Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Облыстық бюджеттердің асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 наурыздағы № 242 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттердің асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасында:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тауар өндірушілер отандық асыл тұқымды мал зауыттарынан, өз төлінен өсірілетін шаруашылықтардан сатып алған, оның ішінде лизинг негізінде сатып алған отандық тұқымдардың асыл тұқымды төлінің, сондай-ақ ірі қара малдың импортталған асыл тұқымды төлінің (индекстік жүйе бойынша бағаланған және таза тұқымды көбейтуге немесе туыстық топтарды шағылыстыруға арналған қашарлар мен құнажындар, өсімін молайту мақсатында пайдалануға арналған ұрпағының сапасы бойынша бағаланған тұқымдық бұқалар), оның ішінде лизинг шарты негізінде сатып алынған асыл тұқымды төлдің (бұдан әрі - импорттық асыл тұқымды төл) құнын ішінара (50 %-ға дейін) арзандатуға;»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тауар өндірушілер субсидиялау бағдарламасына қатысу үшін:
1) осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес өлшемдерге сәйкес келуі;
2) сатып алынған малды бірыңғай ақпараттық-талдау жүйесіне тіркеуді қамтамасыз етуі;
3) асыл тұқымды малдардың тізілімін, сондай-ақ малдарды бірдейлендірудің бірыңғай деректер базасын жүргізу үшін тиісті деректер ұсынуы тиіс»;
4-тармақта:
3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) өнеркәсіптік шағылыстыруға арналған импорттық асыл тұқымды қашарлар;
4) өнеркәсіптік шағылыстыруға арналған импорттық және отандық асыл тұқымды малдан алынған қашарлар;»;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) бұрын тауар өндірушілер және лизингтік ұйымдар (бұдан әрі - лизинг берушілер) арзандатқан және сатқан асыл тұқымды төл.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Тауар өндірушілер, субсидиялау бағдарламасына қатысушылар бюджеттік субсидиялар алу үшін мәмілелердің жасалуына қарай, бірақ 2011 жылғы 20 желтоқсаннан кешіктірмей Бөлімге мынадай құжаттарды:
1) асыл тұқымды төлді, балапандарды және асыл тұқымды жұмыртқаны сатып алу кезінде:
сатып алу-сату шартының көшірмесін;
төлем құжаттарының көшірмелері - кіріс-кассалық ордерді, банктің төлем тапсырмасын, шот-фактураны (бұдан әрі - төлем құжаттары);
төлді, балапандарды және асыл тұқымды жұмыртқаны кіріске алу актісін;
2) тұқымдық бұқалардың ұрығын сатып алу кезінде:
сатып алу-сату шартының көшірмесін;
төлем құжаттарының көшірмелерін;
ұрыққа арналған асыл тұқымдық куәлік көшірмесін;
ұрықты пайдалану актісін;
3) импорттық асыл тұқымды төл сатып алу кезінде:
сатып алу-сату шартының көшірмесін;
төлем құжаттарының көшірмелерін;
Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы таныған асыл тұқымды мал куәлігінің (сертификаттың) түпнұсқасын және көшірмесін. (Бұл ретте асыл тұқымды мал куәлігінің (сертификаттың) түпнұсқасы көшірмесімен салыстырып тексерілгеннен кейін бюджеттік субсидия алушыға қайтарылады);
ветеринариялық куәліктің (сертификаттың) көшірмесін;
импорттық асыл тұқымды төлді кіріске алу актісін;
4) асыл тұқымды төлді лизинг шарты негізінде сатып алу кезінде:
лизинг шартының көшірмесін;
лизинг шарты бойынша негізгі борышты өтеу үшін лизинг берушінің деректемелерін көрсете отырып субсидия төлеуге өтінімді ұсынады.»;
16-тармақтың бірінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«кемінде 50% теленгенін растайтын төлем құжаттарының көшірмелерін;»;
төртінші абзац алынып тасталсын;
17, 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Бөлім ай сайын, құжаттардың түсуіне қарай үш жұмыс күні ішінде, бірақ 2011 жылғы 24 желтоқсаннан кешіктірмей ұсынылған құжаттарды тексереді. Сатып алынған малдар асыл тұқымды малдардың мемлекеттік тізілімінде, малдарды бірдейлендірудің бірыңғай деректер базасында және бірыңғай ақпараттық-талдау жүйесінде тіркелген, сондай-ақ ұсынылған құжаттар белгіленген талаптарға сәйкес болған жағдайда асыл тұқымды төлдің, тұқымдық бұқалар ұрығының, балапандардың және асыл тұқымды жұмыртқаның сатып алынғаны туралы жиынтық акт жасайды және бекітеді және төлем құжаттарының көшірмелерін қоса беріп, Басқармаға ұсынады. Ұсынылған құжаттар белгіленген талаптарға, оның ішінде осы Қағиданың 4-тармағының 5) тармақшасына сәйкес келмеген жағдайда Бөлім екі жұмыс күнінен кешіктірмей қайтару себептерін көрсетіп, оларды тауар өндірушілерге қайтарады.
Сатып алынған асыл тұқымды төлдің арзандатылғаны туралы мәліметті Басқарма бюджеттік субсидияны тауар өндірушінің банктік шотына аударған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде Бөлім бірыңғай ақпараттық-талдау жүйесіне енгізуі тиіс.
18. Басқарма ұсынылған құжаттарды үш жұмыс күні ішінде, бірақ 2011 жылғы 26 желтоқсаннан кешіктірмей қарайды және олар белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда облыс бойынша асыл тұқымды төлдің, тұқымдық бұқалар ұрығының, сондай-ақ балапандардың және асыл тұқымды жұмыртқаның сатып алынғаны туралы жиынтық акт жасайды және бекітеді. Оларда көрсетілген бюджеттік субсидиялардың көлемі мен нормативтері негізінде белгіленген квоталар шегінде тиесілі бюджет ақшасының көлемін айқындайды, осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біріктірілген жиынтық ведомость және ақы төлеу шоттарын қалыптастырады. Тауар өндірушілердің, лизинг берушілердің банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды аударуды Басқарма төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес аумақтық қазынашылық бөлімшесіне 2 данада ақы төлеу шоттарын қоса бере отырып, ақы төлеу шоттарының тізілімін ұсыну жолымен жүзеге асырады.
Ұсынылған құжаттар белгіленген талаптарға, оның ішінде осы Қағиданың 4-тармағының 5) тармақшасына сәйкес келмеген жағдайда, Басқарма бес жұмыс күнінен кешіктірмей оларды кері қайтару себептерін көрсете отырып, Бөлімге пысықтауға қайтарады.»;
көрсетілген Қағидаға 1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаға 2-қосымшада:
2-бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 6-жолмен толықтырылсын:
«6. Ангус».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 27 мамырдағы
№ 595 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 10 наурыздағы
№ 242 қаулысына
1-қосымша
Тауар өндірушілерге және тауарлық құс фабрикаларына қойылатын өлшемдер
Р/с |
Көрсеткіштер |
1. Тауар өндірушілерге |
|
1. |
Селекциялық және асылдандыру жұмысының бірыңғай ақпараттық базасында тіркеуде болуы* |
2. |
Мынадай: |
3. |
Малдың бірдейлендіру нөмірінің және Қазақстан Республикасының бірыңғай бірдейлендіру деректер базасында тіркеуде болуы |
4. |
Қабылданған технологияға сәйкес малдарды күтіп-бағуға арналған үй-жайлардың болуы |
5. |
Ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру |
6. |
Ауыспалы егісте жемшөп дақылдарының немесе жемшөп сатып алуға шарттың болуы |
2. Тауарлық құс фабрикаларына |
|
1. |
Технологиялық жағдайда құстарды жыл бойы ұстау, торда және еденде ұстау үшін технологиялық жабдықтардың болуы; |
2. |
Ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру |
Ескерту:
* Ірі қара малды өсірумен айналысатын тауар өндірушілер Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық-талдау жүйесінде тіркеуде болуы тиіс.