Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 6 наурыздағы
№ 202 қаулысымен
бекітілген
«Кеден одағына мүше мемлекеттердiң аумағынан Қазақстан
Республикасының аумағына импортталатын тауарларды өнеркәсіптің
жеңіл, тау-кен металлургиясы, химия, фармацевтика, ағаш өндеу
салаларында, сондай-ақ машина жасауда және құрылыс
индустриясында өнеркәсiптiк өңдеуге арналған тауарларға жатқызуды растайтын қорытынды беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер
1. «Кеден одағына мүше мемлекеттердiң аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды өнеркәсіптің жеңіл, тау-кен металлургиясы, химия, фармацевтика, ағаш өндеу салаларында, сондай-ақ машина жасауда және құрылыс индустриясында өнеркәсiптiк өңдеуге арналған тауарларға жатқызуды растайтын қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Өнеркәсіп комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.еgov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) құжаттардың топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берілген кезде – күнтізбелік 15 (он бес) күн;
2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – Кеден одағына мүше мемлекеттердiң аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды өнеркәсіптің жеңіл, тау-кен металлургиясы, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу салаларында, сондай-ақ машина жасауда және құрылыс индустриясында өнеркәсiптiк өңдеуге арналған тауарларға жатқызуды растайтын қорытынды (бұдан әрі – қорытынды).
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электронды.
Қорытындыны қағаз жеткізгіште алуға жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен расталады.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз, жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
9. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытынды алуға арналған өтiнiш;
мәмiле жасалғандығын растайтын құжаттың, оған қосымшалардың және (немесе) толықтырулардың (келiсiмшарт, шарт) көшiрмесi (өтiнiш берушiнiң мөрiмен куәландырылған);
тауарлардың және КО СЭҚ ТН-ға сәйкес он белгі деңгейіндегі олардың өнеркәсіптік өңделген өнiмдерiнiң атауы мен сыныптамасын растайтын құжаттың көшiрмесi (өтiнiм берушiнiң мөрiмен куәландырылған);
тауарларды өнеркәсіптік өңдеу жөнiндегi операцияларды (технологиялық процеске негiзделген), оларды жасау тәсiлдерiн, тауарларды сәйкестендiру тәсiлдерiн, сондай-ақ тауарларды өңдеу бойынша мерзiмдерді қоса алғанда, өнеркәсіптік өңдеу өнiмдерiнің шығу нормаларын есептеу кестесi;
өтініш беруші әрекетсіз салық төлеуші деп танылмағаны туралы салық органының растауы;
2) порталға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытынды алуға арналған электрондық өтiнiш;
мәмiле жасалғандығын растайтын құжаттың, оған қосымшалардың және (немесе) толықтырулардың (келiсiмшарт, шарт) көшiрмесi (өтiнiш берушiнiң мөрiмен куәландырылған);
тауарлардың және КО СЭҚ ТН-ға сәйкес он белгі деңгейіндегі олардың өнеркәсіптік өңделген өнiмдерiнiң атауы мен сыныптамасын растайтын құжаттың көшiрмесi (өтiнiм берушiнiң мөрiмен куәландырылған);
тауарларды өнеркәсіптік өңдеу жөнiндегi операцияларды (технологиялық процеске негiзделген), оларды жасау тәсiлдерiн, тауарларды сәйкестендiру тәсiлдерiн, сондай-ақ тауарларды өңдеу бойынша мерзiмдерді қоса алғанда, өнеркәсіптік өңдеу өнiмдерiнің шығу нормаларын есептеу кестесi;
өтініш беруші әрекетсіз салық төлеуші деп танылмағаны туралы салық органының растауын ұсынады.
Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады, құжаттар көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмесі түрінде беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші жеке басын куәландыратын, лицензия туралы, заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін уәкілетті адамдардың ЭСҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
1) көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не пошта арқылы) – көшірмесінде құжаттардың топтамасын қабылдау уақыты мен күнін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;
2) портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алатын күнді көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылдануы туралы мәртебе көрсетіледі.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және
(немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті берушінің немесе мына мекенжай бойынша Министрліктің басшысының атына беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, № 2117 кабинет, телефоны: 8 (7172) 24 04 75, 29 08 48.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауапты алу орны мен мерзімі көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оның тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және қажетті шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижесі туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» көрсетілетін қызметті беруші өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңарып тұратын шағым туралы ақпарат қолжетімді болады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
11. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық
нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын
өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.comprom.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналасқан.
13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті электронды нысанда портал арқылы алуына мүмкіндігі бар.
14. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 24 28 42, 29 90 86. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Кеден одағына мүше мемлекеттердiң
аумағынан Қазақстан Республикасының
аумағына импортталатын тауарларды
өнеркәсіптің жеңіл, тау-кен металлургиясы,
химия, фармацевтика, ағаш өндеу салаларында,
сондай-ақ машина жасауда және құрылыс
индустриясында өнеркәсiптiк өңдеуге
арналған тауарларға жатқызуды растайтын
қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына қосымша
_________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)
_____________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)
Мекенжайы ____________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй №, телефон)
Көрсетілетін қызметті алушының деректемелері ____________________
(ЗТ/ЖК мемлекеттік тіркеу туралы куәлік №, БСН, ЖСН)
Импортталатын тауарларды өнеркәсiптiк өңдеуге арналған тауарларға жатқызуды растау туралы қорытынды алуға арналған
ӨТІНІШ
2001 жылғы 12 маусымдағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 249-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1518 қаулысымен бекітілген Кеден одағына мүше мемлекеттердiң аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын, өнеркәсiптiк қайта өңдеуге арналған тауарлардың тiзбесiн және көрсетiлген өнеркәсiптiк қайта өңдеу кезiнде алынған дайын өнiмнiң тiзбесiн, сондай-ақ осындай тауарларды импорттайтын Қазақстан Республикасы салық төлеушiлерiнiң тiзбесiн айқындау қағидаларына сәйкес қорытынды беруді сұраймыз.
Басшы __________ ______________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 6 наурыздағы
№ 202 қаулысымен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына кірмейтін
елдерге экспорты лицензия негізінде (лицензиясыз) жүзеге
асырылатын бағалы металдарды (олардан жасалған бұйымдарды
қоспағанда), бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын әкету
кезінде мемлекеттік бақылау және құнын бағалау актісін беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына кірмейтін елдерге экспорты лицензия негізінде (лицензиясыз) жүзеге асырылатын бағалы металдарды (олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда), бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын әкету кезінде мемлекеттік бақылау және құнын бағалау актісін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Өнеркәсіп комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.еgov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) құжаттардың топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берілген кезде – күнтізбелік 5 (бес) күн;
2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына кірмейтін елдерге экспорты лицензия негізінде (лицензиясыз) жүзеге асырылатын бағалы металдарды (олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда), бағалы металдардың сынықтарымен қалдықтарын шығару кезіндегі мемлекеттік бақылау және құнын бағалау актісі (бұдан әрі – акт).
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электронды.
Актіні қағаз жеткізгіште алуға жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен расталады.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз, жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
9. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге:
ұйымның атауы немесе дара кәсіпкердің деректері, заңды мекенжайы және мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілетін актіні алуға арналған өтінімхат;
орыс тіліндегі келісімшарттың (шарттың, келісімнің) көшірмесі, егер орыс тілінде келісімшарт (шарт, келісім) болмаған жағдайда, келісімшарттың (шарттың, келісімнің) көшірмесіне өтінім беруші бекіткен және куәландырған аудармасы (өтінім берушінің лауазымы мен күнін, қолы мен мөрін көрсете отырып) қоса беріледі;
сандық және құндық мәнде толық ассортименті көрсетілетін тауарларға арналған ерекшелік;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 тамыздағы № 924 қаулысымен бекітілген Бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидасына сәйкес нысан бойынша тауарлар құнының есептемесі;
келісімшарт бағаларының қабылданған деңгейін негіздейтін әлемдік нарық бағалары туралы қолда бар мәліметтер;
тауарлардың шығу көзін растайтын құжат (бағалы металдарды өндіру субъектілері үшін – жер қойнауын пайдалану құқығына арналған келісімшарттың көшірмесі, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалы металдармен операцияларды жүзеге асыруға құқығы бар ұйымдар үшін – бағалы металдарды өндіру субъектісінен бағалы металдарды сатып алуға арналған шарттың көшірмесі);
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтын-валюта активтерді толықтыру үшін тазартылған құйма алтынды сатып алудан бас тартуын растайтын құжат;
әкетілетін тауарларға арналған нормативтік-техникалық құжаттама (Қазақстан Республикасында белгіленген МемСТ, ССТ, ТШ);
2) порталға:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
орыс тіліндегі келісімшарттың (шарттың, келісімнің) көшірмесі, орыс тілінде келісімшарт (шарт, келісім) болмаған жағдайда, келісімшарттың (шарттың, келісімнің) көшірмесіне өтінім беруші бекіткен және куәландырған аудармасы (өтінім берушінің лауазымы мен күнін, қолы мен мөрін көрсете отырып) қоса беріледі;
сандық және құндық мәнде толық ассортименті көрсетілетін тауарларға арналған ерекшелік;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 тамыздағы № 924 қаулысымен бекітілген Бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидасына сәйкес нысан бойынша тауарлар құны есептемесі;
келісімшарт бағаларының қабылданған деңгейін негіздейтін әлемдік нарық бағалары туралы қолда бар мәліметтер;
тауарлардың шығу көзін растайтын құжат (бағалы металдарды өндіру субъектілері үшін – жер қойнауын пайдалану құқығына арналған келісімшарттың көшірмесі, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалы металдармен операцияларды жүзеге асыруға құқығы бар ұйымдар үшін – бағалы металдарды өндіру субъектісінен бағалы металдарды сатып алуға арналған шарттың көшірмесі);
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтын-валюта активтерді толықтыру үшін тазартылған құйма алтынды сатып алудан бас тартуын растайтын құжат;
әкетілетін тауарларға арналған нормативтік-техникалық құжаттама (Қазақстан Республикасында белгіленген МемСТ, ССТ, ТШ).
Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады, құжаттар көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмесі түрінде беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші жеке басын куәландыратын, лицензия туралы, заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін уәкілетті адамдардың ЭСҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
1) көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не пошта арқылы) – көшірмесінде құжаттардың топтамасын қабылдау уақыты мен күнін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;
2) портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алатын күнді көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылдануы туралы мәртебе көрсетіледі.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және
(немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті берушінің немесе мына мекенжай бойынша Министрліктің басшысының атына беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, № 2117 кабинет, телефоны: 8 (7172) 24 04 75, 29 08 48.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауапты алу орны мен мерзімі көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оның тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және қажетті шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижесі туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» көрсетілетін қызметті беруші өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңарып тұратын шағым туралы ақпарат қолжетімді болады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
11. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық
нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де
талаптар
12. Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.comprom.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналасқан.
13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті электронды нысанда портал арқылы алуына мүмкіндігі бар.
14. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 24 28 42, 29 90 86. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 6 наурыздағы
№ 202 қаулысымен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына кiрмейтiн
елдерден экспорты лицензия негiзiнде (лицензиясыз) жүзеге
асырылатын бағалы металдарды (олардан жасалған бұйымдарды
қоспағанда), бағалы металл сынықтары мен қалдықтарын әкелу
кезiнде мемлекеттiк бақылау актiсiн беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына кiрмейтiн елдерден экспорты лицензия негiзiнде (лицензиясыз) жүзеге асырылатын бағалы металдарды (олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда), бағалы металл сынықтары мен қалдықтарын әкелу кезiнде мемлекеттiк бақылау актiсiн беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Өнеркәсіп комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.еgov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) құжаттардың топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берілген кезде – күнтізбелік 5 (бес) күн;
2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – Кеден одағына кiрмейтiн елдерден Қазақстан Республикасының аумағына экспорты лицензия негiзiнде (лицензиясыз) жүзеге асырылатын бағалы металдарды (олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда), бағалы металл сынықтарымен мен қалдықтарын әкелу кезiндегі мемлекеттiк бақылау актiсi (бұдан әрі – акт).
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электронды.
Актіні қағаз жеткізгіште алуға жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен расталады.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз, жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
9. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге:
ұйымның атауы немесе дара кәсіпкердің деректері, заңды мекенжайы көрсетілетін актіні алуға арналған өтінімхат;
орыс тіліндегі келісімшарттың (шарттың, келісімнің) көшірмесі, орыс тілінде келісімшарт (шарт, келісім) болмаған жағдайда, келісімшарттың (шарттың, келісімнің) көшірмесіне өтінім беруші бекіткен және куәландырған аудармасы (өтінім берушінің лауазымы мен күнін, қолы мен мөрін көрсете отырып) қоса беріледі;
сандық және құндық мәнде толық ассортименті көрсетілетін тауарларға арналған ерекшелік;
тауарлардың шығу көзін растайтын құжат;
2) порталға:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
орыс тіліндегі келісімшарттың (шарттың, келісімнің) көшірмесі, егер орыс тілінде келісімшарт (шарт, келісім) болмаған жағдайда, келісімшарттың (шарттың, келісімнің) көшірмесіне өтінім беруші бекіткен және куәландырған аудармасы (өтінім берушінің лауазымы мен күнін, қолы мен мөрін көрсете отырып) қоса беріледі;
сандық және құндық мәнде толық ассортименті көрсетілген тауарларға арналған ерекшелік;
тауарлардың шығу көзін растайтын құжат.
Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады, құжаттар көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмесі түрінде беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші жеке басын куәландыратын, лицензия туралы, заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін уәкілетті адамдардың ЭСҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
1) көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не пошта арқылы) – көшірмесінде құжаттардың топтамасын қабылдау уақыты мен күнін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;
2) портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алатын күнді көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылдануы туралы мәртебе көрсетіледі.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және
(немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті берушінің немесе мына мекенжай бойынша Министрліктің басшысының атына беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, № 2117 кабинет, телефоны: 8 (7172) 24 04 75, 29 08 48.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауапты алу орны мен мерзімі көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оның тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және қажетті шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижесі туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» көрсетілетін қызметті беруші өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңарып тұратын шағым туралы ақпарат қолжетімді болады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
11. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.comprom.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналасқан.
13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті электронды нысанда портал арқылы алуына мүмкіндігі бар.
14. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 24 28 42, 29 90 86. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2014 жылғы 6 наурыздағы
№ 202 қаулысымен
бекітілген
«Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер
1. «Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Mинистрліктің Өнеркәсiп комитетi (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.еgov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) құжаттардың топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берілген кезде – 5 (бес) жұмыс күні;
2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – химиялық өнімді тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік).
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электронды.
Куәлікті қағаз жеткізгіште алуға жүгінген жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен расталады.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз, жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
9. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге:
тіркеу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша химиялық өнімді тіркеуге арналған өтініш;
химиялық өнімнің қауіпсіздігі паспорты;
химиялық өнімді қайта тіркеу үшін:

химиялық өнімді тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы.
2) порталға:
тіркеу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес деректері бар, көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

Порталда электронды сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмесі түрінде беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші жеке басын куәландыратын, лицензия туралы, заңды тұлғаны, дара кәсiпкерді мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәлiметтерiн уәкiлеттi адамдардың ЭСҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
1) көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не пошта байланысы арқылы) – көшірмесінде құжаттардың топтамасын қабылдау уақыты мен күнін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;
2) портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алатын күнді көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылдануы туралы мәртебе көрсетіледі.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және
(немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті берушінің немесе мына мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, № 2117 кабинет, телефоны: 8 (7172) 24-04-75, 29-08-48.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, күні мен уақыты берілген шағымға жауапты алу орны мен мерзімін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және қажетті шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижесі туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» көрсетілетін қызметті беруші өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңарып тұратын шағым туралы ақпарат қолжетімді болады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
11. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық
нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын
өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.comprom.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналасқан.
13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭСҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті электронды нысанда портал арқылы алуына мүмкіндігі бар.
14. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 50 29 53, 50 30 77. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414).
«Химиялық өнімдерді тіркеу және
есепке алу» мемлекеттiк көрсетілетін
қызмет стандартына қосымша
_________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)
_____________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)
Мекенжайы ____________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй №, телефон)
Көрсетілетін қызметті алушының деректемелері ____________________
(ЗТ/ДК мемлекеттік тіркеу туралы куәлік №, БСН, ЖСН)
Химиялық өнімді тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті алуға арналған
ӨТІНІШ
«Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 2 шілдедегі № 302 Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 572 қаулысымен бекітілген Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу ережесіне сәйкес тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік беруді сұраймыз.
Басшы ___________ _____________________________________
(қолы) (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 6 наурыздағы
№ 202 қаулысымен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының аумағында құрамында бағалы металдар
бар шикізат тауарларын өңдеудің экономикалық орынсыздығы
немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасының аумағында құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын өңдеудің экономикалық орынсыздығы немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Өнеркәсіп комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.еgov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) құжаттардың топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берілген кезде – 7 (жеті) жұмыс күні;
2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды (ішінара автоматта ндырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – Қазақстан Республикасының аумағында құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын өңдеудің экономикалық орынсыздығы немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды (бұдан әрі – қорытынды).
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электронды.
Қорытындыны қағаз жеткізгіште алуға өтініш білдірген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделіп, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының қолымен расталады.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз, жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
9. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге:
тауардың атауын, оның өлшем бірліктеріндегі санын көрсете отырып, қорытынды алуға арналған өтінімхат;
құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын өндіру субъектілері үшін – жер қойнауын пайдалану құқығына арналған келісімшарттың көшірмесі. Бұл ретте мұндай құжатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайларды қоспағанда, егер мұндай құжаттың көшірмесі бұрын ұсынылған болса, жер қойнауын пайдалану құқығына арналған келісімшартты ұсыну талап етілмейді;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларымен операцияларды жүзеге асыруға құқығы бар басқа ұйымдар үшін – әкетілетін шикізат тауарларына меншік құқығын растайтын құжаттың көшірмесі;
сыртқы сауда шартының (келісімшартының) көшірмесі;
2) порталға:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын өндіру субъектілері үшін – жер қойнауын пайдалану құқығына арналған келісімшарттың көшірмесі. Бұл ретте мұндай құжатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайларды қоспағанда, егер мұндай құжаттың көшірмесі бұрын ұсынылған болса, жер қойнауын пайдалану құқығына арналған келісімшартты ұсыну талап етілмейді;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларымен операцияларды жүзеге асыруға құқығы бар басқа ұйымдар үшін – әкетілетін шикізат тауарларына меншік құқығын растайтын құжаттың көшірмесі;
сыртқы сауда шартының (келісімшартының) көшірмесі.
Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады, құжаттар көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмесі түрінде беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші жеке басын куәландыратын, лицензия туралы, заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін уәкілетті адамдардың ЭСҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
1) көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не пошта арқылы) – көшірмесінде құжаттардың топтамасын қабылдау уақыты мен күнін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;
2) портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алатын күнді көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылдануы туралы мәртебе көрсетіледі.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және
(немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті берушінің немесе мына мекенжай бойынша Министрліктің басшысының атына беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, № 2117 кабинет, телефоны: 8 (7172) 24 04 75, 29 08 48.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауапты алу орны мен мерзімі көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оның тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және қажетті шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижесі туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» көрсетілетін қызметті беруші өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңарып тұратын шағым туралы ақпарат қолжетімді болады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
11. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.comprom.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналасқан.
13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті электронды нысанда портал арқылы алуына мүмкіндігі бар.
14. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті» арқылы, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 24 28 42, 29 90 86. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 6 наурыздағы
№ 202 қаулысымен
бекітілген
«Қазақстан Республикасында шикізат тауарларынан бағалы
металдарды өнеркәсіптік алудың мүмкіндігі (мүмкін еместігі) мен
экономикалық орындылығы (орынсыздығы) туралы қорытынды беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасында шикізат тауарларынан бағалы металлдарды өнеркәсіптік алудың мүмкіндігі (мүмкін еместігі) мен экономикалық орындылығы (орынсыздығы) туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Өнеркәсіп комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.еgov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) құжаттардың топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берілген кезде – 7 (жеті) жұмыс күні;
2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – Қазақстан Республикасында шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың мүмкіндігі (мүмкін еместігі) мен экономикалық орындылығы (орынсыздығы) туралы қорытынды (бұдан әрі – қорытынды).
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электронды.
Қорытындыны қағаз жеткізгіште алуға жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен расталады.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз, жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
9. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге:
тауардың атауын, оның өлшем бірліктеріндегі санын көрсете отырып, қорытынды алуға арналған өтінімхат;
құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын өндіру субъектілері үшін – жер қойнауын пайдалану құқығына арналған келісімшарт көшірмесі. Бұл ретте мұндай құжатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайларды қоспағанда, егер мұндай құжаттың көшірмесі бұрын ұсынылған болса, жер қойнауын пайдалану құқығына арналған келісімшартты ұсыну талап етілмейді;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларымен операцияларды жүзеге асыруға құқығы бар басқа ұйымдар үшін – әкетілетін шикізат тауарларына меншік құқығын растайтын құжат;

|