Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасының тұрақтылығы және қайта қалпына келтіру жөніндегі іс-қимылға Америка Құрама Штаттарының қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы арнайы жүктің коммерциялық теміржол транзитін қамтамасыз ету туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 762 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2010 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасының тұрақтылығы және қайта қалпына келтіру жөніндегі іс-қимылға Америка Құрама Штаттарының қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы арнайы жүктің коммерциялық теміржол транзитін қамтамасыз ету туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысовқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан 2010 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасының тұрақтылығы және қайта қалпына келтіру жөніндегі іс-қимылға Америка Құрама Штаттарының қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы арнайы жүктің коммерциялық теміржол транзитін қамтамасыз ету туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттамаға қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі                       К. Мәсімов

 Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 2 шілдедегі
№ 762 қаулысымен 
мақұлданған    

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама
Штаттарының Үкіметі арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасының
тұрақтылығы және қайта қалпына келтіру жөніндегі іс-қимылға
Америка Құрама Штаттарының қатысуына байланысты Қазақстан
Республикасының аумағы арқылы арнайы жүктің коммерциялық
теміржол транзитін қамтамасыз ету туралы
келісімге өзгеріс енгізу туралы
хаттама

      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі,
      Астана қаласында 2010 жылғы 20 маусымда қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Ауғанстан Ислам Республикасының тұрақтылығы және қайта қалпына келтіру жөніндегі іс-қимылға Америка Құрама Штаттарының қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы арнайы жүктің коммерциялық теміржол транзитін қамтамасыз ету туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 13-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес,
      осы Келісімге мынадай өзгеріс енгізуге келісті:

1-бап

      3-бабының 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Арнайы жүктің және бірге жүретін персоналдың коммерциялық теміржол транзиті мынадай өткізу пунктері арқылы жүзеге асырылады:
      а) Ресей Федерациясынан/Ресей Федерациясына: Илецк/Жайсаң;
      b) Өзбекстан Республикасынан/Өзбекстан Республикасына: Сарыағаш/Келес және/ немесе Бейнеу /Қарақалпақстан.».

2-бап       

      Осы Хаттама Келісімнің 13-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді.
      20___жылғы «___» __________ __________ қаласында әрқайсысы қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде екі данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.

      Қазақстан Республикасының            Америка Құрама Штаттарының
          Үкіметі үшін                            Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады