"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қыркүйектегі № 993 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі                       К. Мәсімов

Жоба  

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни
қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24,180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70,72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., №. 1, 2,3,7,9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; 2011 жылғы 30 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электрондық ақша мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 375-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «375-бап. Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнаманы бұзу
      1. Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнаманы бұзу, -
      жеке тұлғаларға - он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, лауазымды адамдарға, - елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, діни бірлестіктердің басшыларына - бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға - қызметін үш ай мерзімге тоқтата тұрып не онсыз екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Құлшылық ету рәсімдерін, діни жораларды және (немесе) жиналыстарды өткізуге, қайырымдылық қызметті жүзеге асыруға, діни әдебиетті және діни мазмұндағы (мақсаттағы) өзге де материалдарды әкелуге, шығаруға, басып шығаруға және (немесе) таратуға, ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салуға және қайта жабдықтауға қойылатын заңда белгіленген талаптарды бұзу, -
      жеке тұлғаларға - елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, лауазымды адамдарға және діни бірлестіктердің басшыларына - бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға - қызметін үш ай мерзімге тоқтата тұрып, екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Заңды діни қызметке кедергі келтіру, азаматтардың дінге көзқарасына қарай олардың азаматтық құқықтарын бұзу немесе олардың діни сезімдерін жәбірлеу; қандай да бір дінді ұстанушылар қадір тұтатын заттарды, құрылыстар мен орындарды қорлау, егер жоғарыда айтылған әрекеттерде қылмыстық жазаға тартылатын белгілер болмаса, -
      жеке тұлғаларға - елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, лауазымды адамдарға - бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Қазақстан Республикасының азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың миссионерлік қызметті есептік тіркелусіз жүзеге асыруы, сол сияқты миссионердің дінтану сараптамасының оң қорытындысы жоқ діни мазмұндағы материалдарды және діни мақсаттағы заттарды пайдалануы, -
      Қазақстан Республикасының азаматтарына - бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға - Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып, бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Діни бірлестіктің өз жарғысында (ережесінде) көзделмеген қызметті жүзеге асыруы; саяси партиялардың қызметіне қатысуы және (немесе) оларға қаржылай қолдау көрсетуі, мемлекеттік органдардың қызметіне араласуы діни бірлестік мүшелерінің мемлекеттік органдардың немесе олардың лауазымды адамдардың функцияларын иемденуі, -
      жеке тұлғаларға - бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, діни бірлестіктердің басшыларына - екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға - қызметін үш ай мерзімге тоқтата тұрып, үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Мемлекеттік органдарда, ұйымдар мен мекемелерде, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарында діни бірлестіктердің ұйымдық құрылымдарын құру, -
      лауазымды адамдарға - бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және мекемелердің басшыларына екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      7. Уәкілетті органның келісуінсіз шетелдік діни бірлестік тағайындаған тұлғаның діни бірлестікті басқаруы, -
      Қазақстан Республикасының азаматтарына - елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып, елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      8. Діни бірлестіктің заңнамалық актілермен тыйым салынған қызметті жүзеге асыруы, сол сияқты діни бірлестіктің белгіленген мерзімде оның қызметін тоқтата тұруға негіз болған, сондай-ақ әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде осы баптың бірінші, екінші, үшінші және бесінші бөлімдерінде көзделген іс-әрекетті жасауы, -
      жеке тұлғаларға - екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, діни бірлестіктің басшыларына - үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде,
      заңды тұлғаларға діни бірлестіктің қызметіне тыйым сала отырып, бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      2) 730-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) осы Кодекстің 102-3, 374 (алтыншы бөлігі), 375 (төртінші, жетінші бөліктері), 394 (екінші бөлігі), 396 (екінші бөлігі) баптарында көзделген құқық бұзушылықтар жасалған кезде ішкі істер органдары орындайды.».
      2. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжат; № 2, 21- құжат; № 11, 102-құжат):
      1) 182-бап мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
      «8. Кәсіптік міндеттерін орындау кезінде медицина және фармацевтика қызметкерлерінің өз діни нанымдары бойынша қандай да бір әрекет (әрекетсіздік) жасауына, сол сияқты олардың азаматтардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіруі мүмкін діни жоралар мен рәсімдерді өткізуіне (орындауына) жол берілмейді.».
      3. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63, 64-құжаттар; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 1-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 18, 157-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2009 ж., № 24, 122, 125-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2011 жылғы 30 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 6-баптың оныншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қоғамдық және діни бірлестіктерді тіркеу «Қоғамдық бірлестіктер туралы», «Саяси партиялар туралы», «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы бапта белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.»;
      2) 11-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Діни бірлестікті мемлекеттік тіркеуден және қайта тіркеуден бас тартудың қосымша негіздері «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.».
      4. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 1, 8-құжат; № 24, 338-құжат, 2003 ж., № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 10, 56-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат, 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат):
      1) 19-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қоғамдық бірлестіктер құрылтай жиналысын (съезд, конференция) шақырушы кемінде он адамнан тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары тобының бастамасы бойынша құрылады, онда жарғы қабылданады және оның органдары қалыптастырылады.».
      5. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 17, 154-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 72-құжат; № 17, 81-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат):
      1) 19-бап мынадай мазмұндағы бесінші тармақпен толықтырылсын:
      «5. Балалардың сауықтыру, бос уақытын пайдаланатын спорттық, шығармашылық және өзге де ұйымдарында, лагерьлер мен санаторийлерде діни жоралар мен рәсімдерді, сондай-ақ діни ілімді таратуға бағытталған іс-әрекеттерді жүргізуге жол берілмейді.».
      6. «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» 2005 жылғы 18 ақпандағы
Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 5, 3-құжат; № 13, 53-құжат; 2010 ж., № 10, 48-құжат):
      1) 6-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) діни қызмет саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының аумағында құрылған діни бірлестіктердің және миссионерлердің қызметін зерделеу мен талдауды жүргізеді, өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-насихат іс-шараларын жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасының бұзылуына қатысты мәселелерді қарайды, Қазақстан Республикасының экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұзатын діни бірлестіктердің қызметіне тыйым салу туралы ұсыныстар енгізеді.».
      7. «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы
Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 14, 60-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2010 ж., № 10, 48-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат):
      27-бапта:
      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «тиісті білім беру ұйымдарында, сондай-ақ басқа мемлекеттердің жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім, рухани (діни) білім беру ұйымдарында күндізгі білім алатын азаматтарға оқитынын растайтын құжаттарды ұсынған кезде бір жоғары оқу орнын бітіргенге дейін;»;
      2) 5 тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) діни дәрежесі бар әскерге шақырылушыларға діни қызметі кезеңіне;».
      8. «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 10-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар, № 9-10, 47-құжат; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 17, 79, 81, 82-құжаттар; № 18, 84, 85-құжаттар; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21, 26-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2011 жылғы 30 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық
актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      27-бапта:
      14) тармақшадағы «қызметтер.» деген сөз «қызметтер;» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
      «заңды тұлғалардың шет елдерге діни оқу орындарда оқу үшін жіберуге байланысты қызметі.».
      9. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халыққа қызмет көрсету орталықтары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 76-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекет меншігіндегі және тарих пен мәдениет ескерткіштері болып табылатын ғибадат үйлерін (ғимараттарын) және өзге де мүлікті діни бірлестіктерге өтеусіз пайдалануға берген жағдайда мемлекеттік мүлікті өтеусіз пайдалану шарты жасалады.»;
      2) 118-баптың 2-тармағы алып тасталсын.
      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
            Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады