Медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан өткізу қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 шілдедегі № 770 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 620 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.07.2023 № 620 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Медиация туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 қаңтардағы Заңының 9-бабының 4-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан өткізу қағидасы бекітілсін.

      2. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2011 жылғы 8 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 3 шілдедегі
№ 770 қаулысымен
бекітілген

Медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан өткізу қағидасы

      1. Осы Медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқытудан өткізу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) "Медиация туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 9-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын дауларды (даушарларды) реттеу саласында кәсіпқой медиаторларды даярлауға және оларға тиісті сертификаттар беруге арналған.

      2. Қағида кәсіпқой медиатор мәртебесін алу, медиатордың біліктілігін арттыру және медиацияны оқыту үшін білімнің қажетті минимумын көздейді.

      3. Қағида Заңға сәйкес медиаторларды кәсіби даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі - Медиаторлар ұйымы) медиаторларды кәсіби даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу бағдарламаларын әзірлеуіне және бекітуіне негіз болып табылады.

      4. Кәсіпқой медиаторларды даярлау осы Қағиданың талаптарына сәйкес әзірленген Медиаторлар ұйымдары бекіткен бағдарламалар бойынша жүзеге асырылады.

      5. Медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқытудың мақсаты тыңдаушылардың медиатор ретінде кәсіби негізде қызметін жүргізу үшін қажет білімді алу, шеберлікті, дағдыларды игеруі, медиацияны оқыту және біліктілігін арттыру болып табылады.

      6. Кәсіпқой медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқыту күндізгі оқу нысаны бойынша жүзеге асырылады.

      7. Медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша тыңдаушылардың контингентін жоғары білімі бар мамандар құрайды. Жиырма бес жасқа толмаған адамдарға кәсіпқой медиатор мәртебесін алып, оқытудан өтуіне болады, алайда медиатор қызметін кәсіби негізде жүзеге асыру құқығына олар жиырма бес жасқа толғанда ие болады.

      8. Медиаторларды даярлау бағдарламасы "Жалпы медиация курсы", "Мамандандырылған медиация курсы" және "Медиаторлар жаттықтырушыларын даярлау курсы" (жаттықтырушыларға арналған тренинг) оқу бағдарламаларынан тұрады.

      9. "Жалпы медиация курсы" Заңның 9-бабының талаптарына сәйкес келетін кәсіпқой медиатор болғысы келетіндердің барлығын даярлауға арналған және көлемі 48 сағаттан кем болмауға тиіс. Оқу басталғанға дейін тұлға Медиаторлар ұйымына мынадай құжаттарды:

      1) жоғары білім туралы дипломның көшірмесін (дипломның түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда салыстырып тексеру үшін нотариалды куәландырылған көшірмесін);

      2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесін;

      3) Медиаторлар ұйымына ұсынылғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта тұлғаның тұрғылықты мекенжайы бойынша берілген наркологиялық және психиатриялық диспансерлердің медициналық анықтамаларын;

      4) Медиаторлар ұйымына ұсынылғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта тұлғаның тұрғылықты мекенжайы бойынша берілген республиканың барлық аумағы бойынша мәліметтер қамтылған соттылығы жоқ екені туралы анықтаманы ұсынуға тиіс.

      "Жалпы медиация курсы" оқу бағдарламасы бойынша сертификат алған адамдар медиациядан сабақ беру құқығынсыз медиатор ретінде кәсіби негізде практикалық қызметті жүргізуге құқылы.

      10. "Мамандандырылған медиация курсы", "Жалпы медиация курсын" өткен адамдарға арналған. "Мамандандырылған медиация курсы" нақты мамандану бойынша кәсіпқой медиаторды дайындауға арналған және көлемі 50 сағаттан кем болмауға тиіс. "Мамандандырылған медиация курсы" оқу бағдарламасы бойынша сертификат алған адам сабақ беру құқығынсыз медиатор ретінде, оның ішінде нақты мамандануы бойынша кәсіби негізде практикалық қызметті жүргізеді.

      11. "Медиаторлар жаттықтырушыларын даярлау курсы" медиация бойынша оқу өткізгісі келетін кәсіпқой медиаторды даярлауға арналған және көлемі 32 сағаттан кем болмауға тиіс. Бұл ретте кәсіпқой медиатордың "Жалпы медиация курсы" және "Мамандандырылған медиация курсы" оқу бағдарламалары бойынша сертификаттары болуға тиіс.

      12. Оқу бағдарламаларының мазмұны әрбір оқу бағдарламасы бойынша үлгілік оқу жоспарымен және 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес тақырыптармен берілген.

      13. Медиаторларды оқыту бағдарламасы теориялық бөлікті (дәріс оқу), практикалық сабақтар, тренингтер, іскерлік ойындар өткізуді көздейді. Медиаторларды оқытудың практикалық бағытына байланысты дәріс сабақтарының көлемі сабақтардың жалпы көлемінің 40 пайызынан аспауға тиіс.

      14. Медиаторларды даярлау жөніндегі үш оқу бағдарламасының әрқайсысы қорытынды аттестаттаумен және 4-қосымшаға сәйкес нысанда сертификат берумен аяқталады. Аталған құжат оқытуды жүргізген Медиаторлар ұйымының мөрімен куәландырылады.

      15. Қорытынды аттестаттау медиатордың білімі мен дағдыларын тексерудің екі деңгейін қамтиды: теориялық білім әңгімелесу немесе тестілеу нысанындағы емтиханда тексеріледі; практикалық дағдылар имитациялық медиация нәтижелері бойынша тексеріледі және бағаланады, оны құрамын оқытуды өткізіп отырған ұйымның басшысы айқындайтын емтихан комиссиясы өткізеді. Бұл ретте емтихан комиссиясы үш мүшеден - Медиаторлар ұйымының екі өкілінен және басқа Медиаторлар ұйымының бір өкілінен тұрады.

      16. Қорытынды аттестаттаудың нәтижелері комиссия мүшелері қол қоятын хаттамамен ресімделеді және олар тыңдаушылардың назарына жеткізіледі.

      17. Оқу тобының саны 15 адамнан аспайды.

      18. Тыңдаушылар оқу кезеңінде қағаз (электронды) тасымалдағыштардағы оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз етіледі.

      19. Шетелде медиатор мәртебесін алған және Қазақстан Республикасында медиатордың қызметін кәсіби негізде жүзеге асырғысы келетін адам "Жалпы медиация курсы" және "Мамандандырылған медиация курсы" оқу бағдарламалары бойынша дайындықтан өту міндетінен босатылады, бірақ тиісті сертификатты беріп, медиаторларды кәсіби даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі бекітілген оқу бағдарламалары бойынша Медиаторлар ұйымында аттестаттаудан өтуге тиіс.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 3 шілдедегі
№ 770 қаулысына
1-қосымша

"Жалпы медиация курсы" бағдарламасы бойынша үлгілік оқу жоспары

Р/с

Тақырыптардың атауы

Барлық сағаты

Оның ішінде

Дәріс

Практикалық сабақ

1.

Дауларды баламалы шешу ұғымы және түрлері

2

2


2.

Медиация ұғымы

2

2


3.

Медиация жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасы

1

1


4.

Медиацияның негізгі қағидаттары

2

2


5.

Медиация құралдары

6

2

4

6.

Медиациядағы қабылдау және коммуникация

8

4

4

7.

Медиатор және медиация рәсімі

2

2


8.

Медиация рәсімін жүргізу қағидасы

2

2


9.

Медиация рәсімінің нәтижесі

1

1


10.

Медиациядағы ақпарат

1

1


11.

Тараптардың мүдделерімен жұмыс істеу

6

2

4

12.

Медиациядағы келіссөздер процесінің ерекшеліктері

4

2

2

13.

Медиация рәсіміне қатысуға тараптардың өкілдерін, сарапшыларды және басқа да тұлғаларды тарту

1

1


14.

Даушарлар ұғымы және оларды жіктеу

2

2


15.

Медиацияда наразылықтармен жұмыс істеу

2

1

1

16.

Медиацияны алға жылжыту және медиациядағы әдеп нормалары

2

1

1

17.

Медиацияның шетелдік тәжірибесі

2

2


18.

Қорытынды бақылау

2


2 практикалық тапсырмамен жұмыс істеу, тестілеу

19.

жиыны

48

30

18

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 3 шілдедегі
№ 770 қаулысына
2-қосымша

"Мамандандырылған медиация курсы" бағдарламасы бойынша үлгілік оқу жоспары

Р/с

Такырыптардың атауы

Барлық сағаты

Оның ішінде

Дәріс

Практикалық сабақ

1.

Азаматтық құқықтық, қатынастардан туындайтын дауларды шешу ерекшеліктері

5

2

3

2.

Еңбек құқықтық қатынастарынан туындайтын дауларды шешу ерекшеліктері

5

2

3

3.

Отбасы құқықтық қатынастарынан туындайтын дауларды шешу ерекшеліктері

6

2

4

4.

Кәмелетке толмағандардың істері бойынша дауларды (даушарларды) шешу ерекшеліктері

5

2

3

5.

Қылмыстық істер бойынша даушарларды шешу ерекшеліктері

6

2

4

6.

Корпоративтік дауларды шешу ерекшеліктері

5

2

3

7.

Қоршаған ортаны қорғау саласында медиацияны қолдану

5

2

3

8.

Әлеуметтік медиация.

Көршілер дауларында медиацияны қолдану

5

2

3

9.

Этносаралық ерекшеліктер және медиация

5

2

3

10.

Қорытынды бақылау

3


3 практикалық тапсырмамен жұмыс істеу, тестілеу

11.

жиыны

50

18

32

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 3 шілдедегі
№ 770 қаулысына
3-қосымша

"Медиаторлар жаттықтырушыларын даярлау курсы" бағдарламасы бойынша үлгілік оқу жоспары

Р/с №

Тақырыптардың атауы

Барлық сағаты

Оның ішінде

Дәріс

Практикалық сабақ

1.

Медиацияны оқыту негіздері

7

3

4

2.

Медиацияны оқыту кезінде топпен жұмыс істеу

7

3

4

3.

Медиацияны оқыту кезінде ойын арқылы өзара іс-қимыл жасау

7

3

4

4.

Медиация жаттықтырушысының жеке жұмысы

8

3

5

5.

Қорытынды бақылау

3


3 практикалық тапсырмамен жұмыс істеу, тестілеу

6.

жиыны

32

12

20

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 3 шілдедегі
№ 770 қаулысына
4-қосымша

___________________________________________________________

(медиаторлар ұйымының атауы)

___________________________________________________________

СЕРТИФИКАТ

№ ______________________

(сертификаттың нөмірі)

Осы Сертификат

______________________________________________

(Т.А.Ә.)

___________________

(бағдарлама атауы)

медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқуды табысты аяқтағанын куәландырады.

____________________________ ___________________

(жаттықтырушы медиатордың (қолы)

Т.А.Ә.)

____________________________ ___________________

(медиаторлар ұйымы (қолы)

басшысының Т.А.Ә.)

М.О.

___________________________

(сертификатты беру күні)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады