Өсімдік майының жекелеген түрлерін шығаруға уақытша тыйым салу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 тамыздағы № 942 Қаулысы

      2008 жылғы 25 қаңтардағы Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеудің бірыңғай шаралары туралы келісімнің 9-бабына және 2009 жылғы 9 маусымдағы Үшінші елдерге қатысты бірыңғай кедендік аумақта тауарлардың сыртқы саудасын қозғайтын шараларды енгізу және қолдану тәртібі туралы келісімнің 8-бабына сәйкес азық-түлік тауарларының ішкі нарығында күрделі тапшылық пен баға өсуін болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес өсімдік майының жекелеген түрлерін шығаруға төрт ай мерзімге уақытша тыйым енгізілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті кедендік декларациялауды жүзеге асыру кезінде осы қаулының 1-тармағының орындалуы бойынша бақылауды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген тыйым салуды енгізу туралы Кеден одағына қатысушы мемлекеттерді, сондай-ақ Кеден одағы комиссиясының Хатшылығын хабардар етсін;
      2) Кеден одағы комиссиясының қарауына осы қаулының 1-тармағында көрсетілген шараларды Кеден одағына қатысушы басқа мемлекеттердің қолдануы туралы ұсыныс енгізсін.
      4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі күнтізбелік он төрт күн ішінде Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетінің Хатшылығын Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу жөніндегі шаралар туралы хабардар етсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрі                           К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2011 жылғы 23 тамыздағы
№ 942 қаулысына  
қосымша      

Шығаруға уақытша тыйым салынатын өсімдік майлары

Р/с №

Позиция атауы

СЭҚ ТН коды

1

Тазартылмаған немесе тазартылған, бірақ химиялық құрамы өзгермеген күнбағыс, мақсары немесе мақта майы және олардың фракциялары: шикі май

1512 11

2

Тазартылмаған немесе тазартылған, бірақ химиялық құрамы өзгермеген күнбағыс, мақсары немесе мақта майы және олардың фракциялары: өзгелері

1512 19

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады