Мемлекеттік меншік болып табылатын темір жол бойынша темір жол қатынасын тоқтату қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 мамырдағы № 554 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 624 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 624 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 32 бұйрығын қараңыз.

      «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік меншік болып табылатын темір жол бойынша темір жол қатынасын тоқтату қағидасы бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                       К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2011 жылғы 21 мамырдағы
№ 554 қаулысымен
бекітілген  

Мемлекеттік меншік болып табылатын темір жол бойынша
темір жол қатынасын тоқтату қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік меншік болып табылатын темір жол бойынша темір жол қатынасын тоқтату қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 7-бабына сәйкес әзірленген және мемлекеттік меншік болып табылатын темір жол бойынша темір жол қатынасын тоқтату тәртібін белгілейді.
      2. Темір жол қатынасы деп жөнелту және межелі пункттер арасында темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау түсініледі.
       Осы Қағидада пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының темір жол көлігі туралы заңнамасында белгіленген мағыналарда қолданылады.

2. Мемлекеттік меншік болып табылатын темір жол бойынша темір жол қатынасын тоқтату тәртібі

      3. Темір жол қатынасын тоқтатуды темір жолдарды магистральдық темір жол желісінің белгілі бір учаскесінде одан әрі пайдалану экономикалық орынсыз (рентабельді емес) екендігіне байланысты темір жол қатынасын тоқтату қажеттілігі туралы Ұлттық темір жол компаниясының ұсынысы негізінде уәкілетті орган жүзеге асырады.
      Темір жол қатынасын тоқтату туралы ұсынысты Ұлттық темір жол компаниясы уәкілетті органға жібереді.
      Темір жол қатынасын тоқтату туралы ұсыныс еркін нысанда жасалады, Ұлттық темір жол компаниясының мөрімен бекітіледі және тиісті темір жолдарды пайдалана отырып жүзеге асырылатын және тиісті бағыттағы көліктің балама түрлерінің болуымен жолаушыларды, багаждарды, жүк-багажды және/немесе жүктерді тасымалдау көлемі туралы деректерді, магистральдық темір жол желісі операторы қызметінің пайдалану көрсеткіштері туралы мәліметтерді көрсете отырып, тиісті темір жол учаскесінде қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың тізбесін қамтуы тиіс.
      Ұлттық темір жол компаниясының ұсынысына:
      1) темір жол қатынасын тоқтату қажеттілігі туралы анықтама-негіздеме;
      2) темір жол учаскесін күтіп ұстаудың және пайдаланудың шығындылығын растайтын экономикалық есеп, сондай-ақ қаржыландыру көлемін одан әрі пайдалану үшін қажетті ақпарат қоса беріледі.
      4. Уәкілетті орган ұсынысты алған сәттен бастап отыз жұмыс күні ішінде темір жол қатынасын тоқтату туралы Ұлттық темір жол компаниясы берген материалдарды қарайды және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне, аумағында темір жол учаскесі орналасқан жергілікті атқарушы органға және басқа да мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жібереді.
      5. Темір жол қатынасын тоқтату туралы материалдар қарауға жіберілген мүдделі мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы орган оларды алған күнінен бастап он жұмыс күн ішінде қарайды және келіседі немесе дәлелді себептермен қабылдамайды.
      6. Темір жол қатынасын тоқтату туралы ұсынысты мүдделі мемлекеттік органдармен және аумағында темір жол учаскесі орналасқан жергілікті атқарушы органмен келіскеннен кейін, уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде темір жол қатынасын тоқтату туралы бұйрық шығарады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады