"Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы жұмыстарды үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының ережесі мен құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 553 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 шілдедегі № 787 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 244 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 25.04.2016 № 244 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы жұмыстарды үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының ережесі мен құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 553 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 23, 259-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулыға 1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы жұмыстарды үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы туралы ережеде:
      3-тармақта:
      3) тармақшада «үйлестіру болып табылады.» деген сөздер «үйлестіру;» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) «электрондық үкімет» ақпараттық ресурстарының қорғалғандығын талдау болып табылады.»;
      4-тармақтың екінші бөлігінде:
      7) тармақшада «енгізеді.» деген сөз «енгізеді;» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      «8) «электрондық үкіметтің» ақпараттық ресурстарын қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың басшыларын тыңдайды.»;
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Комиссияның жұмыс органының функциялары Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігіне жүктеледі.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 12 шілдедегі
№ 787 қаулысына  
қосымша      

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2007 жылғы 30 маусымдағы
№ 553 қаулысына    
1-қосымша       

Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы жұмыстарды үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамы

Мәсімов                 - Қазақстан Республикасының Премьер-
Кәрім Қажымқанұлы         Министрі, төраға

Әбдірахымов             - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Ғабидолла Рахметоллаұлы   Кеңсесінің Басшысы, төрағаның орынбасары

Жұмағалиев              - Қазақстан Республикасы Байланыс және
Асқар Қуанышұлы           ақпарат министрі, төрағаның орынбасары

Елеусізова              - Қазақстан Республикасы Байланыс және
Құралай Болатқызы         ақпарат министрлігі Ақпараттық
                          технологиялар саласындағы мемлекеттік
                          саясат департаментінің директоры, хатшы

Жақыпов                 - Қазақстан Республикасы Президентінің
Мірболат Қабиұлы          Әкімшілігі Жалпы бөлімінің меңгерушісі
                          (келісім бойынша)

Биғаринов               - Қазақстан Республикасы Президентінің
Рүстем Айдарбекұлы        Әкімшілігі Ақпараттық ресурстарды қорғау
                          және ақпараттандыру бөлімі меңгерушісінің
                          орынбасары (келісім бойынша)

Әбіқаев                 - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік
Нұртай                    комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

Байменов                - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет
Әлихан Мұхамедьеұлы       істері агенттігінің төрағасы (келісім
                          бойынша)

Марченко                - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
Григорий Александрович    төрағасы (келісім бойынша)

Әбдіқалықова            - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Гүлшара Наушақызы         халықты әлеуметтік қорғау министрі

Әшім                    - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны
Нұрғали Сәдуақасұлы       қорғау министрі

Жәмішев                 - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Болат Бидахметұлы

Жұмағұлов               - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
Бақытжан Тұрсынұлы        министрі

Қайырбекова             - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
Салидат Зекенқызы         министрі

Мыңбаев                 - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ
Сауат Мұхаметбайұлы       министрі

Түсіпбеков              - Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Рашид Төлеутайұлы

Алдабергенов            - Қазақстан Республикасы Табиғи
Нұрлан Шәдібекұлы         монополияларды реттеу агенттігінің
                          төрағасы

Смайылов                - Қазақстан Республикасының Статистика
Әлихан Асханұлы           агенттігінің төрағасы

Жошыбаев                - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Рәпіл Сейітханұлы         министрлігінің жауапты хатшысы

Квятковский             - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
Эдуард Олегович           технологиялар министрлігінің жауапты
                          хатшысы

Құрманғалиева           - Қазақстан Республикасы Мәдениет
Жанна Дулатқызы           министрлігінің жауапты хатшысы

Шәженова                - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму
Дина Мэлсқызы             және сауда министрлігінің жауапты хатшысы

Жасұзақов               - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің
Сәкен Әділханұлы          бірінші орынбасары - Штабтар бастықтары
                          комитетінің төрағасы

Ахметжанов               - Қазақстан Республикасы Бас
Марат Мұратұлы             прокуратурасының Құқықтық статистика және
                           арнайы есепке алу комитетінің төрағасы
                           (келісім бойынша)

Ыбырайымов              - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Рүстем Әнуарұлы           қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
                          күрес агенттігі (қаржы полициясы)
                          төрағасының бірінші орынбасары (келісім
                          бойынша)

Оразқұлов               - Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет
Қанат Орынтайұлы          қызметі бастығының орынбасары (келісім
                          бойынша)

Баяділов                - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі
Ерғали Мұхаметжанұлы      хатшылығының мемлекеттік инспекторы
                          (келісім бойынша)

Толымбеков              - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Манат Есенұлы             Кеңсесі Мемлекеттік құпияларды қорғау
                          бөлімінің меңгерушісі

Айтаев                  - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Ренат Құрметжанұлы        Кеңсесі Индустриялық-инновациялық даму
                          бөлімінің меңгерушісі

Слободянюк              - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Анатолий Ануфриевич       Кеңсесі Бақылау және құжаттамалық
                          қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің
                          орынбасары

Мырзалин                - Қазақстан Республикасының Президенті Іс
Мәлік Кеңесбайұлы         басқармасының аппарат басшысы (келісім
                          бойынша)

Тұрымов                 - Қазақстан Республикасының Парламенті
Иманжан Нысамбайұлы       Шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары
                          (келісім бойынша)

Қабдығалиева            - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының
Айжан Есенгелдіқызы       жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету
                          департаментінің (Қазақстан Республикасы
                          Жоғарғы Соты аппаратының) Статистика және
                          құқықтық ақпараттандыру бөлімінің
                          меңгерушісі (келісім бойынша)

Рысқалиев               - Атырау облысының әкімі
Бергей Сәулебайұлы

Тасмағамбетов           - Астана қаласының әкімі
Иманғали Нұрғалиұлы

Әбденов                 - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші
Серік Сақбалдыұлы         орынбасары

Мұқашев                 - Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары
Мәулен Шапанбайұлы

Ногаев                  - Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші
Нұрлан Асқарұлы           орынбасары

Алдоңғаров              - Қызылорда облысы әкімінің орынбасары
Мадияр Алдиярұлы

Әлиев                   - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің
Болатбек Нәжіметдинұлы    орынбасары

Бектұрғанов             - Қостанай облысы әкімінің орынбасары
Серік Шыңғысұлы

Тәкенов                 - Алматы облысы әкімінің орынбасары
Болат Долдаұлы

Әбдіқалықов             - Павлодар облысы әкімінің аппарат басшысы
Арслан Дәйкенұлы

Жұмабеков               - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппарат
Болат Серікұлы            басшысы

Исақов                  - Жамбыл облысы әкімінің аппарат басшысы
Болат Әлмұханұлы

Мұқатов                 - Қарағанды облысы әкімінің аппарат басшысы
Қариполла Орынбекұлы

Петров                  - Ақтөбе облысы әкімінің аппарат басшысы
Константин Викторович

Рақымов                 - Ақмола облысы әкімінің аппарат басшысының
Ержан Ермекұлы            орынбасары - іс басқарушы

Серікбаев               - Маңғыстау облысы әкімінің аппарат
Ержан Ермекғалиұлы        басшысының орынбасары

Измайлов                - «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық
Нұрлан Тельманұлы         холдингі» акционерлік қоғамының басқарма
                          төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады