Бұрынғы жатақхана ғимаратының бір бөлігін республикалық меншіктен Қостанай облысының коммуналдық меншігіне беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 мамырдағы № 582 Қаулысы

      «Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2003 жылғы 22 қаңтардағы № 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қостанай облысы, Лисаков қаласы, 6-шағын аудан, 52-үй  мекенжайы бойынша орналасқан, жалпы алаңы - 2690,6 шаршы метр бұрынғы жатақхана ғимаратының бір бөлігі (бұдан әрі - объект) «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Қостанай облыстық сотының кеңсесі» мемлекеттік мекемесінің теңгерімінен республикалық меншіктен, Қостанай облысының коммуналдық меншігіне берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Қостанай облысының әкімдігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен объектіні қабылдау-тапсыру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады