Мүлікті республикалық меншіктен Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 505 Қаулысы

      «Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес мүлік «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Семей заң колледжі» мемлекеттік мекемесінің балансынан республикалық меншіктен Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен және Шығыс Қазақстан облысының әкімімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшада көрсетілген мүлікті қабылдау-тапсыру бойынша қажетті ұйымдастырушылық іс-шараларды жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 12 мамырдағы
№ 505 қаулысына
қосымша  

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Семей заң колледжі» мемлекеттік мекемесінің балансынан республикалық меншіктен Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне берілетін мүліктің тізбесі

Мүліктің атауы

Заңды мекен-жайы

Салынған жылы

Алаңы, шаршы м

Баланстық құны, мың теңге

1

Оқу корпусының ғимараты

ШҚО, Семей қаласы, Қаржаубайұлы көшесі, 251Б

1973

5240,2

49337,0

2

Қойма үй-жайы

ШҚО, Семей қаласы, Қаржаубайұлы көшесі, 251Б

1973

625,0

4790,0

3

Іргелес жер учаскесі

ШҚО, Семей қаласы, Қаржаубайұлы көшесі, 251Б


1,495 га

17564,815


ЖИЫНЫ:




71691,815

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады