Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 маусымдағы № 726 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 624 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 624 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 25) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптар бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2011 жылғы 28 маусымдағы
№ 726 қаулысымен   
бекітілген      

Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптар

      1. Осы кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар) кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгілейді, ол кеме жүзуінің қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету үшін қажет.
      2. Талаптар Қазақстан Республикасының Теңіз кемелерінің мемлекеттік кеме тізілімінде, бербоут-чартер тізілімінде және халықаралық кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын өздігінен жүретін кемелерге қолданылады.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.04.2014 № 388 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Экипаждың ең аз құрамына мынадай лауазымдар кіреді, олардың саны осы талаптарға 1-қосымшаға сәйкес кеме экипаждарының ең аз құрамының нормативіне сәйкес белгіленеді:
      1) капитан;
      2) капитанның аға көмекшісі;
      3) капитанның вахталық көмекшісі;
      4) аға механик;
      5) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 23.04.2014 № 388 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      6) вахта механигі;
      7) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 23.04.2014 № 388 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      8) палубалық команданың қатардағы құрамы;
      9) машиналық команданың қатардағы құрамы.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.07.2012 № 1002 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.04.2014 № 388 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      4. Кеме экипажы құрамының осы Талаптарға сәйкестігі кеменің мемлекеттік тіркелуі жүзеге асырылған теңіз портының капитаны үш жыл мерзімге Талаптарға қосымшаға сәйкес нысан бойынша беретін Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікпен расталады.
      5. Кеме экипажының саны кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікте көрсетілгеннен кем болған кезде, мынадай мән-жайлардың бірінің болуын қоспағанда, кеменің теңізге шығуына жол берілмейді:
      1) кеме экипажы мүшесінің қайтыс болуы;
      2) кеме экипажы мүшесінің кемеден тыс емдеуді талап ететін ауруы немесе жарақаты;
      3) «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 1-тармағында көрсетілген жағдайларда кеме экипажы мүшесінің репатриациясы;
      4) экипаж мүшесінің рейске шығуға объективті мүмкіндігінің болмауы (құқық қорғау органдарының ұстауы, хабар-ошарсыз жоғалып кетуі, кеменің рейске тағайындалған шығу уақытына қарай кемеге оралмауы, құжаттарды жоғалтуы).
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.04.2014 № 388 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      5-1. Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікте көрсетілгендердің қатарынан кеме экипажының бір мүшесі болмаған кезде осы Талаптардың 5-тармағында көрсетілген мән-жайлар кезінде теңіз портының капитаны кемеге осы Талаптарға 3-қосымшаға сәйкес ерекше жағдай туралы куәлік береді.
      Ерекше жағдай туралы куәлікті алу үшін кеме капитаны кеменің рейске алғашқы тағайындалған шығу сәтінен кейін 4 сағат еткен соң кеме иесімен келісу бойынша теңіз портының капитанына мыналарды көрсетіп, еркін нысанда өтініш береді:
      1) кеменің атауы, шақыру сигналы, жалпы сыйымдылығы, Халықаралық Теңіз Ұйымының (ІМО) нөмірі;
      2) кеме экипажының келмей қалған мүшесінің лауазымы;
      3) кеме экипажы мүшесінің келмей қалу себебі;
      4) кеме экипажының келмей қалған мүшесінің лауазымдық міндеттерін кеме экипажының басқа мүшелері арасында қайта бөлу;
      5) кеме экипажының келмей қалған мүшесін қоспағанда, кеме экипажы мүшелерінің саны;
      6) кеменің порттан шығу күні;
      7) кеменің алдағы рейсінің егжей-тегжейі.
      Теңіз портының капитаны өтініш берілген сәттен бастап 20 сағаттан кешіктірмейтін мерзімде кеме капитанына ерекше жағдай туралы куәлікті береді.
      Ерекше жағдай туралы куәлік берілген сәттен бастап 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімге беріледі.
      Кеме экипажының келмей қалған мүшесінің міндеттерін қайта бөлу экипаж мүшелерінің вахта қызметін атқаруының үздіксіздігін қамтамасыз ету және олардың тынығуының Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген ең аз уақыты ескеріле отырып, жүргізіледі.
      Ескерту. Талаптар 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 23.04.2014 № 388 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      6. Кеме экипажының ең аз құрамына жолаушыларға қызмет көрсететін жұмыскерлер, кемелердің командалық құрамы және кеме командасы кірмейді.
      7. Тез бүлінетін жүктерді тасымалдайтын кемелерде кеме экипажының ең аз құрамында рефрижераторлық қондырғылар жөніндегі механиктің лауазымы көзделеді.
      Басты дизель-электр қондырғысы бар кемелерде кеме экипажының құрамына жолаушылар кемесінде екі электр механигі және басқа үлгідегі кемелерде бір электр механигі кіргізіледі.
      «Аut» нышаны жоқ, қызмет көрсететiн бiр немесе екi құрылғылар мен жүйелер бойынша автоматтандыру талаптарын қанағаттандырмайтын кемелерде кеме экипажының құрамы қатардағы құрамның бір мүшесіне ұлғайтылады.
      «Aut» нышаны бар, қызмет көрсететін бір немесе екі құралдар мен жүйелер бойынша автоматтандыру талаптарын қанағаттандырмайтын кемелерде экипаж құрамы тиісті мамандығы бар бір маманға арттырылады.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 30 шілдедегі № 1002 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
       8. Кеме экипажынсыз пайдаланылатын екі және одан көп кемелерді сүйрегіш кемелермен сүйреуді жүзеге асыру кезінде, сүйрегіш кеме экипажының штатына әрбір екі кемеге қатардағы құрамның бір адамы қосылады.
      Ұзындығы 75 метрден артық өздігінен жүзетін кемелердің немесе 75 метрден артық құрамның жұмысы кезінде кеменің (құрамның) алдыңғы немесе артқы жағында бір мезгілде арқандап байлауды (арқанды шешуді) қамтамасыз ететін қатардағы құрамның саны кемінде екі адамды құрайды.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.04.2014 № 388 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      9. Осы Талаптарды есепке ала отырып, кеме иесі кемеге оны пайдалануға енгізгенге дейін берілетін экипаждың штаттық кестесін әзірлейді және бекітеді.

Кеме экипажының ең аз құрамына
қойылатын талаптарға   
1-қосымша         

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 23.04.2014 № 388 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Кеме экипажының ең аз құрамының нормативтері

Кеме экипажының лауазымдық құрамы

Жалпы сыйымдылығы 500 тіркелімдік тоннаға дейін

Жалпы сыйымдылығы 500-ден артық 3000 тіркелімдік тоннаға дейін

Жалпы сыйымдылығы 3000 тіркелімдік тоннадан артық

Порттық кемелер және салмағы аз кемелер (200 тіркелімдік тоннадан аз)

Аut белгісі бар кемелер

Аut белгісі жоқ кемелер

Аut белгісі бар кемелер

Аut белгісі жоқ кемелер

Аut белгісі бар кемелер

Аut белгісі жоқ кемелер

Портта, рейдтік және 20 миль қашықтықта орналасқан панадан жағалау жүзу

Жағалаудағы жүзу

Жағалаудағы жүзу

Жүзу ауданы шектелмеген

Жағалаудағы жүзу

Жүзу ауданы шектелмеген

Жағалаудағы жүзу

Жүзу ауданы шектелмеген

Жағалаудағы жүзу

3 ауысымдық

2 ауысымдық

3 ауысымдық

2 ауысымдық

3 ауысымдық

3 ауысымдық

2 ауысымдық

3 ауысымдық

3 ауысымдық

2 ауысымдық

3 ауысымдық

3 ауысымдық

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

Капитан

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

Капитанның аға көмекшісі

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

-

Капитанның вахталық көмекшісі

1

-

1

-

1

1

-

1

1

-

1

1

-

Аға механик

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

-

Вахта механигі

1

-

1

-

1

1

1

2

2

1

1

2

1

Палубалық команданың қатардағы құрамы

3

2

3

2

3

3

2

3

3

2

3

3

1

Машиналық команданың қатардағы құрамы

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

1

-

Барлығы

8

5

8

5

8

8

6

9

9

6

8

10

3

Кеме экипажының ең аз құрамына
қойылатын талаптарға    
2-қосымша          

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 30 шілдедегі № 1002 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН REPUBLIK OF KAZAKHSTAN
(Қазақстан Республикасының Елтаңбасы) КЕМЕ ЭКИПАЖЫНЫҢ ЕҢ A3 ҚҰРАМЫ ТУРАЛЫ КУӘЛІК СВИДЕТЕЛЬСТВО
О МИНИМАЛЬНОМ СОСТАВЕ ЭКИПАЖА THE CERTIFICATE
ON THE MINIMAL STRUCTURE OF CREW

      Түзетулерімен 1974 жылғы Теңіздегі адам өмірін қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияның V/13 (2) қағидасының ережелері және 1999 жылғы 25 қарашадағы ІМО А. 890 (21) қарарлары негізінде берілді.
      Выдано на основании положений Правил V/13 (2) Международной конвенции по охране человеческой жизни на море 1974 года с поправками и резолюции IMO A.890 (21) от 25 ноября 1999 г.
      Issued under the provision of regulation V/13 (2) of the International convention for the safety of life at sea 1974, as amended and IMO Resolution A.890 (21) adopted on 25 November 1999 under the authority of the Government of Republic of Kazakhstan

Кеме туралы мәліметтер
Сведения о судне
Particulars of ship

1.Кеменің атауы _____________________________________________________
Название судна.______________________________________________________
Name of the ship.____________________________________________________

2. Тіркеу нөмірі немесе шақыру дабылы _______________________________
Регистровый номер или позывной сигнал _______________________________
Distinctive number or letters _______________________________________

3. ІМО нөмірі _______________________________________________________
Номер ІМО ___________________________________________________________
ІМО number __________________________________________________________

4. Тіркеу порты _____________________________________________________
Порт приписки________________________________________________________
Port of registry ____________________________________________________

5. Жалпы сыйымдылығы:
1969 жылғы Кемелерді өлшеу жөніндегі халықаралық конвенция бойынша __________________
      Валовая вместимость:
      По Международной конвенции по обмеру судов 1969 года __________
      Gross tonnage:
      International Tonnage Convention, 1969 ________________________

      6. Негізгі қозғалтқыш құрылғысының қуаттылығы, кВт _____________________________________________________________________
Мощность главной двигательной установки, кВт ________________________
Main propulsion power, kW ___________________________________________

7. Кеменің үлгісі ___________________________________________________
Тип судна ___________________________________________________________
Type of ship ________________________________________________________

8. Кезеңмен вахтасыз қызмет көрсететін машиналық үй-жай _____________
Машинное помещение с периодически безвахтенным обслуживанием ________
Periodically unattended machinery space _____________________________

9. Жүзу ауданы _____________________________________________________
Район плавания ______________________________________________________
Trading area ________________________________________________________

      Осы құжатта көрсетілген кеме, егер теңізге шыкқан кезде бортында төмендегі кесте(лер)де көрсетілген персонал санынан және лауазымдарынан/шендерінен кем емес экипажы бар болса, ол жасақталған экипаж болып саналады.
      Указанное в данном документе судно считается укомплектованным экипажем, если при выходе в море оно имеет на борту экипаж с количеством и должностями/званиями персонала, не менее того, что указано в таблице(ах) ниже:
      The ship named in this document is considered to be safely manned if, when in proceeds to sea, it carries not lees than the number and grades/capacities of personnel in the table (s) below:

Сыртқы беті
Оборотная сторона
Back

Лауазымы/шені
Должность/звание
Grade/capacity

Диплом (ПДМНВ конвенциясының қағидасы)
Диплом (Правило Конвенции ПДМНВ)
Certificate (STCW regulation)

Тұлғалардың саны
Число лиц
Number of persons

Капитан
Капитан
Master



Капитанның аға көмекшісі
Старший помощник капитана
Chief mate



Вахта капитанының көмекшісі
Вахтенный помощник капитана
Rotation captain mate



Аға механик
Старший механик
Chief engineer



Екінші механик
Второй механик
Second engineer



Вахта механигі
Вахтенный механик
Watch mechanic



Электромеханик
Электромеханик
Electric engineer



Қатардағы құрам
Рядовой состав
Rank and file



Кеме аспазы
Судовой повар
Ship’s cook









      Кестеде көрсетілген экипаж мүшелерінің біліктілігі мен саны 1999 жылғы 25 қарашадағы IMO A.890 (21) қарарына сәйкес кеменің, адамдардың, жүктің және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
      Квалификация и число членов экипажа, указанные в таблице, обеспечивают безопасность судна, людей, груза и окружающей среды в соответствии с резолюцией IMO A.890 (21) от 25 ноября 1999 года.
      The grades and number of personal shown in the table safe Manning of the ship, life, cargo and environment in accordance with Resolution IMO A.890 (21) adopted on 25 November 1999.

Ерекше талаптар немесе шарттар, егер болса __________________________
Особые требования или условия, если таковые имеются: ________________
Special reguirements or conditions, if any __________________________
Теңіз портының капитаны берген ______________________________________
Выдан капитаном морского порта ______________________________________
Sea harbour Master __________________________________________________

Қолы  _____________________________________                      Мөрі

Подпись ______________________________________                 Печать
Signature ________________________________________________________________ Seal

Берілген мерзімі _______________ Қолданылу мерзімі __________________
Дата выдачи ____________________ Срок действия
Issued on ______________________ Expiry date ________________________

Кеме экипажының ең аз   
құрамына қойылатын талаптарға
3-қосымша         

Қазақстан Республикасы Ерекше жағдай туралы куәлік

      Ескерту. Талаптар 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 23.04.2014 № 388 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Кеме туралы мәліметтер

Кеменің атауы _______________________________________________________
Шақыру сигналы ______________________________________________________
Тіркеу порты ________________________________________________________
Жалпы сыйымдылығы ___________________________________________________
ІМО нөмірі __________________________________________________________
Порт және кету күні _________________________________________________
Межелі порты және болжамды келу күні ________________________________

      Осымен кеменің төменде санамаланған мән-жайларды және
қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын назарға ала отырып, бортында
кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікте белгіленгеннен аз
экипажбен рейс жасауы үшін порттан кету құқығы куәландырылады:
      Ерекше жағдай туралы куәлік берілген мән-жайлар:
      Теңізде жүзу қауіпсіздігі және ерекше жағдай туралы куәлік беру
кезеңінде кемені қауіпсіз пайдалану мынадай шаралармен қамтамасыз
етіледі:
      Осы Куәлік 10 жұмыс күннен аспайтын мерзімге берілді және осы
Куәлік қоса берілген Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәліктің
жарамды болуы шартымен 20 ___ жылғы «__» ________ дейін жарамды болады.

      ____________________________ теңіз портының капитаны берді

      Қолы _________________ Мөрі

      Беру күні 20 ___ жылғы «___» ___________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады