Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 25-қосымшада:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 24 және 25-жолдармен толықтырылсын:
"
24 |
«Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі рейтингісінде (Давос, Швейцария Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу» |
Талдамалық зерттеулер жүргізу |
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі |
«Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Ұлттық талдамалық орталық» АҚ |
007 «Экономика сауда және мемлекеттік басқару саласындағы қолданбалы зерттеулер жүргізу» |
32 000 |
25 |
«Шағын және орта бизнесті айқындау өлшемдерін заңнамада синхрондау жөнінде, сондай-ақ шағын және орта бизнестің дамуын мемлекеттік қолдаудың (реттеудің) тиімді тетігін қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу» |
Талдамалық зерттеулер жүргізу |
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі |
«Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Ұлттық талдамалық орталық» АҚ |
007 «Экономика, сауда және мемлекеттік басқару саласындағы қолданбалы зерттеулер жүргізу» |
15 000 |
".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов