Шаруашылық жүргізу құқығындағы кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға байқау кеңестерін енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 тамыздағы № 974 Қаулысы

      «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 142-бабына және 148-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті», «Қарағанды мемлекеттік медицина университеті», «Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті», «Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты», «Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты», «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты», «Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы», «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы», Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті», «Абай атындағы Қазақ ұлттық педогогикалық университеті», «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті», «Қазақ ұлттық аграрлық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарына (бұдан әрі - кәсіпорындар) кәсіпорын органы - байқау кеңесі енгізілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.05.08 N 593 Қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) кәсіпорындардың жарғыларына тиісті өзгерістер енгізуді;
      2) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады