Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 43, 540-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігi туралы ережеде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Министрліктің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, сол жақ жағалау, Орынбор көшесі, № 8 үй, 6-кіреберіс, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты.»;
10-тармақта:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) өз құзыреті шегінде ерлер мен әйелдердің тең құқықтарын және тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;»;
65) тармақшадағы «белгілейді.» деген сөз «белгілейді;» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 66) тармақшамен толықтырылсын:
«66) Министрліктің құзыреті шегінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады.»;
14-тармақ мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
«14-1) Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиісті шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапкершілікте болады;».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов