Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.05.22 № 653 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестациядан өту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қыркүйектегі № 1235 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 33, 433-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Адвокаттық қызметпен айналысуға не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестациядан өту ережесін бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Адвокаттық қызметпен айналысуға не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестациядан өту ережесі бекітілсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестациядан өту ережесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Адвокаттық қызметпен айналысуға не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестациядан өту ережесі";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Адвокаттық қызметпен айналысуға не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестациядан өту ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының "Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шілдедегі және "Адвокаттық қызмет туралы" 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Заңдарына сәйкес әзірленген және адвокаттық қызметпен айналысуға не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестациядан өту тәртібі мен шарттарын белгілейді.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдар облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әділет департаменттері (бұдан әрі - Әділет департаменттері) құратын Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттайтын әділет комиссияларында (бұдан әрі - Адвокаттық қызметпен айналысу комиссиясы) аттестациядан өтеді.
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдар Әділет департаменттері құратын Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттайтын әділет комиссияларында (бұдан әрі - Нотариаттық қызметпен айналысу құқығы комиссиясы) аттестациядан өтеді.
Адвокаттық қызметпен айналысу комиссиясы жеті мүшеден - адвокаттар алқасының төрағасын қоса алғанда, екі адвокаттан, әділет органдарының екі өкілінен, прокуратураның бір өкілінен, құқықтанушы-ғалымнан және мәслихат депутатынан тұрады.
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына комиссия жеті мүшеден-нотариаттық палатаның төрағасын қоса алғанда, екі нотариустан, әділет органдарының екі өкілінен, прокуратураның бір өкілінен, құқықтанушы-ғалымнан және мәслихат депутатынан тұрады.
Адвокаттық қызметпен айналысу және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына комиссиялардың (бұдан әрі - комиссиялар) дербес құрамдары көрсетілген мемлекеттік органдардың, адвокаттар алқасының және нотариаттық палаталардың ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен бір жыл мерзімге бекітіледі.
Комиссиялардың жұмыс регламенті Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен бекітіледі.
Комиссиялардың қызметін бақылауды уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті (бұдан әрі - Комитет) жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Әділет біліктілік алқасында немесе Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Кеңесінің жанындағы Біліктілік комиссиясында емтихан тапсырған адамдар, тұрақты судьялар және теріс қылықтар жасағаны және өз міндеттерін орындау кезінде заңдылықты бұзғаны үшін судья қызметінен босатылған судьялардан басқа тұрақты судьялар болып жұмыс істеген адамдар, сондай-ақ мемлекеттік нотариалдық кеңселерде жұмыс істейтін нотариустар (мемлекеттік нотариустар) аттестациядан өтпейді.
Сондай-ақ теріс себептер бойынша жұмыстан шығарылғандарды қоспағанда, прокуратура, тергеу және анықтау органдарында кемінде он жыл жұмыс істеген, адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алуға ниет білдірген прокурорлар, тергеушілер және анықтаушылар аттестаттауға жатпайды.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Адвокаттық қызметпен айналысуға не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адам өзін аттестацияға жіберу туралы өтінішті тұрғылықты жері бойынша Әділет департаменттері арқылы тиісті Комиссияға жолдайды.
Өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуі тиіс:
1) фотосуреті бар жеке іс парағы;
2) Қазақстан Республикасының азаматы жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесі;
3) жоғары заң білімі туралы дипломның нотариалды куәландырылған көшірмесі;
4) үміткердің жергілікті жері бойынша берілген наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден медициналық анықтамалар;
5) бүкіл республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып, үміткердің тұрғылықты жері бойынша берілген соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама.
Үміткер Комиссия отырысына келген кезде оның жеке басын куәландыратын құжат (паспорт не жеке куәлік) өзінде болуы тиіс.";
10-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Комиссиялардың отырысы ашық және жария өткізіледі. Комиссиялардың отырыстарына бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысуға құқылы.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Тестілеу барысында өзінің мазмұны және көлемі бойынша әртүрлі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын білу тестілері адвокаттық қызметпен айналысуға не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткерлер үшін бөлек қолданылады.
Тестілерге кіретін сұрақтар тізбесі Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен бекітіледі. Үміткерлердің білімін бағалауға арналған сұрақтар тиісті кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін білуді қажет ететін құқық салалары мен пәндерінің тақырыптарына сәйкес келуі тиіс. Тестілерде жауаптардың біреуі дұрыс болатын кемінде үш нұсқасы болуы тиіс.
Адвокаттық қызметпен айналысуға не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткерлерді тестілеу бөлек жүргізіледі.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Тестілеу компьютер техникасын пайдалана отырып өткізіледі. Тестілеуге бөлінген уақыт тоқсан минутты құрайды.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Егер ұсынылған жүз сұрақтан дұрыс жауаптардың саны жетпіс және одан көп болса, үміткер тестілеуден өтті деп саналады және екінші кезеңге жіберіледі.
Егер ұсынылған жүз сұрақтан дұрыс жауаптардың саны жетпістен аз болса, үміткер тестілеуден өтпеді деп саналады.";
19-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19-1. Үміткердің білімін емтихан билеттері бойынша тексерген кезде өзінің мазмұны бойынша әртүрлі билеттер, адвокаттық қызметпен айналысуға және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткерлер үшін жеке-жеке пайдаланылады.
Билеттер Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен бекітіледі. Үміткерлердің білімін бағалауға арналған сұрақтар тиісті кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін білуді қажет ететін құқық салалары мен пәндерінің тақырыптарына сәйкес келуі тиіс. Билеттерде үш сұрақтан болуға тиіс.
Адвокаттық қызметпен айналысуға не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткерлер үшін емтихан билеттері бойынша білімін тексеру бөлек жүргізіледі.";
19-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19-2. Аттестаттау билеттері Әділет департаменттерінің мөрімен бекітілетін конверттерге салынады.
Аттестаттау билеттері салынған конверттерді Комиссияның төрағасы аттестацияда аттестатталушылардың және Комиссия мүшелерінің қатысуымен ашуға тиіс.";
20-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
"Комиссиялардың аттестаттау туралы шешімдері ол шығарылған сәттен бастап алты жыл бойы жарамды болып табылады.".
1 және 2-қосымшалар осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 1 шілдедегі
№ 752 қаулысына
1-қосымша
Адвокаттық қызметпен айналысуға не
нотариаттық қызметпен айналысу
құқығына үміткер адамдардың
аттестациядан өту ережесіне
1-қосымша
Комиссияның нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткерді
аттестаттау туралы шешімі
_____________ қаласы 20_____ жылғы " _____ " ________
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау нәтижелері бойынша мынадай құрамдағы комиссия:
Төраға
Хатшы
Мүшелері
__________________ аттестатталсын деп шешті.
(Т.А.Ә)
Комиссия төрағасы
Комиссия хатшысы
Комиссияның адвокаттық қызметпен айналысуға үміткерді
аттестаттау туралы шешімі
_________________ қаласы 20_____ жылғы " ___ " ________
Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттау нәтижелері бойынша мынадай құрамдағы комиссия:
Төраға
Хатшы
Мүшелері
___________________ аттестатталсын деп шешті.
(Т.А.Ә)
Комиссия төрағасы
Комиссия хатшысы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 1 шілдедегі
№ 752 қаулысына
2-қосымша
Адвокаттық қызметпен айналысуға не
нотариаттық қызметпен айналысу
құқығына үміткер адамдардың
аттестациядан өту ережесіне
2-қосымша
Комиссияның нотариаттық қызметпен
айналысу құқығына үміткердің аттестациядан өтпегені
туралы шешімі
_________________ қаласы 20_____ жылғы " ___ " ________
Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттау нәтижелері бойынша мынадай құрамдағы комиссия:
Төраға
Хатшы
Мүшелері
шешім шығарды
1. _____________________ аттестациядан өтпеді деп саналсын.
(Т.А.Ә)
2. _____________________ Комиссияға нотариаттық қызметпен айналысу
(Т.А.Ә)
құқығына аттестаттаудан өту үшін қайта жүгінуге құқылы.
Комиссия төрағасы
Комиссия хатшысы
Комиссияның адвокаттық қызметпен айналысуға үміткердің
аттестациядан өтпегені туралы шешімі
_________________ қаласы 20_____ жылғы " ___ " ________
Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттау нәтижелері бойынша мынадай құрамдағы комиссия:
Төраға
Хатшы
Мүшелері
шешім шығарды
1. _____________________ аттестациядан өтпеді деп саналсын.
(Т.А.Ә)
2. _____________________ Комиссияға адвокаттық қызметпен айналысуға
(Т.А.Ә)
аттестаттаудан өту үшін қайта жүгінуге құқылы.
Комиссия төрағасы
Комиссия хатшысы