"Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын тіркеу туралы ақпарат беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 сәуірдегі № 368 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 шілдедегі № 846 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 13 наурыздағы № 116 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 13.03.2017 № 116 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын тіркеу туралы ақпарат беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 сәуірдегі № 368 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 17, 175-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат беру ережесін бекіту туралы";

      кіріспедегі "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексіне (Салық кодексі)," деген сөздер алып тасталсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат беру ережесінде:

      4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Заңды немесе жеке тұлғаның өтініші бойынша тіркеуші орган оны берген сәттен бастап он жұмыс күні ішінде кеме тіркелген Қазақстан Республикасының кемелер тізілімінен үзінді көшірме немесе көшірме нысанында ақпарат береді. Бұл ретте үзінді көшірме:".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады