"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 588 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі                       К. Мәсімов

Жоба 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; 2011 жылғы 11 наурызда «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 12 наурызда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік мүлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 15-баптың бірінші бөлігінің у-4) тармақшасында «мәмілелер паспорттарын ресімдеу» деген сөздер «келісімшарттардың есептік нөмірлерін алу» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 42-баптың екінші бөлігіндегі «қымбат» деген сөз «бағалы» деген сөзбен ауыстырылсын;
      3) 56-баптың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында «мәмілелер паспорттарын ресімдеуінің» деген сөздер «келісімшарттардың есептік нөмірлерін алудың» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 11, 38-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат):
      1) 1-бапта:
      2) тармақшада «қымбат» деген сөз «бағалы» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «5-1) келісімшарттың есептік нөмірі - валюталық операциялар бойынша есепке алуды және есептілікті қамтамасыз етуге арналған, уәкілетті банктің экспортты (импортты) көздейтін валюталық шартқа беретін тіркеу нөмірі;»;
      8) тармақша алып тасталсын;
      2) 6-баптың 3-тармағында «1), 3)-» деген цифрлар «8),» деген цифрмен ауыстырылсын;
      3) 8-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8-бап. Тіркеу режимі»;
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Егер резидент талапты беру немесе борышты аудару нәтижесінде тіркеу режимі қолданылатын валюталық шарттың тарабы болса, онда ол Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиісті мәміле жасалған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмейтін мерзімде тіркелу үшін өтініш жасауға міндетті.»;
      4) 9-бапта:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «9-бап. Хабарлау режимі»;
      2-тармақта:
      бірінші бөлікте:
      «беру» деген сөз «нысанында хабарлау» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші сөйлемде «жеті жұмыс күнінен» деген сөздер «күнтізбелік отыз күннен» деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Егер резидент талапты беру немесе борышты аудару нәтижесінде хабарлау режимі қолданылатын валюталық шарттың тарабы болса, онда ол Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне осындай валюталық шарт туралы тиісті мәміле жасалған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмейтін мерзімде хабарлауға міндетті.»;
      5) 10-баптың бірінші бөлігінің 7) тармақшасы алып тасталсын;
      6) 12-баптың 4-тармағында:
      «мәміле паспорттарын ресімдеудің» деген сөздер «келісімшарттардың есептік нөмірлерін алудың» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «мәміле паспортын ресімдеу» деген сөздер «келісімшарттың есептік нөмірін алу» деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) 13-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарға жіберілуімен байланысты шығыстарын төлеу кезіндегі операциялар, сондай-ақ қызметтік іссапарға байланысты берілген жұмсалмаған авансты өтеу кезіндегі операциялар;»;
      8) 16-бапта:
      1-тармақта:
      бірінші бөлікте:
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарға жіберілуімен байланысты шығыстарын төлеу кезіндегі операциялар, сондай-ақ қызметтік іссапарға байланысты берілген жұмсалмаған авансты өтеу кезіндегі операциялар;»;
      мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «7-1) Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайлардағы және порттардағы шетелдік мемлекеттердің кемелеріне қызмет көрсету үшін резидент еместер мен резидент заңды тұлғалар арасындағы төлемдер, сондай-ақ резидент еместердің Қазақстан Республикасының аумағында аэронавигациялық, әуежай және порт алымдарын төлеуі;»;
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері тараптарының бірі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылатын операцияларға қолданылмайды.»;
      2-тармақта «мәміле паспортын тіркеу, хабарлау және ресімдеу» деген сөздер «тіркеу, хабарлау немесе келісімшарттың есептік нөмірін алу» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтың 2) тармақшасында «мәміле паспортын ресімдеу» деген сөздер «келісімшарттың есептік нөмірін алу» деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «18-бап. Валюталық құндылықтарды, ұлттық валютаны, номиналы және (немесе) құны ұлттық валютамен көрсетілген бағалы қағаздарды және төлем құжаттарын және резиденттер шығарған номиналы жоқ бағалы қағаздарды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету
      1. Қолма-қол шетел валютасын, қолма-қол ұлттық валютаны, құжаттандырылған бағалы қағаздарды және төлем құжаттарын Қазақстан Республикасына әкелуді және Қазақстан Республикасынан әкетуді Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының талаптарын сақтаған жағдайда резиденттер мен резидент еместер шектеусіз жүзеге асырады.
      2. Жеке тұлғалар жалпы сомасы он мың АҚШ доллары баламасына тең немесе одан аспайтын қолма-қол шетел және (немесе) қолма-қол ұлттық валютасын (бағалы металдардан жасалған монеталарды қоспағанда) және жол чектерін кедендік декларацияламай Қазақстан Республикасына әкелуге немесе Қазақстан Республикасынан әкетуге құқылы.
      3. Жеке тұлғаның жалпы сомасы он мың АҚШ доллары баламасынан асатын қолма-қол шетел және (немесе) қолма-қол ұлттық валютасын (бағалы металдардан жасалған монеталарды қоспағанда) және жол чектерін Қазақстан Республикасына әкелуі немесе Қазақстан Республикасынан әкетуі, Кеден одағы кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумақтан немесе аумаққа әкелінетін немесе әкетілетін жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден органында міндетті түрде кедендік декларациялануға тиіс.
      Кедендік декларациялау өткізілетін қолма-қол ақшаның және жол чектерінің шығу тегі және мақсаты туралы мәліметтер көрсетілген әкелінетін немесе әкетілетін қолма-қол шетел валютасының, қолма-қол ұлттық валютаның және жол чектерінің бүкіл сомасына жазбаша нысанда кедендік декларация беру арқылы жүзеге асырылады.
      4. Жеке тұлғаның ұсынушыға арналған құжаттандырылған бағалы қағаздарды, вексельдерді, чектерді (жол чектерінен басқа) Қазақстан Республикасына әкелуі немесе Қазақстан Республикасынан әкетуі, Кеден одағы кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумақтан немесе аумаққа әкелінетін немесе әкетілетін жағдайларды қоспағанда, Қазақстан  Республикасының кеден органында міндетті түрде кедендік декларациялануға тиіс.
      5. Заңды төлем құралы болып табылатын тазартылған құйма алтынды, сондай-ақ бағалы металдардан жасалған монеталарды Кеден одағы кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылмайтын аумақтан немесе аумаққа Қазақстан Республикасына әкелу немесе Қазақстан Республикасынан әкету Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
      10) 20-баптың 3-2-тармағында «мәміле паспортын ресімдеу» деген сөздер «келісімшарттың есептік нөмірін алу» деген сөздермен ауыстырылсын;
      11) 22-баптың 1-тармағында «жарғылық капиталға қатысуды қамтамасыз ету мақсатында салымдарды» деген сөздер «ақшаны және ұйымға (оның ішінде жарғылық капиталына) қатысуды қамтамасыз ету мақсатында немесе оның мүлкіне жарна ретінде өзге де мүлікті» деген сөздермен ауыстырылсын;
      12) 25-баптың 2-тармағы «банк» деген сөзден кейін «(оның ішінде жинақ)» деген сөздермен толықтырылсын;
      13) 29-баптың 6-тармағында:
      6) тармақша алып тасталсын;
      7) тармақша «, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жағдайларда келісімшарттың есептік нөмірін беру туралы белгісімен» деген сөздермен толықтырылсын;
      9) тармақша алып тасталсын.
      2-бап. Осы Заң 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағының 5) тармақшасын және 13) тармақшасының екінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
             Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады