Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 13 наурыздағы № 116 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2017 жылғы 13 наурыздағы
№ 116 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi

      1. "Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат беру ережесін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 сәуірдегі № 368 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 17, 175-құжат).

      2. "Кемелердi лоцмандық алып өтудi жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 12 қыркүйектегі № 923 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 37, 375-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 сәуірдегі № 368 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 23 қазандағы № 1068 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 38, 543-құжат).

      4. "Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын тіркеу туралы ақпарат беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 сәуірдегі № 368 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 шілдедегі № 846 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 49, 661-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады