Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін тәуелсіз аудитор таңдау жөнінде конкурстық комиссия құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 шілдедегі № 814 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес мүшелерінің ұсыныстарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін тәуелсіз аудитор таңдау жөнінде конкурс өткізу үшін мынадай құрамда комиссия құрылсын:

Шолпанқұлов            - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, Берік Шолпанқұлұлы       төраға

Тәшенов                - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Бақытбек Хәкімұлы        Мемлекеттік активтерді басқаруды және
                         банкроттық рәсімдерді жоспарлау және оның
                         әдіснамасы, тиісті бюджеттік бағдарламаларды
                         талдау мен бағалау департаментінің
                         директоры, төрағаның орынбасары

Құсайынов              - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму
Марат Әпсеметұлы         және сауда вице-министрі

Біртанов               - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
Есжан Амантайұлы         Монетарлық операциялар департаменті
                         директорының орынбасары (келісім бойынша)

Сәтқалиев              - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау
Молдағали Әбдіғалиұлы    жөніндегі есеп комитетінің мүшесі (келісім
                         бойынша)

Сағиев                 - Қазақстан Республикасы Президентінің
Ильдар Ізтұрғанұлы       Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық
                         мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі
                         (келісім бойынша)

Ахметов                - Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты
Рашит Сайранұлы          Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі
                         (келісім бойынша)

Қосмамбетов            - Қазақстан Республикасы Парламентінің
Төлебек                  Мәжілісі Қаржы және бюджет комитетінің
                         мүшесі (келісім бойынша)

Байғожина              - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Айгүл Мырзатайқызы       Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары.

      2. Конкурстық комиссия заңнамада белгіленген тәртіппен 2011 жылғы 1 қыркүйекке дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының 2011 - 2012 жылдардағы жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін тәуелсіз аудиторды таңдау жөніндегі конкурсты өткізсін және оның нәтижелері бойынша конкурс жеңімпазын анықтасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады