«2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңына, «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне Анатолий және Габриель Стати, «Ascom Group A.S.» және «Terra Raf Trans Trading Ltd» компаниялары Қазақстан Республикасына қарсы бастама жасаған төрелік талқылау бойынша Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру жөніндегі қызметтерге ақы төлеу үшін 2011 жылға арналған республикалық бюджеттен шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша 1000000 (бір миллион) АҚШ долларына баламалы сомада ақшалай қаражат бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов