"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншікті дамыту мен қорғау тетіктерін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 тамыздағы № 979 Қаулысы

      Ескерту. Заңның жобасы ҚР Парламентінің Мәжілісінен кері қайтарып алынды - ҚР Үкіметінің 2011.11.01 N 1255 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншікті дамыту мен қорғау тетіктерін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
           Премьер-Министрі                      К. Мәсімов 

жоба     

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ  Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
зияткерлік меншікті дамыту мен қорғау тетіктерін жетілдіру
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 г., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 7, 28, 32-құжат; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжат):
      1) 184-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «184-бап. Авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу
      1. Авторлықты иеленiп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу, егер бұл әрекет авторға немесе өзге құқық иеленушiге елеулi залал келтiрсе немесе олардың құқықтарына немесе заңды мүдделерiне елеулі зиян келтiрсе –
      бір жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға не бір жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
      2. Авторлық құқық немесе сабақтас құқықтар объектiлерiн заңсыз пайдалану, сол сияқты өткiзу мақсатында авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің контрафактілік даналарын елеулі мөлшерде жасалған сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе дайындау –
      бес жүзден жеті жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан он айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
      3. Электрондық, цифрлық нысандағы туындылардың және (немесе) фонограммалардың контрафактілік даналарын алмастыруға, сақтауға, орын ауыстыруға қол жеткізу үшін интернет-ресурстарды ұйымдастыру, жасау арқылы елеулі зиян келтірген авторлық құқық немесе сабақтас құқықтар объектiлерiн заңсыз пайдалану –
      айлық есептік көрсеткіштің бес жүзден жеті жүзге дейінгі мөлшерінде немесе сотталған адамның бес айдан он айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
      4. Осы баптың екiншi және үшінші бөлiктерiнде көзделген:
      а) бiрнеше рет;
      б) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топпен;
      в) iрi мөлшерде немесе iрi залал келтiрген;
      г) адамның өз қызмет бабын пайдалануымен жасалған әрекеттер –
      мүлкi тәркiленiп немесе онсыз екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.».
      2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11. 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжат; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат: № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50, 53-құжаттар):
      1) 977-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) қызметтік міндеттерін немесе жұмыс берушінің қызметтік тапсырмасын орындау тәртібінде жасалған электрондық есептеу машинасына арналған бағдарламалар мен деректер базасын қоспағанда туындыға белгiсiз адамдар тобының қол жеткiзуiне жол ашу құқығы (жариялау құқығы).»;
      2) 978-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) туындының түпнұсқасын немесе даналарын кез келген әдiспен таратуына: сатуына, айырбастауына, прокатқа (жалға) беруiне, өзге де операциялар жасауына, соның ішінде ашық ақпараттық-коммуникациялық желіде (тарату құқығы);»;
      3) 1020-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Заңды тұлғаның ресми бланктерде, баспа басылымдарында, жарнамаларда, маңдайша жазуларда, анықтамалықтарда, шоттарда, интернет-ресурстарда, тауарлар мен олардың қорабында және заңды тұлғаны даралауға қажеттi өзге де жағдайларда фирмалық атауды (осы Кодекстiң 38-бабы) пайдалануға айрықша құқығы бар.».
      3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8., 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжаттар; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжат; № 18, 143, 144-құжат; № 19, 146, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжат; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86, 88-құжаттар, № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар, № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат):
      1) 129-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «129-бап. Авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу
      1. Интернет желісіндегі пайдалануды қоспағанда, авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектiлерiн заңсыз пайдалану, сол сияқты өткiзу мақсатында авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің контрафактiлiк даналарын сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе дайындау, авторлықты иеленiп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса –
      авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің даналары, сондай-ақ құқық бұзушылық жасаудың құралы болған заттар тәркiленiп, жеке тұлғаларға – айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейінгi мөлшерiнде, лауазымды тұлғаларға – жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға – бір жүзден бір жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
      авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің даналары, сондай-ақ құқық бұзушылық жасаудың құралы болған заттар тәркіленіп, жеке тұлғаларға – айлық есептiк көрсеткiштiң oн бестен жиырмаға дейiнгі мөлшерiнде, лауазымды тұлғаларға – отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға – бір жүз елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Егер iс-әрекеттерінде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, адамдардың шексіз топтарына қол жеткізуді ұсыну мақсатында Интернет желісінде орналастыру арқылы авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін заңсыз пайдалану ескерту беруге әкеп соғады.
      4. Егер iс-әрекеттерінде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, электрондық, цифрлық нысандағы туындылардың және (немесе) фонограммалардың контрафактілік даналарын айырбастауға, сақтауға, орын ауыстыруға қол жеткізу үшін интернет ресурстарды ұйымдастыру, жасау арқылы авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін заңсыз пайдалану –
      авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің даналары, сондай-ақ құқық бұзушылық жасаудың құралы болған заттар тәркiленiп, жеке тұлғаларға – айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейінгi мөлшерiнде, лауазымды тұлғаларға – жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға – бір жүзден бір жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Осы баптың үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
      авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің даналары, сондай-ақ құқық бұзушылық жасаудың құралы болған заттар тәркіленіп, жеке тұлғаларға – айлық есептiк көрсеткiштiң oн бестен жиырмаға дейiнгі мөлшерiнде, лауазымды тұлғаларға – отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға – бір жүз елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      2) 344-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруды насихаттауға немесе үгiттеуге, экстремизмдi немесе лаңкестікті насихаттауға және ақтауға бағытталған, сондай-ақ лаңкестікке қарсы операцияларды жүргізу кезеңінде олардың техникалық амалдары мен тактикасын ашатын мәлiметтерi мен материалдары бар бұқаралық ақпарат құралдары өнiмдерiн Қазақстан Республикасының аумағында тарату немесе оның таралуын тоқтату бойынша заңнамада көзделген шараларды қабылдамау -».
      4. «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 237-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат, 2009 ж., № 15-16, 75-құжат):
      1) 2-бапта:
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) авторлық құқық немесе сабақтас құқықтар объектiсiнiң контрафактiлiк данасы – жасалуы, таратылуы немесе өзгедей пайдаланылуы осы Заңның ережелерiне не Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына сәйкес авторлық құқықтың және/немесе сабақтас құқықтардың бұзылуына әкеп соғатын туындының, жазылған орындаушылықтың, фонограмманың, эфирлiк және кәбiлдiк хабар тарату ұйымдары хабарының данасы. Құқық иеленушiнiң рұқсатынсыз құқықтарды басқару туралы ақпараты жойылған немесе өзгертiлген не авторлық құқық пен сабақтас құқықтарды қорғаудың техникалық құралдарын айналып өтуге мүмкiндiк беретiн заңсыз пайдаланылатын құрылғылардың көмегiмен жасалған авторлық құқық және/немесе сабақтас құқықтар объектiлерi де контрафактiлiк болып танылады;»;
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) авторлық шарт – нысанасы бір немесе бірнеше авторлық құқық объектілерін пайдалануға мүліктік құқықтар беру болып табылатын шарт. Авторлық шарт лицензиялық шарттың бір түрі болып табылады;»;
      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «8-1) ақпараттық-коммуникациялық желі – ақпараттық жүйелер арасындағы немесе олардың құрамдастары арасындағы өзара іс-қимылды, сондай-ақ ақпараттық ресурстарды беруді қамтамасыз ететін техникалық және аппараттық-бағдарламалық құралдардың жиынтығы;»;
      мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «14-1) интернет-ресурс – ашық ақпараттық-коммуникациялық желіде жұмыс істейтін электрондық ақпараттық ресурс, оны жүргізу және (немесе) пайдалану технологиясы, сондай-ақ ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін ұйымдық құрылым;»;
      19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «19) қайта шығару – туындылардың немесе сабақтас құқықтар объектiлерiнiң бiр немесе одан да көп тұрақты немесе уақытша даналарын кез келген әдiспен және кез келген нысанда, толық немесе iшiнара, тiкелей немесе жанама түрде дайындау. Дыбыс- немесе бейнежазбаны дайындау, екi өлшемдiк немесе үш өлшемдiк туындының бiр немесе одан да көп даналарын дайындау, сондай-ақ туындыларды немесе сабақтас құқықтар объектiлерiн кез келген материалдық нысанда, соның ішінде ашық ақпараттық-коммуникациялық желіде кез келген тұрақты немесе уақытша сақтау қайта шығару түрлерi болып табылады;»;
      31) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «31) туындының данасы – туындының кез келген материалдық нысанда, соның ішінде ашық ақпараттық-коммуникациялық желіде дайындалған көшiрмесi;»;
      37) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «37) фонограмманың данасы – фонограммадан тiкелей немесе жанама түрде дайындалған және осы фонограммада жазылған барлық дыбыстарды немесе дыбыстардың бөлiгiн қамтитын кез келген материалдық тасмалдауыштағы, соның ішінде ашық ақпараттық-коммуникациялық желілердегі фонограмма көшiрмесi;»;
      2) 15-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) қызметтік міндеттерін немесе жұмыс берушінің қызметтік тапсырмасын орындау тәртібінде жасалған электрондық есептеу машинасына арналған бағдарламалар мен деректер базасын қоспағанда туындыға белгiсiз адамдар тобының қол жеткiзуiне жол ашу құқығы (жариялау құқығы).»;
      3) 16-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) туындының түпнұсқасын немесе даналарын кез келген тәсiлмен, оның ішінде ашық ақпараттық-коммуникациялық желіде тарату: сату, айырбастау, прокатқа (жалға) беру, өзге де операциялар жасау (тарату құқығы);»;
      4) 16-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «16-1-бап. Авторлық сыйақының ең төмен ставкалары
      Туындының сипатына немесе оны пайдалану ерекшелiктерiне (жұртшылық алдында, соның iшiнде радиода және теледидарда орындауға, туындыны механикалық, магниттiк немесе өзгедей жазу арқылы қайта шығаруға, көшiрмелеуге, автордың келісімінсіз жеке мақсатта туындыны қайта шығаруға және басқа да жағдайларға) байланысты мүлiктiк (айрықша) құқықтарды жеке тәртіппен жүзеге асыру iс жүзiнде мүмкiн болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкiметi авторлық сыйақының ең төмен ставкаларын белгiлей алады.»;
      5) 40-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «40-2-бап. Орындаушыларға және фонограммалар шығарушыларға
                 берiлетiн сыйақының ең төмен ставкалары
      Қазақстан Республикасының Үкiметi орындауларды немесе фонограммаларды пайдалану сипатына (көпшiлiк алдында, соның iшiнде радиода және теледидарда орындауға, шығарманы механикалық магниттiк заттармен немесе өзге жазба арқылы көшiрмелеуге, қайта көшiрмелеуге, автордың және фонограмма шығарушының келісімінсіз жеке мақсатта туындыны қайта шығаруға және басқа да жағдайларға) байланысты мүлiктiк (айрықша) құқықтарды жеке тәртiпте жүзеге асыру iс жүзiнде мүмкiн болмаған жағдайда, орындаушылар мен фонограмма шығарушыларға сыйақының ең төмен ставкаларын белгiлейді.»;
      6) 48-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Заңда көзделген авторлық немесе сабақтас құқықтарды бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтық, әкiмшiлiк және/немесе қылмыстық жауаптылық туындайды.»;
      7) 49-баптың 1-тармағында:
      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) құқық бұзушы авторлық және/немесе сабақтас құқықтарды бұзу салдарынан тапқан табысты өндiрiп алу;»;
      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы тармақтың 4), 5), 6) тармақшаларында аталған шаралар құқық иеленушінің таңдауына қарай қолданылады.».
      5. «Қазақстан Республикасының патент заңы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 20, 718-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 5-6, 37-құжат; 2009 ж., № 15-16, 75-құжат):
      1) 6-баптың 3-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8) Қоғамдық тәртіпке, iзгiлiк пен мораль қағидаттарына қайшы келетiн ұсыныстар өнертабыстар деп танылмайды.»;
      3) 8-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Өнеркәсiптiк үлгiге бұйымның сыртқы түрiн айқындайтын көркемдiк-конструкторлық шешiм жатады. Егер жаңа, бiрегей болса, өнеркәсiптiк үлгiге құқықтық қорғау берiледi.»;
      4) 9-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      «5. Неғұрлым маңызды және кең пайдаланылатын өнертабыстардың авторлары «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» құрметті атағын беруге ұсынылуы мүмкін. «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» құрметті атағын беру ережесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
      5) 12-баптың 4) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) егер мұндай пайдалану мақсаты табыс табу болмаса, мұндай құралдарды жеке, отбасылық, үй немесе өзге де кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес мұқтаждарды қанағаттандыру үшін қолдану;»;
      «6) егер оларды Қазақстан Республикасының аумағына азаматтық айналымға тікелей патент иеленушісі немесе патент иеленушінің рұқсатымен өзге тұлға бұрын енгізсе, қорғалатын өнеркәсіптік меншік объектісі бар құралдарды Қазақстан Республикасы аумағына әкелу, қолдану, сатуға ұсыну, сату, өзге де азаматтық айналымға енгiзу немесе осы мақсаттарда сақтау.».
      6. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 771-құжат; 2001 ж., № 10, 122-құжат; 2003 ж., № 24, 175-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 12, 77-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат, 2009 ж., № 2-3, 7-құжат; № 15-16, 74-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 22, 130-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат):
      1) 17-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Редакция пайдаланылатын туындыларға құқықты, оның iшiнде зияткерлік меншiкке авторлық, сабақтас және өзге де құқықтарды сақтауға мiндеттi.».
      7. «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы» 1999 жылғы 26 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 21, 776-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; 2007 ж., № 5-6, 37-құжат):
      1) 1-бапта:
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) тауар таңбасын немесе тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану – тауар таңбасы немесе тауар шығарылған жердiң атауы қорғалатын тауарларда, және қызметтер көрсету кезінде және (немесе) олардың бумасында оларды қолдану, тауар таңбасының немесе тауар шығарылған жердiң атауының белгiсi бар тауарды жасау, қолдану, әкелу, сақтау, сатуға ұсыну, сату, маңдайша жазуларда, жарнамада, баспа өнiмiнде немесе тиісті тауарлар мен қызметтерге жататын өзге iскерлiк құжаттамада қолдану, тауар таңбасына құқық беру, сондай-ақ оларды азаматтық айналымға өзгеше енгiзу;»;
      2) 6-баптың 1-тармағының 4), 5), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13) тармақшалары алып тасталсын;
      3) 7-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы алып тасталсын;
      4) 11-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) алдын-ала сараптама – өтiнiм түскен күннен бастап ай iшiнде жүргiзiледi, оның барысында өтiнiмнiң мазмұны, осы Заңның 5 және 9-баптарында белгiленген талаптарға сәйкес қажеттi құжаттардың бар-жоғы тексерiледi;».
      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
              Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады