«Бөлiнбейтiн iрi көлемдi және ауыр салмақты жүктердi Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 51 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 тамыздағы № 902 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 941 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.11.2015 № 941 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Бөлінбейтін ірі көлемді және ауыр салмақты жүктерді Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 51 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 3, 24-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Бөлінбейтін ірі көлемді және ауыр салмақты жүктерді Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесінде:
      3-тармақта:
      2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) iлесiп жүру автомобилi – жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралына автомобиль жолдарымен iлесiп жүретiн, тиiстi тану белгiлерi бар Қазақстан Республикасы Iшкi iстер органдарының жол полициясы бөлімшілерінің (бұдан әрi - жол полициясы) ақысыз негiзде ұсынатын патрульдiк автомобилi;
      3) бақылаушы органдар – көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдары, жол полициясы және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттеріндегі кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлімшелері;»;
      11) және 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) көліктік бақылау посты – арнайы лайықталған ғимаратпен немесе арнайы автокөлікпен жабдықталған, техникалық бақылау құралдарымен жарақтандырылған стационарлық немесе жылжымалы бақылау-өткiзу пунктi;
      12) iрi көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өтуі үшін алынатын алым – Қазақстан Республикасы Салық Кодексінде белгіленген тәртіппен алынатын iрi көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өтуі салдарынан автомобиль жолдарына және жол құрылыстарына келтiрiлген залалды ақшалай өтеу;»;
      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «14) келiсушi ұйымдар – автомобиль жолдарын басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар немесе iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүру бағытында автомобиль жолдары, жол құрылыстары және коммуникациялық объектiлерi (көпiрлерi, жолөткелдерi, темiр жол өтпелерi, электр желiлерi, байланыс кабелдерi және т.б.) теңгерiмiнде бар, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығында автомобиль жолдарына иелiк ету немесе басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғалар;»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктердi автокөлiк құралдарымен автомобиль жолдары арқылы тасымалдауға оларды көлiктiң басқа түрлерiмен тасымалдау мүмкiн болмаған және орынсыз жағдайда ғана рұқсат етiледi.»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктердi автокөлiк құралымен автомобиль жолдары арқылы тасымалдауға уәкiлеттi орган берген осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Арнайы рұқсат пен осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оның бақылау талоны болған жағдайда ғана рұқсат етiледi.»;
      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өтуіне Арнайы рұқсат алу үшін тасымалдаушы уәкiлеттi органға осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтінішпен жүгінеді.
      9. Өңіраралық және халықаралық тасымалдау бағытын келісу жүргiзілетiн келiсушi ұйымдардың тiзбесi автомобиль жолдары жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық бөлімшелер басшыларының шешімімен бекітіледі.
      Жергілікті тасымалдау бағытын келісу жүргiзілетiн келiсушi ұйымдардың тiзбесiн жергiлiктi атқарушы органдар көрсетеді.»;
      12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. Автомобиль жолдары жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық бөлімшелерімен және жергілікті атқарушы органдармен тасымалдау бағытын келісу, егер:
      1) iрi көлемді автокөлік құралының ені 3,5 метрден асқан;
      2) iрi көлемді автокөлік құралының биiктiгi жол бетінен 4,5 метрден асқан;
      3) iрi көлемді автокөлік құралының, оның iшiнде автопоездың ұзындығы 25 метрден асқан;
      4) жалпы салмағы жасанды инженерлік құрылыстардың жүккөтергіштігінен асатын ауыр салмақты көлік құралының жол жүруі жүзеге асырылған;
      5) iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының қозғалу жылдамдығы 8 км/сағатты кем болған жағдайларда жүргізіледі.
      Тасымалдаудың бағыты темiр жол өтпелерiмен, жолөткелдерiмен, көпiрлермен, құбырлармен, электр және байланыстың әуе желiлерiмен қиылысқан жағдайларда егер:
      1) iрi көлемдi автокөлiк құралының енi 5 метрден асатын болса;
      2) iрi көлемдi автокөлiк құралының биiктiгi жол бетiнен 4,5 метрден асатын болса;
      3) iрi көлемдi автокөлiк құралының, оның iшiнде автопоездың ұзындығы 25 метрден асатын болса;
      4) iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының қозғалу жылдамдығы 8 км/сағаттан кем болса, тиiстi келісуші ұйымдармен тасымалдауды келiсу жүргiзiледi.
      13. Келiсушi ұйым мәлiмделген бағытқа келiсудi жүргiзедi немесе белгiленген мерзiмдерде:
      1) жергiлiктi тасымалға бір жұмыс күні ішінде;
      2) өңіраралық және халықаралық тасымалға үш жұмыс күні ішінде негізді бас тартуды ұсынады.»;
      17-тармақта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) жүкті тасымалдауға қойылатын автокөлiк құралының, оның iшiнде автомобиль-тартқыштың және тiркеменiң (жартылай тiркеменiң) техникалық сипаттамаларының сәйкестiгi;»;
      4) тармақша алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүріп өтуіне Арнайы рұқсатты алу үшін өтінішті уәкілетті орган ол келіп түскен күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды.»;
      мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:
      «17-1. Уәкiлеттi орган осы Ереженің 12-тармағында көзделген жағдайларда өтiнiшті қарау барысында тасымалдаушының өтiнiшiн келісуші ұйымдармен келісуді жүргізеді.
      Осы Ереженің 13-тармағында көрcетiлген мерзiмде келісуші ұйым уәкiлеттi орган жолдаған тасымалдаушының өтінішін келіседі немесе жазбаша түрде дәлелді бас тартуды береді.
      Келісуші ұйымнан белгіленген мерзімде жауап болмаған жағдайда тасымалдаушының өтініші келісілген болып есептеледі.»;
      18 және 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «18. Eгeр өтiнiште толық eмec ақпарат және (немесе) жүктiң бөлiнбейтiндiгi құжаттамалық тұрғыдан жеткiлiксiз негiзделсе, уәкiлеттi орган өтiнiш журналға тiркелген күнінен бастап екi жұмыс күні ішінде тасымалдаушыға жазбаша түрде тиiстi сұрау салумен өтініш жасайды.
      Тасымалдаушы он күнтізбелік күн iшiнде талап етiлетiн ақпаратты және құжаттарды ұсынбаған жағдайда, уәкiлеттi орган тасымалдаушыға өтініштен бас тарту туралы жазбаша хабарлайды.
      Осы Ереженің 17-тармағында көрсетілген өтінішті қарау мерзімі тасымалдаушыға тиісті сұрау жолданған сәттен бастап уәкілетті орган талап еткен ақпарат пен құжаттарды ұсыну мерзімі аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрады.
      19. Уәкілетті орган осы Ереженің 17-тармағында көрсетілген мерзім ішінде тасымалдаушыны Арнайы рұқсатты беру және Қазақстан Республикасы Салық кодексінде белгіленген ставкалар бойынша және тәртiппен iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүрiп өткені үшiн төленуі қажет алым сомасы туралы тасымалдаушыға хабарлайды немесе Арнайы рұқсат беруден жазбаша түрде дәлелді бас тартуды береді.»;
      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «21. Iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүрiп өтуiне Арнайы рұқсатты алуға өтiнiш:
      1) автокөлiк құралы табиғи немесе техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшiн жұмысқа тартылған;
      2) көлiк құралын ауыстырған (сынған жағдайларда) және жаңа Арнайы рұқсатты ресiмдеу қажет болған;
      3) жүк жөнелтушi не жүк алушы тасымалдау бағытын өзгерткен және жаңа Арнайы рұқсатты ресiмдеу қажет болған жағдайларда бір жұмыс күні ішінде қаралады.»;
      22-тармақ алынып тасталсын;
      23-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) егер тасымалдаушы жеке тұлға болып табылса, қолымен және жеке басын куәландыратын құжат деректері;»;
      мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      «3) егер тасымалдаушы дара кәсіпкер болып табылса, қолымен және дара кәсіпкер ретінде тіркелгені туралы куәлігінде қамтылған деректер көрсетіле отырып расталады.»;
      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «24. Тасымалдаушы Арнайы рұқсат алуға арналған өтiнiштi тасымалдау түрiне қарай:
      1) халықаралық және өңіраралық тасымалға – тасымалдаушының тұрған орны бойынша уәкiлеттi органға немесе жақын маңдағы уәкiлеттi органға;
      2) жергiлiктi тасымалға – тасымал жүзеге асырылатын орын бойынша уәкiлеттi органға бередi.»;
      27-тармақта:
      бірінші бөліктің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) көрсетілген мерзiм iшінде жарамды болатын Арнайы рұқсат белгiленген тәртiппен бекiтiлген бағыт бойынша бiр тұрпатты iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты жүктердi тасымалдайтын бiр автокөлiк құралына берiледi.»;
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Арнайы рұқсат алты айға дейiнгi мерзiмге беріледі.»;
      28 және 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «28. Арнайы рұқсатты уәкiлеттi орган толтырады және мөрмен куәландырады және барлығы келiсiлгеннен және iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүрiп өткені үшiн тасымалдаушы алым сомасын төлегеннен кейiн екi жұмыс күнi iшiнде берiледi.
      29. Iлесіп жүру автомобилінің болуы қажет болған кезінде oсы Ереженің 42-тармағында көзделген жағдайларда уәкілетті орган жол полициясына Арнайы рұқсатта көрсетілген бағыт бойынша iрi көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралын ілесіп жүру қажеттілігін туралы тиісті хабарламаны жолдайды.
      Уәкiлеттi органның хабарламасын алған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Жол полициясы комитетi халықаралық және өңіраралық тасымалдауларды жүзеге асыру кезінде ілесіп жүруді ұйымдастырады, ол туралы тасымалдаушыны хабардар етеді.
      Облыстың, қаланың немесе ауданның жол полициясы жергілікті тасымалдауды жүзеге асыру кезінде уәкiлеттi органның хабарламасын алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде ілесіп жүруді ұйымдастырады, ол туралы тасымалдаушыны хабардар етеді.»;
      30-тармақ алынып тасталсын;
      42-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын;
      69-тармақ алынып тасталсын;
      70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «70. Егер уәкілетті орган осы Ереженiң бұзылу фактiсін анықтаса, тасымалдаушы және (немесе) жүк жөнелтуші Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (бұдан әрi – Кодекс) сәйкес әкiмшiлiк жауапкершілікке тартылады, ал автокөлiк құралын одан әрi пайдалануға анықталған бұзушылық жойылғанға дейiн тыйым салынады.»;
      71-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «71. Осы Ереже бұзылған жағдайда уәкiлеттi орган Кодексте көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларын қабылдайды және тасымалдау мынадай жағдайларда жалғастырылады:
      1) осы Ережеде белгіленген тәртіппен Арнайы рұқсатты алғаннан кейін және барлық жол жүру бағыты бойынша ірі көлемді және ауыр салмақты көлік құралының жүріп өткені үшін алым сомасы төленгеннен кейін – iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының Арнайы рұқсатсыз жүрiп өткені анықталған кезде;
      2) тасымалдаушы Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүру үшін автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген рұқсат етілген өлшемдеріне сәйкес келтіру үшін автокөлік құралын артық жүктен босатуды жүргізгенде және iрi көлемді және ауыр салмақты көлік құралының жүріп өткеніне бағыттың іс жүзінде жүріп өткен бір бөлiгi үшін алым сомасын төлеген жағдайда – Арнайы рұқсат берілместен, бөлiнетін жүгi бар iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүрiп өткені анықталған кезде;
      3) ірi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүрiп өткені үшiн төленген алымға қосымша осы Ережеде белгіленген тәртіпті бұза отырып және салмақтық және көлемдiк өлшемдердi іс жүзінде көрсете отырып, осы Ережеде белгілеген тәртіппен Арнайы рұқсатты ала отырып, іс жүзінде жүріп өткен бағыт үшін iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жүрiп өткені үшiн алынатын алымды тасымалдаушы төлегеннен кейін – iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралы өлшемдерінің бiрi Арнайы рұқсатта көрсетілгендерден асып кеткені анықталған кезде;
      4) тасымалдаушы нақты жүріп өткен бағыт бойынша ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өткені үшін алым сомасын төлеген және осы Ережеде белгіленген тәртіппен Арнайы рұқсатты алғаннан кейін – iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының жолды Арнайы рұқсатта көрсетілген бағыттан ауытқи отырып жүргені анықталған кезде;
      5) уәкілетті орган Арнайы рұқсаттағы мерзімді ұзартқаннан кейін – ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының Арнайы рұқсатта көрсетілген мерзімдерден ауытқи отырып жүргені анықталған кезде.
      Арнайы рұқсаттағы ұзарту мерзiмі күнтiзбелiк он бес күннен аспауы тиіс;
      6) oсы Ереженің 29-тармағында көзделген мерзімде жол полициясы ілесіп жүру автомобилін бөлгеннен кейін – oсы Ереженің 42-тармағында көзделген жағдайларда iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралының ілесіп жүру автомобилінсіз жүргені анықталғанда.»;
      Бөлінбейтін ірі көлемді және ауыр салмақты жүктерді Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесінің 1 және 3-қосымшасы осы қаулыға 1 және 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 3 тамыздағы
№ 902 қаулысына   
1-қосымша      

Бөлiнбейтiн iрi көлемдi және ауыр салмақты 
жүктердi Қазақстан Республикасының аумағында
тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру 
ережесiне 1-қосымша             

Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы        АРНАЙЫ РҰҚСАТавтомобиль жолдары бойынша iрi көлемдi және (немесе)     №_________
ауыр салмақты көлiк құралдарының жүрiп өтуiне
____________________________________________автокөлiк құралының
   (маркасы, моделi, нөмiрлiк белгiсi)
_______________________________________________________________
(бағыт бойынша өтетiн елдi мекендердiң атауы, жолдың ұзақтығы км-мен) ________________________________________бағыты бойынша жүруiне
1. Көлiк құралының өлшемдерi:

автокөлiк құралының жалпы салмағы, т

жүктiң салмағы, т

ұзындығы, м

енi, м

биiктiгi

дөңгелек осьтерiнiң орналасу схемасы және олардың ара қашықтығы, м

жүкпен бұрылудың ең аз мөлшердегi радиусы, м

осьтер бойынша жүктеме, т

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











2. Iлесiп жүру үшiн бөлiнген көлiк құралдары______________________
                                (маркасы, моделi, нөмiрлiк белгiсi)
3. Жүктi тасымалдаушы ұйымның атауы, мекенжайы мен телефоны
_________________________________________________________________
 
4.____________сағ. бастап__сағ. дейiн (жылы, айы, күнi)___км/сағ. аспайтын жылдамдықпен_____________жолдарымен жүруге рұқсат етiледi
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
                  (кесу сызығы)

АРНАЙЫ РҰҚСАТ ТҮБІРТЕГІ

№__________ _____________________________________________________
       (маркасы, моделi, нөмiрлiк белгiсi, көлiк құралының өлшемі,
_________________________________________________________________
бағыт нөмiрi, бастапқы және соңғы пункті, жолдың ұзақтығы км-мен)
_________________________________________________________________
 
5. Қозғалыстың ерекше жағдайлары_________________________________
             (iлесiп жүретiн автомобильдердiң қозғалыс тәртiбiн,
_________________________________________________________________
қозғалысқа басқа қатысушыларды тасымал туралы хабар ету тәсiлiн,
_________________________________________________________________
жүктеме түрiн, оның көпiрлерден өткiзу тәртiбiн және т.б. көрсету)
 
6. Рұқсат берілді________________________________________________
(уәкілетті органның атауы, Т.А.Ә., мөрмен куәландырылған қолы, күні)
_________________________________________________________________
 
7. Жүріп өткені үшін алымдар есебі_______________________________
_________________________________________________________________
 
Төлем сомасы_____________________________________________________
                               (жазбаша)
8. Бөлінбейтін ірі көлемді және ауыр салмақты жүктерді Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесінің негізгі талаптарымен танысқандар:

Негізгі тартқыш жүргізушісі______________________________________
                                        (Т.А.Ә., қолы)
Жүкті шығарып салушы тұлға_______________________________________
                                         (Т.А.Ә., қолы)
9. Автокөлік құралын жүкті тасымалдауға жауапты ұйымның өкілдері тексерді және Жол қозғалысы ережесі мен Бөлiнбейтiн iрi көлемдi және ауыр салмақты жүктердi Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесiн талаптарына сәйкес келеді
_________________________________________________________________
       (ұйым, Т.А.Ә., мөрмен куәландырылған қолы, күні)
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________Ескертпе: арнайы рұқсаттың барлық бағандары біркелкі сиямен толтырылуы тиіс (толтырылмаған бағандар сызылып тасталады).
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
                        (кесу сызығы)

Ірі көлемді және ауыр салмақты көлік   АРНАЙЫ РҰҚСАТ ТҮБІРТЕГІқұралдарының жүруіне
№______________
 
Жүріп өткен үшін алымдар есебі___________________________________
Төлем сомасы_____________________________________________________
                                  (жазбаша)
Жүргізуші________________________________________________________
                             (Т.А.Ә., қолы, күні)
Рұқсат берген уәкілетті өкіл_____________________________________
                  (ұйым, Т.А.Ә., мөрмен куәландырылған қолы, күні)

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 3 тамыздағы
№ 902 қаулысына    
2-қосымша       

Бөлiнбейтiн iрi көлемдi және ауыр салмақты
жүктердi Қазақстан Республикасының     
аумағында тасымалдауды ұйымдастыру     
және жүзеге асыру ережесiне        
3-қосымша                  

________ облысы (қаласы) бойынша
аумақтық көлiктiк бақылау органының
басшысына

Iрi көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралының жүріп өтуіне арнайы рұқсатты алу үшін
ӨТIНIШ

Тасымалдаушының атауы____________________________________________
СТН______________________________________________________________
Мекенжайы, телефоны______________________________________________
Автомобильдің маркасы ________мем.нөмiрi_________________________
Тiркеменiң (жартылай тiркеменiң) маркасы_______мем.нөмiрi________
Жүру бағыты______________________________________________________
Бағыттың жалпы ұзындығы, км______________________________________
Соның iшiнде қалалардың аумағы бойынша, км_______________________
Жүргiзушiнiң Т.А.Ә.______________________________________________
Iлесушi адамның Т.А.Ә.___________________________________________
Iлесiп жүру түрi_________________________________________________
Жүктiң атауы мен салмағы т.______________________________________
Жүрудiң болжанған күнi мен уақыты________________________________

Автокөлiк құралының жүгiн қоса есептегендегi нақты салмақтық және көлемдiк өлшемдерi:

Өлшемдерi

Нақты

Рұқсат етiлген

Асқаны

Жол бетiнен биiктiгi, м




Енi, м




Автокөлiк құралының ұзындығы, м




Толық салмағы, т




Тiркеменiң толық салмағы, т




АКҚ-ның дөңгелектiк өрнегi

1-бiлiк

2-бiлiк

3-бiлiк

4-бiлiк

5-бiлiк

6-бiлiк

7-бiлiк

8-бiлiк

9-бiлiк

Бiлiктердiң ара қашықтығы, м










Бiлiкке нақты жүктеме, т.с.










Бiлiкке рұқсат етiлген жүктеме, т.с.










Асқаны, %










Автокөлiк құралының ең кiшi бұрылу радиусы_______________________
Қосымша деректер_________________________________________________
____________________________________    ________________
(тасымалдаушының лауазымы, Т.А.Ә.)         (М.О. қолы)
Өтiнiштiң берiлген күнi_____________
Келiсушi органның шешiмi_________________________________________
________________________                _________________
   (лауазымы, Т.А.Ә.)                       (М.О. қолы)
Келiсушi органның шешiмi_________________________________________
_______________________                 _________________
  (лауазымы, Т.А.Ә.)                       (М.О. қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады