Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер құру туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" 2008 жылғы 21 қарашадағы № 1080 және "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы" 2008 жылғы 28 қарашадағы № 1102 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 шілдедегі № 789 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестер құру туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 қарашадағы № 1080 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 44, 500-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" акционерлік қоғамын дамыту мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестің құрамына:
      мыналар енгізілсін:

Әбдірәсілов               - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Болатбек Серікбайұлы        министрлігінің жауапты хатшысы, хатшы

Жұмағұлов                 - Қазақстан Республикасының Білім және
Бақытжан Тұрсынұлы          ғылым министрі

Келімбетов                - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Қайрат Нематұлы             даму және сауда министрі

      көрсетілген құрамнан Фархад Шаймұратұлы Қуанғанов, Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев, Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов шығарылсын.
      2) "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 қарашадағы № 1102 қаулысына:
      "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің кұрамы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының
    Премьер-Министрі                             К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2011 жылғы 12 шілдедегі
№ 789 қаулысына   
қосымша       

" Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" акционерлік қоғамы директорлар кенесінің кұрамы

Орынбаев                    - Қазақстан Республикасы Премьер-
Ербол Тұрмаханұлы             Министрінің орынбасары, төраға

Жұмағұлов                   - Қазақстан Республикасының Білім және
Бақытжан Тұрсынұлы            ғылым министрі

Әбдібеков                   - Қазақстан Республикасының Индустрия
Нұрмұхамбет Қанапияұлы        және жаңа технологиялар вице-министрі

Ескендіров                  - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Абай Мұқашұлы                 даму және сауда вице-министрі

Шоқпытов                    - Қазақстан Республикасының Қаржы
Андар Мәулешұлы               вице-министрі

Утепов                      - Қазақстан Республикасы Қаржы
Эдуард Карлович               министрлігі Мемлекеттік мүлік және
                              жекешелендіру комитетінің төрағасы

Шаяхметов                   - Қазақстан Республикасы Білім және
Саят Болатұлы                 ғылым министрлігі Ғылым комитеті
                              төрағасының орынбасары

Бектұрғанов                 - "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық
Нұралы Сұлтанұлы              холдингі" акционерлік қоғамының
                              басқарма төрағасы

Әділов                      - Қазақстан Республикасы Білім және
Жексенбек Мәкейұлы            ғылым министрлігі Қ.И.Сәтбаев атындағы
                              Қазақ ұлттық техникалық университетінің
                              ректоры

Ертілесова                  - тәуелсіз директор, "Қазақстан Салық
Жаннат Жүрғалиқызы            төлеушілері қауымдастығы" заңды
                              тұлғалар бірлестігі басқару кеңесінің
                              төрайымы

Смағұлов                    - тәуелсіз директор, "Қазақстан
Болат Советұлы                инжиниринг" ұлттық компаниясы"
                              акционерлік қоғамының басқарма төрағасы

Мансұров                    - тәуелсіз директор, "Жалын"
Зұлқайыр Аймұхаметұлы         ғылыми-өндірістік орталығы"
                              жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
                              бас директорының орынбасары

Төлешов                     - тәуелсіз директор, "Қазақстан
Амандық Қуатұлы               Республикасы Ұлттық инженерлік
                              академиясы" қоғамдық бірлестігінің
                              вице-президенті

Өжкенов                     - тәуелсіз директор, "Қазгеологбарлау"
Болат Сұлтанұлы               ұлттық акционерлік компаниясы"
                              акционерлік қоғамының басқарма төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады