"Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы облысы әкімінің теңгерімдік құны 120000000 (бір жүз жиырма миллион) теңге болатын Талдықорған қаласындағы жылу электр орталығын салудың техникалық-экономикалық негіздемесін республикалық меншіктен Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің теңгерімінен Алматы облысының коммуналдық меншігіне беру туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен және Алматы облысының әкімдігімен бірлесіп, осы қаулының 1-тармағында көрсетілген мүлікті қабылдау-беру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов