             _____________________________
Б/шоты__________________         Есеп шоты__________________
________________________         _______________________
      (қолы)                           (қолы)

М.О.

Тіркеу туралы белгі

Шартқа 1-қосымша

«Келісілді»                                         «Бекітемін»
20___ ж. «___»                             20___ ж.«__ » Қарыз алушы»
«Қарыз беруші»                             __________басшының Т.А.Ә.
___________басшының Т.А.Ә.                      (қолы)
(қолы)

М.О.                                                           М.О.
                     

ӨНДІРІСТІК ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың
учаскелерін қайта жаңарту, күрделі, орташа, ағымдағы жөндеу, күтіп ұстау және көгалдандыру
_______________________________________________
(қажеттісін көрсету)  

р/с

Жұмыстың атауы

Өлшем бірлігі

20___ ж арналған жоспар

Саны

Сомасы

Саны

Сомасы

Саны

Сомасы




















































Орындаған:________________ Т.А.Ә.
               (қолы)

Шартқа 2-қосымша

Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалануды қабылдау-тапсыру актісі
__________________________________________________
(учаскені, км көрсету)
_________қ                                20___ ж. «__ »____

_________________________________________________________________
(комиссияны тағайындаған жергілікті атқарушы органның толық атауы)
20_ж «_»____ №____ шешімімен (бұйрықпен, қаулымен және т.б.)
тағайындалған мынадай құрамдағы комиссия:
_______________________________ _______________________________
      (тегі, аты, әкесінің аты)       (лауазымы) 
 
Несие алушы жағынан___________________________________________
                         (заңды тұлғаның толық атауы)
____________________________ _________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)               (лауазымы)
мынаны белгіледі:

1. Несие беруші_______________________________________________
  (қайта жаңарту, күрделі, орташа, ағымдағы жөндеу-қажеттісін
                              көрсету)
жұмыстарын орындау шартымен Несие алушыға жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолын
немесе олардың учаскелерін_________________ пайдалануға береді.
                      (учаскені, км көрсету)
2. Объектіде мыналар орналасқан:
      _____________________________________________
                 (жасанды құрылыстарды көрсету)

Берілді:
Мынадай құрамдағы Комиссия мүшелері:
________________________       _______________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)               (лауазымы)
Қабылдады:__________________________________________________
        (заңды тұлғаның толық атауы) (аты-жөні) (лауазымы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады