Облыстық бюджеттердің асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 наурыздағы N 242 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі және «2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2010 жылғы 29 қарашадағы заңдарына сәйкес, асыл тұқымды өніммен (материалмен) қамтамасыз етуде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасы бекітілсін.
      2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2011 жылғы 10 наурыздағы
N 242 қаулысымен    
бекітілген      

Облыстық бюджеттердің асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Облыстық бюджеттердің асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасы (бұдан әрі – Қағида) мал шаруашылығындағы асылдандыру ісі бойынша республикалық малды асылдандырушы орталықтың (бұдан әрі – республикалық малды асылдандырушы орталық), қостанай жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымды жылқы зауытының, етті құс шаруашылығы бойынша асылдандырушы шаруашылықтың, отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің (бұдан әрі – тауар өндірушілер) ағымдағы нысаналы трансферттерді (бұдан әрі – бюджеттік субсидиялар) асыл тұқымды жануарлардың үлес салмағын, сондай-ақ тауар өндірушілердегі ауыл шаруашылығы малының өнімділігін арттыру мақсатында 2011 жылға арналған республикалық бюджетте
083 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен және шегінде пайдалану тәртібін айқындайды.
      2. Бюджеттік субсидиялар:
      1) тауар өндірушілер отандық асыл тұқымды мал зауыттарынан, өз төлінен өсірілетін шаруашылықтардан сатып алған, оның ішінде лизинг негізінде сатып алған отандық тұқымдардың асыл тұқымды төлінің, сондай-ақ ірі қара малдың импортталған асыл тұқымды төлінің (индекстік жүйе бойынша бағаланған және таза тұқымды көбейтуге немесе туыстық топтарды шағылыстыруға арналған қашарлар мен құнажындар, өсімін молайту мақсатында пайдалануға арналған ұрпағының сапасы бойынша бағаланған тұқымдық бұқалар), оның ішінде лизинг шарты негізінде сатып алынған асыл тұқымды төлдің (бұдан әрі - импорттық асыл тұқымды төл) құнын ішінара (50 %-ға дейін) арзандатуға;
      2) тауар өндірушілер дистрибютерлік және (немесе) малды асылдандырушы орталықтардан сатып алған, ұрпағының сапасы бойынша бағаланған тұқымдық бұқалар ұрығының құнын ішінара (50 %-ға дейін) арзандатуға;
      3) отандық құс фабрикалары отандық асыл тұқымды құс фабрикаларынан сатып алған асыл тұқымды тәуліктік балапандар (бұдан әрі – балапандар) мен асыл тұқымды жұмыртқаның құнын ішінара (50 %-ға дейін) арзандатуға;
      4) республикалық малды асылдандырушы орталық сатып алатын арнайы технологиялық, зертханалық жабдықтардың құнын толық өтеуге;
      5) асыл тұқымды бұқаларды, шетелдік селекцияның ұрығын сатып алу, сондай-ақ асыл тұқымды бұқаларды күтіп-бағу, ұрығын алу, сақтау, олардың ұрығын ұрпағының сапасы бойынша бағалау (бұдан әрі – бағалау) үшін пайдалану және эмбриондар алу, сақтау, пайдалану бойынша республикалық малды асылдандырушы орталықтың шығындарын толық өтеуге;
      6) етті құс шаруашылығы бойынша асылдандырушы шаруашылықта асыл тұқымды құсты сатып алу және күтіп-бағу жөніндегі шығындарды толық өтеуге;
      7) қостанай жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымды жылқы зауытында асыл тұқымды жылқыларды көбейту, күтіп-бағу және жаттықтыру, асыл тұқымды айғырлардың ұрығын алу және сақтау жөніндегі шығындарды толық өтеуге арналады.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.05.27 № 595 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      3. Тауар өндірушілер субсидиялау бағдарламасына қатысу үшін:
      1) осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес өлшемдерге сәйкес келуі;
      2) сатып алынған асыл тұқымды ірі қара мал төлін бірыңғай ақпараттық-талдау жүйесіне тіркеуді қамтамасыз етуі;
      3) асыл тұқымды малдардың тізілімін, ал, ірі қара мал шаруашылығында жануарларды бірдейлендірудің бірыңғай дерекқорын жүргізу үшін тиісті деректер ұсынуы тиіс.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.05.27 № 595 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі),  өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.12.30. № 1715 (2011.11.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.
      4. Субсидиялауға мыналар жатпайды:
      1) осы Қағидаға 1-қосымшада белгіленген өлшемдерге сәйкес келмейтін тауар өндірушілер сатып алған асыл тұқымды төл, тұқымдық бұқалар ұрығы, сондай-ақ құс шаруашылығының асыл тұқымды өнімі;
      2) тауар өндірушілер өзара есеп айырысу есебіне, сондай-ақ аффилиирленген тұлғалардан (ата-тектік және ата-енелік желідегі балапандар мен асыл тұқымды жұмыртқаны қоспағанда) айырбас бойынша сатып алған асыл тұқымды төл, тұқымдық бұқалар ұрығы, балапандар, асыл тұқымды жұмыртқа;
      3) өнеркәсіптік шағылыстыруға арналған импорттық асыл тұқымды қашарлар;
      4) өнеркәсіптік шағылыстыруға арналған импорттық және отандық асыл тұқымды малдан алынған қашарлар;
      5) бұрын тауар өндірушілер және лизингтік ұйымдар (бұдан әрі - лизинг берушілер) арзандатқан және сатқан асыл тұқымды төл.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.05.27 № 595 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      5. Сатып алынған асыл тұқымды мал төлінің, тұқымдық бұқалар ұрығының, сондай-ақ балапандар мен асыл тұқымды жұмыртқаның әрбiр түрiне бюджеттiк субсидиялар нормативi осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес белгiленедi.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.30. № 1715 (2011.11.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      6. Етті бағыттағы құс шаруашылығы бойынша асылдандырушы шаруашылықтың тауар өндірушілерге балапандарды, сондай-ақ республикалық малды асылдандырушы орталықтың асыл тұқымды бұқалар ұрығын сату бағасы осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес бекітіледі.
      7. Асыл тұқымды өнім (материал) түрлері бойынша облыстар бөлінісінде бюджеттік субсидиялардың көлемі, сондай-ақ республикалық малды асылдандырушы орталыққа етті бағыттағы құс шаруашылығы бойынша асылдандырушы шаруашылыққа, қостанай жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымды жылқы зауытына қаражат бөлудің жылдық сметасы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітіледі.
      8. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) келісімі бойынша облыс әкімінің шешімімен мынадай құжаттар бекітіледі:
      1) асыл тұқымды өнімді (материалды) сатып алу-сату шартының үлгілік нысаны (лизинг шартын қоспағанда);
      2) сатып алынған асыл тұқымды өнімге (материалға) субсидия алуға өтінім нысаны;
      3) сиыр мен қашарларды ұрықтандыру актісінің нысаны;
      4) асыл тұқымды өнім сатып алу мен асыл тұқымды материалды қолдану және облыс бойынша тиесілі субсидия сомасы туралы жиынтық акт нысаны;
      5) облыс бойынша бюджеттік қаражатты игеру жөніндегі есеп нысаны (ақпарат);
      6) облыс бойынша асыл тұқымды өнімді (материалды) сатып алу көлемі жөніндегі тоқсандық есеп нысаны (ақпарат);
      9. Министрлік бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ретінде төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес, сондай-ақ облыс әкімі мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі арасында қол қойылған Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім шеңберінде асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді облыстық бюджеттерге аударады.

2. Облыстық бюджеттердің асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі

      10. Тауар өндiрушiлер 2011 жылғы 1 қарашадан кеш емес мерзiмде аудан әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы бөлiмiне (бұдан әрi – Бөлiм) отандық асыл тұқымды мал зауыттарынан және (немесе) шаруашылықтардан асыл тұқымды мал төлін, тұқымдық бұқалар ұрығын, сондай-ақ отандық асыл тұқымды құс фабрикаларынан ата-тектiк және ата-енелiк нысаннан құралған балапандар мен асыл тұқымды жұмыртқа сатып алудың нақты және (немесе) жоспарланған көлемiне өтiнiмдер ұсынады. Бұл ретте отандық тауарлы құс фабрикалары өтiнiмдерiн «Қазақстан құс өсiрушiлер одағы» заңды тұлғалар бiрлестiгiмен келiседi.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.30. № 1715 (2011.11.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      11. Бөлім өтінімдерді алған сәттен бастап жеті жұмыс күні ішінде тауар өндірушілердің белгіленген өлшемдерге сәйкестігін тексереді және олар сәйкес болған жағдайда аудан бойынша субсидиялау бағыттары бойынша бюджеттік субсидиялар алушылардың жиынтық тізімін жасайды және оны аудан әкіміне бекітуге жібереді, ал өтінімдер белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, өтінімдерді қабылдамаудың негізді себептерін көрсете отырып, оларды тауар өндірушілерге кері қайтарады.
      Бөлім жиынтық тізімді бекіткеннен кейін, оны тауар өндірушілердің өтінімдерімен бірге облыс әкімінің шешімімен құрылған облыс әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша орынбасары төрағалық ететін облыстық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қарауына жібереді. Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
      Комиссияның құрамына Басқарманың, Министрліктің АӨК-дегі мемлекеттік инспекция комитеті аумақтық инспекциясының мамандары, сондай-ақ салалық және өзге де қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді.
      12. Комиссия:
      1) үш жұмыс күні ішінде Бөлімдер ұсынған өтінімдердің белгіленген талаптарға сәйкестігін қарайды;
      2) өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша бюджеттік субсидиялар, субсидияланатын асыл тұқымды өнім (материал) сатып алуға жылдық квоталар алуға, тауар өндірушілердің жиынтық тізімін, сондай-ақ осы Қағидаға 2-қосымшада көрсетілген бюджеттік субсидиялар нормативтері негізінде бюджеттік субсидиялар көлемін облыс әкіміне бекітуге ұсынады.
      13. Тауар өндірушілердің өтінімдері облысқа жеткізілген бюджеттік субсидиялар көлемінен асып түскен жағдайда, Комиссия тауар өндірушілердің ірі қара малдың асыл тұқымды төлін алуға өтінімдерін басым тәртіппен қанағаттандырады.
      14. Облыс әкімі Комиссияның ұсынуы бойынша субсидиялау квоталарын көрсете отырып, субсидиялау бағдарламасына қатысушылардың тізімін бекітеді. Басқарма облыс әкімінің шешімімен бекітілген асыл тұқымды өнімнің (материалдың) субсидияланатын көлеміне арналған квоталарды көрсете отырып, субсидиялау бағдарламасына қатысушылардың тізімін бір-бір данадан Министрлікке және тиісті бөлімдерге жолдайды.
      15. Тауар өндірушілер, субсидиялау бағдарламасына қатысушылар бюджеттік субсидиялар алу үшін мәмілелердің жасалуына қарай, бірақ 2011 жылғы 20 желтоқсаннан кешіктірмей Бөлімге мынадай құжаттарды:
      1) асыл тұқымды төлді, балапандарды және асыл тұқымды жұмыртқаны сатып алу кезінде:
      сатып алу-сату шартының көшірмесін;
      төлем құжаттарының көшірмелері - кіріс-кассалық ордерді, банктің төлем тапсырмасын, шот-фактураны (бұдан әрі - төлем құжаттары);
      төлді, балапандарды және асыл тұқымды жұмыртқаны кіріске алу актісін;
      2) тұқымдық бұқалардың ұрығын сатып алу кезінде:
      сатып алу-сату шартының көшірмесін;
      төлем құжаттарының көшірмелерін;
      ұрыққа арналған асыл тұқымдық куәлік көшірмесін;
      ұрықты пайдалану актісін;
      3) импорттық асыл тұқымды төл сатып алу кезінде:
      сатып алу-сату шартының көшірмесін;
      төлем құжаттарының көшірмелерін;
      Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы таныған асыл тұқымды мал куәлігінің (сертификаттың) түпнұсқасын және көшірмесін. (Бұл ретте асыл тұқымды мал куәлігінің (сертификаттың) түпнұсқасы көшірмесімен салыстырып тексерілгеннен кейін бюджеттік субсидия алушыға қайтарылады);
      ветеринариялық куәліктің (сертификаттың) көшірмесін;
      импорттық асыл тұқымды төлді кіріске алу актісін;
      4) асыл тұқымды төлді лизинг шарты негізінде сатып алу кезінде:
      лизинг шартының көшірмесін;
      лизинг шарты бойынша негізгі борышты өтеу үшін лизинг берушінің деректемелерін көрсете отырып субсидия төлеуге өтінімді ұсынады.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.05.27 № 595 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      16. Асыл тұқымды өнім (материал) құнының кемінде 50 %-ын төлеген тауар өндірушілерді бюджеттік субсидиялар алушылардың тізіміне енгізуге жол беріледі. Бұл ретте тауар өндірушілер Бөлімге:
      сатып алу-сату шартының көшірмесін;
      кемінде 50% теленгенін растайтын төлем құжаттарының көшірмелерін;
      сатып алынған малдардың (асыл тұқымды жұмыртқадан басқа) асыл тұқымды малдардың мемлекеттік тізілімде тіркелгенін растайын құжатты ұсынады.
      Қалған сомаға төлем құжаттарының көшірмелерін, сондай-ақ оларды жеткізіп беру немесе пайдалану актілерін тауар өндірушілер құнын толық төлегеннен кейін, бірақ бюджеттік субсидиялар алған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей Бөлімге ұсынады.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.05.27 № 595 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      17. Бөлім ай сайын, құжаттардың түсуіне қарай үш жұмыс күні ішінде, бірақ 2011 жылғы 24 желтоқсаннан кешіктірмей ұсынылған құжаттарды тексереді. Сатып алынған малдар асыл тұқымды малдардың мемлекеттік тізілімінде, ал асыл тұқымды ірі қара мал бірдейлендірудің бірыңғай дерекқорында және бірыңғай ақпараттық-талдау жүйесінде тіркелген, сондай-ақ ұсынылған құжаттар белгіленген талаптарға сәйкес болған жағдайда асыл тұқымды мал төлінің, тұқымдық бұқалар ұрығының, балапандардың және асыл тұқымды жұмыртқаның сатып алынғаны туралы жиынтық акт жасап, оны бекітеді және төлем құжаттарының көшірмелерімен қоса, Басқармаға ұсынады.
      Ұсынылған құжаттар белгіленген талаптарға, оның ішінде осы Қағиданың 4-тармағының 5) тармақшасына сәйкес келмеген жағдайда Бөлім екі жұмыс күнінен кешіктірмей қайтару себептерін көрсетіп, оларды тауар өндірушілерге қайтарады.
      Сатып алынған асыл тұқымды ірі қара мал төлінің арзандатылғаны туралы мәліметті Басқарма бюджеттік субсидияны тауар өндірушінің банктік шотына аударған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде Бөлім бірыңғай ақпараттық-талдау жүйесіне енгізуі тиіс.
      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.30. № 1715 (2011.11.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      18. Басқарма ұсынылған құжаттарды үш жұмыс күні ішінде, бірақ 2011 жылғы 26 желтоқсаннан кешіктірмей қарайды және олар белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда облыс бойынша асыл тұқымды төлдің, тұқымдық бұқалар ұрығының, сондай-ақ балапандардың және асыл тұқымды жұмыртқаның сатып алынғаны туралы жиынтық акт жасайды және бекітеді. Оларда көрсетілген бюджеттік субсидиялардың көлемі мен нормативтері негізінде белгіленген квоталар шегінде тиесілі бюджет ақшасының көлемін айқындайды, осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біріктірілген жиынтық ведомость және ақы төлеу шоттарын қалыптастырады. Тауар өндірушілердің, лизинг берушілердің банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды аударуды Басқарма төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес аумақтық қазынашылық бөлімшесіне 2 данада ақы төлеу шоттарын қоса бере отырып, ақы төлеу шоттарының тізілімін ұсыну жолымен жүзеге асырады.
      Ұсынылған құжаттар белгіленген талаптарға, оның ішінде осы Қағиданың 4-тармағының 5) тармақшасына сәйкес келмеген жағдайда, Басқарма бес жұмыс күнінен кешіктірмей оларды кері қайтару себептерін көрсете отырып, Бөлімге пысықтауға қайтарады.
      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.05.27 № 595 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      19. Асыл тұқымды бұқаларды, ұрықты, жабдықты және техниканы сатып алуға арналған шығындарды толық өтеу үшін республикалық малды асылдандырушы орталық мәмілелердің жасалуына қарай, бірақ 2011 жылғы
26 желтоқсаннан кешіктірмей Министрлікпен келісілген тізбе бойынша асыл тұқымды бұқаларды, шетелдік селекцияның ұрығын, жабдықты және техниканы сатып алуға арналған шарттарды бір-бір данада Басқармаға ұсынады.
      Басқарма ұсынылған шарттарды үш жұмыс күні ішінде тексереді, осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық ведомость, сондай-ақ ақы төлеу шоттарын қалыптастырады және төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік субсидияларды республикалық малды асылдандырушы орталықтың банктік шотына аударады. Республикалық малды асылдандырушы орталық асыл тұқымды бұқаларды, ұрықты және жабдықты сатып алғаннан кейін келесі айдың ішінде Басқармаға төлем құжаттары мен кіріске алу актісінің көшірмелерін ұсынады.
      20. Республикалық малды асылдандырушы орталық асыл тұқымды бұқаларды күтіп-бағуға, олардың ұрықтарын алуға, сақтауға және бағалауға эмбриондарды алуға, сақтауға және пайдалануға жұмсалған шығындарды толық өтеу үшін шығындардың жүзеге асырылуына қарай, бірақ 2011 жылғы 26 желтоқсаннан кешіктірмей Басқармаға сол шығындарды растайтын құжаттардың бір данасын ұсынады.
      Басқарма ұсынылған құжаттарды үш жұмыс күні ішінде тексереді, осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық ведомость, сондай-ақ ақы төлеу шоттарын қалыптастырады және төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік субсидияларды республикалық малды асылдандырушы орталықтың ағымдағы шотына аударады.
      21. Балапандарды сатып алу жөніндегі шығындарды толық өтеу үшін етті құс шаруашылығы бойынша асылдандырушы шаруашылық 2011 жылғы 26 желтоқсаннан кешіктірмей Басқармаға Балапандарды сатып алуға арналған шарттарды бір-бір данада ұсынады.
      Басқарма ұсынылған шарттарды үш жұмыс күні ішінде тексереді, осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық ведомость, сондай-ақ ақы төлеу шоттарын қалыптастырады және төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік субсидияларды құс шаруашылығы бойынша асылдандырушы орталықтың банктік шотына аударады.
      Етті құс шаруашылығы бойынша асылдандырушы шаруашылық балапандарды сатып алғаннан кейін келесі айдың ішінде Басқармаға төлем құжаттары мен кіріске алу актісінің көшірмелерін ұсынады.
      22. Асыл тұқымды құстарды ұстауға арналған шығындарды толық өтеу үшін етті құс шаруашылығы бойынша малды асылдандырушы шаруашылық шығындардың жүзеге асырылуына қарай, бірақ 2011 жылғы
26 желтоқсаннан кешіктірмей Басқармаға шығындарды растайтын құжаттарды ұсынады.
      Басқарма ұсынылған құжаттарды үш жұмыс күні ішінде тексереді, осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық ведомость, сондай-ақ ақы төлеу шоттарын қалыптастырады және төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік субсидияларды құс шаруашылығы бойынша асылдандырушы орталықтың банктік шотына аударады.
      23. Асыл тұқымды жылқыларды өсіруге, ұстауға, жаттықтыруға және айғырлардың ұрығын сақтауға арналған шығындарды толық өтеу үшін қостанайлық жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымды зауыт шығындардың жүзеге асырылуына қарай, бірақ 2011 жылғы 26 желтоқсаннан кешіктірмей, Басқармаға сол шығындарды растайтын құжаттардың бір данасын ұсынады.
      Басқарма ұсынылған құжаттарды үш жұмыс күні ішінде тексереді, осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық ведомость, сондай-ақ ақы төлеу шоттарын қалыптастырады және төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік субсидияларды қостанай жылқы тұқымы бойынша асыл тұқымды мал зауытының банктік шотына аударады.
      24. Басқарма осы Қағиданың 1920212223-тармақтарына сәйкес бюджеттік субсидияларды төлеу үшін аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне екі данада ақы төлеу шотын қоса бере отырып, ақы төлеу тізілімін ұсынады.
      25. Қандай да бір облыс бөлінген қаражатты толығымен игермеген жағдайда Министрлік заңнамада белгіленген тәртіппен бюджеттік бағдарламаны іске асыруға 2011 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде облыстар бойынша бюджеттік субсидияларды төлеуге арналған қаражатты қайта бөлу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізеді.
      26. Басқарма ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде, бірақ 2011 жылғы 30 желтоқсаннан кешіктірмей Министрлікке орындалған жұмыстардың көлемі, құны және тиімділігі, төленген бюджеттік субсидиялардың көлемі туралы есеп береді.

Облыстық бюджеттердің асыл     
тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 
2011 жылғы республикалық бюджеттен 
берілетін ағымдағы нысаналы   
трансферттерді пайдалану қағидасына
1-қосымша              

Тауар өндірушілерге және тауарлық құс фабрикаларына қойылатын
өлшемдер

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.05.27 № 595 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.12.30. № 1715 (2011.11.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

Р/с

Көрсеткіштер

1. Тауар өндірушілерге

1.

Селекциялық және асылдандыру жұмысының бірыңғай ақпараттық базасында тіркеуде болуы*

2.

Мынадай:
1) сатып алынған асыл тұқымды төлді кемінде 2 жыл өсімді молайту мақсатында пайдалану туралы;
2) сатып алынған асыл тұқымды қашарларды таза тұқымды өсіруге немесе туыстық топты шағылыстыру үшін пайдалану туралы міндеттеменің болуы;
Импорттық асыл тұқымды малды сатып алу кезінде:
3) таза тұқымды өсіру немесе туыстық топты шағылыстыру арқылы қашарларды (құнажынды) өсімді молайту мақсатында пайдалану туралы;
4) ұрпағының сапасы бойынша бағаланған тұқымдық бұқаларды өсімді молайту мақсатында пайдалану туралы міндеттеменің болуы.

3.

Малдың бірдейлендіру нөмірінің және Қазақстан Республикасының бірыңғай бірдейлендіру деректер базасында тіркеуде болуы

4.

Қабылданған технологияға сәйкес малдарды күтіп-бағуға арналған үй-жайлардың болуы

5.

Ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

6.

Ауыспалы егісте жемшөп дақылдарының немесе жемшөп сатып алуға шарттың болуы

2. Тауарлық құс фабрикаларына

1.

Технологиялық жағдайда құстарды жыл бойы ұстау, торда және еденде ұстау үшін технологиялық жабдықтардың болуы;

2.

Ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру

      Ескерту:
      * Ірі қара малды өсірумен айналысатын тауар өндірушілер Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық-талдау жүйесінде тіркеуде болуы тиіс.
      Малдың бірдейлендіру нөмірінің және ірі қара мал өсірумен айналысатын тауар өндірушілер үшін талапты Қазақстан Республикасының бірыңғай бірдейлендіру дерекқорында тіркеудің болуы.
 

Облыстық бюджеттердің асыл     
тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 
2011 жылғы республикалық бюджеттен 
берілетін ағымдағы нысаналы   
трансферттерді пайдалану қағидасына
2-қосымша             

Бюджеттік субсидиялар нормативтері 1. Асыл тұқымды төлге берілетін бюджеттік субсидиялар нормативтері

Р/с

Малдың түрлері мен тұқымдары

1 кг тірі салмағына арналған бюджеттік субсидиялар нормативтері, теңге


Қойлар


биязы жүнді бағыттағы:

Сатып алу құнының 50% артық емес, бірақ 1 кг тірі салмағына 150 теңгеден артық емес

1.

Қазақтың биязы жүнді қойы

2.

Қазақтың арқар мериносы

3.

Оңтүстік қазақ мериносы

4.

Солтүстік қазақ мериносы

5.

Австралия мериносы


биязылау жүнді бағыттағы:

Сатып алу құнының 50% артық емес, бірақ 1 кг тірі салмағына 150 теңгеден артық емес

1.

Цигай қойы

2.

Қазақтың биязылау кроссбредті жүнді қойы

3.

Дегерес етті-жүнді қойы


Етті-майлы бағыттағы:

Сатып алу құнының 50% артық емес, бірақ 1 кг тірі салмағына 150 теңгеден артық емес

1.

Еділбай қойы

2.

Қазақтың ұяң жүнді немесе қылшық жүнді құйрықты қойы

3.

Сарыарқа құйрықты қойы

4.

Гиссар қойы

5.

Қаракөл қойы


Жылқылар


өнімдік бағыттағы:

Сатып алынған құнының 50% артық емес, бірақ 1 кг тірі салмағына 110 теңгеден артық емес

1.

Қазақтың жабы жылқысы

2.

Көшім жылқысы

3.

Мұғалжар жылқысы


спорт бағытындағы:

Сатып алынған құнының 50% артық емес, бірақ 1 кг тірі салмағына 300 теңгеден артық емес

1.

Қостанай жылқысы


Шошқалар

1.

Ірі ақ шошқа

Сатып алынған құнының 50% артық емес, бірақ 1 кг тірі салмағына 130 теңгеден артық емес

2.

Немістің асыл текті шошқасы

3.

Дюрок


Түйелер

1.

Қазақтың айыр өркешті түйесі

Сатып алынған құнының 50% артық емес, бірақ 1 кг тірі салмағына 80 теңгеден артық емес

2.

Аруана

2. Асыл тұқымды ірі қара малдың төліне берілетін бюджеттік субсидиялар нормативтері

      Ескерту. 2-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.05.27 № 595 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Р/с

Малдың түрлері мен тұқымдары

1 басқа арналған бюджеттік субсидиялар нормативі, теңге


Ірі қара мал


сүтті бағыттағы:

Сатып алу құнының 50% артық емес, бірақ 1 басына 100 000 теңгеден артық емес

1.

Қара-ала (голштин) сиыр

2.

Қызыл (қырдың қызыл) сиыр

3.

Қоңыр (алатау) сиыр

4.

Қызғылт сары шұбар (симментал) сиыр


етті бағыттағы:

Сатып алу құнының 50% артық емес, бірақ 1 басына 100 000 теңгеден артық емес

1.

Қазақтың ақбас сиыры

2.

Әулиекөл сиыры

3.

Санта-гертруда сиыры

4.

Шароле сиыры

5.

Герефорд сиыры

6.

Ангус


3. Импорттық асыл тұқымды төліне берілетін бюджеттік субсидиялар нормативтері

р/с

Асыл тұқымды төл әкелетін мемлекет

1 басқа арналған бюджеттік субсидия нормативі, теңге

1.

Кедендік одақтағы елдер (Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы)

Сатып алу құнының 50% артық емес, бірақ 1 басына 100 000 теңгеден артық емес

2.

Алыс шет елдер

Сатып алу құнының 50% артық емес, бірақ 1 басына 200 000 теңгеден артық емес

4. Тұқымдық бұқалар ұрығының 1 дозасына берілетін бюджеттік субсидиялар нормативтері

Р/с

Асыл тұқымды материал түрі

Тұқымдық бұқалардың ұрығын сатып алуға арналған бюджеттік субсидиялар нормативі, теңге

екі жынысты

бір жынысты ұрық

отандық

импорттық

1.

Тұқымдық бұқалар ұрығы

Сатып алу құнының 50% артық емес, бірақ 1 дозасына 500 теңгеден артық емес

Сатып алу құнының 50% артық емес, бірақ 1 дозасына 1 000 теңгеден артық емес

Сатып алу құнының 50% артық емес, бірақ 1 дозасына 3 000 теңгеден артық емес

5. Тәуліктік балапандарға берілетін бюджеттік субсидиялар нормативтері

Р/с

Асыл тұқымды өнімнің түрі

Тәуліктік балапандардың 1 басын сатып алуға арналған бюджеттік субсидиялар нормативі, теңге

ата-тектік табыннан*

ата-енелік табыннан **

1.

Тәуліктік балапан (етті бағыттағы)

Сатып алу құнының 50% артық емес, бірақ 1 басына 275 теңгеден артық емес


2.

Тәуліктік балапан  (жұмыртқа бағыттағы)


Сатып алынған құнының 50% артық емес, бірақ 1 басына 45 теңгеден артық емес

6. Асыл тұқымды жұмыртқаның 1 данасына берілетін бюджеттік субсидиялар нормативтері

Р/с

Асыл тұқымды жұмыртқаның түрлері

Құс фабрикаларға жұмыртқаны сатып алу үшін (50 %-дан артық емес), теңге

ата-тектік табыннан

ата-енелік табыннан

1.

Тауық жұмыртқасы (жұмыртқалағыш)

-

Сатып алу құнының 50% артық емес, бірақ 1 жұмыртқаға 19 теңгеден артық емес

2.

Үйрек жұмыртқасы

Сатып алу құнының 50% артық емес, бірақ 1 жұмыртқаға 35 теңгеден артық емес

Сатып алу құнының 50 %-нен артық емес, бірақ 1 жұмыртқаға 30 теңгеден артық емес

      * Сатып алынатын асыл тұқымды ірі қара мал төлінің 1 басының тірілей салмағы 300 кг кем емес болуы тиіс.
      ** Етті құс шаруашылығында ата-енелік табынды қалыптастыру үшін.
      *** Жұмыртқа бағытындағы құс шаруашылығында өнеркәсіптік табынды қалыптастыру үшін.
      - Асыл тұқымды шаруашылық мәртебесін алғанына 1 жылдан астам  уақыт болған асыл тұқымды құс фабрикалары сатқан асыл тұқымды өнім (тәуліктік балапандар, асыл тұқымды жұмыртқа) субсидиялауға жатады.

Облыстық бюджеттердің асыл     
тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 
2011 жылғы республикалық бюджеттен 
берілетін ағымдағы нысаналы   
трансферттерді пайдалану қағидасына
3-қосымша            

Асыл тұқымды өнімді (материалды) сатудың шектелген ең жоғарғы бағалары, теңге

Асыл тұқымды өнімнің (материалдың) атауы

Бірлігі үшін

Шектелген бағалар, теңге

Республикалық малды асылдандырушы орталықтың тұқымдық бұқалар (ұрпағының сапасы бойынша бағаланған) ұрығын сатуы:



1) екі жынысты ұрық

1 доза

1000-ге дейін

2) бір жынысты ұрық

2000-ге дейін

Етті құс шаруашылығы бойынша асылдандырушы шаруашылықтың етті кроссты асыл тұқымды тәуліктік балапандарды сатуы

1 бас

550-ге дейін

«Бекітемін»               
_______________облысы          
Ауыл шаруашылығы басқармасының    
бастығы _________(аты-жөні, қолы, мөрі)
2011 жылғы «__» ____________    

Облыстық бюджеттердің асыл     
тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 
2011 жылғы республикалық бюджеттен 
берілетін ағымдағы нысаналы   
трансферттерді пайдалану қағидасына
4-қосымша            

____________облысы бойынша 2011 жылдың ___ _______ айындағы асыл тұқымды өнімді (асыл тұқымды материалды)
_____________________________________________________________________
(асыл тұқымды төл, тұқымдық бұқалар ұрығы, асыл тұқымды жұмыртқа, балапандар - қажеттісі қалдырылсын)
сатып алу және субсидиялар төлеу туралы
біріктірілген жиынтық ведомосі*

Атауы

Жылдық квота

Бір бірлік (кг т/с, доза, дана, бас) үшін бюджеттік субсидиялар нормативі, теңге

Асыл тұқымды өнімнің асылдандыру мақсатына нақты сатып алынғаны (кг т/с, дана, доза, бас)

Жылдың басынан бастап бюджеттік субсидиялардың тиесілі сомасы, теңге

Жылдың басынан  бастап төленген, теңге

Бюджеттік субсидиялардың тиесілі сомасының қалдығы, теңге

Төлеуге жатады, теңге

ауданның

асыл тұқымды өнімді немесе асыл тұқымды материалды сатып алушының

(кг, доза, дана, бас)

теңге

жыл басынан бастап

есепті ай ішінде












      * сатып алынған асыл тұқымды өнімнің (асыл тұқымды материалдың) әрбір түріне жеке жасалады.

Мал шаруашылығы бөлімінің бастығы
(жауапты тұлға)           _____________________ (аты-жөні, қолы)

Бухгалтер (жауапты тұлға) _____________________ (аты-жөні, қолы)

«Бекітемін»               
_______________ облысы        
Ауыл шаруашылығы басқармасының    
бастығы _________(аты-жөні, қолы, мөрі)
2011 жылғы «__» ____________     

Облыстық бюджеттердің асыл     
тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 
2011 жылғы республикалық бюджеттен 
берілетін ағымдағы нысаналы   
трансферттерді пайдалану қағидасына
5-қосымша            

    Малды асылдандырушы орталыққа, асылдандырушы шаруашылыққа,
        қостанай тұқымы бойынша асыл тұқымды жылқы зауытына
2011 жылғы ___________ айы үшін тиесілі бюджеттік субсидиялар туралы
              (ай)
                        жиынтық ведомосі

Шығындардың баптары

Бюджет қаражатын бөлу сметасында көзделген сома, мың теңге

Сатып алынған тауарлардың (жануарлардың), орындалған қызметтер мен жұмыстардың нақты көлемі

Жыл басынан бастап тиесілі сома, мың теңге

Жылдың басынан бастап төленген, мың теңге

Тиесілі соманың қалдығы, мың теңге

Төлеуге жатады, мың теңге








ЖИЫНЫ







Мал шаруашылығы бөлімінің бастығы
(жауапты тұлға)           _____________________ (аты-жөні, қолы)

Бухгалтер (жауапты тұлға) _____________________ (аты-жөні, қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады