Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 шілдедегі № 833 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 тамыздағы № 661 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.08.2015 № 661 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 3-бабының 15) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу қағидасы бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 19 шілдедегі
№ 833 қаулысымен   
бекітілген      

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу қағидасы 1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 3-бабының 15) тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру тәртібін белгілейді.
      2. Қағидада мына ұғымдар пайдаланылады:
      1) ғылым саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында салааралық үйлестіруді және басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      2) салалық уәкілетті орган – ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және тиісті салада ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      3) ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша бас ұйым – нысаналы ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаны іске асыруға арналған конкурстың қорытындылары бойынша мемлекеттік уәкілетті орган айқындайтын әрі іргелі және қолданбалы зерттеулердің ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламасын іске асыруды сүйемелдеуді және орындалатын бағдарламаның шеңберінде орындаушы ұйымдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;
      4) ғылыми, ғылыми-техникалық жоба және (немесе) бағдарлама бойынша орындаушы ұйым (орындаушы) (бұдан әрі – орындаушы ұйым (орындаушы) – ғылыми-зерттеу жұмыстарының, ғылыми, ғылыми-техникалық жобалардың және (немесе) бағдарламалардың бір бөлігін немесе барлығын іске асыруды жүзеге асыратын заңды (жеке) тұлға;
      5) ғылыми, ғылыми-техникалық жоба мен бағдарлама – болжанған ғылыми-техникалық жұмыс мазмұнын қамтитын, жоспарланған жұмыстарды жүргізудің мақсаттары мен міндеттері, өзектілігі, жаңалығы, ғылыми-практикалық маңыздылығы мен орындылығы негізделген ғылыми, ғылыми-техникалық, тәжірибелік-конструкторлық, маркетингтік зерттеулерді білдіретін құжат;
      6) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижесі – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті орындау барысында алынған және кез келген ақпарат жеткізгіште тіркелген жаңа білім немесе шешімдер, ғылыми әзірлемелер мен технологияларды өндіріске енгізу, сондай-ақ жаңа бұйымдардың, материалдар мен заттардың модельдері, макеттері, үлгілері;
      7) ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалардың мемлекеттік тізілімі (бұдан әрі – ҒТБ МТ) – Қазақстан Республикасында мемлекеттік бюджет есебінен іске асырылатын ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалардың және олардың орындалуы жөніндегі есептердің тізбесі;
      8) ғылыми, ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерінің мемлекеттік тізілімі – ғылыми, ғылыми-техникалық қызметтің мемлекеттік бюджет есебінен алынған ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерінің тізбесі;
      9) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
      10) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет есебі – ғылыми-техникалық жұмыстың іске асырылуы туралы ақпаратты, ғылыми, ғылыми-техникалық, тәжірибелік-конструкторлық, маркетингтік зерттеулерді, сондай-ақ жоспарланған жұмыстардың әрі қарай жүргізілуінің орындылығы туралы не аяқталған ғылыми, ғылыми-техникалық жоба мен бағдарлама нәтижесі туралы ақпаратты қамтитын құжат.
      3. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алуды ұйымдастыруды уәкілетті орган жүзеге асырады.
      4. Ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы есептердің мемлекеттік есепке алуға берілуін бақылауды уәкілетті орган және салалық уәкілетті органдар жүзеге асырады.
      5. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың орындалуы жөніндегі есептер уәкілетті орган мен салалық уәкілетті органдардың интернет-ресурстарында орналастырылуы тиіс.
      6. Іске асырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және ғылыми, ғылыми-техникалық қызмет туралы есептерді мемлекеттік есепке алуды «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «ҰҒТАО» АҚ) ғылыми-техникалық ақпараттың ұлттық ресурсын қалыптастыру және Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық әлеуетінің қарқынын мониторингтеу (бұдан әрі – ақпараттық материал) мақсатында жүзеге асырады.
      «ҰҒТАО» АҚ өзі белгілеген тәртіппен заңды және жеке тұлғалардың ақпараттық материалды пайдалануға тез қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
      7. Ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалардың мемлекеттік тізілімі мен ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібін «ҰҒТАО» АҚ анықтайды.

2. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу тәртібі

      8. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері мемлекеттік есепке алу үшін «ҰҒТАО» АҚ-қа мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді береді.
      9. Мемлекеттік есепке алу үшін түпнұсқада қағаз және электронды тасымалдағыштарда:
      1) осы Қағидаға 12 және 3-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар (бұдан әрі – бағдарлама);
      2) осы Қағидаға 6-қосымшаға сәйкес мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар (бұдан әрі - жоба);
      3) осы Қағидаға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес бағдарламаларды орындау, осы Қағидаға 7-қосымшаға сәйкес рәсімделген ақпараттық картасы бар жобалар бойынша есептер (бұдан әрі – есеп), оның ішінде осы Қағидаға 891011 және 12-қосымшаларға сәйкес ғылыми, ғылыми-техникалық қызмет нәтижелері.
      Құжаттар пакеті толық болмаған және олар тиісінше рәсімделмеген жағдайда құжаттар анықталған кемшіліктер толық жойылғанға дейін тіркелмейді.
      Ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.
      10. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды мемлекеттік есепке алуға байланысты шығындарды бас ұйым немесе орындаушы ұйым (орындаушы) өзі көтереді.
      11. Салалық уәкілетті органдар Ұлттық ғылыми кеңестер ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламаларды мемлекеттік бюджет есебінен гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, сондай-ақ жыл сайын келесі жылдың бірінші наурызына дейінгі мерзімде «ҰҒТАО» АҚ-қа ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар тізімін мәлімет үшін ұсынады.
      12. Бағдарламаны мемлекеттік есепке алу үшін бас ұйым Ұлттық ғылыми кеңестер ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламаларды мемлекеттік бюджет есебінен гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру туралы шешім қабылданған күннен бастап күтізбелік отыз күннен кешіктірмей «ҰҒТАО» АҚ-ға осы Қағидаға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес бағдарламаны және титулдық бетін рәсімдеп, бағдарламаға түсіндірме жазба мен ағымдағы жылы бағдарламаның тапсырмаларын (кезеңдерін) орындауға бөлінген бюджет қаражатының көлемін растайтын бас ұйымның басшысы қол қойып, мөрімен бекітілген құжатты тапсырады.
      13. «ҰҒТАО» АҚ белгіленген тәртіппен тиісті шифр беру жолымен бағдарламаны тіркейді, оны ҒТБ МТ-ға енгізеді және тіркелген күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде бас ұйымға бағдарламаның ҒТБ МТ-ға енгізілгені туралы куәлік береді.
      14. Тіркелген бағдарламаға түзетулер енгізу қажет болған жағдайда кезекті жылға жоспарлы көрсеткіштерімен қатар бас ұйым «ҰҒТАО» АҚ-ға осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес бағдарламаның тапсырмалары (кезеңдері) бойынша мәлімет береді.
      15. Бас ұйым есепті жылдан кейінгі жылдың отызыншы қаңтарынан кешіктірмей «ҰҒТАО» АҚ-ға осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес жылдық есеп пен оған түсіндірме жазбаны жібереді.
      16. Бас ұйым есепті тоқсаннан кейінгі айдың онынан кешіктірмей тоқсан сайын «ҰҒТАО» АҚ-ға осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес бағдарлама тапсырмаларының (кезеңдерінің) орындалу барысы туралы есепті береді.
      17. Жобаны мемлекеттік есепке алу үшін орындаушы ұйым (орындаушы) «ҰҒТАО» АҚ-ға жобаны қаржыландыру басталған күннен бастап отыз күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада осы Қағидаға 6-қосымшаға сәйкес тіркеу карталарын жібереді.
      18. Жобаны бірнеше орындаушы ұйымдар (орындаушылар) орындаған жағдайда әрбір орындаушы ұйым (орындаушылар) «ҰҒТАО» АҚ-ға өзі дербес орындайтын жұмыстың бөлігіне тіркеу картасын жібереді.
      19. «ҰҒТАО» АҚ белгіленген тәртіппен жобаны оған тіркеу нөмірін беру жолымен тіркейді, оны ҒТБ МТ-ға енгізеді және тіркелген күннен бастап жиырма күнтізбелік күн ішінде орындаушы ұйымға (орындаушыға) тіркеу картасының бір данасын жібереді.
      20. Тіркелген жобаға түзетулер енгізу қажет болған жағдайда орындаушы-ұйым (орындаушы) күнтізбелік отыз күн ішінде «ҰҒТАО» АҚ-на жазбаша хабарлама мен осы Қағидаға 6-қосымшаға сәйкес тіркеу картасын ұсынады.
      21. Егер тіркелген жобаны орындау процесінде оны құпияландыру қажеттілігі туындаса, орындаушы ұйым (орындаушы) он күн мерзімде бұл туралы «ҰҒТАО» АҚ-ға ҒТБ МТ-ға тиісті белгі енгізу үшін жазбаша түрде хабарлайды.
      22. Есепті мемлекеттік есепке алу үшін орындаушы ұйым (орындаушы) жобаның жұмыстары (кезеңдері) аяқталғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде «ҰҒТАО» АҚ-ға ілеспе хат, осы Қағидаға 7-қосымшаға сәйкес ақпараттық карта, қағаз және электрондық жеткізгіштерде есепті жібереді.
      Есеп МЕМСТ 7.32-2001 «Ғылыми-техникалық жұмыс туралы есеп» мемлекетаралық стандартына сәйкес рәсімделеді.
      23. «ҰҒТАО» АҚ есепті белгіленген тәртіппен оған инвентарлық нөмір беру жолымен тіркейді, оны ҒТБ МТ-ға енгізеді және тіркелген күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде орындаушы ұйымға (орындаушыға) ақпараттық картаның бір данасын жібереді.
      24. ҒТҚН-ны мемлекеттік есепке алу үшін орындаушы ұйым (орындаушы) «ҰҒТАО» АҚ-ға құжаттарды осы Қағидаға 8, 9-қосымшаларға сәйкес жібереді.
      25. ҒТҚН «ҰҒТАО» АҚ-да ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерінің мемлекеттік тізіліміне енгізіледі.
      26. ҒТҚН-ның құқық иеленушілері өзгерген, ҒТҚН-ны орындаушы ұйым қайта ұйымдастырылған жағдайда, сондай-ақ мемлекеттік есепке алу объектісін пайдалануға байланысты емес басқа да негіздер бойынша орындаушы ұйым (орындаушы) «ҰҒТАО» АҚ-ға осы өзгерістер туралы осы Қағидаға 10 және 11-қосымшаларға сәйкес хабарлама жібереді.
      27. ҒТҚН-ға құқық тоқтатылған жағдайда орындаушы ұйымның (орындаушының) осы Қағидаға 12-қосымшаға сәйкес хабарламаның негізінде «ҰҒТАО» АҚ ҒТҚН туралы деректерді ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерінің мемлекеттік тізілімінен алып тастайды.
      «ҰҒТАО» АҚ бір ай мерзімде орындаушы ұйымды (орындаушыны) ҒТҚН-ны мемлекеттік есепке алудың тоқтатылғаны туралы хабардар етеді.

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми,
ғылыми-техникалық жобаларды және бағдарламаларды
және олардың орындалуы жөніндегі есептерді  
мемлекеттік есепке алу қағидасына      
1-қосымша                  

Ф1-біріздендірілген нысан

________________ жылға (жылдарға) арналған

КЕҢЕЙТІЛГЕН БАҒДАРЛАМАНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ

Бағдарламаның шифры _____________ Бағдарламаның атауы ____________
__________________________________________________________________
Бағдарламаны орындау негізі болған себептер ______________________
Бағдарламаны орындау мерзімі ____________________ Қаржыландырудың
көлемі _________ жылға _____________ млн. теңге

Бас ұйымның атауы (толық және аббревиатурасы)

КҰЖЖ-ы бойынша коды

Мекенжай

Телефоны

Факсы, электрондық мекенжайы

Бірінші басшының Т.А.Ә.

1

2

3

4

5

6

Тапсырманың, кезеңнің шифры

Тапсырманың, кезеңнің атауы

ҒТАХТ коды

Түйінді сөздер

Тапсыр маны, кезеңдерді орындаушы ұйымның аббревиатурасы

Тапсырманың, кезең басшысының Т.А.Ә., ғылыми дәрежесі, қызметі

Жұмыс орындалуының жоспарланған мерзімі (тоқсан, жыл)

Жоспарланған мерзімге қаржыландыруға қажеттілік (мың теңге)

Күтілетін нәтижелер

басталуы

аяқталуы

Барлығы

оның ішінде:

ҒЗИ

ТКЖ

тәжірибелік-өнеркәсіптік және өнеркәсіптік сынақтар

жабдықтар, технологиялар, есептеу техникасы құралдарын сатып алу

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

____________________    Бағдарламаның жетекшісі __________________
Құжатты орындаушының Т.А.Ә. және телефон нөмірі М.О.  Қолы  Т.А.Ә.
«__» ____________________ 20__ж.               

Бағдарламаны орындау үшін қажетті мамандар саны

Бағдарламаның шифры ________ Бағдарламаның атауы _________________
__________________________________________________________________

Ұйымның аббревиатурасы

Ұйым бойынша барлығы

Оның ішінде

жоғары білімді

оның ішінде ғылыми дәрежелері бар

ғылым докторы

ғылым кандидаты

PhD

1

2

3

4

5

6

______________________   Бағдарламаның жетекшісі _________________
Құжатты орындаушының Т.А.Ә. және телефон нөмірі  М.О.  Қолы  Т.А.Ә.
«__» ____________________ 20__ж.

Бағдарламаны орындауға қатысушы ұйымдардың реквизиттері

Бағдарламаның шифры ___________ Бағдарламаның атауы ________________
____________________________________________________________________

Ұйымның аббревиатурасы

Ұйымның толық атауы

КҰЖЖ бойынша коды

Ұйымның орналасқан жері

Бірінші басшының Т.А.Ә., қызметі, телефоны, факсы

1

2

3

4

5

_____________________      Бағдарламаның жетекшісі _______________
Құжатты орындаушының Т.А.Ә. және телефон нөмірі  М.О.  Қолы  Т.А.Ә.

«__» ________________20__ж.

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми,
ғылыми-техникалық жобаларды және бағдарламаларды
және олардың орындалуы жөніндегі есептерді  
мемлекеттік есепке алу қағидасына      
2-қосымша                 

Ф1 – біріздендірілген нысанға
(Кеңейтілген бағдарламаның көрсеткіштері)
титулдық бет

_________________________________________________________
(бас ұйымның ведомстволық қарастылығы)

«Бекітілді»
____________________________
20____ ж. «__» _______ № ___

Бағдарламаның шифры:
ҒТАХТ коды:

___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
                         (бағдарламаның атауы)

Орындалу мерзімдері:

Бас ұйымның атауы
және орналасқан жері ______________________________________________
___________________________________________________________________

Құжаттың дайындалған қаласы, жылы _________________________________

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми,
ғылыми-техникалық жобаларды және бағдарламаларды
және олардың орындалуы жөніндегі есептерді  
мемлекеттік есепке алу қағидасына      
3-қосымша                 

Ф1-түзету нысаны

_________________жылға (жылдарға) арналған
КЕҢЕЙТІЛГЕН БАҒДАРЛАМАНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ

Бағдарламаның шифры ____________ Бағдарламаның атауы _____________
__________________________________________________________________

Тапсырманың, кезеңнің шифры

Тапсырманың, кезеңнің атауы

ҒТАХТ коды
Түйінді сөздер

Тапсырманы, кезеңдерді орындаушы ұйымның аббревиатурасы

Тапсырма, кезең басшысының Т.А.Ә., ғылыми дәрежесі, қызметі

Жұмыс орындалуының жоспарланған мерзімі (тоқсан, жыл)

Жоспарланған мерзімге қажетті қаржы мөлшері (мың теңге)

Күтілетін
нәтижелер

Түзетуге
негіздеме

басталуы

аяқталуы

Барлығы

Оның ішінде

ҒЗЖ

ТКЖ

тәжірибелік-өнеркәсіптік
және
өнеркәсіптік
сынақтары

жабдықтар,технологиялар,есептеутехникасықұралдарын
сатып алу

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

________________     Бағдарламаның жетекшісі ______________________
Құжатты орындаушының Т.А.Ә. және телефон нөмірі  М.О.  Қолы  Т.А.Ә.
«__» ___________________ 20__ж.

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми,
ғылыми-техникалық жобаларды және бағдарламаларды
және олардың орындалуы жөніндегі есептерді  
мемлекеттік есепке алу қағидасына      
4-қосымша                  

3-ғт (бағдарлама) нысаны

ВЕДОМСТВОЛЫҚ СТАТИСТИКАЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК

«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұсынылады
           _____________
ҚҰЖЖ коды |_____________| №3-ғт (бағдарлама) нысаны - жылдық.
                          Қазақстан Республикасы Статистика
                          агенттігінің 1999 жылғы 21 сәуірдегі № 7
                          қаулысымен бекітілген.

                          Бас ұйым жылдық есеп бергеннен кейін 30
                          қаңтардан кешіктірмей "ҰҒТАО" АҚ-ға
                          тапсырады

____________жылғы бағдарлама бойынша тапсырмалардың, жұмыс кезеңдерінің орындалуы туралы
ЕСЕП

Бағдарламаның шифры ___________ Бағдарламаның атауы _______________
Бас ұйым __________________________________________________________
Мекенжай __________________________________________________________
Басшының Т.А.Ә., телефоны, телефаксы, электрондық мекен жайы
___________________________________________________________________

Бағдарламалар бойынша жұмыстарды қаржыландыру (млн.теңге)



Барлығы

Оның ішінде, төмендегілер есебінен

республикалық бюджет

Ғылым қоры

жергілікті бюджет

меншікті қаражат

мақсатты қорлар

басқа салымдар

1

2

3

4

5

6

7

8

Бөлінген қаражат (жоспар)








Нақты түскен қаражат








Пайдаланылған қаражат








3-ғт (бағдарлама) нысанның жалғасы

Жұмыстар тапсырмасының, кезеңінің шифры

Жұмыстар тапсырмасының, кезеңінің атауы

Жұмыстардың орындалу мерзімі (тоқсан, жыл)

Жұмысқа арналған нақты шығындар (мың теңге)

Жұмыстардың орындалуының нақты нәтижелері

Жұмыстарды орындаудағы ауытқулар, олардың себептері

басталуы

аяқталуы

Барлығы

оның ішінде

ғылыми-зерттеу жұмыстарына

тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға

енгізілуі

жабдықтар, технологиялар, есептеу техникасы құралдарын салып алу

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

_________________      Бағдарламаның жетекшісі __________________
Орындаушының Т.А.Ә. және телефон нөмірі М.О.  Қолы         Т.А.Ә.
«__» ___________________20__ж.

1-бөлім. Бағдарлама бойынша құқықтық қорғау және жұмыс нәтижелерінің енгізілуі туралы мәліметтер

Жұмыстар тапсырмасының, кезеңінің шифры

Жұмыс нәтижелерін құқықтық қорғау

Жұмыс нәтижелерін енгізу

Өндірістік меншікті объектінің атауы (өнертабыс, пайдалы үлгі, өндірістік үлгі)

Патенттелген объектінің атауы және оның жаңалығының қысқаша мәні

Қорғау құжаттары (атауы, елі, нөмірі, берілу күні)

Ел, ұйым, кәсіпорын

Енгізілгенін растайтын құжаттың атауы, № және күні

1

2

3

4

5

6

_________________     Бағдарламаның жетекшісі ____________________
Орындаушының Т.А.Ә. және телефон нөмірі М.О.  Қолы         Т.А.Ә.
«__» _______________20__ж.

2-бөлім. Бағдарламаға бөлінген бюджет қаражаты есебінен технологиялар сатып алу

Жұмыстар тапсырмасының, кезеңінің шифры

Тапсырманың, кезеңнің атауы

Технологиялар, жабдықтар мен есептеу техникасының құралдарын сатып алу

Атауы

Құны (мың теңге)

1

2

3

4

___________________     Бағдарламаның жетекшісі __________________
Орындаушының Т.А.Ә. және телефон нөмірі М.О.  Қолы         Т.А.Ә.
«__» _______________20__ж.

3-бөлім. Бағдарламалар бойынша тапсырмаларды, жұмыс кезеңдерін орындаушы ұйымдардың мамандармен қамтамасыз етілуі туралы анықтама

Ұйымның аббревиатурасы

Барлығы

Оның ішінде

жоғары білімді

оның ішінде дәрежелері бар

ғылым докторы

ғылым кандидаты

PhD

1

2

3

4

5

6

___________________      Бағдарламаның жетекшісі _________________
Орындаушының Т.А.Ә. және телефон нөмірі М.О.  Қолы         Т.А.Ә.
«__» ______________20___ж.

4-бөлім. Бағдарлама бойынша дайындалған құжаттар мен жарияланымдардың саны туралы мәліметтер1

Ұйымның аббревиатурасы

дайындалған құжаттардың саны, оның ішінде:

монографиялар

әдістемелер, құралдар, ұсыныстар

нормативтер

жіктеуіштер, каталогтар

оқу құралдары, бағдарламалар

заң жобалары

ғылыми-көпшілік басылымдар (жинақтар, кітаптар, брошюралар т.т.)

сөздіктер, анықтамалықтар

директивалық құжаттар

электрондық оқу құралдары

тұжырымдамалар

Жарияланымдар (мақалалар) саны

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

_________________         Бағдарлама басшысы ______________________
Орындаушының Т.А.Ә. және телефон нөмірі М.О.  Қолы         Т.А.Ә.
«__» ______________20___ж.
____________________
1 Монографиялардың, оқу құралдары мен мақалалардың тізімін көрсету

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми,
ғылыми-техникалық жобаларды және бағдарламаларды
және олардың орындалуы жөніндегі есептерді  
мемлекеттік есепке алу қағидасына      
5-қосымша                  

Ф4-біріздендірілген

__________ жылғы _________ тоқсандағы
бағдарламаны орындауға қатысушы ұйымдардың жұмыс тапсырмаларын, кезеңдерін орындау барысы туралы
ЕСЕП

Бағдарлама шифры ________ Бағдарлама атауы _______________________
Бас ұйым _________________________________________________________

Есептік кезеңде бағдарламаны қаржыландыратын министрліктен, агенттіктен орындаушы ұйымға нақты _____________ млн. теңге қаражат аударылды

Ұйымның аббревиатурасы

Есептік кезеңде берілетін мәліметтер

Нақты аударылған қаражат (мың теңге)

Орындауда ауытқулары бар тапсырмалар, кезеңдер

Сомасы

Шифры

Атауы

Жұмыстардың орындалу жағдайы

Ауытқу себептері

1

2

3

4

5

6

Жиыны ________________ (есепті кезеңде), оның ішінде:

Бағдарлама жетекшісі _________________ Т.А.Ә.

Орындаушының Т.А.Ә. және телефон нөмірі ____________      М.О. қолы
«__» _______________ 20___ж.           Бас есепші ___________ Т.А.Ә.
                                                     қолы

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми,
ғылыми-техникалық жобаларды және бағдарламаларды
және олардың орындалуы жөніндегі есептерді  
мемлекеттік есепке алу қағидасына      
6-қосымша                 

Тiркеу картасының нысаны
және оны толтыру тәртібі

5013 ТІРКЕУ КАРТАСЫ

01


Қайда: 050026, Алматы қ.,
Бөгенбай көш., 221.,
«ҰҒТАО» АҚ

5418 Шығыс №, күні                    5436 Мемлекеттік тіркелу нөмірі
                 

                                       Жұмысты орындау мерзімдері

5517 Өзгертілген мемлекеттік          
тіркелу нөмірі                   7353 Басталуы       7362 Аяқталуы
        

7146 Жұмысты жүргізу үшін негіздеме
 
07 Мемлекеттік бағдарлама
09 Салалық (секторалдық) бағдарлама
10 Іргелі зерттеулер бағдарламасы (ІЗБ)
11 Қолданбалы зерттеулер бағдарламасы
12 Инновациялық жоба
13 Іздену (тәуекелдік) жоба (ғылым қоры)
34 Министрліктің тапсырмасы
52 Ұйыммен шарт жасау
43 Ынталы

7137 Күнтізбелік жылдар бойынша қаржыландыру көздері және көлемі (мың теңге)

Барлығы

1-ші жыл

2-ші жыл

3-шіжыл

13 Мемлекеттік бюджеттің қаражаты





22 Тапсырыс берушінің қаражаты





04 Меншікті қаражат





14 Отандық гранттар





21 Ғылым қоры





15 Халықаралық гранттар, қорлар





31 Басқалар





                                          7191 Жұмыс түрі

                              39 Іргелі ғылыми-зерттеу жұмысы
                              48 Қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмысы
                              57 Тәжірибелік-конструкторлық,
                                 жобалау-конструкторлық
                              66 Жобалау-технологиялық
                              7020 Бағдарламаның шифры
                              
 

7021 Бағдарлама шеңберінде орындалатын тапсырманың шифры __________

Негізгі ұйым туралы мәліметтер

2457КҰЖЖ коды 2934 Телефон 2394 Факс 3033 Электрондық мекен-жайы 2754  Қала






1332 Министрліктің (ведомствоның) қысқартылған атауы


2151 Ұйымның толық атауы


2358 Ұйымның қысқартылған атауы


2655 Ұйымның мекенжайы (индекс, республика, облыс, қала, көше, үй)


2142 Бірлесіп орындаушы ұйым


9126 Тапсырыс беруші


9027 Жұмыстың атауы


9153 Күтілетін нәтижелер

Зерттеу немесе әзірлеу объектісінің нақты жоспарланатын сипаттамалары мен параметрлерін көрсете отырып, тіркелетін жұмыстың күтілетін нәтижелері еркін түрде сипатталады.





5436
 



Тегі, аты, әкесінің аты

Ғылыми дәрежесі,ғылыми атағы

Қолы

Мөр орны

Ұйым басшысы

6111

6210



Жұмыс жетекшісі

6120

6228


5634 ӘОК индексі        5274 Геолқор шифры           7434 Күні         

5616 Тақырыптық айдарлар кодтары






5643 Түйінді сөздер






Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми,
ғылыми-техникалық жобаларды және бағдарламаларды
және олардың орындалуы жөніндегі есептерді  
мемлекеттік есепке алу қағидасына      
7-қосымша                   

Ақпараттық картаның нысаны
және оны толтыру тәртібі

АК 5013 АҚПАРАТТЫҚ КАРТА

02

03

Қайда: 050026, Алматы қ.,
Бөгенбай батыр көш., 221

5409 Бекітілген күні     5418 Шығыс №, күні      5436 Түгендеу №
   
 
5517 Мемлекеттік тіркелу нөмірі 5040 Құжат түрі  5535 Таратылу шарты
   91 Қорытынды есеп 55 Өтеусіз беру
                                28 Аралық есеп    65 Келісімді
                                                  бағамен (ынталы
                                                  және шарт б/ша
                                                  жасалған жұмыстар
                                                  үшін
5715 Құжаттың тілі

                                     
5733 Кітаптар саны 5751 Қосымшалар  
5742 Жалпы беттер  5490 Патенттер   
саны
         

5787 Көздер       
5760 Иллюстрация  
5778 Кестелер     

7713 Қаржыландыру көлемі,    7020 Бағдарлама шифрі
     мың теңге

7021 Бағдарлама шеңберінде орындалатын жұмыс тапсырмасының шифры__
9027 Жұмыстың атауы


7191 Жұмыс түрі
39 Іргелі ҒЗЖ
48 Қолданбалы ҒЗЖ
57 Тәжірибелік-конструкторлық, жобалау-конструкторлық
66 Жобалау-технологиялық
7137 Қаржыландыру көзі
13 Мембюджет қаражаты
22 Тапсырушының қаражаты
04 Меншікті қаражат
14 Отандық гранттар
21 Ғылым қоры
15 Халықаралық гранттар, қорлар
31 Басқалар

7326 Сатуға ұсынылған өнім

02 Технологиялық құжаттама
03 Әдістемелік құжаттама
04 Бағдарламалық құжаттама
05 Технология
06 Әдіс, тәсіл
07 Модель
08 Материалдар
09 Қосылыстар
10 Препараттар


11 А.-ш. дақылдарының сорттары
12 А.-ш. жануарларының тұқымы
13 Коллекциялар
14 Базалар, деректер банкі
15 Карталар
16 Стандарттар, нормативтер
45 Техника үлгісі
46 Автоматтандырылған жүйе
72 Сериялық өнім
73 Басқа (көрсетіңіз)

6183 Есеп авторлары


Жұмысты орындаушы ұйым туралы мәліметтер
2457 КҰЖЖ коды 2934 Телефон  3033 е-mail  2394 Факс   2754 Қала






1332 Министрліктің (ведомствоның) қысқартылған атауы ______________

2151 Ұйымның толық атауы


2358 Ұйымның қысқартылған атауы


2655 Ұйымның мекенжайы (индекс, республика, облыс, қала, көше, үй)



9045 Есептің атауы


9117 Реферат

(Зерттеу, әзірлеу немесе жобалау объектісі. Жұмыстың мақсаты. Зерттеу әдістері. Алынған нәтижелері мен жаңалығы. Негізгі конструктивтік және техникалық-экономикалық көрсеткіштері. Енгізілу дәрежесі. Тиімділігі. Қолданылу саласы)



5436
 

5699 Халықаралық жіктеуіш айдарының кодтары

7510 Әзірлеменің іске асырылуға дайындығы                     

01
Қолдануға
дайын

02 Тәжірибелік
байқау

03
Өнеркәсіптік
байқау

5634 ӘОК индекстері
5616 Тақырыптық айдарлар кодтары






5643 Түйінді сөздер

7434 Күні







Тегі, аты-жөні

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

Қолы

Мөр орны

Ұйым басшысы

6111

6210



Жұмыс жетекшісі

6120

6228


Жұмыстың жауапты орындаушысы

6174

6273


Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми,
ғылыми-техникалық жобаларды және бағдарламаларды
және олардың орындалуы жөніндегі есептерді  
мемлекеттік есепке алу қағидасына      
8-қосымша                   

Ғылыми-техникалық қызмет
нәтижелерін тіркеуге
ӨТІНІМ

Қазақстан Республикасы ________________________________ негізінде
(Қазақтан Республикасы құқығының пайда болу негізі көрсетіледі)
_________________________________________________________жататын
   (Қазақтан Республикасы құқығының көлемі көрсетіледі)
______________________________________ орындалу кезінде жасалған
(ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және техникалық жұмыстарды орындауға қаражат бөлінген немесе мемлекеттік келісімшарттың тіркеу нөмірі немесе құжаттарының деректемелері көрсетіледі)
________________________________________________________________
                   (ҒТҚН атауы көрсетіледі)

ғылыми-техникалық қызмет нәтижесін тіркеуіңізді сұраймын.

Қазақстан Республикасы атынан __________________________________
                     (тапсырыс берушінің толық атауы көрсетіледі)
________________________________________________________________
      (орындаушы ұйымдар құқығының көлемі көрсетіледі)
____________________________________ орындаушы ұйымдарға тиесілі
(орындаушы ұйымдардың толық атауы көрсетіледі)

Орындаушы ұйымның басшысы                     __________________
                                                 (қолы) Т.А.Ә.
                                                   М.О. Күні

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми,
ғылыми-техникалық жобаларды және бағдарламаларды
және олардың орындалуы жөніндегі есептерді  
мемлекеттік есепке алу қағидасына      
9-қосымша                 

Ғылыми-техникалық қызмет нәтижелері туралы мәліметтерді есепке алу бойынша нысаны

Ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстарды (бұдан әрі – ғылыми-техникалық қызмет) орындауға қаражат бөлінген мемлекеттік келісімшарттың немесе құжаттардың тіркеу нөмірі
      _________________________________________________________________
ҒТҚН тіркеу нөмірі ______________________________________________

1. Ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерінің жеке ерешеліктері туралы мәліметтер

1.1. Нәтиженің атауы ____________________________________________
1.2. Нәтиженің қысқаша сипаттамасы ______________________________
1.3. Нәтиженің қолданылу саласы _________________________________
1.4. Нәтиженің түрі

Технология
Әдіс, тәсіл
Пайдалы модель
Материалдар
Қосылыстар
Препараттар
А.-ш. дақылдарының сорттары
А.-ш. жануарларының тұқымдары
Коллекциялар
Деректер базалары, банктері
Карталар
Техника үлгісі
Нәтижені қолдану техникасының объектісі
Автоматтандырылған жүйе
Басқа (көрсетіңіз)

1.5. Нәтиженің тіршілік цикл кезеңі (тәжірибелік үлгі, өнеркәсіптік үлгі, сериялық өнім, қорғау құжаты, енгізу, жаңа тұқым шығару әдістемесі, жоғары өнімді табын, аудандастыру және т.б.)
__________________________________________________________________
1.6. Нәтижені жетілдіру бағыты ___________________________________
1.7. Әрі қарай зерттеу үшін нәтижелерді қолданудың перспективалық бағыттары ________________________________________________________
1.8. Енгізілудің болуы (хаттама, актілер, шарттар) _______________
1.9. ҒТҚН енгізудің әлеуметтік тиімділігі ________________________
1.10. ҒТҚН енгізудің экономикалық тиімділігі _____________________
1.11. ҒТҚН енгізудің экологиялық тиімділігі ______________________
1.12. ҒТҚН енгізуден импорталмастыру тиімділігінің болуы _________
__________________________________________________________________
1.13. ҒТҚН қолдану артықшылығы ___________________________________
1.14. Патенттік зерттеулер туралы есеп (ҚР СТ МЕМСТ Р 15.011-2005 бойынша) _________________________________________________________
1.15. Нәтижелер туралы мәліметтер бар құжаттамалар тізімі ________
__________________________________________________________________
1.6. Түйінді сөздер ______________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

2. Ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын орындаушы ұйымдар және олармен бірлесіп орындаушылар туралы мәліметтер Бас ұйым туралы мәліметтер

2.1. Ұйымның атауы _______________________________________________
2.2. Ұйымның қысқартылған атауы __________________________________
2.3. Мекенжайы (тұрған жері)______________________________________
2.4. Мемлекеттік мәртебесі бар атқарушы билік органының, қарамағына ұйым қарайтын басқа да ұйымның атауы _____________________________

3. Есепке алу объектісіне және оның құрамдас бөлігіне Қазақстан Республикасы құқығының пайда болуының негізі мен көлемі туралы мәліметтер

3.1. Ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыруға, оның ішінде мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінген құжаттар __________________
__________________________________________________________________
3.2. ҒТҚН-ға Қазақстан Республикасының құқығы туралы мәліметтер __________________________________________________________________

4. Өндіріс құпиясына (ноу-хау) Қазақстан Республикасының құқығы туралы мәліметтер

4.1. Нәтиженің атауы _____________________________________________
4.2. Өндіріс құпиясына (ноу-хау) қатысты коммерциялық құпия режимін белгілейтін құжаттар деректемесі _________________________________
__________________________________________________________________
4.3. Өндіріс құпиясына (ноу-хау) Қазақстан Республикасы құқығының көлемі ___________________________________________________________

Зияткерлік меншік объектілеріне Қазақстан Республикасының  құқығы туралы мәліметтер

4.4. Объектінің түрі _____________________________________________
4.5. Объектінің атауы ____________________________________________
4.6. Қорғау құжатының нөмірі (зияткерлік меншік объектісін тіркеу туралы куәлік) ___________________________________________________
4.7. Басымдылық күні _____________________________________________
4.8. Қолданылу аумағы және мерзімі _______________________________
4.9. Зияткерлік меншік объектісіне Қазақстан Республикасы құқығының көлемі ___________________________________________________________
4.10. ХПК индексі ________________________________________________
4.11. Патент иесі ________________________________________________

5. ҒТҚН авторлары туралы мәліметтер

5.1. Тегі, Аты, Әкесінің аты _____________________________________
5.2. Туған күні __________________________________________________
5.3. ҒТҚН түрі және оны құқықтық қорғаудың қабылданған режимі (ҒТҚН мемлекетінің, орындаушы ұйымның және автор(лар) дың үлестік қатысуы) __________________________________________________________________
5.4. Жұмыс беруші ұйымның атауы __________________________________
__________________________________________________________________

Орындаушы ұйымның басшысы ________________________________________
Қолы ____________________
Күні ____________________
М.О.

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми,
ғылыми-техникалық жобаларды және бағдарламаларды
және олардың орындалуы жөніндегі есептерді  
мемлекеттік есепке алу қағидасына      
10-қосымша              

ҒТҚН ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕРДІҢ ӨЗГЕРГЕНІ ТУРАЛЫ
ХАБАРЛАМА

__________________________________________________________________
_______________________________________________________байланысты
(ҒТҚН туралы мәліметтердің өзгеру мен толықтыру негізі көрсетіледі)
ҒТҚН туралы мәліметтерді нақтылауыңызды сұраймын _________________
__________________________________________________________________.
         (ҒТҚН аталуы мен тіркелу нөмірі көрсетіледі)

Қосымша: ҒТҚН туралы мәліметтердің өзгеруіне негіз болатын құжаттардың көшірмесі, _____б.

Орындаушы ұйымның басшысы      ____________ __________________
                                  (қолы)         А.Ә.Тегі

      Күні
      М.О.

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми,
ғылыми-техникалық жобаларды және бағдарламаларды
және олардың орындалуы жөніндегі есептерді  
мемлекеттік есепке алу қағидасына      
11-қосымша                 

ҒТҚН пайдалану туралы мәлімет

_______________________ ғылыми-техникалық қызметін жүзеге асыруға қаржы қаражаты бөлінген құжаттардың немесе мемлекеттік шарттың тіркеу нөмірі __________________________________________________________
ҒТҚН тіркеу нөмірі ______________________________________________

Азаматтық құқықтық шарт туралы мәліметтер

Шарттың түрі, күні _______________________________________________
Нәтиженің атауы __________________________________________________
Берілетін құқықтардың көлемі _____________________________________
Шарттың қолданылу мерзімі ________________________________________
Шарттың қолданылу аумағы _________________________________________
Шартты төлеу талаптары ___________________________________________
Шарттың тіркеу нөмірі ____________________________________________
Нәтижені пайдалану мақсаты _______________________________________
Нәтижені пайдалану саласы ________________________________________

Нәтиженің түрі

Технология
Әдіс, тәсіл
Пайдалы модель
Материалдар
Қосылыстар
Препараттар
А.-ш. дақылдарының сорттары
А.-ш. жануарларының тұқымдары
Коллекциялар
Деректер базалары, банктері
Карталар
Техника үлгісі
Нәтижелерді қолдану техникасының объектісі
Автоматтандырылған жүйе
Басқа (көрсетіңіз)

Нәтиженің тіршілік цикл кезеңі (тәжірибелік үлгі, өнеркәсіптік үлгісі, сериялық өнім, қорғау құжаты, енгізу, жаңа тұқым шығару әдістемесі, жоғары өнімді табын, аудандастыру және т.б.)
_______________________________________________________________
Нәтиже туралы мәлімет бар берілетін құжаттамалардың тізімі
_______________________________________________________________

Лицензиар туралы мәлімет

Ұйымның атауы _________________________________________________
Ұйымның қысқартылған атауы ____________________________________
Мекенжайы (орналасқан жері) ___________________________________
КҰЖЖ коды _____________________________________________________
ЖСН/СҚК _______________________________________________________

Лицензиат туралы мәлімет

Ұйымның атауы _________________________________________________
Ұйымның қысқартылған атауы ____________________________________
КҰЖЖ коды _____________________________________________________
ЖСН/СҚК _______________________________________________________

Лицензиар ________________
Қолы _____________________
Күні _____________________
М.О.

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми,
ғылыми-техникалық жобаларды және бағдарламаларды
және олардың орындалуы жөніндегі есептерді  
мемлекеттік есепке алу қағидасына      
12-қосымша                  

ҒТҚН МЕМЛЕКЕТТІК ТІЗІЛІМІНЕН ҒТҚН-ны АЛЫП ТАСТАУ ТУРАЛЫ
ХАБАРЛАМА

______________________________________________________байланысты
(тапсырыс берушінің деректер базасынан есепке объектісін алып тастау негізін тұжырымдау)

ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерінің мемлекеттік тізіліміне есепке алу объектісін алып тастау туралы мәліметтер енгізуді сұраймын
____________________________________________________
(есепке алу нысанының атауы және оның тіркеу нөмірі)

Қосымша: Есепке алу объектісін ҒЗҚТ МТ-ден алып тастауды негіздейтін құжаттардың көшірмесі, ____б.

Орындаушы ұйымның басшысы ____________ _______________
                              (қолы)      А.Ә. Тегі

      Күні                  М.О.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады