«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңы 7-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті» білім беру мекемесінде оқу орнының қаражаты және штат саны шегінде әскери кафедра құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, осы қаулыны іске асыру жөнінде заңнамада көзделген шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов