Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 130-бабына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Батыс Қазақстан облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Орал орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - мекеме) орман қоры жерінен алаңы 0,8441 гектар жер учаскесі өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жер санатына ауыстырылсын.
2. Батыс Қазақстан облысының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен «РФ шекарасы (Самара) - Орал - Ақтөбе» автомобиль жолын қайта жаңарту үшін осы қаулының 1-тармағында көрсетілген тиісті жер учаскесінің «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің Батыс Қазақстан облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Департамент) берілуін қамтамасыз етсін.
3. Департамент Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман және ауыл шаруашылығы алқаптарын орман және ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өндірісінің шығасыларын республикалық бюджеттің кірісіне өтесін және алынған сүректі мекеменің теңгеріміне бере отырып, алаңды тазарту жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 20 маусымдағы
№ 671 қаулысына
қосымша
Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл
шаруашылығы мақсатына арналмаған жер санатына ауыстырылатын
орман қоры жерінің экспликациясы
р/с |
Жер пайдаланушының атауы |
Жалпы алаңы, гектар |
оның ішінде: |
|||||
орманды жерлер |
алаңдар |
жайылым |
шабындық |
жолдар |
өзге жерлер |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
1. |
«Батыс Қазақстан облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Орал орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі» |
0,8441 |
0,8441 |
- |
- |
- |
- |
- |
ЖИЫНЫ: |
0,8441 |
0,8441 |