Қазақстан Республикасының Үкiметi, Азия Даму Банкi және "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы арасындағы қаржыландыру туралы негіздемелік келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 мамырдағы № 499 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi, Азия Даму Банкi және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы арасындағы қаржыландыру туралы негіздемелік келісімнің жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Нематұлы Келімбетовке қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан Қазақстан Республикасының Үкiметi, Азия Даму Банкi және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы арасындағы қаржыландыру туралы негіздемелік келісімге және әрбір траншқа Қаржыландыру туралы кезеңдік сұрау салуға қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
            Премьер-Министрі                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнің     
2011 жылғы 11 мамырдағы
№ 499 қаулысымен 
мақұлданған   

Жоба 

Қазақстан Республикасының Үкiметi, Азия Даму Банкi мен «Даму»
кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы арасындағы
қаржыландыру туралы негіздемелік келісім (Қазақстан: Шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі бағдарлама)

Тараптар         Осы [2011 жылғы ____ мамырдағы] Қаржыландыру туралы
                 негіздемелік келісім (бұдан әрі – ҚНК) Қазақстан
                 Республикасының Үкіметі (бұдан әрі – Үкімет), «Даму»
                 кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы (бұдан
                 әрі – Даму) және Азия Даму Банкі (бұдан әрі – АДБ)
                 арасында жасалды.

Көптраншты       Даму Қазақстанда шағын және орта бизнес (бұдан әрі –
қаржыландыру     ШОБ) кәсіпорындарын дамыту үшін өзінің шағын және
тетігінің        орта бизнесті қолдау бағдарламаларын (бұдан әрі –
инвестициялық    Инвестициялық бағдарлама) міндетіне алады және іске
бағдарламасы     асырады. Бағдарлама жуырда қабылданған Қазақстан
                 Республикасы Үкіметінің Даму стратегиясы – 2020
                 шеңберінде (2010-2014 жылдар) ШОБ қаржыландыруға қол
                 жеткізуін жақсарту бойынша іс-шаралар жоспарының
                 (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) ажырамас бөлігі
                 болып табылады, Инвестициялық Бағдарлама ШОБ үшін
                 орта мерзімді қаржыландыруға тұрақты қол жеткізуді
                 егжей-тегжейлі сипатталған.
                 2010 – 2014 жылдар кезеңіндегі Инвестициялық
                 бағдарламаның жалпы құны теңге баламасында $3,0
                 миллиардқа тең болады деп күтілуде, оның ішінде ШОБ
                 тарапынан орта мерзімді қаржыландыруға деген жалпы
                 сұраныс жоғарыда көрсетілген кезеңнің ішінде
                 $2.8 миллиардты құрайды. Осы Көптраншты қаржыландыру
                 тетігі Инвестициялық бағдарламаның бір бөлігін
                 қаржыландыруға көмектеседі.
Көптраншты       Көптраншты қаржыландыру тетігі Инвестициялық
қаржыландыру     бағдарлама шеңберіндегі кіші жобаларды осындай кіші
тетігі           жобалар 4-қосымшада баяндалған өлшемдерге және осы
                 Үкімет, Азия Даму Банкі және Даму арасындағы ҚНК-де
                 қалыптастырылған уағдаластықтарға сай келеді деген
                 шартпен қаржыландыруға  арналған.
                 Осы кіші жобалар шеңберінде Қатысушы қаржы
                 институттары арқылы ШОБ үшін қарыздар, кредиттік
                 желілер, кепілдіктер мен басқа да қаржы өнімдері
                 беріледі деп күтілуде. Мұндай қаржы өнімдері: (1)
                 Қазақстандағы ШОБ дамытуды қолдау үшін даярланған;
                 (2) нарықтық пайыздық ставкалары бар; (3) Қазақстан
                 теңгесінде болады.
                 Осы ҚНК АДБ тарапынан қандай да бір қаржыландыруды
                 беру бойынша заңды міндеттеме болып табылмайды. АДБ
                 өз қалауынша, тиісті негіздеме болған жағдайда Даму
                 тарапынан жіберілген қаржыландыру туралы кез-келген
                 сұрау салуды кері қайтаруға, Көптраншты қаржыландыру
                 тетігінің міндеттемейтін бөлігін жоюға және
                 Көптраншты қаржыландыру тетігі шеңберіндегі қандай
                 да бір траншқа сұрау салу бойынша Дамудың құқығын
                 қайтарып алуға құқылы. Қаржыландыру транштарын АДБ
                 барлық ережелер Көптраншты қаржыландыру тетігі
                 негізделетін және осы ҚНК-де баяндалған жалпы
                 келісімдер мен болжамдарға сай келеді деген шартпен
                 беруі мүмкін.
                 Осы ҚНК Үкімет және Даму тарапынан қандай да бір
                 қаржыландыруға сұрау салу үшін заңды міндеттеме
                 болып табылмайды. Үкімет және Даму Көптраншты
                 қаржыландыру тетігі шеңберінде қаржыландыру
                 сұрамауға құқылы. Сондай-ақ, Даму Көптраншты
                 қаржыландыру тетігінің кез-келген міндеттемейтін
                 бөлігінің күшін кез-келген уақытта жоюға құқылы.
                 Даму, Үкімет және АДБ Көптраншты қаржыландыру
                 тетігінің немесе оның кез-келген міндеттемейтін
                 бөлігінің күшін жою бойынша тиісті құқықтарды
                 пайдалануға құқылы және АДБ қаржыландыру туралы
                 сұрау салуды қанағаттандырудан басқа тараптарға
                 жазбаша хабарлама жіберу жолымен өзінің бас тарту
                 жөніндегі құқығын пайдалануға құқылы. Жазбаша
                 хабарламада күшін жою немесе бас тарту түсініктемесі
                 және күшін жойған жағдайда, күшін жою күшіне енетін
                 күн қамтылуы тиіс.

                    Қаржыландыру жоспары
                 Бір Инвестициялық бағдарламаның Нәтижесі үшін
                 Қаржыландыру жоспары төмендегі кестеде берілген:
                               Қаржыландыру жоспары
                  (Бір Инвестициялық бағдарламаның Нәтижесі үшін,
                                    2010-2015)

Қаржыландыру көзі

Жалпы сомасы (миллион АҚШ долл.)

Жалпы сомасының үлесі (%)

Азия Даму банкі1

500

18%

АДБ әкімшілендірмейтін қаржыландырудың басқа көздері

100

4%

Үкімет қаражаты2

800

28%

Қатысушы қаржы институттары3

1,400

50%

Барлығы

2,800

100%

Кейіннен қатысушы қаржы институттарына, содан кейін ШОБ-ке беру
үшін Дамуға берілген жергілікті валютадағы қарыздар.
2 Экономиканың басым секторларында жұмыс істейтін кәсіпорындарға
субсидиялар беру бағдарламасы.
3  Қысқа мерзімді және басқа да депозиттер мен акционерлік капитал
қаражатынан қорларды білдіреді.
Көзі: Дамудың бағалауы.

Қаржыландыру     АДБ мүмкіндігінше, Инвестициялық бағдарлама
шарттары         шеңберінде жобаларды қаржыландыру үшін Даму төменде
                 келтірілген уағдаластықтарды сақтайды, ал жобалар
                 осы уағдаластықтарға сай дайын деген шартпен олар
                 қаржыландыруға дайын болғаннан кейін қарыз береді
                 және қоса қаржыландыруды әкімшілендіреді. Әрбір
                 қарыз немесе басқа да қаржыландыру өнімі Көптраншты
                 қаржыландыру тетігі шеңберінде транш болып табылады.
                 Әрбір транш алдыңғы немесе кейінгі транштарды
                 қаржыландыру жағдайларынан ерекшеленетін жағдайларға
                 сәйкес қаржыландырылуы мүмкін. Қаржыландыру
                 шарттарын таңдау транш бойынша заңды келісімге қол
                 қою күнінде басым болатын жобаға, капитал нарығының
                 жағдайларына және АДБ қаржыландыру саясатына
                 байланысты болады.
                 Транштар кезекпен немесе бір мезгілде берілуі
                 мүмкін, кейбірі бір-бірімен уақыт бойынша сәйкес
                 келуі мүмкін.
                 Көптраншты қаржыландыру тетігі бойынша міндеттемелер
                 үшін комиссиялық төлемдер немесе кепілдік жарналар
                 төлеуге жатпайды. Олар іс жүзінде АДБ қарыз немесе
                 кепілдік ретінде берген қаржылық құралдарға қатысты
                 ғана төленеді. АДБ-ның траншты беру кезінде
                 қолданыста болған комиссиялық және кепілдік жарналар
                 бойынша қағидалары осындай траншқа қолданылады. 

                 Сома
                 Көптраншты қаржыландыру тетігі шеңберінде берілетін
                 ең жоғары қаржыландыру сомасы 500 миллион АҚШ
                 долларындағы баламаны құрайды. Ол АДБ жай капитал
                 ресурстарынан1, егер олар бар болса және бөлінсе әр
                 уақытта қолданыста болатын АДБ-ның қолданбалы
                 саясаты мен рәсімдеріне сәйкес жекелеген транштармен
                 берілетін болады.

                 Кредит қаражатына қол жеткізу кезеңі
                 Кез-келген транш бойынша кез-келген төлем жүргізілуі
                 мүмкін соңғы күн 2015 жылғы 31 желтоқсан болады.
                 Соңғы қаржыландыру траншы 2014 жылғы 31 желтоқсаннан
                 кешіктірілмей жүргізілуі тиіс.

                 Мерзімдер мен Шарттар
                 Даму әрбір транштың қаражаты осы ҚНК-де көрсетілген
                 және әрбір транш үшін заңды келісімдерге сәйкес
                 келетін шарттарға сәйкес Инвестициялық бағдарламаны
                 қаржыландыру үшін қолданылуы бойынша міндеттенеді.
___________________________
1 Әрбір қарызға қатысты, Қарыз туралы Келісім шеңберінде өзгерістер
енгізілген болса, оларды қоса алғанда, 2001 жылдың 1 шілдесіндегі АДБ
Жай Капитал Ресурстарынан LIBOR негізінде қарыздарға қолданылатын,
жай операциялар қарыздарын беру қағидаларының ережелері қолданылатын
болады (қандай да бір Кредиттік келісімге енгізілуі мүмкін жоғарыда
аталған жай операциялар қарыздарын беру қағидалары (егер өзгерістер
бар болса, өзгерістерімен қоса алғанда, бұдан әрі қарай «ККР-дан
қарыз беру қағидалары» деп аталады).

Іске асыру       Даму Көптраншты қаржыландыру тетігі жөніндегі
                 Атқарушы Агенттік болып табылады және Инвестициялық
                 бағдарламаны осы Келісімнің 1-қосымшасында жазылған
                 қағидаттарға және әрбір транш бойынша қарыз туралы
                 келісімдерде көзделген қосымша заңды талаптарға
                 сәйкес іске асыратын болады.
Қаржыландыру     Даму АДБ Көптраншты қаржыландыру тетігі шеңберінде
туралы кезеңдік  Инвестициялық бағдарламаны қаржыландыру үшін
сұрау салулар    Қаржыландыру туралы кезеңдік сұрау салулар
                 берілгеннен кейін қарыз, кепілдік беру немесе
                 бірлесіп қаржыландыруды әкімшілендіруге сұрау салуы
                 мүмкін және АДБ келісуі мүмкін. Әрбір Қаржыландыру
                 туралы кезеңдік сұрау салуға Даму және Үкімет қол
                 қоюы тиіс. Даму көрсетілген Қаржыландыру туралы
                 кезеңдік сұрау салу мен транш бойынша заңды
                 келісімдерге сәйкес Қатысушы қаржы институттарына
                 қарыз қаражатын немесе кепілдік басымдықтар береді.
                 АДБ Көптраншты қаржыландыру тетігі шеңберінде
                 ұсынылған әрбір Қаржыландыру туралы кезеңдік сұрау
                 салуды қарайды және егер осындай Қаржыландыру туралы
                 кезеңдік сұрау салу қанағаттанарлықтай болса, АДБ
                 тиісті заңды келісімдер дайындайды.
                 ҚНК шеңберінде қаржыландыру сұралатын жобалар осы
                 Келісімнің 4-қосымшасында көрсетілген іріктеу
                 өлшемдеріне сәйкес таңдалуы тиіс, тиісінше
                 қанағаттанарлық тексеруден өтуі тиіс, тиісті
                 кепілдіктер мен фидуциарлық негіздер мен басқа да
                 құжаттар дайындалуы тиіс. Көптраншты қаржыландыру
                 тетігі осы ҚНК 3-қосымшасында аталған негіздемелік
                 келісімге және Даму мен АДБ арасында келісілген
                 Көптраншты қаржыландыру тетігін әкімшілендіру
                 жөніндегі басшылыққа сәйкес іске асырылатын болады.
                 Даму өзге хабарлама бергенге дейін Дамудың Басқарма
                 Төрайымы Ләззат Еркінқызы Ибрагимова Қаржыландыру
                 туралы кезеңдік сұрау салуға қол қою мақсатындағы
                 Дамудың уәкілетті өкілі болып табылады.
Іске асырудың    Көптраншты қаржыландыру тетігі осы Келісімге
жалпы құрылымы   3-қосымшада келтірілген жалпы құрылымға сәйкес іске
                 асырылатын болады. Көптраншты қаржыландыру тетігін
                 іске асыру құрылымы бойынша егжей-тегжейлі
                 мәліметтер осы Көптраншты қаржыландыру тетігін
                 әкімшілендіру жөніндегі басшылықта баяндалады.
Рәсімдер         Көптраншты қаржыландыру кетігі шеңберінде ұсынылатын
                 әрбір транш мынадай рәсімдер мен міндеттемелерге
                 жатқызылады:
                 а) Даму АДБ-ны алдағы Қаржыландыру туралы кезеңдік
                 сұрау салу туралы сол Қаржыландыру туралы кезеңдік
                 сұрау салу берілгенге дейін алдын ала хабардар
                 етеді.
                 б) Даму Қаржыландыру туралы кезеңдік сұрау салуды
                 АДБ-ға жібереді.
                 в) АДБ өз қалауынша транш үшін келіссөздерді
                 жүргізуден және кез-келген заңды келісімге қол
                 қоюдан бас тартуы мүмкін.
                 г) Егер АДБ Қаржыландыру туралы кезеңдік сұрау
                 салуды қабылдағанын растаған жағдайда, тараптар
                 келіссөздер жүргізіп, заңды келісімдерге қол қояды.
Қаржыландыру     Көптраншты қаржыландыру тетігі шеңберінде берілген
туралы кезеңдік  әрбір Қаржыландыру туралы кезеңдік сұрау салу осы
сұрау салу       Келісімге қоса берілген нысанда беріліп, мынадай
ақпараты         егжей-тегжейлі сипатын қамтуы тиіс:
                 а) Қарыз, кепілдіктер немесе қоса қаржыландыру
                 сомасы;
                 б) Қаржыландырылатын жобалардың сипаты;
                 в) Шығындар сметалары мен қаржыландыру жоспары;
                 г) Қарастырылатын жоба үшін белгіленген іске асыру
                 тетіктері;
                 д) Жалғастырылған іс-қимылды және осы ҚНК
                 ережелеріне бейімділігін растау;
                 е) Бұған дейінгі заңды келісімдер бойынша ережелерге
                 сәйкестігін растау;
                 ж) Көптраншты қаржыландыру тетігін әкімшілендіру
                 жөніндегі басшылық шеңберінде сұралуы мүмкін немесе
                 АДБ тарапынан негізді талап етілуі мүмкін басқа да
                 ақпарат.
Қорғау шаралары  5-қосымшада Көптраншты қаржыландыру тетігін іске
                 асыру кезінде сақталуы тиіс қорғау шараларының
                 саясаты бойынша негіздемелік құжаттарға сілтемелер
                 қоса беріледі.
                 Транш бойынша заңды келісімдерге қол қою күнінде
                 қолданыста болған қорғау шаралары бойынша АДБ
                 саясаты осы транш бойынша қаржыландырылатын
                 жобаларға да қатысты қолданылатын болады.
Сатып алу        Әрбір транш шеңберіндегі сатып алу тиісті қарыз
                 туралы келісімдегі сатып алу туралы ережелерге
                 сәйкес және АДБ сатып алу бойынша басшылыққа сәйкес
                 (2007 жылы, оған әр кезеңде енгізілетін
                 толықтыруларымен бірге) жүзеге асырылуы тиіс.
Мониторингілеу,  Көптраншты қаржыландыру тетігі шеңберінде әрбір
бағалау және     қарыз үшін қарыз туралы келісім күшіне енген күннен
есептілік        бастап 3 айдың ішінде Даму АДБ үшін қолайлы формат
жөніндегі        пен мазмұнда Орындауды мониторингілеу бойынша
іс-шаралар       есептілік бағдарламасы мен жүйесін орнатады.
                 Орындауды мониторингілеу бойынша есептілік
                 бағдарламасы мен жүйесі әрбір транш бойынша Құрылым
                 мен мониторингілеу негізіне енгізілген субқарыздарды
                 игерумен, әлеуетінің артуымен байланысты
                 мониторингілеудің бірқатар индикаторларын орнатады.
                 Даму әрбір таңдалған индикатор үшін бастапқы
                 көрсеткіштерді белгілейді. Даму АДБ-ны әрбір
                 индикатор бойынша прогресс туралы тоқсан сайынғы
                 негізде хабардар етіп отырады.
                 Сондай-ақ Даму ай сайынғы есептер дайындайды және
                 береді (АДБ Көптраншты қаржыландыру тетігі
                 шеңберінде Дамуға берген қарыз қаражатының Қатысушы
                 қаржы институттары арқылы ШОБ тиісті субъектілеріне
                 толық беріліп, игерілгенше қарызды игеру туралы
                 есептерді береді) және содан кейін Даму әрбір есепті
                 кезең аяқталғаннан кейін 30 күн ішінде ағылшын
                 тілінде тоқсан сайынғы есептерді беретін болады.
                 Есептерде АДБ Дамуға Көптраншты Қаржыландыру Тетігі
                 шеңберінде берген қарыз қаражатынан Қатысушы қаржы
                 институттары ШОБ субъектілеріне берген қарыздары
                 бойынша мәліметтер қамтылатын болады, атап айтқанда:
                 (1) сома; (2) пайыз ставкалары мен мерзімін қамтитын
                 шарттар; (3) қарыз алушы қызметкерлерінің саны; (4)
                 қарыз алушының жынысы; (5) қарыз алушының орналасқан
                 жері (облысы) және (6) қарыз алушының бизнес саласы
                 бойынша жіктемелер көрсетілетін болады. Кезеңдік
                 есептер есепті кезең ішінде туындаған проблемаларды,
                 егер олар болған жағдайда, анықтауы тиіс. Даму жоба
                 бойынша түпкілікті есепті әрбір транш аяқталғаннан
                 кейінгі 3 айдың ішінде береді. Осы есептер
                 мониторинг және бағалау нәтижелерін, туындаған
                 проблемалар мен оларды шешу үшін қабылданған
                 іс-қимылдарды сипаттауы және АДБ тарапынан талап
                 етілуі мүмкін кез-келген басқа да ақпаратты қамтуы
                 тиіс.
                 АДБ әрбір транш шеңберінде Инвестициялық
                 бағдарламаның іске асырылу барысын, жобаны іске
                 асыру бойынша іс-шаралардың кез-келген өзгерістерін
                 немесе жобаның және Инвестициялық бағдарламаның
                 жалпы мақсаттарына қол жеткізу үшін қабылдануы тиіс
                 түзету шараларын талқылау үшін қажетті шолу
                 миссияларын қабылдайды.
Міндеттемелер    6-қосымшада Даму өзіне алатын міндеттемелер
                 көрсетілген.
Кепілдіктер      Қазақстан Республикасы Даму сұрайтын кез-келген
                 транштың күшіне енуі алдындағы шарт ретінде және осы
                 ҚНК ережелеріне сай деген шартпен АДБ үшін қолайлы
                 форматта және мазмұнда кепілдік береді.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту                 Азия Даму банкі
қоры» акционерлік қоғамы
___________________________          __________________________

Л.Е. Ибрагимова
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры»
акционерлік қоғамының Басқарма
Төрайымы

Қазақстан Республикасының Үкіметі
___________________________
аты
лауазымы
Уәкілетті орган

Қаржыландыру туралы негіздемелік келісімге
1-қосымша

Көптраншты қаржыландыру тетігінің құрамдас бөлігі A. Жол картасы

      1. Экономиканы әртараптандыру және жаңа жұмыс орындарын құру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі өзінің жуырда бекітілген Даму Стратегиясы-2020 шеңберінде ШОБ-ты дамытуға, негізінен экономиканың басым секторларында жұмыс істейтін ШОБ үшін қаржыландыруға қол жетімділікті қолдау бағдарламалары арқылы дамытуға талпынады. Бұл бағдарламалар Даму арқылы іске асырылады.
      2. Жаһандық әлемдік дағдарыс басталғанға дейін Қазақстанда ШОБ-ны қаржыландыру негізінен олардың иелері тарапынан табыстың бір бөлігінің пайдаланылуы және жергілікті коммерциялық банктерден кредит алу арқылы жүргізілген болатын. Бұл кредиттер шетел валютасында, негізінен мынадай себептер салдарынан берілді: (1) отандық банктер қорландыруды шетелдік кредиторлардан табысты тартқан; (2) жергілікті валютада депозиттер тарту мүмкіндігі шектеулі болды (бүгінгі таңда да солай болып тұр) және (3) шетелдік валютада кредит беру жергілікті валютаға қарағанда арзан болды. Бірақ, кешегі жаһандық әлемдік дағдарыс нәтижесінде экономикалық қызмет бірден төмендеді, бұл ШОБ-тың табыстылығы мен пайдалылығының төмендеуіне әсер етті, қазақстандық теңгенің құны азайды, бұл өз кезегінде ШОБ үшін шетел валютасында алынған кредиттердің қызмет көрсетуін анағұрлым ауыр етті. Жергілікті банктердің сыртқы қорландыруы да азайды, бұл банктердің Қазақстандағы ШОБ-қа кредит беру үшін қажетті ресурстардың азаюына ықпал етті.
      ШОБ-қа банктік кредит беруді көтермелеу мақсатында Үкімет кейіннен тек ШОБ-қа кредит беруі үшін жергілікті банкттерге Даму берген құны төмен қаражат берді. Дағдарысқа қарсы жоспардың бір бөлігі ретінде Үкімет Даму арқылы ШОБ-тың қолданыстағы кредиттерін қайта құрылымдау үшін және ШОБ-қа жаңа кредиттер беру үшін 16 банкке $1.9 миллион субсидиялық кредит берді. Осы бағдарламаны уақтылы іске асыру дағдарыстың ШОБ секторына кері әсерін ішінара азайтты. Үкімет дағдарысқа дейінгі өсім деңгейіне жету, оның ішінде, ШОБ-тың экономикадағы рөлін арттыру үшін кейінгі қадамдар қабылдау қажеттілігін Стратегияда мойындайды. Стратегия инвестициялар үшін, сондай-ақ ШОБ тарапынан қаржыландыруға қол жетімділікті арттыру үшін екі маңызды шектеулер болып табылатын бизнес-ортаны жақсартуға және жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған іс-шараларды қамтиды. Қаржыландыруға қол жеткізуді жақсарту үшін Даму Үкіметтің Стратегиялық даму – 2020 шеңберінде (2010-2014 жылдар) төменде берілген жеке ШОБ қаржыландыруға қол жетімділікті жақсарту бойынша Іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) қабылдады. Іс-шаралар жоспары өмір сүруге қабілетті ШОБ қажетті айналым капиталы мен орта мерзімді қаржыландыруға қол жеткізу мүмкіндігіне ие болуына бағытталған. Іс-шаралар жоспарының негізгі нәтижесі ШОБ тарапынан қаржыландыруға жақсы қолжетімділікке қол жеткізу болып табылады. Іс-шаралар жоспары өзгерістер үшін мақсаттарды, оның ішінде, қабылдануы тиіс реформалардың негізі іс-шараларын қамтиды. Тиісті инвестициялық бағдарлама ШОБ-қа олардың кеңеюі және жаңғыруы үшін кейіннен кредит беруге қабілетті банктерді қаржыландыруға бағытталған.
      3. Үкіметтің қолдауымен Даму ШОБ-қа кредит беру үшін банкттерге қаржы беруді жалғастыруды жоспарлауда, алайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаражатын пайдалануға қарағанда, ресурстарды үшінші жақ тарапынан алуға мүмкіндіктер ашуға құштар. Дамудың мемлекеттік емес ұйым тарапынан қарыз алуының алғашқы мысалы ретінде Көптраншты қаржыландыру тетігі Дамудың мемлекеттік емес көзден қорландыруды тарту жөніндегі әлеуетінің елеулі көрінісі болады. Сондай-ақ Көптраншты қаржыландыру тетігі банктерге Қазақстандағы ШОБ-қа өздерінің кредит беру көлемін ұлғайтуға көмектеседі.

Үкіметтің Стратегиялық даму – 2020 шеңберіндегі ШОБ-тың
қаржыландыруға қол жетімділігін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары
(2010-2014 жылдар)

Пайымы: ШОБ қажетті айналымды капиталға, сондай-ақ орта-ұзақ мерзімді қаржыландыруға қол жетімділігін қамтамасыз ету

Әсері:
Жұмыс орындарын тұрақты құру мен тұрақты экономикалық өсу 

Индикаторлар: ЖІӨ 2009 жылғы 16.1 триллион теңгеден 2015 жылы 27.5 триллионға дейін өседі. ШОБ секторының ЖІӨ-ге салымы 2009 жылғы 17%-дан 2015 жылғы 30%-ға дейін өседі. ШОБ секторында жұмыспен қамтамасыз етілу 2009 жылғы 26%-дан 2015 жылы 35%-ға дейін ұлғаяды.

Мақсаты

Нәтижесі

Іс-шаралар

Бағалау индикаторлары

Жауапты орган

Қаржы секторына қол жетімділігін жақсарту

ДАМУ-дың жоғары тиімділігі

Бизнес үдерістер мен рәсімдерді оңайлату және жақсарту
 

ДАМУ қызметкерлерінің әлеуетін арттыру
 

ШОБ деректер базасын деректерді гендерлік белгі бойынша нақтылау жолымен жақсарту

Оқытудан өткен ДАМУ қызметкерлерінің саны
 

ДАМУ қолдауын алған ШОБ саны (жынысы бойынша бөлу)
 
 
 
 

ДАМУ кредит рейтингін алады

Экономикалық даму және сауда министрлігі (ЭДСМ) және ДАМУ

Қаржы секторына қол жетімділігін жақсарту

ШОБ-тың жақсартылған әлеуеті

Оқыту (ШОБ үшін қаржылық және бизнес жоспарлау)

Оқытудан өткен кәсіпкерлер саны (жынысы бойынша бөлу).

ДАМУ

Бүкіл ел бойынша бизнесті дамыту қызметтеріне жақсартылған қол жетімділік

Бизнесті дамыту жөніндегі қызметтердің өңірлік провайдерлерінің әріптестері мен серіктестерін оқытудың ұйымдық базасын құру
 
 

Бизнесті дамыту жөніндегі қызметтер провайдерлерінің тіркелімін және жаңарту үшін құрылым дайындау. Қоғамдастық үшін қолжетімді тіркелім жасау
 

Бизнесті дамыту жөніндегі қызметтермен ШОБ қамтамасыз ету

Бизнесті дамыту қызметтеріне қол жетімділікті арттыру
 
 
 
 
 

ШОБ субъектілерінің бизнесті дамыту қызметтерін қолдануын ұлғайту
 
 
 
 

АДБ жобасының шеңберінде кеңес қызметтерін алуға құқығы бар кәсіпкерлер саны

ДАМУ



Ай сайынғы негізде шығарылатын кәсіпкерлерге арналған «Менің бизнесім Қазақстан» журналын дайындау

Жыл сайын журналды алып тұратын ШОБ саны (2010-2014 жылдар)

ДАМУ



Ұйымдар және ШОБ қолдау мүмкіндіктері бойынша ақпаратты жинау үшін орталықтандырылған ақпараттық жүйе құру, ШОБ бойынша талдамалық ақпарат сапасын жақсарту және жұртшылықтың осындай ақпаратқа (вебсайт арқылы) қол жетімділігін қамтамасыз ету

ШОБ үшін бизнес портал құрылды (2011)

ДАМУ



ШОБ үшін кеңестер беретін  колл-орталықтарын дамыту

Осындай қызмет түрлерін пайдаланатын ШОБ саны

ЭДСМ

ШОБ-ға кеңеюге  және жаңғыртуға берілетін кредиттерге олардың қол жетімділігін арттыру


Кепілдік қамтамасыз етуді тіркеуге арналған жүйені жақсарту

Кепілдік қамтамасыз етуді тіркеу кезеңін 2020 жылға қарай  3 аптадан бір аптадан кем қысқарту.
 

Кепілдік тіркеуге арналған іздестіру кезеңін 2020 жылға қарай 5 күннен 2 күнге дейін қысқарту.

ЭДСМ



Лизингті кеңінен қолдану үшін қоршаған ортаны (құқықтық және салықтық ортаны) жақсарту

Лизнгті пайдаланатындардың ұлғайған саны

ЭДСМ



Экономиканың басым секторларында жұмыс істейтін кәсіпорындар (мысалы, өндіріс) үшін субсидияланған қаржыландыру бағдарламасын іске асыру

Басым секторлардағы субсидиялау бағдарламасы шеңберінде қаражат ала алған ШОБ саны

ЭДСМ, ДАМУ



ШОБ-ға төлем мерзімі кейінге қалдырылған және ШОБ-ға оларды жаңғырту бойынша көмек кепілдігі бар жабдықты жеткізу бағдарламасын іске асыру 

Бағдарламаға қатысатын ШОБ саны (жынысы бойынша бөлу)

ЭДСМ, ДАМУ



Нарықтық негіздегі және орта мерзімді кезеңмен ШОБ-ны кеңейту және  жаңғыртуға арналған кредитпен ШОБ-ны қамтамасыз ету бағдарламасын әзірлеу және іске асыру

ШОБ ашылған кредиттік шоттардың саны 2009 жылғы 16,000-нан 2015 жылға қарай 56,000 дейін ұлғаяды.

ШОБ үшін кредит беру мерзімдерін ұлғайту
 

ДАМУ бағдарламалары шеңберінде қаржыландыру алған кәсіпкер әйелдер саны, ұлғайды
 

ШОБ-ға кредит берудің ұлғаюы (ШОБ-ға кредит беру сомасы мен қарыз алушылар саны)

ДАМУ

      Б. Стратегиялық бағыт
      4. Іс-шаралар жоспары мен тиісті Инвестициялық бағдарлама Қазақстандағы кедейлікті төмендету жөніндегі АДБ стратегиясымен келісілді, ол ШОБ-ны қолдау еліміздегі АДБ қызметінің маңызды бағыты болып табылатынын мойындайды. АДБ Қазақстанмен серіктестігінің ең соңғы елдік стратегиясы ШОБ қолдаудың маңыздылығын белгілей отырып, жеке секторды дамыту арқылы тұрақты экономикалық өсуді қолдайды. Осы Көптраншты қаржыландыру тетігі ШОБ қаржыландыруға қол жетімділікті жақсарту бойынша орта мерзімді кезеңде АДБ мен Үкімет арасындағы серіктестік үшін негізді қалайды, қазіргі уақытта бұл Қазақстандағы ШОБ дамуына негізгі кедергі болып табылады. Іс-шаралар жоспарын табысты іске асыру жағдайында және қолайлы экономикалық жағдайларда ШОБ кредиттерінің саны 2009 жылғы 14,565-тен 2014 жылы 26,688-ге дейін ұлғаяды, ШОБ секторындағы жұмыспен қамтамасыз етілу 2009 жылғы 2 088 миллион адамнан 2014 жылы 3 500 миллионға дейін көтеріледі деп күтілуде.

      В. Саясат
      5. Үкіметтің пайымы 2015 жылға қарай ШОБ ЖІӨ-дегі үлесі 30% ЖІӨ деңгейінде және ШОБ секторындағы жұмыспен қамтамасыз ету шамамен 35% болатын анағұрлым әртараптандырылған экономика болып табылады. Бірақ, ШОБ секторының өсуі үшін ШОБ субъектілерінің айналымдағы капиталға, сондай-ақ орта және ұзақ мерзімді қаржыландыруға қол жетімділігі болу тиіс. Дегенмен, бұл әлі күнге дейін Қазақстанда ШОБ дамуы үшін кедергі болып қала береді. Қаржы дағдарысы бұл проблеманы одан әрі қиындатты. ШОБ кредит беру 2007 жылғы екінші тоқсандағы $5.3 миллиардтан 2009 жылғы үшінші тоқсанда $1.2 миллиардқа дейін қысқарды. 2007 жылдың ортасынан бастап қазақстандық банктердің банкаралық нарыққа және капитал нарығына қол жетімділігі қиындады және 2008 жылдың аяғында жаһандық қаржы дағдарысы нәтижесінде мүлдем тоқтатылды. Бұл ішкі кредит берудің төмендеуіне алып келіп, қазақстандық банктердің өтімділік деңгейіне кері әсер етті және сектордың тереңде жасырылған проблемаларын анықтады. Жұмыс істемейтін қарыздар үлесі 2007 жылғы аз ғана 3%-дан шамамен 30%-ға дейін өсті, сондай-ақ бірнеше банктерде дефолт пайда болып, олар өз борыштарын қайта құрылымдауға мәжбүр болды. Дағдарысқа қарсы жоспар шеңберінде Даму арқылы белгілі бір банктерге кейіннен ШОБ секторына кредит беру үшін субсидияланған кредит желілерін беруді қоса алғанда, Үкімет банк секторын нығайту бойынша шаралар қабылдады. Аталған қолдау Үкіметтің басқа да күштерімен бірге жүйедегі қысқа мерзімдік өтімділіктің ұлғаюына алып келді. Бірақ, ШОБ ұзақ мерзімді қаржыландыруға қол жетімділігі әлі күнге дейін шектеулі болып қалуда. Даму бағалауы бойынша ШОБ тарапынан орта мерзімді қаржыландыруға деген сұраныс 2010 жылы шамамен $2,8 миллиардты құрайды және ол елдегі экономикалық жағдай жақсарған сайын өсе береді.
      6. Жоғарыда айтылғандай ШОБ ЖІӨ-дегі үлесінің өсу мақсатына қол жеткізу үшін Үкімет Қазақстанда ШОБ-ны әрі қарай дамыту үшін саясат жүргізіп, Стратегияда және Іс-шаралар жоспарында қамтылған шараларды қоса алғанда, шаралар қабылдауға ниетті. Көптраншты қаржыландыру тетігінің мақсаты Қазақстандағы ШОБ үшін қажетті және ШОБ-ның кеңеюіне және жаңғыртылуына, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беретін қаржы ресурстарының бір бөлігін ұсыну болып табылады. Бұдан әрі АДБ қарыздары кепілдігіне қосымша Даму және Үкімет экономиканың басым салаларында жұмыс істейтін кәсіпорындарды субсидиялау бағдарламасын іске асырады, кепілдік қамтамасыз етуді тіркеу жүйесін  жақсартады және лизингті қолдау үшін заңдар қабылдайды.

      Г. Инвестициялық бағдарлама
      7. Инвестициялық бағдарлама орта мерзімді кезеңде (2010-2015 жылдар) нарықтық кредит беруде ШОБ тарапының инвестицияларға қажеттілігін, кредит беруге қабілетті банктердің тәукелдерді өзіне алып, осындай қаржыландыруды, сондай-ақ Қазақстандағы ШОБ секторының одан әрі дамуына байланысты басқа да шығасыларды орналастыруға дайындығы мен мүмкіндігін қамтитын Іс-шаралар жоспары негізінде әзірленген. Инвестициялық бағдарламаның (2010-2015) жалпы құны шамамен $3 миллиард (яғни, Бірінші Нәтиже) болып бағаланады, оның ішінде жоғарыда көрсетілген кезең ішінде ШОБ секторын орта мерзімді қаржыландырудағы жалпы қажеттілік теңге баламасында шамамен (мысалы, Бірінші Нәтиже) $2.8 миллиардты құрайды.

           Инвестициялық Бағдарлама (2010-2014 жылдар)

Бап Сома
($ миллион)

Бірінші Нәтиже: ШОБ үшін орта мерзімді субқарыздар

2,800

Екінші Нәтиже:     Даму тиімділігі

100

Үшінші Нәтиже:     Қаржыландыруға қол жетімділіктің жақсаруы, әсіресе кәсіпкер әйелдер үшін

100

Барлығы:

3,000

Дереккөз: Даму бағалауы

      Д. Қаржыландыру жоспары
      8. Инвестициялық бағдарламаның Бірінші Нәтижесі үшін қаржыландыру жоспары (2010-2015) төменде келтірілген:

    Инвестициялық бағдарламаның Бірінші Нәтижесі үшін
             қаржыландыру жоспары (2010-2015)

Дереккөз Жалпы сомасы
($ миллион)
Жиынына
үлесі (%)

Азия Даму Банкі 1

500

18%

АДБ әкімшілендірмейтін басқа қаржыландыру көздері
(бірлесіп қаржыландыру)

100

4%

Үкімет ресурстары 2

800

28%

Қатысушы қаржы институттары 3

1 400

50%

Жиыны:

2 800

100%

1. Дамуға кейіннен ШОБ екінші деңгейдегі банктер арқылы кредит беру үшін берілген
2. Экономиканың басым секторларында жұмыс істейтін кәсіпорындарды субсидиялау бағдарламасы арқылы
3. Қысқа мерзімді және басқа да депозиттер мен капиталдан қорлар арқылы
Көзі: Даму бағалауы

Қаржыландыру туралы негіздемелік келісімге
2-қосымша

Мониторинг құрылымы мен негізі
(Көптраншты қаржыландыру тетігі үшін)

Құрылым сипаттамасы Тиімділіктің нысаналы көрсеткіштері Деректер көздері/ есептілік тетіктері Алғышарттар мен тәуекелдер 

Әсер ету
Тұрақты жұмыспен қамтуды құру және экономикалық өсу

ШОБ секторының ЖІӨ-ге салымының 2009 жылғы 2,285 миллиард теңгеден 2014 жылға 3 974 миллиард теңгеге дейін ұлғаюы
 
 

ШОБ секторындағы жұмыспен қамтудың 2009 жылғы 1.279 миллион адамнан 2014 жылғы 2. 222 миллионға дейін артуы
 

(фермерлік шаруашылықты қоспағанда ШОБ секторы)

Үкімет статистикасы
 
 

Дамудың жынысы  бойынша бөлген статистикасы

Алғышарттар
Макроэкономикалық тұрақтылық 
 
 

Үкіметтің реформа жүргізу бойынша жоғарғы міндеттемесі
 

Жаһандық экономиканы қаржы дағдарысынан кейін қалпына келтіру
 

ШОБ кредит беру мен лизингтің ұлғаюы ШОБ шығаратын жалпы өнімнің ұлғаюына алып келеді 

Тәуекелдер
Мемлекеттік  органдардың заң актілері мен ережелерін (doing business) реформалау шараларын өткізу және іске асыру  бойынша әлеуеті

Нәтиже
1. Қарыз алушы ШОБ-ның орта мерзімді кредитке тұрақты негізде жақсы қолжетімділігі бар

ШОБ кредит шоттары 2009 жылғы 116,556-дан 2014 жылға 197,634-ке дейін ұлғайды
 

ШОБ берілген қарыз көлемі  2009 жылғы 1,708 миллиард теңгеден  2014 жылға  2,896 миллиард теңгеге дейін ұлғайды

Үкімет статистикасы
 
 

Қатысушы қаржы институттарының есептері
Даму есептері
 
 

Алғышарттар
Қарыз алушы ШОБ тарапынан нарық  кредитіне жеткілікті сұраныс
 

Қатысушы қаржы институттарының тәуекелді қабылдау үшін  барабар әлеуеті және тұрақты негізде орта мерзімді кредиттер беруге ниеті бар
 

Үкімет ШОБ секторы мен қаржы секторының басқа да бұрмалаушылықтарды жою жөніндегі шараларды іске асырады 

Тәуекелдер
Экономикалық қызметтің құлдырауы кредит сұранысын және өтеу мүмкіндігін төмендетеді

Аралық нәтиже
1. ШОБ орта мерзімді қаржыландыру
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2. Дамудың жоғарғы тиімділігі
 
 
 
 
 
 

3. Қаржы секторын кәсіпкер-әйелдермен жақсы жұмылдыру



Қатысушы қаржы институттары бөлген ШОБ қарыздарының саны 2009 жылғы 23,338–ден 2014 жылға 39,573-ке дейін ұлғайды
 

Даму бағдарламасы шеңберінде кредит берілетін кәсіпкер әйелдер саны 2009 жылғы 16%-дан 2014 жылы 21%-ға дейін өсті
 

Даму кредит рейтингін алады
 

Жыныс белгілері бойынша бөлу деректері Дамудың гео-ақпараттық жүйесінде қол жетімді: қарыз алушылар саны, ашылған кредит шоттарының саны, жаңадан құрылған жұмыс орындары, қарыз мөлшері, қарыз мақсаты және Даму бизнесінің типі ұтымды бизнес-үдерістер мен рәсімдерді енгізеді

Дамудың оқыту бағдарламасынан өткен Даму бағдарламалары шеңберінде қарыз алған  кәсіпкер әйелдер санының көпшілігі (гендерлік бөлінісі бойынша деректер)  2009 жылы берілген барлық қарыздардың 16%-нан - 2011 жылы 20%-ға дейін ұлғайды



Даму есептері
 

Қатысушы қаржы институттарының 

Дамуға беретін есептері
 

Қатысушы қаржы институттарының жылдық есептері
 
 

Алғышарттар
Қатысушы қаржы институттары ШОБ нарықтық пайыздық ставка бойынша  қаржыландыруды қамтамасыз етеді
 

ШОБ өз бизнесін ұлғайту үшін инвестициялық бағдарлама шеңберіндегі ресурстарды  пайдаланады
 

Тәуекелдер
Жұмыс істемейтін ШОБ кредиттерінің деңгейі күткенге қарағанда жоғары
 

Алғышарттар
 

ШОБ өз бизнесін ұлғайту үшін берілген кредиттерді пайдаланады
 

Тәуекелдер
Жұмыс істемейтін ШОБ кредиттерінің деңгейі күткенге қарағанда жоғары

Негізгі кезеңдермен жүргізілетін іс-шаралар
1. Дамудың 2 Транш шеңберінде жобаны АДБ-мен үйлестіре отырып, дайындауы (2011 жылғы мамырдан бастап)
2. Даму 2 Транш бойынша Қаржыландыру туралы кезеңді сұрау салу жобасын береді (2011 жылғы қыркүйек)
3. Даму 2 Транш бойынша ЭДСМ қол қойған және  Қаржыминімен келісілген Қаржыландыру туралы кезеңді сұрау салу жобасын АДБ-ға жолдайды (2011 жылғы қазан)
4. 2 Транш бойынша Қарыз туралы келісімге  Даму және АДБ қол қояды (2011 жылғы қазан)
5. 2 Транш бойынша Кепілдік туралы келісімге Үкімет және АДБ қол қояды (2011 жылғы қазан)
6. Даму Қарыз туралы субкредиттік келісімдерге Қатысушы қаржы институттарымен бірге қол қояды (2011 жылғы қазан)
7. АДБ своп бойынша  мәміле жасайды (Дамудың Қатысушы қаржы институттары тарапынан сұралатын сомасына тең сұрау салған сомасын қаржыландыру үшін АДБ қағаздары орналастырылуы мүмкін (2011 жылғы қазан)
8. Қатысушы қаржы институттары Дамудың АДБ-дан тартылған қаражаты есебінен ШОБ ға кредит, лизинг, кредит желілерін немесе кепілдіктер береді ( 2011 жылғы қазан  2012 ж. наурыз аралығында)
9. Келесі транштар 2012 және 2013 жылдар ортасына қарай дайындалатын болады, АДБ Қаржыландыру туралы кезеңді сұрау салу жобасын мақұлдады, мемлекеттік кепілдік берілді, қарыздарды жергілікті валютада қаржыландыру бойынша мәміле жасалынды және т.б. (2012-2014 жылдар)   
 

Салым
(теңге баламасында) 

АДБ ӘКР-ден қарызы

$500 миллион (КҚТ)

Бірлесіп қаржыландыру

$100 миллион

Қатысушы қаржы институттары

$1,400

миллион

Үкімет

$800 миллион

Барлығы

$2,800$700 миллиард


Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы
АДБ – Азия Даму Банкі;
Даму – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ;
ЖІӨ – жалпы ішкі өнім;
ӘКР – әдеттегі капитал ресурстары;
ШОБ – шағын және орта бизнес;
КҚТ – Көптраншты қаржыландыру тетігі;
Көз: Азия Даму Банкі

Қаржыландыру туралы негіздемелік келісімге
3-қосымша

Іске асыру тетігі

      А. Іске асыру тетігі
      1. Даму әрбір транштың шеңберінде Қатысушы қаржы институттарымен субқарыздар беру туралы келісімдерге сәйкес кейіннен Қатысушы қаржы институттарының субқарыздарды беруі үшін қарыз қаражатын алуды қолданады. Даму АДБ-мен бірге тығыз кеңес алмаса отырып, Қатысушы қаржы институттарын іріктейді. Іріктеу өлшемдері: өтімділігі, табыстылығы, тәуекелдерді басқару, корпоративтік басқару, өңірлік желі, ШОБ субсидияланбаған қарыз портфелі және қоршаған ортаны қорғау бойынша қанағаттанарлық рәсімдер мен қорғау шаралары. Қатысушы қаржы институттары Көптраншты қаржыландыру тетігін әкімшілендіру жөніндегі басшылықта айтылған саясат пен рәсімдерге сәйкес нарықтық негізделген ставкада ШОБ қарыз қаражатын береді. Даму субқарыздар беру туралы тиісті келісімге сәйкес мониторинг жүргізетін болады. Көптраншты қаржыландыру тетігін әкімшілендіру жөніндегі басшылық Қатысушы қаржы институттарына Даму беретін субқарыздардың және тиісінше Қатысушы қаржы институттарының ШОБ-ға беретін субқарыздардың жоғары шектерін айқындайды. Субқарыздар АДБ, Даму және Қатысушы қаржы институттары арасында келісілген басқа да шарттар мен ережелерді қамтуы мүмкін. Қатысушы қаржы институттары ШОБ қарыздарына байланысты кредит тәуекелдерін өзіне алады.

      Б. Іске асыру кезеңі
      2. Көптраншты қаржыландыру тетігін іске асырудың жалпы кезеңі 2011 жылғы мамырда басталып, 2015 жылғы желтоқсанда аяқталады деп күтілетін 4 жылға тең.

Қаржыландыру туралы негіздемелік келісімге
4-қосымша

Жобаларды іріктеу өлшемдері мен бекіту процесі

      1. АДБ тек (а) ҚНК-ның 1-қосымшасында сипатталған; (б)
ҚНК-ның 3-қосымшасында келтірілген іске асыру жөніндегі іс-шараларды орындайтын; (в) ҚНК-ның 5-қосымшасында келтірілген АДБ-ның әлеуметтік аспектілер мен қорғау шаралары бойынша саясатын толық сақтайтын және (г) осы Қосымшада келтірілген сәйкестік талаптарына сай келетін жобаларды ғана қаржыландырады.

      A. Іріктеу өлшемдері
      2. Көптраншты қаржыландыру тетігі шеңберінде қаржыландыру үшін әрбір ұсынылған жоба:
      а) ШОБ кредит беру үшін әлеуетті қаржы институттарына беруге арналған орта мерзімді теңгелік қарыздарын көздейтін; және
      б) мемлекеттік кепілдікті қамтитын болады.
      3. Көптраншты қаржыландыру тетігі есебінен қаржыландырылатын жоба шеңберінде Дамудан субқарыз алу үшін Қатысушы қаржы институттары:
      а) Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі белгілеген капитал жеткіліктігі коэффициенттері мен нормативтік лимиттерді сақтауы тиіс немесе оның осы талаптарды қанағаттандыру бойынша келісілген іс-шаралар жоспарының болуы;
      б) соңғы фискалдық жылда табысты болуы немесе оның табыстылыққа жетуі бойынша келісілген іс-шаралар жоспары болуы;
      в) нашар қарыздар деңгейі (NPL) [10%] төмен болуы немесе NPL-ді сол деңгейге дейін төмендету бойынша келісілген шаралар жоспарының болуы;
      г) кредиттік рейтингі кредиттік агенттік берген кем дегенде ‘B-’ деңгейінде болуы немесе АДБ үшін қолайлы барабар рейтингі болуы]
      д) негізделген бизнес міндеттері мен стратегиясы және/немесе жоспары, сондай-ақ субсидияланбаған қарыз портфелі болуы тиіс;
      е) АДБ үшін қолайлы ашық корпоративтік, қаржы және басқару тәжірибесінің болуы;
      ж) қолайлы кредит саясаты мен тәуекелдерді басқару саясаты, операциялық жүйелері мен рәсімдерінің болуы;
      з) кредит беру мен баға қалыптастыру туралы шешімдерді қабылдауда дербестігінің болуы;
      и) кешенді тексеру бойынша АДБ сауалнамаларының қанағаттанарлық нәтижелерінің болуы тиіс.
      4. Көптраншты қаржыландыру тетігі есебінен қаржыландырылатын жоба шеңберінде Қатысушы қаржы институттарынан кредит алу үшін қарыз алушы ШОБ:
      а) Заңның айқындауы бойынша ШОК болуы;
      б) ҚНК-ның 5-қосымшасында келтірілген тыйым салынған қызметтің кез-келген түріне тартылмаған болуы тиіс.
      5. Көптраншты қаржыландыру тетігі қаражатының есебінен Қатысушы қаржы институттарынан ШОБ қарыз алу шеңберінде қаржыландыру алу үшін ШОБ қаржыландыратын тиісті қызмет түрлері:
      а) осы Қосымшаға қосымшада көрсетілген инвестициялар үшін тыйым салынған қызмет түрлерінің тізбесіне енгізілмеген болуы; және
      б)тәуекелі аз болуы немесе қоршаған ортаға теріс әсер ететін тәуекелінің және әлеуметтік тәуекелдерінің болмауы тиіс. Қорғау шаралары бойынша АДБ саясатына сәйкес табиғатты қорғау және әлеуметтік қорғау шараларының «А» және «Б» санаттарына сай келетін (2009 жылғы) және/немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің экологиялық бағалауының мақұлдауын талап ететін кез-келген қызмет жоба шеңберінде қаржыландырылмайды.

      Б. Мақұлдау рәсімі
      5. Көптраншты қаржыландыру тетігі шеңберінде қаржыландыруға ұсынылатын жобалар үшін мақұлдау рәсімі осы Қосымшаға сәйкес болады.
      6. Көптраншты қаржыландыру тетігінің келесі траншы шеңберінде қаржыландырылуы жоспарланатын кез-келген жоба үшін мақұлдау рәсімдері төменде сипатталғандай болады:
      а) Даму Қаржыландыру туралы кезеңді сұрау салудың осындай жобаны қаржыландыру үшін АДБ-мен келісілген нысанда дайындайды және өз Директорлар Кеңесіне зерделеу және бекіту үшін ұсынады. Содан кейін Даму осындай Қаржыландыру туралы кезеңді сұрау салуды ақпарат үшін Қаржы министрлігіне көшірмесін бере отырып, бекіту үшін Экономикалық даму және сауда министрлігіне (ЭДСМ) ұсынады.
      б) Қаржыландыру туралы кезеңді сұрау салуды Дамудың Директорлар Кеңесі бекіткеннен және оны ЭДСМ мақұлдағаннан кейін Қаржыландыру туралы кезеңді сұрау салу жобалық ұсыныстарымен АДБ-ға жолданады.
      в) АДБ Дамумен нарық жағдайларын негізге ала отырып, қарыз және/немесе теңгедегі басқа қаржы өнімдері үшін қаржыландырудың оңтайлы құрылымы бойынша жұмыс істейді.
      г) АДБ мен Даму ұсынылатын жоба үшін барлық қажетті мемлекеттік мақұлдаулар жергілікті валютадағы қарыздың қаржы құрылымына қатысты алынуын қамтамасыз етеді.
      д) Даму мен АДБ байланысты АДБ-ның кезеңдік шолу миссиялары мен тоқсандық есептері арқылы ұстайтын болады және бұл АДБ-ға ресми берілгенге дейін Қаржыландыру туралы кезеңді сұрау салу жөніндегі алдын ала кеңес беру жүргізілетініне ықпал ететін болады.
      е) Даму ұсынылатын жоба үшін мемлекеттік кепілдік алуға өтінім береді.
      ж) іріктеу көрсеткіштері мен бекіту рәсімдері қанағаттанарлықтай сақталған жағдайда, Көптраншты қаржыландыру тетігі шеңберінде кез-келген қарыз үшін мемлекеттік кепілдік алу, АДБ-ның тиісті саясатын сақтауы жағдайында ол ұсынылатын жобаға өтінімді мақұлдайды.
      з) Даму мен АДБ қарыз туралы және/немесе қарастырылатын өнімді қаржыландыру үшін басқа заңды келісімдерге қол қояды, Үкімет атынан әрекет ететін Қаржы министрлігі мен АДБ кепілдік туралы келісімге қол қояды.

Қаржыландыру туралы негіздемелік келісімге
5-қосымша

Әлеуметтік аспектілер мен қорғау шаралары бойынша талаптар

      1. Даму мен Үкімет осы Қосымша мен [….] қабылданған Гендер бойынша Шаралар Жоспарында сипатталған, Көптраншты қаржыландыру тетігі мен оның 1-ші траншына байланысты дайындалған және барлық көшірмелері АДБ-ға (1-қосымша) ұсынылған және осында сілтеме ретінде келтірілген талаптардың Көптраншты қаржыландыру тетігі шеңберіндегі тиісті жобалар мен кіші жобаларды дайындау мен іске асыру барысында орындалуын қамтамасыз етеді.
      2. Кез-келген кіші жобалар шеңберінде Қатысушы қаржы институттары берген ШОБ қарыздары Қорғау Шаралары бойынша АДБ саясатының ережелерін (2009) сақтауы және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңдардың барлық қолданылатын талаптарын сақтау тиіс. Даму әлеуетті Қатысушы қаржы институттары қарызды тек әлеуметтік аспектілер және қоршаған ортаға әсер ету бойынша тәуекелдері ең төмен немесе мүлдем жоқ ШОБ беру қамтамасыз етеді. ШОБ-қа Қатысушы қаржы институттары тарапынан берілген (а) АДБ әлеуметтік аспектілер мен қоршаған ортаға әсер ету бойынша «А» және «В»- санаттарына жататын және/немесе (б) Үкімет тарапынан қоршаған ортаға ықпалын бағалауды мақұлдауын арнайы талап ететін кез келген қарыз Көптраншты қаржыландыру тетігі шеңберінде кез келген қаражат есебінен қаржыландырылмайды. Бұдан әрі, Қатысушы қаржы институттары осы құжатқа қоса берілген «Тыйым салынған қызмет тізбесінде» аталған тыйым салынған қызметтің кез-келген түріне тартылған ШОБ қаржыландыру үшін Көптраншты қаржыландыру тетігі шеңберінде қаражатты пайдаланбайды (2-қосымша).
      3. Әрбір Қаржыландыру туралы кезеңді сұрау салу дайындауға дейін Қорғау Шаралары бойынша АДБ Саясаты Ережелерінің (2009) әрбір талабына сәйкестігі мен қолданылуы, сондай-ақ ішкі заңнаманың қолданылуы ұсынылатын транш шеңберінде дайындалған кіші жобалар барлық талаптармен қанағаттандыруын қамтамасыз ету үшін Даму АДБ-мен тығыз үйлесімдікте зерделейтін болады.
      4. Даму барлық жағдайларда әрбір жаңа Қаржыландыру туралы кезеңді сұрау салу үшін барлық Көптраншты қаржыландыру тетігі шеңберінде қазірдің өзінде қаржыландырылып отырған ағымдағы жобаларды, олардың жоғарыда аталған талаптарға сәйкестігін растау үшін зерделейді және өзінің шолу есептерін жаңа транш шеңберінде қаржыландырылатын жобаға қатысты басқа да талап етілетін құжаттармен бірге АДБ-ға ұсынады. Кез келген жағдайда, ағымдағы жобаларды шолу барысында айтарлықтай сәйкессіздік анықталса түзетуші іс-қимыл жоспарын дайындау және АДБ-ға ұсыну қажет болады.

Қаржыландыру туралы негіздемелік келісімге
5-қосымшаға 1-толықтыру

ІС-ҚИМЫЛДАРДЫҢ ГЕНДЕРЛІК ЖОСПАРЫ
(ҚАЗАҚСТАН: ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМА)

Мақсаттары/
міндеттері

Іс-шаралар

Орындалу
көрсеткіштері

Жауапкершілік

Уақыты

1-құрамдауыш. ШОБ орта мерзімді кредиттері кәсіпкер әйелдерге қолжетімді

1. Әйелдердің ШОБ кредиттеріне қолжетімділігін арттыру

Кәсіпкер әйелдер қажеттілігі мен банктік рәсімдерін (лизинг) қанағаттандыратын қаржы өнімдерін әзірлеу және ұсыну

  • Кәсіпкер әйелдер қажеттілігіне қызмет көрсету үшін қаржы өнімдерін ұсынатын Қатысушы қаржы институттарының саны мен орналасқан жері (ауылдық/қалалық)
  • Қаржы институттарының кәсіпкер әйелдерді қаржыландыру көлемінің 5 пайызға өсуі
  • ШОБ кредиттері мен лизинг алған әйелдер санының 5 пайызға өсуі

Даму1, Қатысушы қаржы институттары

2010 жыл қыркүйек - 2012 жыл маусым

2-құрамдауыш. Кәсіпкер әйелдерді қаржы секторымен қамту

1. Кәсіпкер әйелдердің қаржылық білім мен  мүмкіндіктері бойынша хабардар болуы мен дағды деңгейін арттыру

Әйелдердің Дамудың оқу бағдарламаларына көп қатысуына ықпал ету

  • Дамудың қаржылық емес бағдарламалары бойынша оқудан өткен жалпы саннан  әйелдер саны – кемінде 50%
  • Трейнингтен өткен әйелдер саны

Даму, жергілікті билік, академиялық институттар, ҮЕҰ

2010 жыл қыркүйек – 2012 жыл маусым


Әйелдерді оқыту қажеттілігін негізге ала отырып, іскерлік дағдыларын арттыру бойынша оқыту (мысалы, салық салу және есептілік, бизнес-жоспар дайындау бойынша, маркетинг, кәсіби дағдыларға және т.б.)

  • Проблемаларды шешу дағдыларын арттыру бойынша оқыту бағдарламасы әзірленді

Даму, жергілікті билік, академиялық институттар, үкіметтік емес ұйымдар

2012 жыл қаңтар


Дамудың тиісті өңірлік орталықтары арқылы кәсіпкер әйелдер қажеттілігіне жауап беретін нарықтық қаржы өнімдері

  • Мынадай байланыстар арқылы іскерлік кеңестер алған әйелдер саны: ыстық желілер (телефондар); онлайн ресурстары; жеке кеңестер

Даму, жергілікті билік, академиялық институттар, ҮЕҰ, қызмет көрсету провайдерлері

2011 жыл қыркүйек

3-құрамдауыш. Дамудың ШОБ әйелдер-меншік иелерінің қаржыға тұрақты қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша әлеуетін жақсартуы

1. Дамуда  белгіленген гендерлік бөле отырып деректерді толық қамту,  мониторинг және талдау жүйесі

ШОБ-дағы гендерлік мәселе бойынша ақпарат жинау және талдау үшін тетік орнату және ШОБ-ның гендерлік мәселелері бойынша егжей-тегжейлі сауалнама жүргізу және Дамудың геоақпараттық жүйесіндегі ШОБ гендерлік құрылымы бойынша негізгі статистикалық деректерді біріктіру арқылы бағыттарға мониторинг жүргізу/бағалау

  • Кәсіпкер әйелдер бойынша базалық деректер қолжетімді
  • ШОБ-дағы гендерлік мәселелер айқындалған және кәсіпкер әйелдерге арналған қаржы өнімдерін әзірлеуге көмектесу үшін пайдаланылатын мүдделі топтар шешуде

Ұлттық комиссия және Статистика агенттігінің көмегімен Даму және Қатысушы қаржы институттары

2011 жыл қыркүйек


Даму деректерін жинау тетігін гендерлік белгі бойынша ең кемінде алты  индикаторға бөлу

  • Гендерге бөлінген деректер Дамудың геобазасында  мынадай индикаторлар бойынша қолжетімді болады: қарыз алушылар, ашылған кредиттік шоттар саны, құрылған жұмыс орындарының саны, АҚШ долларымен берілген қарыз сомасы, қарыздың мақсаты, бизнес түрі

2011 жыл  қыркүйек

____________________________
1 АБР Дамуға Бағдарлама шеңберінде гендерлік іс-қимылдар жоспарын іске
асыруға көмектесетін $650,000 сомасында техникалық көмек береді.
Бұдан басқа, АДБ Қазақстанды қоса алғанда, Орталық Азия елдеріндегі
гендерлік аспектті күшейту үшін өңірлік техникалық көмек дайындауда.
Бұл жаңа техкөмек гендерлік іс-қимылдар жоспарымен тығыз байланыста
әзірленіп жатыр және Дамуға және гендерлік жоспарды іске асыруға
мүдделі тараптарға қолжетімді болатын гендерлік дамудың
сараптамасын қамтиды.

Ескертпе: Аббревиатуралардың толық жазылуы
АДБ – Азия Даму Банкі;
Даму – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ;
Гендер және Даму – Гендер және Даму;
ГПД – Бағдарлама шеңберінде іс-қимылдың гендерлік жоспары;
ГҮ – Гендер Үйлестірушісі;
ГИС – Гео-ақпараттық жүйе;
М және Б – Мониторинг және Бағалау;
ҰК – Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия;
ҮЕҰ – үкіметтік емес ұйымдар;
ҚҚИ – қатысушы қаржы институттары,
Бағдарлама – Шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі инвестициялық бағдарлама;
ШОБ – шағын және орта бизнес.
Көз: Азия Даму Банкі

Қаржыландыру туралы негіздемелік келісімге
5-қосымшаға 2-толықтыру
 

Тыйым салынған қызмет түрлерінің тізбесі

      Төменде көрсетілген кез-келген қызмет түріне тартылған ШОБ-қарыз алушының Көптраншты қаржыландыру тетігі шеңберінде ұсынылатын қаражаттан несие алуға құқығы жоқ:
      а) зорлықпен1 немесе балалар еңбегін2 қолдана отырып, жұмысқа орналастырудың зиянды немесе қанаушылық нысандары бар өндіріс немесе қызмет;
      б) елдің ішкі заңнамасы шеңберінде немесе ережелерге немесе халықаралық конвенцияларға және келісімдерге сәйкес заңсыз болып қарастырылатын өндіріс немесе кез келген тауарды немесе қызметті сату немесе (1) фармацевтикалық препараттар3, пестицидтер, гербецидтер4, (2) озон көлемін кемітетін заттар5, (3) полихлорирленген бифенилдар6 мен басқа қауіпті химикаттар7, (4) фауна және флораның8 жоқ болуға таяу түрлерінің халықаралық саудасы бойынша Конвенция шеңберінде реттелетін жанды табиғат немесе оның өнімдері, және (5) қалдықтар мен олардың өнімдерінің трансшекаралық саудасы9 сияқты заттардың біртіндеп тоқтау немесе тыйым салыну.
      в) жартылай әскери материалдарды қоса алғанда, қарулар мен жарақтарды өндіру немесе сату;
      г) сыра мен шарапты қоспағанда алкоголь ішімдіктерін өндіру және сату10;
      д)  темекіні өндіру және сату; (10 сілтеме)
      е)  құмарлық ойындар, казино және ұқсас ойындар; (10 сілтеме)
      ж) ядролық реактор мен оның құрамдауыштарын қоса алғанда, радиактивті материалдарды өндіру және сату11;
      з) жапсырылмайтын асбест талшықтарды өндіру немесе сату немесе пайдалану12;
      и) коммерциялық геофизикалық зерттеу немесе тропикалық ылғалды не ескі ормандарда қолдану үшін ағаш дайындау жабдықтарын сатып алу; және
      к) осал және қорғауға алынған теңіз жануарларының түрлері мен теңіз биотүрленуі мен ортасына көптеп зақым келтіретін дрейфте және майда тормен балық аулау сияқты теңізде және жағалауда балық аулау;
      л) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынған кез келген қызмет түрі.
____________________________________
1 Зорлықты еңбек дегеніміз барлық жұмыс және көрсетілетін қызметтер еріксіз орындау және адам оны күштеп немесе шара қолдану арқылы жүзеге асырады
2 Балалар еңбегі дегеніміз жастары еңбек ету жасының ең төменгі деңгейіндегі балаларды жұмысқа жалдау немесе балаларды «Ең аз жас туралы конвенция» № 138 Халықаралық Еңбек Ұйымы Конвенциясын бұза отырып, жалдау (www.ilo.org)
3 Өндірілуі біртіндеп тоқтатылуы тиіс және тыйым салынуға жататын фармацевтикалық өнімдер тізімі
http://www.who.int.
4 Біртіндеп тоқтатылуы тиіс және тыйым салынуға жататын пестицидтер мен гербицидтер тізімі
http://www.pic.int.
5 Реакцияға кіріп, стратосфералық озон көлемін кемітетін және кеңінен жарнамаланатын озон қонақ үйлеріне әсер ететін химиялық құрағыштар тізімі, олардың азайтуы мен біртіндеп қысқарту күндерімен бірге Монреаль Хаттамасында берілген. Ақпарат
http://www.unep.org/ozone/montreal.shtml.
6 Жоғары уытты химикаттар тобы, полихлорирленген бифенилдер 1950-1985 жылдары шығарылған май электр трансформаторларында, конденсаторлар мен шашырату құрылғыларында болу мүмкін.
7 Тізім http://www.cites.org. қол жетерлік.
8 Тізім http://www.cites.org. қол жетерлік.
9 Базель Конвенциясымен белгіленген; http://www.basel.int. қараңыз.
10 Бұл осындай қызметке тартылмаған жобалық демеушіге қолданылмайды. Айтарлықтай тартылмаған деген қарастырылатын қызмет демеушінің негізгі қызметіне қосымша болады деген.
11 Бұл медициналық жабдық, сапасын бақылау (бағалау) жабдығын және АДБ радиоактивтілігі айтарлықтай және сәйкес қорғалған деп есептейтін, кез-келген өзге жабдықты сатып алу үшін қолданылмайды
12 Асбест құрамы 20%-дан аспайтын жапсырмалы асбесттік цемент сатып алу және пайдалану үшін пайдаланылмайды. 

Қаржыландыру туралы негіздемелік келісімге
6-қосымша

Міндеттемелер

      АДБ әдетте Көптраншты қаржыландыру тетігі шеңберінде жеке транш үшін заңды келісімдерде талап ететін міндеттемелерге қосымша Даму өзіне мынадай міндеттемелерді алады
      1. Іс-шаралар жоспарын және ШОБ-мен байланысты басқа да бағдарламаларды іске асыру. Даму: (a) Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігімен Іс-шаралар жоспарын және  ШОБ-мен байланысты басқа да бағдарламаларды іске асыру бойынша тығыз жұмыс істеуге; (б) Инвестициялық бағдарлама мен тиісті қаржыландыру жоспарын қолдауға; (в) АДБ-ға Іс-шаралар жоспары мен Инвестициялық бағдарламаны іске асырудың барысы туралы жылдық есептерді ұсынуға; (г) АДБ-ны Инвестициялық бағдарламаға және/немесе тиісті қаржыландыру жоспарына айтарлықтай әсер ете алатын ШОБ-мен байланысты Іс-шаралар жоспары және/немесе басқа да бағдарламалардағы кез келген өзгерістер туралы хабар етуге; (д) осы элементтердің кез-келгеніне әсер ету мүмкін диалог саясаты арқылы АДБ-мен кеңесуге міндеттенеді.
      2. Қатысушы қаржы институттарын іріктеу. Даму АДБ-мен тығыз байланысты іріктеудің келісілген өлшемдеріне сәйкес әлеуетті Қатысушы қаржы институттарын таңдауға міндеттенеді.
      3. Жергілікті кеңес беру мен гендер. Даму Көптраншты қаржыландыру тетігі шеңберінде келісілген Гендер бойынша Іс-қимылдар Жоспарының толық іске асырылуын қамтамасыз етуге және кәсіпкер әйелдер де, кәсіпкер ер адамдар да Көптраншты қаржыландыру тетігі шеңберінде бөлінетін ШОБ қарыздарына қол жеткізудің тең мүмкіндігіне ие болуын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
      4. АДБ саясаты мен рәсімдері. Даму Қатысушы қаржы институттары жобаларды дайындау мен іске асыруда және қосымша қарыздар беруде
АДБ-ның барлық тиісті саясаты мен рәсімдерін, оның ішінде сатып алу, қорғау шаралары, әлеуметтік аспектілер, гендер, корпоративтік басқару, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, ақшаны жылыстатуға қарсы, лаңкестікке қарсы күрес саясаты мен рәсімдерін сақтауға міндеттенеді.
      Осы міндеттемелердің кез келгенін бұзу АДБ тарапынан кез-келген транш шеңберінде қаржыландыруды тоқтату немесе Көптраншты қаржыландыру тетігін тоқтата тұру немесе жабу құқығын қолдануға әкеп соғуы мүмкін.

Қаржыландыру туралы кезеңдік сұрау салу нысаны

Күні:

Кімге:       Азия Даму Банкі
             6 ADB даңғылы
   Mandaluyong қаласы, Metro Manila 1550
   Филиппина
 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:       Бас Директор
    Орталық және Батыс Азия департаменті
    Факс No: +632 6362301

Мырза/Ханым:

Нысаны:       Шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі
              Инвестициялық бағдарлама:
          Қаржыландыру туралы кезеңдік сұрау салу [...]

      [ …. ]  Азия Даму Банкі (бұдан әрі – АДБ), «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (бұдан әрі – Даму) және Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы Шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі бағдарлама үшін Қаржыландыру туралы негіздемелік келісімге (бұдан әрі – ҚНК) өтініш жасаңыз. ҚНК-де белгіленген терминдер осында көрсетілгендей мағынаны білдіреді.
      ҚНК ережелеріне сәйкес, Даму АДБ-дан [қарыз] немесе [бірлесіп қаржыландыруды әкімшілендіру] оның [кәдімгі капиталды  ресурстарынан] [немесе бірлесіп қаржыландыру көзінің аты) нысанында транш үшін осы Қаржыландыру туралы кезеңдік сұрау салуды сұрайды. Ұсынылып отырған қаржыландыру сомасы, мерзімі, шарттары мен тиісті қаржыландыру жоспары осы Сұрау салудың 1-қосымшасында баяндалған. Қаржыландыру сұралып отырған жобаның [және кіші жобалардың]  сипаты мәлімденген Қосымшаның [___] және [____] қосымшаларында келтірілген.
      Қазақстан Республикасы осымен нысаны мен мағынасы АДБ үшін қолайлы болатын кепілдіктің дайындалатынын және берілетінін және де сұралатын транштың күшіне енуіне дейінгі шарт ретінде Қазақстан Республикасының шын мәніндегі және байланыстырушы міндеттемесі болатынын растайды.
      [(Екінші және келесі Қаржыландыру туралы кезеңдік сұрау салулар үшін мынаны қосуыңызды өтінемін) Осымен Даму ҚНК-де баяндалған уағдаластықтардың толық сақтайтынын растайды]. 

      «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ

      [Уәкілетті тұлғаның қолы]
      [Уәкілетті тұлғаның толық аты-жөні және лауазымы]

      Қазақстан Республикасы

      [Уәкілетті тұлғаның қолы]
      [Уәкілетті тұлғаның толық аты-жөні және лауазымы]
      ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі 

Қаржыландыру туралы кезеңдік
сұрау салуға қосымша 

Жобаның сипаттамасы
 

Сұралатын Қаржыландыру туралы кезеңдік сұрау салу шеңберінде қаржыландырылуға ұсынылатын жоба:

[Жобаны және кіші жобаны сипаттаңыз]

Осы транш үшін мониторинг құрылымы мен негізі [.....] қосымшада. [.....] Қосымшадағы қосымша бөлшектер

Құнын бағалау және қаржыландыру жоспары

Ұсынылып отырған жобаның жалпы құны [.....] бағаланады. [Бағалау құнын және] қаржы жоспарын егжей-тегжейлі бөлу [....] қосымшада [ұсынылған].

Қарыз сомасы мен мерзімдері

Азия Даму Банкінің кәдімгі капиталдық ресурстарынан [….] $ миллион сомаға қарызға сұрау салу [...... қарыз шарттарының негізгі тізбесін сипаттау] және ҚНК-де келісілген және кейіннен қарыз туралы тиісті келісім шеңберінде толықтырылған өзге шарттары мен ережелері қоса берілген.

Қарыз/ кепілдікті пайдалану кезеңі

Жоба [.…] аяқталады деп күтілуде. Қарызды шоттан алу сұралатын болады немесе [….] кешіктірілмей жасалады.

Іске асыру шаралары

Даму Атқарушы Агент болып табылады [(Іске асыру шараларын Көптраншты қаржыландыру тетігін әкімшілендіру жөніндегі басшылық шеңберінде іске асыру бойынша іс-шараларды егжей-тегжейлі сипаттаңыздар)]

Жалғасып отырған іс-әрекеттің заңдылығын және алдыңғы келісімдердің және мониторинг құрылымдары мен негіздерінің ҚШК ережелеріне сәйкестігін растау

Даму ҚНК-де баяндалған [(екінші және келесі транштар үшін) уағдаластықтың және қарыз туралы алдыңғы келісімдер ережелерінің өз күшінде қалатынын және ағымдағы уақытта жарамды болатынын растайды.
 

Сақтау туралы толық есеп [.…] қосымша ретінде қоса беріледі

Жобаның іске асырылуға дайындығы

[(Жобаны қаржыландыруға дайындау үшін қажетті және қабылданған шараларды нақтылауыңызды өтінемін.)

Қорғау шаралары

[(Бірінші Қаржыландыру туралы кезеңдік сұрау салу үшін) Қорғау шаралары туралы құжаттарға қоса беріңіз және сілтеме жасаңыз.] 

[(Қаржыландыруға екінші және келесі сұрау салулар үшін) Алдыңғы Қаржыландыру туралы кезеңдік сұрау салу үшін Қорғану шаралары жөніндегі АДБ Саясатының талаптарын сақтау мәртебесі бойынша (i) есептерді (қоршаған орта, күштеп көшіру және негізгі тұрғындар) және екінші және келесі транштар үшін қорғау шаралары бойынша (ii) талап етілетін құжаттарды] қоса беріңіз және сілтеме жасаңыз.

(Нысаны) 

Қосымша [….] 

[Қаржыландыру туралы кезеңдік сұрау салуға барлық қажетті
Қосымшаларды қосуыңызды өтінемін]

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады