Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы 2000 жылғы 9 қазанда Астана қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Өзара сауда-саттықта жанама салықтарды өндіріп алу қағидаттары туралы келісімнің қолданысын тоқтату туралы хаттамаға қол қою туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 тамыздағы № 940 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 наурыздағы № 127 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 24.03.2017 № 127 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы 2000 жылғы 9 қазанда Астана қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Өзара сауда-саттықта жанама салықтарды өндіріп алу қағидаттары туралы келісімнің қолданысын тоқтату туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Болат Бидахметұлы Жәмішевке Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінің арасындағы 2000 жылғы 9 қазанда Астана қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Өзара сауда-саттықта жанама салықтарды өндіріп алу қағидаттары туралы келісімнің қолданысын тоқтату туралы хаттамаға қол қоюға өкілеттік берілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 23 тамыздағы
№ 940 қаулысымен
мақұлданған
Жоба

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясы
Үкіметінің арасындағы 2000 жылғы 9 қазанда Астана қаласында қол
қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей
Федерациясының Үкіметі арасындағы Өзара сауда-саттықта жанама
салықтарды өндіріп алу қағидаттары туралы келісімнің
қолданысын тоқтату туралы
хаттама

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі,

      2007 жылғы 6 қазандағы Бірыңғай кеден аумағын құру және кедендік одақты қалыптастыру туралы шартты,

      2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағында тауарлардың, жұмыстарды орындаудың, қызмет көрсетулердің экспорты мен импорты кезінде жанама салықтарды алу қағидаттары туралы келісімді басшылыққа ала отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Тараптар 2000 жылғы 9 қазанда Астана қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Өзара сауда-саттықта жанама салықтарды өндіріп алу қағидаттары туралы келісімнің қолданысын тоқтатады.

2-бап

      Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдердің орындалғаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны Тараптар алған күннен бастап күшіне енеді.

3-бап

      2011 жылғы "____"________ _________ қаласында орыс және қазақ тілдерінде екі данада жасалды, әрі екі мәтіннің де күші бірдей.

Ресей Федерациясының

Қазақстан Республикасының

Үкіметі үшін

Үкіметі үшін


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады