Қазақстан Республикасының Үкіметі мeн Еуропалық Одақ арасындағы "Қазақстан Республикасында жергілікті дамуды қолдау" бағдарламасы жөніндегі қаржылық келісімге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 маусымдағы № 687 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық Одақ арасындағы «Қазақстан Республикасында жергілікті дамуды қолдау» бағдарламасы жөніндегі қаржылық келісімнің жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Нематұлы Келімбетовке қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық Одақ арасындағы «Қазақстан Республикасында жергілікті дамуды қолдау» бағдарламасы жөніндегі қаржылық келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі                       К. Мәсімов

 
Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2011 жылғы 23 маусымдағы 
№ 687 қаулысымен     
мақұлданған       

Жоба      

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық Одақ арасындағы
«Қазақстан Республикасында жергілікті дамуды қолдау»
бағдарламасы жөніндегі қаржылық келісім Арнайы шарттар

      Бұдан әрі «ЕО» деп аталатын Еуропалық Одақты білдіретін бұдан әрі «Комиссия» деп аталатын Еуропалық Комиссия бір тараптан және бұдан әрі «Бенефициар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметін білдіретін Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі екінші тараптар, бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар төмендігілер туралы уағдаласты:

1-бап. Қызметтің сипаты мен мақсаттары 

      1.1. ЕО бұдан әрі «Бағдарлама» деп аталатын және осы Қаржылық келісімге 2-қосымшадағы Техникалық және әкімшілік ережелерде егжей-тегжейлі сипатталған «Қазақстан Республикасында жергілікті дамуды қолдау DCI-ASIE/2010/020-609» бағдарламасын қаржыландыруға өз үлесін қосады.
      1.2. Бұл Бағдарлама Қаржылық келісімге және оның мынадай қосымшаларына cәйкес іске асырылады: Жалпы шарттар (1-қосымша) және Техникалық және әкімшілік ережелер (2-қосымша).

2-бап. ЕО-ның қаржылық үлесі

      2.1. Бағдарламаның жалпы құны 15,0 миллион евроны құрайды.
      2.2. ЕО 15,0 миллион евро мөлшерінде барынша жоғары сома бөлуге міндеттенеді. Бюджеттің баптары бойынша ЕО-ның қаржылық үлесін бөлу Техникалық және әкімшілік ережелерге, 2-қосымша қосылған бюджетте көрсетілген. 

3-бап. Бенефициардың үлесі

      3.1. Бенефициар Бағдарламаға қаржылық үлес қоспайды.
      3.2. Бенефициардың қаржылық емес үлесі бойынша Қаржылық келісімге 2-қосымшаның Техникалық және әкімшілік ережелерінде егжей-тегжейлі талаптар белгіленеді. 

4-бап. Орындалу кезеңі

      Жалпы шарттардың 4-бабында айқындалғанындай Қаржылық келісімнің орындалу кезеңі Қаржылық келісімге қол қойылған күннен басталады және аталған күннен кейін 84 ай өткен соң аяқталады. 

5-бап. Мекенжайлар

      Осы Қаржылық келісімді іске асыруға қатысты барлық хабарлар жазбаша түрде орындалады, Бағдарламаға арналған тікелей сілтемені қамтиды және мына мекенжайлар бойынша жіберіледі:
      а) Бенефициар үшін
      Қайрат Келімбетов мырза
      Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрі
      Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
      Орынбор к., 8, Министрліктер үйі, 7-кіреберіс
      010000 Астана, Қазақстан Республикасы
      б) Комиссия үшін
      Норбер Жустен мырза
      Қазақстан Республикасындағы ЕО Өкілдігінің басшысы
      Шұбар ш.а. Космонавттар көш. 62
      010000 Астана, Қазақстан Республикасы 

6-бап. Қосымшалар 

      6.1. Мына құжаттар осы Қаржылық келісімге қоса беріледі және оның ажырамас бөлігі болып табылады:
      1-қосымша: Жалпы шарттар
      2-қосымша: Техникалық және әкімшілік ережелер.
      6.2. Қаржылық келісімнің Қосымшалары мен Арнайы шарттарының ережелері арасында қайшылық болған жағдайда Арнайы шарттардың ережелері басымдыққа ие болады. 1-қосымша мен 2-қосымшаның ережелері арасында қайшылық болған жағдайда 1-қосымшаның ережелері басым күшке ие болады.

7-бап. Қаржылық келісімнің күшіне енуі

      Осы Қаржылық келісім оған соңғы қатысушы қол қойған күнінен бастап күшіне енеді.
      Осы Қаржылық келісім Брюссельде ағылшын тілінде үш түпнұсқа данада жасалды, оның екі данасы Комиссияға және бір данасы Бенефициарға жіберіледі.

Бенефициар үшін                    Комиссия үшін
Қайрат Келімбетов мырза                Дирк Меганк мырза
Қазақстан Республикасы                 директор
Экономикалық даму және                 Азия және Орта Азия бойынша
сауда министрі                         директорат
                                       Еurоре Аid ынтымақтастық офисі

Қолы: [қолы, мөрі]                     Қолы: [қолы, мөрі]
Күні:                                  Күні:
 

1-қосымша. Жалпы шарттар 1-тарау. Жобаны/Бағдарламаны қаржыландыру 1-бап. Жалпы қағидат

      1.1. ЕО-ның қаржылық үлесі Қаржылық келісімде көрсетілген сомамен шектелетін болады.
      1.2. ЕҚ-ның қаржыландыруын беру Бенефициардың осы Қаржылық келісім бойынша міндеттемелерді орындауына байланысты болады. 

2-бап. Артық шығыстар және оларды жабу

      2.1. Қаржылық келісімнің бюджеттік баптары бойынша жекелеген артық шығындары осы Жалпы шарттардың 17-бабына сәйкес жалпы бюджет шеңберінде қорларды қайта бөлу арқылы жабылатын болады.
      2.2. Қаржылық келісімде белгіленген жалпы соманың артық шығын тәуекелі туындаған кезде Комиссия жобаның/бағдарламаның ауқымын қысқартуы не Бенефициардың меншікті ресурстарын немесе ЕО-ға тиесілі емес басқа да ресурстарды пайдалануы мүмкін.
      2.3. Жобаның/бағдарламаның ауқымын қысқарту мүмкін болмаса немесе егер қаражаттың артық шығынын Бенефициардың меншікті ресурстарымен немесе басқа да ресурстармен жабу мүмкін болмаса, Комиссия айрықша жағдайда ЕО-ны қосымша қаржыландыруды ұсынуы мүмкін. Бұл туралы уағдаластыққа қол жеткізілетін болса, қосымша шығыстар Комиссия белгілеген қосымша қаржы үлесін беру арқылы ЕО-ның тиісті ережелері мен рәсімдеріне залал келтірмей қаржыландырылуы мүмкін. 

2-тарау. Іске асыру 3-бап. Жалпы қағидат

      3.1. Жобаны/бағдарламаны Бенефициар үшін және оның атынан әрекет ететін Комиссия іске асырады.
      3.2. Бенефициардың мемлекетінде Комиссияны өз Үкіметінің басшысы білдіреді. 

4-бап. Орындалу кезеңі

      4.1. Қаржылық келісімнің орындалу кезеңі екі кезеңнен тұратын болады:
      - негізгі жұмыс жүргізілетін операциялық іске асыру кезеңі. Аталған кезең Қаржылық келісім күшіне енген сәттен басталады және орындалу мерзімінің соңына дейін 24 айдан кешіктірмей аяқталады;
      - түпкілікті аудит және бағалау жүргізілетін, сондай-ақ техникалық және қаржылық жағынан Қаржылық келісімді іске асыруға төліндегі келісімшарттар жабылатын аяқталу кезеңі. Аталған кезең операциялық іске асыру кезеңі аяқталған күнінен басталады және осы күннен кейін 24 айдан кешіктірмей аяқталады.
      4.2. Негізгі қызметпен байланысты шығыстарды егер, операциялық іске асыру кезеңінде келтірілсе ғана ЕО қаржыландыратын болады. Түпкілікті аудитпен, бағалаумен және қызметті аяқтаумен байланысты шығыстар аяқталу кезеңінің аяғына дейін қаржыландырылуы тиіс.
      4.3. ЕО үлесінің кез келген қаражат қалдығы орындалу кезеңі аяқталғаннан кейін алты айдан соң автоматты түрде күшін жойылады.
      4.4. Ерекше және тиісінше негізделген жағдайларда операциялық іске асыру кезеңін және тиісінше орындалу мерзімін ұзарту ұсынылуы мүмкін. Егер ұзартуды Бенефициар сұраса, онда ұсыныс операциялық іске асыру кезеңі аяқталғанға дейін кемінде үш ай қалғанда жасалуы және осы күнге дейін оны Комиссия мақұлдауы тиіс.
      4.5. Жекелеген және тиісінше негізделген жағдайларда операциялық іске асыру кезеңі аяқталғаннан кейін қорытынды кезеңін және тиісінше орындалу кезеңін ұзарту туралы ұсыныс жасалуы мүмкін. Егер ұзартуды Бенефициар сұраса, онда ұсыныс қорытынды кезең аяқталғанға дейін кемінде үш ай қалғанда жасалуы және осы күнге дейін оны Комиссия мақұлдауы тиіс. 

3-тарау. Келісімшарттар мен гранттар беру 5-бап. Жалпы қағидат

      Қаржылық келісімді іске асыру жөніндегі барлық келісімшарттар тиісті рәсімдердің басталу сәтінде күшінде болатын сыртқы іс-шараларды іске асыру үшін Комиссия айқындаған және жариялаған рәсімдер мен стандартты құжаттарға сәйкес берілуі және іске асырылуы тиіс. 

6-бап. Қаржылық келісімді іске асыру жөніндегі
келісімшарттарға соңғы қол қою мерзімі

      6.1. Қаржылық келісімді іске асыру жөніндегі келісімшарттарға Тараптар осы Қаржылық келісім күшіне енгеннен кейін үш жыл ішінде, атап айтқанда Қаржылық келісімге Тараптардың соңғысы қол қойған күннен кейін үш жыл ішінде қол қоюы тиіс. Аталған соңғы мерзім ұзартылмайды.
      6.2. Осы баптың 6.1-тармағының ережесі кейіннен қол қойылуы мүмкін аудит және бағалау жүргізу жөніндегі келісімшарттарға, сондай-ақ қол қойылған келісімшарттардың қосымша баптарына қолданылмайды.
      6.3. Қаржылық келісім күшіне енген сәттен бастап үшжылдық кезең өткен соң қаражаттың кез келген қалдығына қол қойылмаған келісімшарт күшін жояды.
      6.4. Бұрынғы ереже төтенше шығыстарды жабуға арналған резерв қаражатының қалдықтарына қатысты қолданылмайды.
      6.5. Қол қойылғаннан кейін үш жыл ішінде төлем жүргізілмеген келісімшарт автоматты түрде тоқтатылады, ал оны қаржыландыру күшін жояды. 

7-бап. Қолайлылығы

      7.1. Жұмыстарға, қызметтер беруге немесе көрсетуге арналған тендерлерге қатысу ЕО-ға қатысушы мемлекеттердің барлық жеке және заңды тұлғалары үшін және бенефициар үшінші елдердің немесе осы актілерде айталған басқа кез келген үшінші елдің барлық жеке және заңды тұлғалары үшін ынтымақтастықтың тиісті секторын реттейтін негізгі актілердің арнаулы ережелеріне сәйкес тең жағдайларда ашық болуы тиіс.
      7.2. Ынтымақтастықтың тиісті секторын реттейтін негізгі актілерде айталған арнаулы шарттар негізінде осы баптың 7.1-тармағында айтылғаннан басқа үшінші елдердің азаматтарына келісімшарттарға арналған тендерлерге қатысуға рұқсат ететін шешім қабылдануы мүмкін.
      7.3. ЕО қаржыландыратын және жұмыстар орындауға қызметтер беруге және көрсетуге арналған келісімшарттарды және қаржыландырылатын қызмет саласын іске асыру үшін грант бенефециарлары бастаған сатып алу рәсімдерін орындау үшін қажетті тауарлар мен жабдықтар негізгі актілерде басқаша баяндалғанды қоспағанда, осы баптың 7.1 және 7.2-тармақтарында белгіленген шарттарда қатысуға құқығы бар елдерден шығарылуы тиіс. 

4-тарау. Келісімшарттарды орындауға қолданылатын ережелер 8-бап. Құру құқығы және тұру құқығы

      8.1. Келісімшарттың сипатына байланысты қажет болған кезінде жұмыстарға жүргізуге, қызметтер беруге немесе көрсетуге арналған келісімшарттар жөніндегі тендерлерге қатысатын жеке және заңды тұлғалар Бенефициардың мемлекетінде құру және тұрудың уақытша құқығына ие болады. Бұл құқық келісімшартты бергеннен кейін бір ай бойы жарамды болып қалады.
      8.2. Қызметтері келісімшартты орындау үшін қызметтері қажетті мердігерлер (грант бенефициарларын қоса алғанда) мен жеке тұлғалардың, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің жобаны/бағдарламаны іске асыру кезінде осындай құқықтары болады. 

9-бап. Салықтық және кедендік ережелер

      9.1. Егер Арнайы шарттарда өзгеше көзделмесе Қаржылық келісімді іске асыруға байланысты салықтар, алымдар немесе басқа да төлемдер (қосылған құн салығын - ҚҚС–ті немесе барабар төлемдерді қоса алғанда) ЕО-ның қаржыландыруынан алып тасталуы тиіс.
      9.2. Бенефициар мемлекеті ЕО қаржыландыратын сатып алу келісімшарттарына немесе гранттарға қарым қатынастары бар мемлекеттерге немесе халықаралық ұйымдарға қолданатын неғұрлым қолайлы салық және кедендік режимдерді қолданады.
      9.3. Тиісті Негіздемелік келісім немесе хаттар алмасу осы мәселе бойынша барынша егжей-тегжейлі ережелерді қолдануды қамтыса, олар да қолданатын болады. 

10-бап. Шетел валютасы туралы келісім

      10.1. Қазақстан Республикасы жобаны іске асыру үшін қажетті шетелдік валютаны импорттауға немесе сатып алуға рұқсат беруге міндеттенеді. Ол қатысу құқығы бар және Жалпы шарттардың 7-бабында аталған мердігерлерге валютаның реттеу саласындағы өзінің ұлттық заңнамасын да адал қолданады.
      10.2. Егер Қазақстан Республикасы және/немесе ЕО қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарда валюталық реттеу мәселелері бойынша барынша егжей-тегжейлі ережелер көзделсе, осындай халықаралық шарттардың ережелері қолданылады. 

11-бап. Зерттеулердің деректерін пайдалану

      Қаржылық келісім зерттеуді қаржыландыруды қамтыса, Қаржылық келісімді іске асыру үшін қол қойылған, осы зерттеуге жататын келісімшарт осы зерттеуге арналған меншік құқығын және Бенефициар мен Комиссияның зерттеулердің деректерін пайдалану, оларды жариялау немесе үшінші тарапқа ашу құқығын реттейтін болады. 

12-бап. Келісімшарттар бойынша қайтарылған соманы бөлу

      12.1. Қате жүргізілген төлемдер, алдын ала қаржыландыруға арналған кепілдіктер немесе осы Қаржылық келісім бойынша қаржыландырылатын келісімшарттар негізінде ұсынылған орындау кепілдіктері бойынша қайтарылған сома жобаға/бағдарламаға бөлінеді.
      12.2. Жалдаушы орган тендерге үміткерге немесе оған қатысушыға салған қаржылық айыппұлдар, егер оны сатып алу келісімшарт мәнмәтіні негізінде алып тастаған жағдайда, тендерлік кепілдіктер бойынша алынған қаражат, сондай-ақ Комиссияға тиесілі келтірілген залал үшін өтемақы Еуропалық Қоғамдастықтардың жалпы бюджетіне төленеді. 

5-тарау. Негізгі және қорытынды ережелер 13-бап. Қызметті жария ету

      13.1. ЕО қаржыландыратын әрбір жоба/бағдарлама тиісті хабар мен ақпараттық операциялардың мәні болады. Осы операциялар Комиссияның мақұлдауымен айқындалуы тиіс.
      13.2. Бұл коммуникациялық және ақпараттық операциялар осы операцияларды жүзеге асыру кезінде күшінде болған сыртқы операцияларды жария ету жөніндегі Комиссия белгілеген және жариялаған қағидаларға сәйкес келуі тиіс.

14-бап. Бұзушылықтарды, алаяқтықты және сыбайлас жемқорлықты болдырмау

      14.1. Бенефициар бұзушылықтарды және алаяқтықты болдырмау үшін қажетті шаралар қабылдайды және Комиссияның ұсынысы бойынша қате төленген қорды қайтару үшін талап арыз береді. Бенефициар қабылданған барлық шаралар туралы Комиссияға хабарлауы тиіс.
      14.2. «Бұзушылық» дегеніміз ЕО-ның жалпы бюджетіне немесе олар басқаратын бюджеттерге ЕО атынан жинақталған меншікті ресурстары немесе негізсіз шығыстар бабынан алынған табысты азайту немесе олардың түсімдерінің шығасылары түрінде зиян келтіріп отырған немесе келтіретін шаруашылық субъектісінің әрекетінен немесе әрекетсіздігінен қаржылық келісімдер, келісім-шарттар немесе ЕО-ның заңдары ережелерінен кез келген ауытқуды білдіреді.
      «Алаяқтық» дегеніміз:
      - ЕО-ның жалпы бюджетінің немесе олар немесе оның атынан басқарылатын бюджет қаражатын заңсыз немесе мақсатсыз ұстап қалуға әкелуі мүмкін жалған, дұрыс емес немесе толық емес құжаттаманы немесе мәліметтерді пайдалануға немесе ұсынуға;
      - ерекшелік міндеттемелерге, осындай салдарымен зиян келтіретін ақпаратты жасыруға;
      - осындай қаражатты олардың бастапқы мақсатынан басқа мақсатта заңсыз пайдалануға қатысты кез келген әдейі әрекетті немесе әрекетсіздікті білдіреді.
      Бенефициар бұзушылық немесе алаяқтық дейтіндей күдік тудыратын кез келген жағдайлар туралы Комиссияны дереу хабардар етуге тиіс.
      14.3. Бенефициар келісімшарттарды немесе гранттарды беру немесе оларды іске асырудағы рәсімнің кез келген сатысында белсенді немесе пассивті сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісін жою үшін барлық ықтимал шараларды қолдануға міндеттенеді. «Пассивті сыбайлас жемқорлық» дегеніміз ресми тұлғаның тікелей немесе делдал арқылы жеке өзі үшін немесе үшінші тарап үшін кез келген түрде сыйақы сұраған немесе алған немесе ол белгілі бір әрекет немесе әрекетсіздік жасаған кезде немесе ол ЕО-ның қаржылық мүдделеріне зиянын тигізген немесе тигізуі мүмкін ресми міндеттерін бұзудағы өз қызмет бабын пайдаланған кезде осындай сыйақы берілетініне уәде алған әдейі әрекетін білдіреді. «Белсенді сыбайлас жемқорлық» дегеніміз кімде-кімнің ресми тұлғаға жеке ол үшін немесе үшінші тарап үшін, ол белгілі бір әрекет немесе әрекетсіздік жасау үшін немесе ол ЕО-ның қаржылық мүдделеріне зиянын тигізген немесе тигізуі мүмкін ресми міндеттерін бұзуда өз қызмет бабын пайдалану үшін тікелей немесе делдал арқылы сыйақының кез келген түрін беруге уәделенуде немесе ұсынудағы әдейі әрекетін білдіреді.  

15-бап. Комиссиялардың, Алаяқтыққа қарсы күрес
жөніндегі еуропалық бөлім (OLAF) мен ЕО Есеп
комиссиясының бақылауы және тексерулері

      15.1. Комиссия, OLAF және ЕО Есеп комиссиясы Қаржылық келісім бойынша (келісімшарттар мен гранттарды беру жөніндегі рәсімді қоса алғанда) ЕО берген қорды пайдалануға құжаттамалық тексерістер және жергілікті жерлерде тексерістер жүргізеді және егер қажет болған жағдайда шоттар бойынша растау құжаттары мен бухгалтерлік құжаттар немесе жобаны/бағдарламаны қаржыландыруға қатысты басқа да кез келген құжаттар негізінде Қаржыландыру туралы келісімнің бар мерзімі және соңғы төлемнің күнінен кейін жеті жыл ішінде толық аудит жүргізу мүмкіндігімен келіседі.
      15.2. Бенефициар OLAF-тың жергілікті жерлерде ЕО-ның заңнамасында көзделген рәсімдерге сәйкес алаяқтық пен басқа қателер деп ЕО-ның қаржылық мүддесін қорғау үшін тексерістер мен бақылау жүргізуі мүмкін екендігімен келіседі.
      15.3. Осы баптың 15.1. және 15.2-тармақтарына сәйкес Бенефициар Комиссияның, OLAF-тың және ЕО есеп комитетінің лауазымды және олардың уәкілетті агенттеріне компьютерлік жүйелерді, сондай-ақ осы іс-шараларды техникалық және қаржылық басқаруға қатысты кез келген құжаттамалық және компьютерлендірілген деректерді қоса алғанда, Қаржыландыру туралы келісім бойынша қаржыландырылған іс-шаралар өткізілген орындар мен үй-жайларға қол жеткізуді қамтамасыз етуге және осы жұмыстарды жеделдету үшін барлық ықтимал шараларды қабылдауға міндеттенеді. Комиссияның, OLAF пен ЕО есеп комитетінің уәкілетті агенттері үшін қол жеткізу үшінші тарапқа қатысты қатаң құпиялылықты сақтай отырып, мемлекеттік құқықтық міндеттемелерге зиян тигізбей берілуі тиіс. Құжаттар қол жетімді және оларды қолайлы инспекциялауды қамтамасыз ететін тәртіпте тігілуі қажет және Бенефициар Комиссияға, OLAF пен ЕО-ның есеп комитетіне олардың нақты орналасқан жері туралы хабарлауы тиіс.
      15.4. Жоғарыда аталған тексерістер мен аудит ЕО қаржыландыруын алған мердігерлер мен қосалқы мердігерлерге қатысты да қолданатын болады.
      15.5. Бенефициар жергілікті жерлерде тексерістер жүргізу үшін Комиссия, OLAF пен ЕО-ның есеп комитеті тағайындаған агенттердің миссиясы туралы жазбаша хабардар етіледі. 

16-бап. Комиссия мен Бенефициар арасындағы консультациялар

      16.1. Қаржылық келісімді іске асыру немесе оны түсіндіру кезінде келіспеушіліктер мен даулар туындаған жағдайда Тараптар оларды консультациялар және келіссөздер жолымен шешеді. 

17-бап. Қаржылық келісімді өзгерту

      17.1. Тараптардың өзара келісімі бойынша Қаржылық келісімге жеке хаттамалар түрінде ресімделетін оның ажырамас бөлігі болып табылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
      17.2. Егер өзгерту туралы ұсынысты Бенефициар жасаса, онда Бенефициар бұл ұсынысты Комиссияға Бенефициар тиісінше негіздеген және Комиссия қабылдаған жағдайларды қоспағанда, осы өзгерістердің болжамды күшіне енуіне дейін кем дегенде үш ай бұрын беруі тиіс.
      17.3. Операциялық іске асыру кезеңі мен аяқтау кезеңін ұзартудың ерекше жағдайлары аталған Жалпы шарттардың 4.4 және 4.5-баптарымен реттеледі. 

18-бап. Қаржылық келісімді тоқтата тұру 

      18.1. Қаржылық келісім мынадай жағдайларда тоқтатыла тұруы мүмкін:
      - егер Бенефициар Қаржылық келісімі бойынша міндеттемелерді бұзған жағдайда, Комиссия Қаржылық келісімді іске асыруды тоқтата тұруы мүмкін.
      - егер Бенефициар адам құқығына, демократиялық қағидаттарға қатысты міндеттемелер мен заң нормаларын бұзған жағдайда, елеулі сыбайлас жемқорлыққа жол берілген жағдайларда, Комиссия Қаржылық келісімді тоқтата тұруы мүмкін.
      - Қаржылық келісім төменде көрсетілгендей форс мажор жағдайында тоқтатыла тұруы мүмкін. «Форс-мажор» дегеніміз Тараптардың кез келгеніне өз міндеттемелерін орындауға кедергі жасайтын және ол тараптардың (немесе олардың мердігерлері, агенттері немесе қызметкерлері тарпынан) қателігіне немесе ұқыпсыздықпен қарағанына байланысты емес кез келген күтпеген және айрықша ахуалды немесе оқиғаны білдіреді және де ол барлық жұмсалған күш-жігерге қарамастан, еңсерілмейтін болып табылады. Жабдықтардың немесе материалдардың ақаулар немесе оларды беруді кешіктіру, еңбек даулары, ереуілдер немесе қаржылық қиындықтар форс мажор ретінде қаралуы мүмкін емес. Тарап міндеттемелерін форс-мажорлық жағдайдайдың салдарының өз орындамағаны үшін жауапты болмайды. Форс-мажорға тап болған Тарап ол туралы ықтимал ұзақтығы мен болжамды тигізетін әсерін сипаттай отырып, екінші тарапқа дереу хабарлау, сондай-ақ ықтимал залалды барынша азайту үшін барлық шараларды қабылдауы қажет.
      18.2. Тоқтата тұру жөніндегі шешім туралы алдын ала ешқандай хабарлама берілмейді.
      18.3. Тоқтата тұру туралы хабарлама берілгенде ағымдағы келісімшарттарға немесе қол қойылуға тиіс келісімшарттарға тигізетін салдары көрсетілуі тиіс. 

19-бап. Қаржылық келісімді бұзу

      19.1. Егер Қаржылық келісімді тоқтата тұруға әкелген мәселелер ең көп дегенде, төрт ай ішінде шешілмесе, Тараптардың кез келгені Қаржылық келісімді тоқтату туралы екі ай бұрын хабарлап, оны тоқтатуы мүмкін.
      19.2. Егер Қаржылық келісімге қол қойылғаннан кейін үш жыл ішінде бір де бір төлем жүргізілмесе немесе осы кезең ішінде оны іске асыру жөнінде келісімшарттарға қол қойылмаса, мұндай Қаржылық келісім автоматты түрде тоқтатылады.
      19.3. Тоқтату туралы хабарлама ұсынылған кезде онда ағымдағы келісімшарттарға немесе қол қойылуға тиіс келісімшарттарға оның тигізетін салдары көрсетіледі. 

20-бап. Дауларды шешу

      20.1. Осы Жалпы шарттардың 16-бабында көрсетілген Тараптар арасындағы Қаржылық келісімге қатысты кез-келген дау консультациялар арқылы алты ай ішінде шешілуі мүмкін болмаса, Тараптардың бірінің ұсынысы бойынша төрелік тәртібімен шешілуі мүмкін.
      20.2. Бұл жағдайда, Тараптардың әр қайсысы төрелік туралы ұсыныстан кейін 30 күннің ішінде төрешіні тағайындайды. Мұны жасау мүмкін болмаған жағдайда, Тараптардың әрқайсысы екінші төрешіні тағайындау өтінішімен Гаагадағы Халықаралық соттың Бас хатшысына өтініш жасай алады. Өз кезегінде, екі төреші 30 күннің ішінде үшінші төрешіні тағайындайды. Мұны жасау мүмкін болмағанда, Тараптардың әрқайсысы Гаагадағы Халықаралық соттың Бас хатшысына үшінші төрешіні тағайындауға өтініш жасай алады.
      20.3. Егер төрешілер басқа шешім қабылдамаса, онда Гаагадағы Халықаралық соттың халықаралық ұйымдарды және мемлекеттерді қамтитын Төрелік қараудың диспозитивтік ережелерінде белгіленген рәсімдер қолданылады. Төрешілердің шешімдері үш айдың ішінде басым дауыспен қабылданады.
      20.4. Әрбір Тарап төрешілердің шешімдерін қолдану үшін қажетті шаралар қабылдауы тиіс.

№ 20-609 Қаржылық келісімге 2-қосымша Техникалық және әкімшілік ережелер 

ел/өңір – бенефициар

Қазақстан Республикасы

сұрау салушы орган

Қазақстан Республикасының Үкіметі

бюджеттің бабы

191002

атауы

Қазақстан Республикасында жергілікті даму KAZLOD

жалпы құны

15 млн. евро (ЕО)

жәрдемдесу әдісі/басқару режимі

Тәсілі:
(а) Тікелей орталықтандырылған басқару
(б) Бірлесіп басқару (ЭЫДҰ)

DAC коды

43010

СЕКТОР

Көпсекторлы көмек

МАЗМҰНЫ

1. Негіздеме
1.1 Экономикалық және әлеуметтік жағдай
1.2 Сектордағы жағдай
1.3 Алынған тәжірибе және толықтырушы қызмет
1.4 Донорларды үйлестіру
2. Жобаның сипаттамасы
2.1 Міндеттер
2.2 Күтілетін нәтижелер
2.3 Қызмет түрлері және орындау мерзімі
3. Орналасқан жері және жобаның ұзақтығы
3.1 Орналасқан жері
3.2 Ұзақтығы
4. Жобаны іске асыру
4.1 Ұйымдастырушылық дайындық
4.2 Есептілік
4.3 Жобаның/бағдарламаның бюджеті
4.4 Жобаның бюджетін игеру
5. Мониторинг және бағалау
5.1 Мониторинг
5.2 Бағалау
6. Ақпарат және жариялау
7. Ерекше жағдайлар
8. Қосымшалар

1. Негіздеме 1.1. Экономикалық және әлеуметтік жағдай

      Орталықтандырылған жоспарлаудан әлемдегі ең тез өсіп келе жатқан экономикалардың біріне жедел әлеуметтік-экономикалық трансформациядан кейін Қазақстанда жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) 11.369 АҚШ долларына жетті (Сатып алушылық қабілеттілік паритеті, 2009). Экономикалық өсу жалпы өмір сүру деңгейін жақсартты және кедейлік деңгейін төмендетті, ИРЧП 0804–ке жетті (2009). Дегенмен әлемдік қаржылық дағдарыстың соңғы жылдары мен елдің барлық аумағындағы экономикалық дамуды бірдей бөлмеу инвестициялар, жұмыспен қамту көлемі, кедейлік және әлеуметтік даму деңгейі бойынша бірқатар өңірлерді артта қалдырды. Қазақстан Республикасы 2010 жылы ЕҚЫҰ-ның төрағасы болды.

1.2. Сектордағы жағдай 

      Қазақстан күшті президенттік билік пен Премьер-Министрдің басшылығында 14 министрліктен тұратын Үкіметі бар біртұтас мемлекет болып табылады. Президент тағайындайтын әкімдер 14 облыс пен 2 республикалық маңызы бар қала мен астанада (Алматы, Астана) өңірлік әкімшілік құрылымдарды (әкімдіктерді) басқарады. Шешім қабылдаудың белгілі бір бөлігін өңірлерге беру бойынша алдын ала жасалған қадамдарға қарамастан, өңірлік даму үшін жауапкершілік белгілі бір дәрежеде орталықта қалуы жалғасып келеді.
      Бүкіл елдегі экономикалық өсу қарқынын бөлудің біркелкі болмауы бірқатар өңірлердің инвестициялар, жұмыспен қамту көлемі, кедейлік және әлеуметтік даму саласында едәуір артта қалуына әкеп соқтырды. «Жоғарыдан төменге» және «төменнен жоғарыға» басқару қағидаттарын біріктіре отырып, Үкімет өңірлік конвергенция мен өз өңірлерін дамыту үшін облыстық әкімшіліктердің жауапкершіліктерін арттыруға ықпал ету бойынша маңызды шешімдер қабылдап келеді. Бұл түпмәтінде негізгі элементтер: (а) жергілікті билік органдары үшін құқықтық және институционалдық базаны реформалау (мысалы, жергілікті өзін-өзі басқару туралы жаңа заң, 2009), (б) мемлекеттік қызмет көрсету бойынша және облыстық экономикалық даму саласында жергілікті әкімшіліктердің өкілеттіктерін кеңейту (мысалы, Дағдарысқа қарсы Жол картасы 2009/2010, әкімшілік қызмет көрсету үшін «бір терезе» орталықтарын басқару бойынша облыстық әкімшіліктерге өкілеттіктер беру туралы шешім (2010), жаңа Бюджет кодексін облыстық деңгейде іске асыру (2010), Президенттің 2010 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы, онда негізінен өңірлік даму және облыс әкімдерінің жауапкершіліктерін арттыру мәселелеріне және (в) облыстарда өндіруші өнеркәсіптен басқа әл-ауқаты төмен өңірлерде инвестицияларды дамытуға көңіл аударылған.
      ЕО (ЕО елдері мен өңірлері мәселелері жөніндегі ЕК-нің Бас директорлығы) қаржыландыратын Еуропаға таныстыру сапарлары мен өңірлік даму мен жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі басқа да іс-шаралар осы салаларда үкімет саясатының қалыптасуына ықпал етеді.
      Бұл жаңа оқиғалар бұрын елеулі дәрежеде орталық Үкімет тарапынан нұсқаулар мен қолдауға сүйеніп қалған облыстық әкімшіліктерге күрделі проблемалар туғызып келеді. Жаңа қағидаларға сәйкес олар облыстардың даму, инвестицияларды тарту, дамудағы ақтандақтарды анықтау және жою, тиісті институционалдық және жеке мүмкіншіліктерді нығайту, басқарушы құрылымдарды дамыту стратегияларын әзірлеу мен енгізуге және бюджет көлемін бөлу саласында жауапкершілікті қабылдауға тиіс болады. Сонымен қатар, орталық мемлекеттік органдар қадағалау, қызметті бағалау және мониторинг, әлеуетті өсіру және қолдау сияқты кейбір функцияларын сақтап қалады. Үкіметтік емес талдау орталықтары осы саладағы оқиғаларды қадағалап және талдап отырады.
      Әзірлеу кезеңі барысында анықталған нақты проблемалар жергілікті даму, «бір терезе» орталықтарын басқару арқылы толыққанды әкімшілік қызмет көрсету және жергілікті жерлерде экономикалық белсенділікті көтермелеу саласындағы қызмет үшін жаңа институционалдық негізді пысықтауға және енгізуге қатысты болады.

1.3. Алынған сабақтар және өзара толықтырушылық

      ЕО, сондай-ақ даму бойынша басқа да халықаралық әріптестер бұрын орталық деңгейде (заңнама, реттеу), сол сияқты жергілікті деңгейде (азаматтық қоғамның қатысуы, жергілікті даму стратегиялары) де жергілікті даму бойынша қызметтерді қаржыландырып келген. Бұл ұсыныс бұдан алдыңғы мынадай іс-шаралардың мынадай: (I) қызметті Үкіметтің саяси, ұйымдық және мерзімдік шеңберлеріне біріктіру қажеттілігі (мүдделілікті арттыру), (II), Үкіметтің негізгі құрылымдарымен стратегиялық диалогты сақтау үшін (Премьер-Министр Кеңсесі), (III) келесі кезеңді озық тәжірибе мен сабақтарды ескеру мақсатында жергілікті жерлерде қатысуды қамтамасыз ете отырып және өңірлердің ерекшеліктерін ескере отырып, ЕО қолдауын пилоттық өңірлерде шоғырландыру, (V), ЕО-ның ішкі білімі мен кәсіби тәжірибесін пайдалану, (VI) азаматтық қоғамның қатысуын қамтамасыз ету және жергілікті зерттеу орталықтарының талдамалық мүмкіндіктерін пайдалану сияқты негізгі сабақтарын есепке алады.
      Жоба біріктірілген және ұлттық стратегияның жүзеге асырылуына ықпал етуге бағытталған, ол ЕО-ның бұрынғы және қазіргі бастамаларының негізінде және түпмәтінінде әзірленген. Ол өзіне жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңнаманың әзірленуін (2006/08), PDAP–тың ағымдағы жобасына сәйкес заңнаманы жүзеге асыруды қолдау үшін эксперименталдық іс-шараларды (2007/2010), сондай-ақ жергілікті билік органдары мен мемлекеттік емес құрылымдарға (Маңғыстау облысы мен Шығыс Қазақстанда) азаматтық қоғамды нығайтуға, жергілікті жерлерде шешім қабылдауға тарту және есеп беруде көмектесу жобалары үшін көзделген бюджет желісі шеңберінде іс-шараларды қолдауды қамтиды. Таңдалған пилоттық облыстар сондай-ақ маңызды бірлескен қызмет үшін мүмкіндіктер жасай отырып, ЕО қаржыландыратын басқа да бағдарламалардан (денсаулық сақтау; кәсіптік - техникалық білім беру; қоршаған ортаны қорғау) қолдау алады. Ұсынылатын іс-шаралар ЕО қаржыландыратын ағымдағы және бұдан алдыңғы жобалардың қисынды және стратегиялық жалғасы болып табылады.
      Жергілікті өзін-өзі басқаруды және жергілікті дамуды қолдаудың бұдан бұрынғы және ағымдағы тәжірибелері бар ұйымдарға ЮСАИД, БҰҰДБ, ЕҚДБ, сондай-ақ бірқатар үкіметтік емес ұйымдар кіреді, олардың кейбіреулері бюджеттің тақырыптық бөлімдері шеңберінде қаржыландырылған ЕО жобаларын іске асырды. Осы ұсынысты әзірлеу барысында алынған сабақтарды ескеру мақсатында бұл ұйымдармен консультациялар өткізіліп отырды.

1.4. Донорлардың қызметін үйлестіру

      Ұсынылып отырған жоба өңірлік және жергілікті деңгейде ұлттық саясатты қолдау бойынша донорлар қаржыландыратын жалғыз ірі ауқымды жоба болып табылады. Облыстық деңгейде донорлардың қызметін үйлестіру облыстық әкімшіліктердің басшылығымен жүргізілетін болады. Орталық деңгейде Премьер - Министрдің Кеңсесі осы саладағы негізгі үйлестіруші орган болады. Донорлар арасында жергілікті даму жөніндегі тақырыптық топ БҰҰДБ, МСО, ЕҚДБ, Дүниежүзілік Банк, ЮСАИД және ЕО-лардың шақырылуымен/қатысуымен құрылды. Басқа донорлар жүргізетін қызметтің қайталану тәуекелі жоқ.

2. Сипаттама

      ЕО аумақтық даму, жергілікті өзін-өзі басқару және даму саласындағы жергілікті саясатқа қатысты мәселелерде өте бай тәжірибеге ие. ЕО ел үшін осы бағдарламаның елеулі үлес қосуы үшін платформаны қамтамасыз ете отырып, Қазақстанда тиісті субъектілер мен стратегияларды қолдауда қатысқан. Ұсынылып отырған жоба осы саладағы ЕО қолдауының бұдан алдыңғы жобаларының қисынды және стратегиялық жалғасы болып табылады және ұлттық деңгей мен пилоттық облыстар (Маңғыстау, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында) деңгейінде мүдделі органдармен кеңесе отырып әзірленді. Жоба жоғары Үкіметтік деңгейде бекітілген (Премьер-Министр Кеңсесі) және ұлттық және жергілікті билік органдары ілгерілететін және жүзеге асыратын стратегиялармен біріктірілген. Осы стратегияларды қолдай отырып, жоба жергілікті және өңірлік даму мәселелері бойынша стратегиялық салаларда әлеуетті орнықты дамыту бойынша консультативтік көмек пен қолдау көрсететін болады.
      Қолайлы болу үшін алдын ала қисынды шеңбер ұсынылады. Ол Қаржылық келiсiмді қаржыландыруға өзгерiстер енгiзу қажеттiлігісiз қоса берілетін жалпы жұмыс жоспарында, өзгертілуі және бейімделуі мүмкін.

2.1. Мақсаттар

      Жалпы мақсат жергілікті экономиканы дамыту, сондай-ақ облыстық әкімшіліктердің міндеттері мен мүмкіндіктерін күшейту жолымен барынша біркелкі өңірлік даму мен өңірлерде өмір сүру деңгейін арттыруға көмек көрсетумен тұжырымдалады.
      Нақты мақсат: (а) жергілікті деңгейде дамуға ықпал ететін келісілген заңнамалық және институционалдық негіз әзірлеу мен енгізуді қолдауды және (б), үш пилоттық облыста (Маңғыстау, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында) жергілікті даму саясатын жақсартуға көмек көрсетуді қамтиды.

2.2. Күтілетін нәтижелер

      Ұсынылып отырған жобаның үш стратегиялық негізі қолданыстағы мемлекеттік стратегиялар мен заңнамада бекітілген жергілікті даму саласындағы саясат мәселелері бойынша консультацияны, саясаттың әртүрлі функцияларына (стратегия, енгізу, басқару, бақылау, қадағалау, қолдау) қатысты жергілікті даму үшін және әкімшілік қызмет көрсету саласындағы әлеуетті дамытуды («бір терезе» орталықтары арқылы) қолдауды, сондай-ақ даму саласында жергілікті инновациялық бастамалар (жергілікті өзін-өзі басқару және мемлекеттік емес құрылымдарды қолдау жөніндегі жоба) үшін гранттар беруді қамтиды. Бастапқы кезеңде қызметтің стандарттары мен көрсеткіштері айқындалатын болады. Жоба үш негізгі құрамдауыштан тұрады:
      біріктірілген және стратегияларды қолдайтын, ұлттық және жергілікті деңгейлерде іске асырылатын жоба (R1) жергілікті мекемелер мен даму стратегиялары үшін институционалдық негіздерді жетілдіруге, (R2) жергілікті даму мен азаматтарды тарту саясатын жақсартуға, (R3) бір терезе орталықтарының әкімшілік қызмет көрсету тиімділігін арттыруға, (R4) жергілікті даму субъектілері үшін біліктілік жүйесін нығайтуға және (R5) жергілікті экономиканы нығайтуға ықпал ететін болады.
      KAZLOD жобасы жергілікті даму саласындағы әлеуетке және басқаруға екпін беретін, осылайша, тиімді басқарудың (стратегиялық жоспарлау мен ресурстарды бөлу әлеуеті; қатысу, ашықтық және есеп беру) негізгі аспектілеріне жәрдемдесетін сектораралық жоба болып табылады. Гендерлік мәселелерге әсіресе, әйелдер тобының қатысуын көтермелеу және осындай мәселелерді оқыту стратегиясына енгізу жолымен ерекше көңіл бөлінеді.

2.3. Қызмет түрлері және атқару мерзімдері № 1 құрамдауыш: Жергілікті даму саласындағы ұйымдастыру,
саясат және көрсетілетін қызметтер

      R1 Жергілікті даму саласындағы саясатты жетілдіру үшін институционалдық база құру.
      R1.1 Жергілікті даму саласындағы заңдарды, ұлттық стратегияларды, жарлықтарды, регламенттер мен тиісті жұмыс жоспарларын қабылдау және жетілдіру;
      R1.2 Нәтижелілікті бағалау үшін ақпараттық жүйені қолданысқа енгізу және жұмыстың нәтижелілігі туралы шоғырландырылған ақпарат беру;
      R1.3 Шот жүргізу комитеттерінің облыстық деңгейдегі әлеуетін нығайту;
      R1.4 Жергілікті даму мәселелері жөнінде байқау орталықтарын іске қосу;
      R1.5 Жергілікті даму мәселелерін жоспарлау және мониторингі үшін институционалдық базаны қатарға енгізу. 

Негізгі іс-шаралар:

      1. Реформаны іске асырудың ағымдағы жай-күйін шолу.
      2. Жергілікті даму саласындағы заңнаманы жетілдірудің бас жоспарын әзірлеу, іске асыру және саясат мониторингі бойынша ведомствоаралық жұмыс тобына жәрдемдесу.
      3. Облыстық есеп комитеттерінің әлеуетін және қаржылық есептіліктің басқа да тетіктерін нығайту үшін «жол картасын» әзірлеу.
      4. Ғылыми-зерттеу институтының жанында жергілікті даму саласындағы қадағалау орталықтарын құруға өтінімдер конкурсы туралы хабарландыру жариялау.
      5. Ғылыми-зерттеу институттары мен жергілікті даму саласындағы саясатты әзірлеушілер арасында байланысты нығайту.
      Кезектілік: А1-3 құрамдауыштары сервистік келісімшартқа қол қойылғаннан кейін дереу іске асырылатын болады. А4 құрамдауышы шеңберінде өтінімдер конкурсы туралы хабарландыру Қаржылық келісімге қол қойылғаннан кейін 8 ай ішінде жарияланатын болады. Грант беру туралы келісімшарт 48 айға дейін қолданылатын болады. 

      R2 Пилоттық облыстарда жергілікті даму саясатын жетілдіру және азаматтық қоғамның рөлін нығайту
      R2.1 Облыстық және басқа да төменгі басқару деңгейлері жергілікті даму саясатын неғұрлым тиімді жоспарлау (оның ішінде жетілдірілген географиялық ақпараттық жүйелер арқылы) жіне бюджеттеу мүмкіндіктеріне ие;
      R2.2 Пилоттық облыстар мен төменгі басқару деңгейлері стратегиялық жоспарларын қабылдады және іске асыруда;
      R2.3 Жоспарлау, мониторинг және бағалау үшін статистикалық құралдар мен деректер жинау тетіктерінің тиімділігі арттырылды;
      R2.4 Сұрау салуға сәйкес қысқа мерзімді сараптамалық қолдау көрсетілді;
      R2.5 Пилоттық облыстардың әкімшіліктері мен мемлекеттік емес қатысушылар үшін грант арқылы жергілікті даму саласында нақты бастамаларға қолдау көрсетілді;
      R2.6 Жергілікті даму мен жергілікті мемлекеттік қызметтер саясатына қатысты шешімдер қабылдауда азаматтар мен азаматтық қоғамның мәні көтерілді.

Негізгі іс-шаралар:

      1. Пилоттық облыстардағы стратегиялық жоспарлау саласында, сондай-ақ оны жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу, іске асыру және іс-қимылдар мониторингі үшін институционалдық бағдарға шолу.
      2. Облыстардың саяси функцияларына қатысты деректер жинау рәсімдерін қайта қарау.
      3. Жергілікті даму түпмәтінінде пилоттық облыстардың талаптары бойынша қысқа мерзімді нақты сараптамалық қолдау көрсету.
      4. Облыстар әкімшіліктері мен мемлекеттік емес қатысушылар ұсынған жергілікті даму саласындағы бастамаларды іске асыру үшін өтінімдер конкурсы туралы хабарландыру жариялау.
      5. Жергілікті даму саласында еуропалық ұйымдармен (қауымдастықтармен, институттармен, ғылыми-зерттеу зертханаларымен) байланыс орнату және нығайту.
      6. Пилоттық облыстардың тәжірибесін еліміздің басқа бөліктерінде енгізу үшін «жол картасын» әзірлеу.
      7. Пилоттық облыстарда жобаларды іске асыру тәжірибесін зерделеу және оны басқа облыстарға көшіру үшін ұсынымдар дайындау.
      Кезектілік: А1-3 құрамдауыштары әрбір пилоттық облыста жергілікті қысқа мерзімді сарапшылардың қолдауымен жұмыс істейтін ұзақ мерзімді консультанттардың болуын болжамдайтын сервистік келісімшарттар шеңберінде іске асырылған; А4 құрамдауышы Қаржылық келісімге қол қойылғаннан кейін 8 ай ішінде іске асырылатын болады, одан кейін мерзімі 48 айға дейін әрекет ететін грант беру туралы келісімшарттарды орындау басталады. А5-8 құрамдауыштары бастапқы саты аяқталған сәттен бастап сервистік келісімшарттың қолданылу мерзімі ішінде және бірлесіп әзірленген жартыжылдық жұмыс жоспарлары негізінде іске асырылатын болады.

      R3 ХҚКО-лардың жетілдірілген менеджменті (әсіресе пилоттық облыстарда)
      R3.1 Беру және ХҚКО-лардың тиімді жұмыс істеуі үшін бас жоспар әзірлеу;
      R3.2 Үкіметтің қадағалау функцияларын, оның ішінде нәтижелілікті бағалаудың балама тетіктерін құру арқылы нығайту;
      R3.3 ХҚКО-лардың халық үшін, айрықша төменгі басқару деңгейінде қол жетімділігін арттыру;
      R3.4 ХҚКО-лардың реттеушілерінің, супервайзерлерінің, менеджерлерінің, қызметкерлері мен клиенттерінің институционалдық және жеке мүмкіндіктерін нығайту;
      R3.5 Электрондық үкімет жүйесінің пайдаланылу және қол жетімділік ауқымын кеңейту.

Негізгі іс-шаралар:

      1. ХҚКО-ларды облыстық әкімдіктерге беру жөніндегі жоспардың іске асырылу жай-күйіне шолу мен институционалдық бағыт-бағдар, функциялар, рөлдер мен міндеттерге қатысты сараптамалық қолдау.
      2. Өңірлерде ХҚКО-ларды басқару сапасының мониторингі мен бағалау үшін база (тетіктер, ұйымдастыру, мүмкіндіктер) әзірлеу.
      3. ХҚО-лардың менеджментімен шұғылданатын пилоттық әкімшілік департаменттерін іске асыру жоспарын келесі деңгейге көшіру, нәтижелілік мониторингі мен бағалауы, сапа стандарттарын әзірлеу және іске асыруда қолдау.
      4. Өңірлік оқу орталықтарын ХҚКО-лардың әртүрлі функцияларын ескере отырып, оқу бағдарламалары мен жұмыс рәсімдерін (менеджмент, операциялық жұмыс, қадағалау) әзірлеуде қолдау.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің электрондық тәсілдерін одан әрі дамыту мәселелерінде облыстық әкімшіліктерге консультациялар беру.
      6. ХҚКО-лардың қызмет көрсетуі мен олардың сапасына қатысты азаматтық қоғамның/ клиенттердің рөлдері мен мүмкіндіктерін нығайту үшін өтінімдер конкурсы туралы хабарландыру жариялау.
      Кезектілік: А1-5 құрамдауыштары уақытша қысқа мерзімді сарапшылардың қолдауымен жұмыс істейтін ұзақ мерзімді консультанттар мен олардың жергілікті ассистенттерінің тұрақты түрде қатысуын болжамдайтын сервистік келісімшарт шеңберінде іске асырылатын болады. Тұтынушы ұйымдар мен пилоттық облыстардың азаматтық қоғам институттары үшін өтінімдер конкурсы туралы хабарландыру Қаржылық келісімге қол қойылғаннан кейін 8 ай ішінде жарияланатын болады. Грант беру туралы келісімшарттар 48 айға дейін қолданылатын болады.

      R4 Жергілікті даму саласында жоба қатысушыларының әлеуетін нығайту
      R4.1 Жергілікті даму саласында ұлттық біліктілік жүйесін әзірлеу, қабылдау және іске асыруды бастау (ХҚКО-ларды қоса алғанда);
      R4.2 Жергілікті даму саясатын жоспарлау, іске асыру және мониторинг түпмәтінінде жергілікті қатысушыларының әлеуетін нығайту;
      R4.3 Еуропалық жергілікті билік органдарымен, сондай-ақ пилоттық облыстар арасында тәжірибе алмасу; Алынған тәжірибенің кейіннен оны басқа облыстарда да пайдалану үшін пайдалылығын арттыру;
      R4.4 Пилоттық облыстардың қызметкерлерін оқытуға мамандандырылған өңірлік оқу орталықтарында жергілікті қатысушылар үшін сапалы білім берілуін қамтамасыз ету. 

№ 2 құрамдауыш: Жергілікті экономиканың бәсекеге қабілеттілігі

      Өңірлік дамудың Үкімет атап өткен кемшіліктерінің бірі мұнай/газ секторынан тыс тікелей шетелдік инвестициялардың болмауы болып табылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің өтініші бойынша және Қазақстанның экономикасын әртараптандыру жөніндегі ағымдағы бағдарламаның негізінде осы құрауышты «Өңірлік шағын және орта бизнесті дамытудағы тікелей шетелдік инвестициялардың рөлі» атты жоба шеңберінде Экономикалық ынтымақтастық пен дамуды ұйымдастыру (ЭЫДҰ) іске асырады. Осы жоба да №1 және 2 құрамдауыштар іске асырылатын пилоттық облыстарда жүзеге асырылатын және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаржыландыратын болады.
      R5 Пилоттық облыстарда жергілікті экономиканы нығайту
      R5.1 Пилоттық облыстарда инвестицияларды жылжыту бойынша жоспарды бекіту және іске асыруды бастау;
      R5.2 Инвестиция тарту және шағын және орта бизнесін дамыту үшін институционалдық база мен мүмкіндіктерді жетілдіру;
      R5.3 Пилоттық облыстар деңгейінде Құзыретті билік органдары мен жеке сектор ұйымдары арасындағы диалогты қамтамасыз ету;
      R5.4 Тікелей шетелдік инвестициялар (ЭЫДҰ әдіснамасы бойынша) арқылы шағын орта бизнес менеджменті бойынша мүмкіндіктерді нығайту. 

Негізгі іс-шаралар:

      1. Облыстар деңгейінде әлеуетті бәсекеге қабілеттілік саласына шолу.
      2. Пилоттық облыстарда инвестицияларды жылжыту бойынша жоспарды әзірлеу және іске асырылуын қолдау.
      3. Пилоттық облыстарға тікелей шетелдік инвестициялар тарту мақсатында тиісті мемлекеттік ережелерді жетілдіруге ықпал ету.
      4. Шағын жеке бизнестің жолындағы негізгі кедергілерді айқындау және оларға төтеп беру бойынша ұсынымдар дайындау.
      5. Болашақтағы тренерлерді оқыту жолымен шағын және орта бизнес менеджменті бойынша мүмкіндіктер жасау.
      6. Жеке секторды алға жылжытудың институционалдық және жеке мүмкіндіктерін әзірлеуде пилоттық әкімшіліктердің инвестициялар жөніндегі департаменттері мен жеке секторға көмек көрсету.
      7. Өңірлерде инвестицияны жылжытудың жалпы стратегиясындағы мониторинг жүйесін іске асыру.
      Кезектілік: Осы құрамдауыш ЭЫДҰ–мен ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде іске асырылатын болады. А2-7 құрамдауыштары ҚР Үкіметі қаржыландырған жобаның бірінші фазасы (А1) нәтижелеріне негізделетін болады. А2-7 құрамдауыштары жобаның бүкіл қолданылу мерзімі ішінде іске асырылатын болады. 

3. Жобаның орналасқан жері және ұзақтығы 3.1. Жобаның орналасқан жері

      Жоба Қазақстан Республикасында іске асырылады. Сервистік келісімшарт шеңберінде жалға алынған техникалық ассистенттер Астана қаласында және үш пилоттық облыста болады.

3.2. Жобаның ұзақтығы

      Қаржылық келісімді іске асыру кезеңі 84 айды құрайды және Бас шарттардың 4.1-бабына (осы Қаржылық келісімге 1-қосымша) сәйкес екі сатыдан тұрады.
      - Операциялық саты Қаржылық келісім күшіне енуімен басталады және 60 айға созылады;
      - Аяқталу сатысының ұзақтығы 24 ай, операциялық саты аяқталғаннан басталады.
      Жалпы шарттардың 6-бабына (осы Қаржылық келісімге 1-қосымша) сәйкес Қаржылық келісімді іске асыру туралы келісімшарттарға Қаржылық келісім күшіне енгеннен кейіннен (бағалау мен аудит жүргізуге келісімшарттардан басқасы)1 үш жылдан кешіктірілмей қол қойылуға тиіс. Бұл мерзім ұзартылуы мүмкін емес.
____________________________
1 Егер тиісті қаржылық шешімді Еурокомиссия 2007 жылдың 1 мамырына дейін қабылдаған болса, ондай жағдайда Қаржылық келісімді іске асыру туралы келісімшарттарды жасасу (бұдан алдыңғы Қаржылық регламентке сәйкес) тиісті қаржылық шешім қабылданған күннен бастап үш жыл ішінде орындалуға тиіс.

4. Жобаны іске асыру  4.1. Ұйымдастыру схемасы мен міндеттер 

      Жоба ЕО-ның Қазақстан Республикасындағы Өкілдігі арқылы іске асырылатын болады.
      Жобаны іске асырудың жалпы бағыттарын қадағалау және бекіту (сондай-ақ егер ондайлар айтылған болса өзге де міндеттерді орындау) үшін жалпы Басшылық етуші комитет құрылатын болады. Ол жылына екі рет жиналады және құрамында мыналар болады:
      - бенефициар елдің Экономикалық даму және сауда министрлігі жанындағы Ұлттық үйлестірушінің өкілі;
      - Премьер-Министр Кеңсесінің өкілі;
      - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілі;
      - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің өкілі;
      - әрбір пилоттық облыс әкімшілігінің өкілі;
      - Қазақстан Республикасындағы ЕО Өкілдігі Басшысының өкілі;
      - техникалық көмек көрсету командасының өкілі (ТК).
      Қазақстан Республикасындағы ЕО Өкілдігі мынадай шарттарды (келісімшарттарда, келісімдерді) жасасады:
      ЕО-ның Қазақстан Республикасындағы Өкілдігі тендерлік рәсім нәтижелері бойынша бір сервистік келісімшарт (№ 1 және 2 құрамдауыштар), ЭЫДҰ-мен (№ 3 құрамдауыш) ынтымақтастық туралы бір келісім және өтінімдер конкурсының қорытындылары бойынша тиісті грант беру туралы келісімшарттарды жасасады. Негіздемелік, әсіресе өтінімдердің бастапқы конкурстарын әзірлеуге көмек көрсету үшін келісімшарттар жасасуға қаражат мөлшері шектеулі (0,6 млн.евро) бөлінетін болады. Өзара толықтырып отыруды қамтамасыз ету үшін Басшылық етуші комитет жобаны барлық құрамдауыштарының іске асырылуын тексеріп отыратын болады. Пилоттық облыстарға тұрақты болып тұратын сапарлар барысында барлық бағдарламалық құрамдауыштардың іске асырылуына мониторинг жүзеге асырылып отыратын болады.
      (I) Сервистік келісімшарт (ең көбі 7,2 млн. евро). ЕО-ның ТК саласындағы бас стратегиясына сәйкес сервистік келісімшарт басқарудың орталық және жергілікті деңгейлерінде тиісті мемлекеттік органдардың құзыреттілігін құрылымдық арттыруда саяси басшылық етуге және қолдауға тиіс. Әрбір пилоттық облыста жергілікті қызметкерлердің қолдауымен бір халықаралық сарапшы тиісті облыстық әкімшілік құрылымға техникалық ықпал ететін және облыстық деңгейде жобалық іс-шаралардың іске асырылуын үйлестіруде көмек көрсететін болады. Бір тұрақты және бір халықаралық сарапшы жергілікті қызметкерлердің қолдауымен ішінара айналыса отырып, басқарудың орталық деңгейінде техникалық көмек көрсетіп, сондай-ақ ТК командасының жұмысын жалпы үйлестіріп отыруды, пилоттық облыстар арасында тәжірибе алмасу және оны кейіннен басқа облыстарда да пайдалануды қамтамасыз ететін болады. Қысқа мерзімді қолдау талаптары бойынша осы («саяси консультациялардың өңірлік бағдарламасы - СКӨБ») бағдарламаға байланысты пилоттық облыстар әкімшіліктеріне, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдарға көрсетілетін болады. Көрнекілікті қамтамасыз ету осы сервистік келісімшарттың бір бөлігі болып табылады. Жобаға Басшылық етуші комитет Премьер-Министр Кеңсесі Басшысынан (төраға), Әділет министрлігі жанындағы ХҚКО-лармен жұмыс жөніндегі комитет төрағасынан, пилоттық облыстардың және ТК командасының қолдауымен Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы Өкілдігінің өкілдерінен тұрады.
      (II) Ынтымақтастық туралы келісім (ЕО-дан 4 млн. евро). ЭЫДҰ кандидатурасы бенефициар мен Қазақстан Республикасындағы ЕО Өкілдігі арасындағы келісу бойынша «Экономикалық әртараптандыруға жәрдемдесу» (ағымдағы) жобасын (ЕО мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қоса қаржыландыруы кезінде) қанағаттанарлық іске асыру және ЭЫДҰ-ның инвестициялық даму мүмкіндіктері негізінде таңдалды. Өзара толықтырып отырудың жоғары дәрежесіне ЭЫДҰ-ның «Орталық Азия Инвест» бағдарламасына қатысуы арқылы қол жеткізілді.
      (III) Гранттар беру туралы келісімшарттар (ең көбі 3 млн. евро + 10%-дан астам бірлесе қаржыландыру). Гранттармен байланысты құрамдауыш, пилоттық облыстардың аумағында (мемлекеттік емес қатысушылар мен жергілікті билік органдары үшін 2,1 млн.евро) жергілікті даму саласындағы бастамаларды іске асыруға, сондай-ақ жергілікті даму саласындағы азаматтық қоғамның рөлін ұлттық деңгейде нығайтуға (0,9 млн. евро, деректер болжамды) көмек көрсететін болады. Келісімшарттар өтінімдер конкурстарының қорытындылары бойынша жасалатын болады, оларда тиісті тәжірибесі мен мүмкіндіктері бар халықаралық ұйымдар қатыса алады.
      Бұдан басқа, іске асыру (0,6 млн. евро) және аудит/мониторинг бойынша (0,2 млн. евро) негіздемелік келісімдер жасасуға болады. 

4.2. Есептілік

      Ынтымақтастық туралы келісім шеңберіндегі есептілік бойынша талаптар Қаржылық келісімге қол қойылғаннан кейін ұсынылатын болады. Сервистік келісімшарттар мен грант беру туралы келісімшарттарға қатысты есептілік бойынша талаптар техникалық тапсырмада келтірілетін болады. Дегенмен есептер Басшылық етуші комитетке кем дегенде әрбір алты айда тапсырылатын болады. 

4.3. Жобаның/бағдарламаның бюджеті

      Жобаның жалпы құны 15,0 миллион евромен бағаланады, одан 15,0 миллион евро DCI AAP 2010 (Central Asia RSP) бағдарламасы шеңберінде ЕО-ның жалпы бюджетінен бөлінеді. 

               Көрнекі бюджет (іс-шараларға бөле отырып)

Санаттар

ЕО салымы

Қоса қаржыландыру (мемлекеттік емес қатысушылар)

Барлығы (млн. евро)


Евро (000)

Евро (000)

Евро (000)

№ 1 іс-шара: Жергілікті және өңірлік дамудың институционалдық базасын жетілдіруде жәрдемдесу 
Сервистік келісімшарт, грант беру туралы келісімшарт

3,45

0

3,5

№ 2 іс-шара: Пилоттық облыстарда жергілікті даму саясатын жетілдіруде жәрдемдесу
Сервистік келісімшарт, грант беру туралы келісімшарт

3,1

0

3,1

№ 3 іс-шара: Пилоттық облыстарда менеджмент пен ХҚКО-лар құру жолдарын жетілдіруде жәрдемдесу
Сервистік келісімшарт, грант беру туралы келісімшарт

3,45

0

3,45

№ 4 іс-шара: Пилоттық облыстарда жеке сектордың белсенділігін арттыруда жәрдемдесу
ЭЫДҰ-мен ынтымақтастық туралы келісім

4,0

2,0

4,0

Коммуникация/көрнекілікті қамтамасыз ету
(негізгі сервистік келісімшарттың бір бөлігі)

0,2

0

0,2

Басқа (негіздемелік келісімшарттар)

0,6

0

0,6

Алдын ала көріп білмеген шығыстарға қаражат

0

0

0

Мониторинг, сыртқы бағалау және аудит

0,2

0

0,2

ЖИЫНЫ

15,0

0

15,0

4.4. Жобаның/бағдарламаның бюджетін игеру

      ТК командасы ЕО-ның Қазақстан Республикасындағы Өкілдігімен жасалатын сервистік келісімшарттар арқылы жалданатын болады. Сервистік келісімшарттардың шеңберінде оқып-үйрету және құзыреттілікті арттыру саласында іс-шаралар, оның ішінде семинарлар, тренингтер, оқу тапсырмалары мен көрнекілікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар өткізу көзделген.
      Мониторингке, бағалауға және аудитке арналған келісімшарттар ЕО-ның Қазақстан Республикасындағы Өкілдігімен сервистік келісімшарттар негізінде жасалатын болады.
      Ынтымақтастық туралы бір келісім жобаны іске асырудың ұсынылатын жоспарын Ұлттық үйлестіруші мақұлдағаннан кейін ЭЫДҰ-мен қол қойылатын болады.
      Грант беру туралы келісімшарттар жергілікті өтінімдер конкурстары өткізілгеннен кейін жасалатын болады.

5. Мониторинг және бағалау 5.1. Мониторинг

      Жоба шеңберінде мониторинг бойынша төмендегі мынадай талаптар көзделеді:
      1. ТК командасы мемлекеттік қызметтің және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің менеджмент сапасын арттыру үшін нәтижелілікті бағалау және мониторинг тетігін негізгі бенефициарлармен тығыз ынтымақтастықта әзірлейді және Басшылық етуші комитетке ұсынады.
      2. ЭЫДҰ-мен ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде жобаны іске асыру бойынша ішкі әдіснамаға негізделген басқарудың практикалық индикаторларының мониторинг тетігін ЕО-ның Қазақстан Республикасындағы Өкілдігі мен Премьер-Министр Кеңсесіне ұсынады және олармен келіседі.
      Техникалық тапсырмамен жұмыс істеу барысында әзірленуі жүзеге асырылатын индикаторлардың көрнекі жинағы қоса берілген қисынды шеңберге енгізілген.
      Еуропалық Комиссия нақты техникалық тапсырмалар бойынша тікелей жалдаған тәуелсіз консультанттар нәтижеге мақсатталған сыртқы мониторингті жүзеге асыратын болады (жұмыстардың басталуы шамамен жобаның алтыншы айынан бастап, ал операциялық саты аяқталғанға дейінгі алты ай бұрыннан кешікпей аяқталады).

5.2. Бағалау      

      a) Еуропалық Комиссия нақты техникалық тапсырмалар бойынша тікелей жалдаған тәуелсіз консультанттар сыртқы бағалауды жүзеге асыратын болады, атап айтқанда:
      - орташа мерзімді бағалау;
      - қорытынды бағалау (қорытынды сатысының басында);
      - іс жүзіндегі бағалау (мүмкін).
      б) Бенефициар мен Еуропалық Комиссия орта мерзімді бағалау барысында жасалған тұжырымдар мен ұсынымдарды талдайды және қажет болса, жобаның бағдарын өзгертуді қоса алғанда, кейінгі іс-қимылдар мен кез келген талап етілетін түзетулер туралы бірлескен шешім қабылдайды. Мониторинг және бағалау бойынша қалған миссиялар туралы есептер жасалған ұсынымдарды назарға алу үшін Бенефициарға берілетін болады.
      в) Еуропалық Комиссия сыртқы миссиялар басталуына дейін кем дегенде бір ай бұрын Бенефициарды хабардар етуге міндеттенеді. Бенефициар мониторинг және/немесе бағалау бойынша сарапшылармен тиімді ынтымақтасуға, оларға барлық қажетті ақпарат пен құжаттарды беруге, сондай-ақ жоба іске асырылатын жерге және басқа да іс-шараларға рұқсат беруге міндеттенеді.

6. Ақпарат және жария ету

      Ынтымақтастық туралы келісім, сервистік келісімшарт және гранттар беру туралы келісімшарттар іске асырылып отырған жобаның түпмәтінінде ЕО іс-қимылдарының көрнекілігінің қамтамасыз етілуі туралы тиісті ережелерді қамтитын болады. Сервистік келісімшартты іске асырудың бастапқы сатысының ішінде мердігер (келісімшартшы) көрнекілігінің қамтамасыз етілуі бойынша жоспарды әзірлейді және бекітуге Көрнекілікті қамтамасыз ету жөніндегі комитетке ұсынады.

7. Қосымшалар      

      1-қосымша – Қисынды шеңбер.

1-қосымша Қисынды шеңбер

Қазақстанда жергілікті дамуды қолдау


Жоба негіздемесі

Жұмыстың объективті тексерілетін көрсеткіштері

Тексерудің көздері мен тәсілдері

Болжамдар

1

2

3

4

5

Жалпы мақсаты

Жергілікті экономиканы дамыту, сондай-ақ облыстық әкімдіктердің міндеттері мен мүмкіндіктерін күшейту жолымен барынша қалыпты өңірлік дамыту және өңірлердегі өмір сүру деңгейін арттыруға жәрдемдесу

Өңірлер арасындағы даму қарқынындағы айырмашылық қысқарды (яғни, кедейлік деңгейлерінде). 

Орташа ұлттық көрсеткішпен салыстырғанда пилоттық өңірлердегі жан басына шаққанда ЖІӨ-нің ұлғаюы.

Әлеуметтік-экономикалық дамуды аумақтық жоспарлау көрсеткіштері айқындалды және олардың мониторингі жүзеге асырылуда.

Мұнай газ секторынан тыс инвестициялар жылына 5%-ға ұлғайды. 

Азаматтардың жергілікті дамуға қатысуы үшін құқықтық база жақсартылды.

Халықаралық ұйымдардың, ұлттық ғылыми зерттеу институттарының (ҒЗИ) есептері мен зерттеулері, үкіметтік көздер, барлық ақпарат құралдары (БАҚ), бағалау есептері және жоба.

Заң және Үкіметтің басқа да ақпарат көздері.

Барынша өңірлік дамуға және жергілікті субъектілердің жауапкершіліктерін арттыруға бағытталған жалпы саясат пен тәжірибе қолдау табады.


Нақты мақсаттар

1. Жергілікті деңгейде дамуға ықпал ететін келісілген заңнамалық және институционалдық негіз әзірлеу мен енгізуді қолдау.
 

2. Үш пилоттық облыста (Маңғыстау, Қызылорда және Шығыс Қазақстан) жергілікті даму саясатын жақсартуға жәрдемдесу

Жергілікті даму саясаты мен бас жоспары ресурстарды бөлу және шоғырландырудың бас жоспарымен бірге қабылданған және іске асырылуда.

Саясатты әзірлеу және заңнама қабылдау жөніндегі рәсімдерді жеңілдету арқылы саяси-заңнамалық келісу ұлғайтылды.

3 пилоттық облыста ұлттық саясат шеңберінде облыстық дамудың бірлескен жоспарлары қабылданды.

Азаматтардың жергілікті деңгейдегі көрсетілетін қызметтердің басқарылуына, сапасына және оған қол жетімділігіне қатысты қанағаттану деңгейі.

Заң және Үкіметтің басқа да ақпарат көздері.
 

Жобалық есептер.
 

ҒЗИ есептері.
 

Нәтижеге бағдарланған мониторинг есептері.
 

Ішкі мониторинг.
 

Шолулар.
 

Жергілікті органдар мен азаматтық қоғамның тартылған ұйымдарының есептері.

Жергілікті даму мәселелеріне тартылған атқарушы және өкілдік органдар ЕО-мен ынтымақтастықта мүдделі болуды жалғастыруда.
 

Жергілікті органдар жергілікті даму үшін құқықтық ережелерді іске асыруда.


R1 Жергілікті даму саласындағы саясат үшін институционалдық базаны жетілдіру. 

Жергілікті даму саласындағы заңдар, ұлттық стратегиялар, жарлықтар, регламенттер мен тиісті жұмыс жоспарлары қабылданды және жеңілдетілді.
 

Жұмыс нәтижелерін бағалау үшін ақпараттық жүйе қолданысқа енгізілді және жергілікті билік органдары жұмыстарының нәтижелері туралы шоғырландырылған ақпарат бар.


Жергілікті даму мәселелері жөнінде байқау орталықтары құрылды, есептердің саны, сапасы және мәні туралы ақпарат жарияланды.
 

Облыстық әкімшіліктерде жоспарлау, бюджеттеу, іске асыру, қадағалау мен мониторинг тәртібін қоса алғанда жергілікті дамуды жоспарлаудың схемалары бар.


Облыстық деңгейде шот жүргізу комитеттері нығайтылды.
 

Қаржылық есептер мен жыл сайынғы қаржылық есептің уақтылы болуы.
 

Деректер жинау тетіктерін әдіснама мен жауапкершілік саласын, көрсеткіштер мен қатысушыларды қоса алғанда, өңірлік дамудың мониторинг жүйесі қабылданды.
 

Жергілікті даму мәселелерін жоспарлау және мониторинг үшін институционалдық база қолданысқа енгізілді (мәселен, Ведомствоаралық жұмыс тобы, донорларды үйлестіру жөніндегі топ, мүдделі тұлғалардың ұйымдық құрылымы және консалтингтік тетік) 

Іс-шаралар (шамамен және толық емес тізбе): 

1. Реформаны іске асырудың ағымдағы жай-күйіне шолу. 

2. Заңнаманы жетілдірудің бас жоспарын әзірлеу, жергілікті даму саласындағы саясатты іске асыру және мониторингілеуде ведомствоаралық жұмыс тобына жәрдемдесу;

3. Облыстық шот жүргізу комитеттерінің әлеуетін және қаржылық есептіліктің басқа да тетіктерін нығайту үшін «жол картасын» әзірлеу.

4. Ғылыми-зерттеу институтының жанында жергілікті даму саласындағы қадағалау орталығын құруға өтінімдер конкурсы туралы хабарландыру жариялау.

5. Ғылыми-зерттеу институттары мен жергілікті даму саласындағы саясатты әзірлеушілер арасындағы байланысты нығайту.

Заң және Үкіметтің басқа да ақпарат көздері.
 

Жобалық есептер.
 
 
 

Бағалау есептері
 

Шолулар.
 

Іс-қимыл жоспарлары.
 

ҒЗИ есептері.
 

Әкімшілік шешімдер мен қаулылар.

Жергілікті даму мәселелеріне тартылған ұлттық және жергілікті биліктер жергілікті жерлердегі даму үшін заңнамалық және институционалдық даму қарқынын қолдайды.


R2 - Пилоттық облыстарда жергілікті даму саясатын жетілдіру және жергілікті жерлерде мемлекеттің қызметін көрсету процесінде азаматтық қоғамның рөлін нығайту.

Облыстық және басқарудың барынша төменгі деңгейлері жергілікті даму саясатын тиімді жоспарлауға (оның ішінде жетілдірілген географиялық ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып) және бюджеттеуге мүмкіндіктері бар.
 

Пилоттық облыстар мен басқарудың барынша төменгі деңгейлері сметаларды әзірледі, құрды және стратегиялық және ағымдағы іс-қимыл жоспарларына әзірледі және іске қосты, олардың іске асырылуына мониторинг жүргізуде, тиісті нормативтік-құқықтық ережелерге сәйкес азаматтық қатысу есебін бағалады және бақылау жүргізді/тексерді.
 

Облыстық бюджет туралы ақпарат жарияланды және кең жұртшылық үшін қол жетімді.
 

Облыстық әкімшіліктердің сұрауы бойынша және олардың қанағаттануына жүргізілген қысқа мерзімді консультациялық миссиялардың саны мен сапасы

Қатысу тетіктері жақсартылды және институционалды ресімделді (қоғамдық тыңдаулар саны, кеңес мәжілістері мен олардың нәтижелерінің қол жетімділігі; консультациялық процестер мен іс-шаралардың басқа да түрлері).
 

Мемлекеттік қызметтерге тұтынушылардың/пайдаланушылардың қанағаттану деңгейі (гендерлік тиістілігі бойынша бөле отырып) өсті.

Жергілікті органдар мен азаматтық қоғам ұйымдары (шамамен 4 пилоттық облысқа) жобалық ұсыныстардың конкурс нәтижелері бойынша грант қаражаттарына 12–ге жуық бастаманы іске асырды. 

Іс-шаралар (шамамен және толық емес тізбе): 

1. Пилоттық облыстардағы стратегиялық жоспарлау саласында, сондай-ақ оны жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу, іске асыру және іс-қимылдар мониторингі үшін институционалдық қондырғыға шолу;

2. Облыстар деңгейінде саясатты әзірлеу үшін деректер жинау тәртібін зерделеу;

3. Жергілікті даму үшін пилотты облыстар әкімшіліктерінің талаптары бойынша қысқа мерзімді нақты сараптамалық қолдау көрсету;

4. Пилоттық облыстардың әкімшіліктері мен мемлекеттік емес қатысушылар ұсынған жергілікті даму саласындағы бастамаларды іске асыру үшін өтінімдер конкурсы туралы хабарландыру жариялау; ұсыныстарды іріктеу және жобаларды іске асыру мониторингі.

5. Жергілікті даму саласында Еуропалық ұйымдармен (қауымдастықтармен, институттармен, ғылыми-зерттеу зертханаларымен) байланыс құру және нығайту;

6. Пилоттық облыстардың тәжірибесін еліміздің басқа өңірлеріне енгізу үшін «жол картасын» әзірлеу;

7. Пилоттық облыстарда жобаларды іске асыру тәжірибесін зерделеу және оны басқа облыстарға көшіру үшін ұсынымдар дайындау.


Жобалық есептер.
 

Бағалау есептері
 
 

Облыстардың жоспарлары мен есептері
 

ҒЗИ есептері.
 

Облыстарда саясатты әзірлеу мәселелері жөнінде консультациялар үшін қысқа мерзімді миссиялар туралы техникалық тапсырмалар, есептер мен пікірлер. 

Жергілікті даму бойынша бастамалар  конкурсына қатысуға шақыру.
 

Жергілікті бастамалар бойынша қорытынды есеп.
 

Жергілікті бастамалар бойынша бағалау есебі

Азаматтық қоғамның жергілікті органдары  мен ұйымдары жергілікті басқару туралы заң ережелерін және беретін мүмкіндіктерден пайдаланады (әлеуетті өсіру, гранттар, саясатты әзірлеу мәселелері жөнінде консультациялар).


R3 – ХҚКО-лардың қызметіне азаматтардың қолжетімділігін жетілдіру
 

Беру және ХҚКО-лардың тиімді жұмыс істеуі үшін бас жоспар әзірлеу;

Орталық деңгейде ХҚКО-ларды қадағалау функциясын жеңілдету. 

Реттеу, қадағалау, жұмыс нәтижелерін бағалауды, экономикалық тиімділікті, шағымдарды қарау мәселелерін қоса алғанда ХҚКО-ға қатысатын институттарды күшейтуге бағытталған іс-шаралардың саны мен түрлері. 

Құзыретті одан әрі ХҚКО-ларға беру және олардың жұмыс істеуі туралы Үкіметтің қаулылары қабылданды.

Барынша төмен деңгейлерде құрылған ХҚКО-лардың саны. 

Облыстық деңгейде көрсетілетін қызметтердің тізбесіне қол жетімділікті ұлғайту және кеңейту.

Электрондық үкімет жүйесі арқылы қол жетімді қызметтер саны. 

Электрондық үкімет қызметтерін пайдаланатын азаматтардың саны (тиістілігіне қарай бөле отырып).

Іс-шаралар (шамамен және толық емес тізбе): 

1. ХҚКО-ларды облыстық әкімдіктерге беру жөніндегі жоспардың іске асырылу жай-күйіне шолу және институционалдық бағыт-бағдар, функциялар, рөлдер мен міндеттерге қатысты сараптамалық қолдау;

2. Өңірлерде ХҚКО-ларды басқару сапасын мониторингілеу және бағалау үшін база (тетіктер, ұйымдастыру, мүмкіндіктер) әзірлеу;

3. Жұмыстардың нәтижелерін мониторингілеу және бағалау, сапа стандарттары мен орындалуына қатысты келесі деңгейде енгізу жоспары бойынша ХҚКО-ны басқаруға жауапты пилоттық әкімшіліктер департаменттеріне консультация беру;

4. ХҚКО-лардың әртүрлі функцияларын ескере отырып, оқу бағдарламалары мен жұмыс рәсімдерін (басқару ағымындағы жұмыс бақылау) әзірлеу процесінде өңірлік оқу орталықтарын қолдау;

5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің электрондық тәсілдерін одан әрі дамыту мәселелері бойынша облыстық әкімшіліктерге консультациялар беру;

6. ХҚКО-лардың қызмет көрсетуі мен олардың сапасына қатысты азаматтық қоғамның/ клиенттердің рөлдері мен мүмкіндіктерін нығайту үшін өтінімдер конкурсы туралы хабарландыру жариялау;

Пилоттық облыстардың әкімшілік шешімдері, жоспарлары.
 

ХҚКО-ларды енгізу туралы есептер.
 

Жобалық есептер
 

Бағалау есептері.
 

Пилоттық облыстардың әкімшілік шешімдері, жоспарлары.
 

ҒЗИ шолулары, есептері.

Қазақстанның Үкіметі жергілікті даму саласында жергілікті және ұлттық деңгейлерде субъектілердің  мүмкіндіктерін  нығайту жөніндегі саясатты қолдайды.


R4 – Жергілікті даму саласында субъектілердің  мүмкіндіктерін  нығайту.

Жергілікті даму саласында ұлттық біліктілік жүйесі әзірленді, қабылданды және іске асырылуда (ХҚКО-ларды қоса алғанда);
 

Жергілікті заңнамашылар, саясат әзірлеушілері, реттеушілер, қадағалау және іске асыру ведомстволарының қызметкерлері үшін жүргізілген саясат пен оқыту іс-шаралары бойынша консультациялардың саны мен үлгілері.
 

Жергілікті даму саласында оқытылған субъектілердің (заңнамашыларды, саясат әзірлеушілерді, реттеушілерді қадағалау және іске асыру ведомстволарының қызметкерлерін қоса алғанда) саны.
 

Облыстық әкімшіліктер мен ХҚКО-лардың қызметкерлерін ұстау деңгейі өсті.
 

Пилоттық облыстардың әкімшіліктері мен Еуропалық жергілікті билік органдары арасында одан кейінгі іс-қимылдармен тәжірибе алмасу бойынша іс-шаралардың саны, типі және сапасы;
 

Пилоттық облыстардың тәжірибесін капиталдандыруға және оны басқа да өңірлер үшін беруге бағытталған ақпараттық жүйе құрылды.
 

Пилоттық облыстар мен Қазақстанның басқа да өңірлері арасында тәжірибе мен білім беруге ықпал еткен іс-шаралардың саны.

Біліктілік жоспары.
 
 

Жобалық есептер
 

Бағалау есептері
 
 
 

Оқу бойынша есептер.
 

ҒЗИ есептері.
 

Пилоттық облыстардың кадрларын басқару бойынша есеп.

Қазақстанның Үкіметі жергілікті даму саласында жергілікті және ұлттық деңгейлерде субъектілердің мүмкіндіктерін нығайту жөніндегі саясатты қолдайды. 


R5 – Пилоттық облыстарда жергілікті экономиканы нығайту

Жобалық іс-шаралар арқылы құрылған жұмыспен қамтуға арналған мүмкіндіктердің саны.
 

Облыстық инвестиция жоспарлары бойынша облыстық әкімшіліктерде және тиісті басқару құрылымдарында шешімдер қабылданды және іске асырылуда
 

Пилоттық облыстарда ИТИ көлемі артты.
 

ИТИ және ШОБ жергілікті кәсіпорындары арасындағы әлеуетті өсіру бойынша байланыстар мен іс-шаралардың саны мен түрі, қатысушылар саны (гендерлік тиістілігі бойынша).
 

Инвестициялар тарту және ШОБ-ты дамыту процесін іске асырумен және онда қатысатын адамдарды бақылаумен шұғылданатын саясат әзірлеушілердің 20% оқытылды.
 

ШОБ-ның басқарушылық мүмкіндіктерін дамыту бойынша іс-шаралардың саны, түрі және сапасы.
 

Құзырлы органдар, бизнес-делдалдық ұйымдары мен бизнестер арасында облыстық деңгейдегі диалогтың қарқындылығы.

Облыстық әкімшіліктерде жұмыс сапасын бағалау тетіктері институционалдық ресімделген (бизнес жүргізу принциптері мен іскерлік және кәсіпкерлік орта сипаттамасын жергіліктендіру)
 

Іс-шаралар (шамамен және толық емес тізбе):
 

1. Облыстардың әлеуетті бәсекеге қабілеттілік саласына шолу.

2. Пилоттық облыстарда инвестицияларды жылжыту бойынша жоспарды әзірлеу және іске асырылуын қолдау.

3. Пилоттық облыстарға тікелей инвестициялар тарту жөнінде мемлекеттік схемаларды жетілдіру мәселелері бойынша консультация беру

4. Шағын жеке бизнестің жолындағы негізгі кедергілерді айқындау және оларға төтеп беру бойынша ұсынымдар әзірлеу.

5. Болашақтағы оқытушыларды оқыту жолымен ШОБ басқару сапасындағы мүмкіндіктерді кеңейту.

6. Жеке секторды алға жылжыту үшін институционалдық және жеке мүмкіндіктерін дамыту мәселелері бойынша инвестициялар департаменттері мен пилоттық әкімшіліктердің жеке секторына консультация беру.

7. Инвестицияларды өңірлерге жылжытудың жалпы стратегиясын мониторингілеу жүйесін іске асыру.

Пилоттық облыстардың есептері
 

Жобалық есептер
 

Шолулар бизнесті жүргізу қағидаттары мен іскер және кәсіпкер ортаның сипаттамасы бойынша өңірлік мүмкіндіктерін ескере отырып бейімделген зерттеу
 
 
 
 
 

Бизнес делдар ұйымдарының есептері
 

ҒЗИ есептері

Халықаралық компаниялар пилоттық облыстарға  тікелей инвестициялау үшін мүмкіндіктерді пайдаланатын болады.
 

ШОБ жергілікті кәсіпорындары тікелей шетелдік инвесторлармен байланыстар арқылы қолдауға мүдделілікті жалғастыруда

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады