Мемлекеттік меншік болып табылатын теміржолдар арқылы теміржол қатынасын тоқтату қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 32 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 наурызда № 10412 тіркелді.

      "Теміржол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік меншік болып табылатын теміржолдар арқылы теміржол қатынасын тоқтату қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):

      1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін, оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Инвестициялар және даму


министрінің міндетін атқарушы

А. Рау

      "КЕЛІСІЛДІ":

      Қазақстан Республикасы

      Қорғаныс министрі

      __________ И. Тасмағамбетов

      21 қаңтар 2015 жыл


  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 21 қаңтардағы
№ 32 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік меншік болып табылатын теміржолдар арқылы
теміржол қатынасын тоқтату қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік меншік болып табылатын теміржолдар арқылы теміржол қатынасын тоқтату қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Теміржол көлігі туралы" 2001 жылдың 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген және мемлекеттік меншік болып табылатын теміржолдар арқылы теміржол қатынасын тоқтату тәртібін айқындайды.

      2. Теміржол қатынасы деп жөнелту және межелі пункттер арасында теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау түсініледі.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Заңда айқындалған мағынада қолданылады.

2. Мемлекеттік меншік болып табылатын теміржолдар арқылы
теміржол қатынасын тоқтату тәртібі

      3. Теміржол қатынасын тоқтатуды уәкілетті орган:

      1) теміржолдарды магистральдық теміржол желісінің белгілі бір учаскесінде одан әрі пайдалану экономикалық орынсыз (рентабельді еместігіне) екеніне қарай теміржол қатынасын тоқтату қажеттігі туралы Ұлттық теміржол компаниясының ұсынысы негізінде;

      2) қозғалыс қауiпсiздiгi мен қоршаған ортаны қорғаудың белгiленген талаптарына магистральдық темiржол желiсi, темiржолдар мен жылжымалы құрам объектiлерiнің сәйкес келмеуі жағдайында жүзеге асырады.

      Теміржол қатынасын тоқтату туралы ұсынысты теміржолдарды магистральдық теміржол желісінің белгілі бір учаскесінде одан әрі пайдалану экономикалық орынсыз (рентабельді емес) екені анықталған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде Ұлттық теміржол компаниясы уәкілетті органға жібереді.

      Теміржол қатынасын тоқтату туралы ұсыныс еркін нысанда жасалады, басшының өкілеттілігі бар басшы немесе тұлға қол қояды, Ұлттық теміржол компаниясының мөрімен бекітіледі және жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және/немесе жүктерді тасымалдау көлемдері туралы деректерді көрсете отырып, тиісті теміржол учаскесінде қызметін жүзеге асыратын тұлғалар тізбесін, тиісті темір жолдарды пайдалану арқылы жүзеге асыратын инфрақұрылымның ұлттық операторы қызметінің пайдалану көрсеткіштері және тиісті бағытта көліктің балама түрлерінің болуы туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.

      Ұлттық теміржол компаниясының ұсынысына:

      1) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша теміржол қатынасын тоқтату қажеттігі туралы анықтама-негіздеме;

      2) теміржол учаскесін күтіп-ұстаудың және пайдаланудың шығындылығын растайтын экономикалық есеп, сондай-ақ одан әрі пайдалану үшін қажетті қаржыландыру көлемі туралы ақпарат қоса беріледі.

      4. Уәкілетті орган ұсынысты алған сәттен бастап отыз жұмыс күні ішінде Ұлттық теміржол компаниясы берген теміржол қатынасын тоқтату туралы материалдарды қарайды және оларды қабылдаған жағдайда, қарастырылатын мерзімнен кейін он жұмыс күнін ішінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне және аумағында теміржол учаскесі орналасқан жергілікті атқарушы органға келісуге жібереді.

      5. Теміржол қатынасын тоқтату туралы материалдар қарауға жіберілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі және жергілікті атқарушы орган оларды алған күнінен бастап он жұмыс күн ішінде қарайды және келіседі немесе дәлелді себептермен қабылдамайды.

      6. Теміржол қатынасын тоқтату туралы ұсынысты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен және аумағында теміржол учаскесі орналасқан жергілікті атқарушы органмен келіскеннен кейін, уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде теміржол қатынасын тоқтату туралы бұйрық шығарады.

  Мемлекеттік меншік болып табылатын
теміржолдар арқылы теміржол
қатынасын тоқтату қағидаларына
қосымша

      Нысан

Теміржол қатынасын тоқтату қажеттігі туралы анықтама-негіздеме

р/с

Теміржол учаскесінің атауы

Негіздеме

Салдар






















Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады