Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 591 Қаулысы

      «2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңына және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің аумақтарындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін 2011 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен:
      1) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.12.20 № 1559 Қаулысымен.
      2) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын жеткізу жөніндегі көлік шығыстарын өтеу үшін 11570350 (он бір миллион бес жүз жетпіс мың үш жүз елу) теңге сомасында қаражат бөлінсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.12.20 № 1559 Қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады