"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 1025 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі                       К. Мәсімов

Жоба 

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергия
үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; 2011 жылғы 30 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне рұқсат беру жүйесiн жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сыртқы мемлекеттiк қаржылық бақылауды жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне электрондық ақша мәселелерi бойынша өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне салық салу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне халықтың көшi-қоны мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй қатынастары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 48-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы бөлiмнiң ерекше бөлiгiнiң баптарында көзделген жағдайларда, айыппұл мөлшерi Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген салық мiндеттемелерiнiң орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған сомасының, аударылмаған (уақытылы аударылмаған) әлеуметтiк аударымдар сомасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының нормалары бұзыла отырып жүргiзiлген операция сомасының пайызымен не қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасының мөлшерiмен не монополистiк қызметтi жүзеге асыру немесе Қазақстан Республикасының электр энергетикасы, табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы заңнамасын бұзу нәтижесiнде алынған табыс (түсiм) сомасының пайызымен не құқық бұзушылық болған кезеңде, бірақ бір жылдан аспайтын бекітілген нормативтерден тыс пайдаланылған энергетикалық ресурстар құнының пайызымен көрсетiледi.»;
      2) 69-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Жеке тұлға әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, сондай-ақ салық салу, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы, табиғи монополиялар мен монополияға қарсы заңнамасы саласында құқық бұзушылық жасағаны үшiн оны жасаған күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға тиiс емес, ал заңды тұлға (оның iшiнде дара кәсiпкер) әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнама саласында құқық бұзушылық жасағаны үшін оны жасаған күннен бастап үш жыл өткеннен кейiн, ал Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы, мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамалар, табиғи монополиялар мен монополияға қарсы заңнама саласында құқық бұзушылық жасағаны үшiн оны жасаған күннен бастап бес жыл өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға тиiс емес.»;
      3) 17-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «17-тарау. Өнеркәсіп, жылу, электр энергиясын пайдалану, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық»;
      4) мынадай мазмұндағы 230-1, 230-2, 230-3, 230-4, 230-5, 230-6, 230-7, 230-8, 230-9, 230-10-баптармен толықтырылсын:
      «230-1-бап. Электр желісінде қуат коэффициентінің нормативтік
                  мәндерін және энергия тұтыну нормативтерін сақтамау
      1. Электр желілерінде қуат коэффициентінің нормативтік мәндерін сақтамау
      шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – он, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Энергия тұтыну нормативтерін асыру, -
      шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – құқық бұзушылық болған кезеңде, бірақ бір жылдан аспайтын бекітілген нормативтерден тыс пайдаланылған энергетикалық ресурстардың бес пайыз құны мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – он бес пайыз құны мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, -
      шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік дара қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, -
      шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – құқық бұзушылық болған кезеңде, бірақ бір жылдан аспайтын бекітілген нормативтерден тыс пайдаланылған энергетикалық ресурстардың он пайыз құны мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – отыз пайыз мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту.
      Энергетикалық ресурстардың құны құқық бұзушылық анықталған сәттегі нарықтық баға негізінде айқындалады.
      230-2-бап. Ақаулы жабдықты, арматураны, құбырларды жылу
                 оқшаулағышынсыз немесе энергия тұтыну жабдығының
                 жұмысын бұза отырып, пайдалану
      1. Энергетикалық ресурстарды өндіру және беру кезінде, сондай-ақ суды беру кезінде олардың тікелей ысырабына әкелген ақаулы жабдықты, арматураны, құбырларды жылу оқшауламай пайдалану және энергия тұтыну жабдығының жұмыс режимін бұзу, -
      шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, -
      шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      230-3-бап. Жылу тұтынуды есепке алудың тиісті аспаптарымен және
                 жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған
                 жүйелерімен жабдықталмаған жаңадан салынған және
                 жұмыс істеп тұрған объектілерге жылу және электр
                 энергиясын, газ бен суды жеткізу
      1. Жылу тұтынуды есепке алудың тиісті аспаптарымен және жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйелерімен жабдықталмаған жаңадан салынған және жұмыс істеп тұрған объектілерге жылу және электр энергиясын, газ бен суды жеткізу, -
      шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Есепке алу аспаптарын жөндеу кезеңін қоспағанда, тиісті есепке алу аспаптарымен жабдықталмаған жұмыс істеп тұрған объектілерге жылу және электр энергиясын, газды жеткізу, -
      шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, -
      шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, -
      шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту.
      1. Тұлға жылу энергиясын орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету жүйесіне қосылмаған объектілер мен жеке тұрғын үйлерге берген жағдайларда, осы баптың бірінші бөлігінде жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйелері бөлігінде көзделген құқық бұзушылық үшін жауапты болмайды.
      2. Тұлға жылу энергиясын орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету жүйесіне қосылмаған объектілер мен тұрғын үйлерге берген жағдайда, осы баптың екінші бөлігінде көзделген құқық бұзушылық үшін жауапты болмайды.
      230-4-бап. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің
                 энергия аудитінен өткеннен кейінгі бес жылдың ішінде
                 салыстырмалы жағдайларда тұтынылатын энергетика
                 ресурстарының көлемін және энергия аудитінің
                 қорытындылары бойынша белгіленген мөлшерге дейін
                 суды міндетті түрде жыл сайын төмендету туралы
                 талапты бұзуы
      1. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің салыстырмалы жағдайда энергия аудитінен өткеннен кейінгі бес жылдың ішінде тұтынылатын энергетика ресурстарының көлемін және энергия аудитінің қорытындылары бойынша белгіленген мөлшерге дейін суды міндетті түрде жыл сайын төмендету туралы талапты бұзуы, -
      шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер, -
      шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      230-5-бап. Мемлекеттік энергетика тізілімі субъектілерінің
                 міндетті энергия аудитінен өтуден жалтаруы не оны
                 жүргізуге кедергі келтіруі
      1. Мемлекеттік энергетика тізілімі субъектілерінің міндетті энергия аудиті өткізуден жалтаруы не оны жүргізуге кедергі келтіруі, -
      шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – он, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, -
      шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      230-6-бап. Электр қыздыру шамдарын заңсыз сату және өндіру
      Жарық беру мақсатында ауыспалы тоқ тізбектерінде пайдаланылуы мүмкін қуаты 25 Вт және жоғары электр қыздыру лампаларын өндіру және сату
      жеке тұлғаларға – он, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жарық беру мақсатында ауыспалы тоқ тізбектерінде пайдаланылуы мүмкін қуаты 25 Вт және жоғары электр қыздыру лампаларын тәркілей отырып, бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      230-7-бап. Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің
                 энергия менеджменті жүйесін жасау, енгізу және
                 жұмысын ұйымдастыру жөніндегі міндеттерді
                 орындамауы
      1. Жылына 1500 және одан жоғары тонна шартты отын көлемінде энергетика ресурстарын тұтынатын мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің энергия менеджменті жүйесін жасау, енгізу және жұмысын ұйымдастыру жөніндегі міндеттерді энергия менеджменті бойынша халықаралық стандарттың талаптарына сәйкес орындамауы, –
      шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, -
      шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – төрт жүз айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      230-8-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген энергия
                 аудитін жүргізу тәртібін, энергия үнемдеу мен
                 энергия тиімділігіне сараптама жүргізу тәртібін
                 сақтамау
      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген энергия аудитін жүргізу тәртібін, энергия үнемдеу мен энергия тиімділігі сараптамасын жүргізу тәртібін сақтамау, -
      шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – бір жүз айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, -
      шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – акредиттеу туралы куәлігінің қолданылуын тоқтата отырып, екі жүз айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолдану мерзімі аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, -
      шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – акредиттеу туралы куәлігінен айыра отырып, үш жүз айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      230-9-бап. Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес
                 электрлік энергия тұтыну құрылғысының техникалық
                 құжаттамасында және заттаңбасында энергия
                 тиімділігінің сыныбы мен сипаттамасын белгілемеу
      1. Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес электрлік энергия тұтыну құрылғысының техникалық құжаттамасында және заттаңбасында энергия тиімділігінің сыныбы мен сипаттамасын көрсетпеу, -
      шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – алты, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – бір жүз айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, -
      шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – он екі, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      230-10-бап. Уәкілетті органның энергия үнемдеу және энергия
                  тиімділігін арттыру саласындағы заңдарда және өзге
                  нормативтік құқықтық актілерде белгіленген
                  талаптарды бұзуды жою туралы нұсқамаларын орындамау
                  немесе толық емес көлемде орындау
      1. Уәкілетті органның энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы заңдарда және өзге нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды бұзуды жою туралы нұсқамаларын орындамау немесе толық емес көлемде орындау, –
      жеке тұлғаларға – он, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – қырық айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, -
      жеке тұлғаларға – жиырма, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      5) 356-бапта:
      атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «356-бап. Мемлекеттік инспекциялармен мемлекеттік бақылау
                және қадағалау органдардың лауазымды
                адамдарына өзінің қызметтік міндеттерін рындауға
                кедергі келтіру, қаулыларды, нұсқауларды және өзге
                де талаптарды орындамау»;
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мемлекеттiк инспекциялар мен мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдарының лауазымды тұлғаларына олардың құзыретiне сәйкес қызметтiк мiндеттерiн орындауына қызмет туралы, кiрiстер туралы, энергия тиімділігінің көрсеткіштері туралы, есепке алу аспаптарымен жарақтандыру, энергетикалық ресурстарды, суды тұтыну және олардың шығындарының көлемі туралы, сақтандыру жарналарын есептеу және төлеу туралы қажеттi құжаттарды, материалдарды, ақпаратты, атом энергиясын пайдалану туралы статистикалық (алғашқы статистикалық деректерді қоспағанда) және өзге де мәлiметтердi беруден бас тарту арқылы, уәкiлеттi органның қаулысы бойынша ревизия, тексеру, түгендеу, сараптама және заңнамада көзделген басқа да әрекеттердi жүргiзуге жiберуден бас тарту арқылы кедергi келтiру немесе оларды жүзеге асыруға өзге де кедергiлер келтiру не жалған ақпарат беру, -
      жеке тұлғаларға – айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды тұлғаларға жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Осы Кодекстің 130, 147-9, 168, 173, 216, 219, 230-10, 305, 313-баптарында, 317-баптың екінші бөлігінде, 317-1, 362, 381, 474, 486, 522, 528-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк бақылау мен қадағалау органдары (лауазымды тұлғалар), мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары өз құзыретi шегiнде берген заңды талаптарын немесе нұсқамаларды, ұсынымдарды, қаулыларды орындамау немесе тиiсiнше орындамау, -
      жеке тұлғаларға – айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды тұлғалар мен дара кәсiпкерлерге он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      6) 541-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Мамандандырылған аудандық және оларға теңестiрiлген әкiмшiлiк соттардың судьялары, осы баптың үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстiң 79-1, 79-3, 79-4, 79-5, 79-6, 80-84, 85 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 85-1 (екінші бөлігінде), 85-2 (екінші бөлігінде), 85-3, 86, 86-1, 87-2, 87-3, 87-4, 87-5, 95-110-1, 124 (бiрiншi бөлiгiнде), 127, 129, 130, 136 - 136-2, 140 (екiншi бөлiгiнде), 141-1, 143, 143-1, 144-1, 145, 146-1, 147, 147-1 (екiншi бөлiгiнде), 147-10 (екінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші бөліктерінде), 151, 151-1, 153, 154, 154-1, 155, 155-1 (төртінші бөлігінде), 155-2, 156, 157, 157-1, 158, 158-3, 158-4, 158-5, 159, 161 (бірінші, төртінші және бесiншi бөлiктерiнде), 162, 163 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші және тоғызыншы бөліктерінде), 163-2, 163-3, 163-4, 163-6, 165, 167-1 (екінші және үшінші бөліктерінде), 168-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 168-3, 175 (екінші бөлігінде) (жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, аудиторлар және аудиторлық ұйымдар жасаған құқық бұзушылық бөлігінде), 176 (бiрiншi бөлiгiнде), 177-3, 177-4, 177-5, 179, 179-1, 183, 184, 184-1, 185, 188 (екінші бөлігінде), 190, 192, 194, 200, 202, 203, 213 (төртінші-алтыншы бөліктерінде), 214, 218-1 (жетінші бөлігінде), 222-229, 230-6, 230-8 (екінші және үшінші бөліктерінде), 231 (екiншi бөлiгiнде), 232, 233, 234-1, 235 (екiншi бөлiгiнде), 237, 237-1, 246 (екiншi бөлiгiнде), 275-1, 278 (бiрiншi бөлiгiнде), 283 (бiрiншi, үшiншi бөлiктерiнде), 298 (екiншi, үшiншi бөлiктерiнде) 298-1 (екiншi бөлiгiнде), 302 (үшiншi бөлiгiнде), 303 (екiншi бөлiгiнде), 304 (екiншi бөлiгiнде), 305 (екiншi бөлiгiнде), 306 (екiншi бөлiгiнде), 306-1 (үшiншi бөлiгiнде), 306-2, 308, 309-1 (жетінші, сегізінші бөліктерінде), 309-2 (төртiншi бөлiгiнде), 309-4 (сегізінші, тоғызыншы бөліктерінде), 311-1 (жетінші бөлігінде), 312-1, 314, 315, 316, 317 (екінші және үшінші бөліктерінде), 317-1, 317-2, 318, 319, 319-1, 320 (бірінші және 1-1-бөліктерінде), 321, 322 (үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 323 (екiншi бөлiгiнде), 324 (екінші және үшінші бөліктерінде), 324-1, 326, 327 (бірінші бөлігінде), 328, 330, 330-1 (екінші бөлігінде), 332 (бірінші, екінші, төртінші бөліктерінде), 335, 336 (үшiншi бөлiгiнде), 336-1 (үшiншi бөлiгiнде), 336-2 (үшiншi бөлiгiнде), 338 (бiрiншi бөлiгiнде), 338-1, 339, 340, 342-344, 346-357, 357-1, 357-2 (екiншi бөлiгiнде), 357-3, 357-4, 357-6, 359, 361, 362, 362-1, 363, 365, 366, 368, 368-1, 369 (екiншi бөлiгiнде), 370 (екiншi бөлiгiнде), 371 (екiншi бөлiгiнде), 372-376, 381-1, 386 (үшiншi бөлiгiнде), 388, 389-1, 390 (екінші бөлігінде), 391 (екінші бөлігінде), 391-1 (екінші және үшінші бөліктерінде), 393, 394 (екiншi бөлiгiнде), 394-1, 396 (екiншi бөлiгiнде), 400-1, 400-2, 405 (бiрiншi бөлiгiнде), 409, 410, 413, 413-1, 413-2, 414, 415, 417, 417-1, 418, 421, 423, 424, 425-1, 426-430, 433, 442, 443 (бесiншi бөлiгiнде), 445, 446 (екiншi бөлiгiнде), 446-1, 453 (екiншi бөлiгiнде), 454 (бiрiншi-үшiншi бөлiктерiнде), 461 (3-1-бөлігінде), 463-3 (бесінші бөлігінде), 464-1 (бірінші және екінші бөліктерінде), 465 (екінші бөлігінде), 466 (екінші бөлігінде), 467, 468 (бірінші және екінші бөліктерінде), 468-1, 468-2, 469, 471 (1-1, 1-2 және екінші бөліктерінде), 473 (үшінші бөлігінде), 474-1, 477 (үшiншi бөлiгiнде), 484, 492 (екiншi бөлiгiнде), 494 (екiншi бөлiгiнде), 494-1 (үшінші және бесінші бөліктерінде), 496 (екiншi бөлiгiнде), 501, 512-1 - 512-5, 513-518, 520-537-1-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.»;
      7) мынадай мазмұндағы 554-2-баппен толықтырылсын:
      «554-2-бап. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру
                  саласындағы уәкілетті орган
      1. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстiң 230-1, 230-2, 230-3, 230-4, 230-5, 230-7, 230-8 (бірінші бөлігі), 230-10-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарастыруға және әкімшілік жаза қолдануға құқылы.»;
      8) 566-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Техникалық реттеу және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдар осы Кодекстiң 161 (бiрiншi бөлiгiнде), 164, 230-9, 317 (бірінші бөлігінде), 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде), 496 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.»;
      9) 636-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында:
      қырық бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «техникалық реттеу және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы органдар мен оның аумақтық органдарының (161 (төртiншi бөлiгi), 230-6, 338-1 (үшінші, тоғызыншы, оныншы және он екінші бөліктері), 317 (екінші және үшінші бөліктері), 317-1, 317-2, 356, 496 (екiншi бөлiгi), 501-баптар)»;
      мынадай мазмұндағы алпысыншы абзацпен толықтырылсын:
      «энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті орган (356, 230-8 баптар (екінші және үшінші бөліктері);».
      2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат, № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сыртқы мемлекеттiк қаржылық бақылауды жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй қатынастары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 53-баптың 1-тармағында:
      9) тармақшаның төртінші абзацы алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «9-1) республикалық деңгейде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру:
      республикалық деңгейде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар өткізу;»;
      2) 54-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «9-1) облыстық деңгейде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру:
      облыстық деңгейде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар өткізу;»;
      3) 55-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «9-1) республикалық маңызы бар қаланың, астананың деңгейінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру:
      республикалық маңызы бар қаланың, астананың деңгейінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар өткізу;»;
      4) 56-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «8-1) аудан (облыстық маңызы бар қалалардың) деңгейінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру:
      аудан (облыстық маңызы бар қалалар) деңгейінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар өткізу;».
      3. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-І, 22-ІІ, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар, № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; 2011 жылғы 30 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне рұқсат беру жүйесiн жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне электрондық ақша мәселелерi бойынша өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне салық салу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне арнайы экономикалық аймақтар мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне халықтың көшi-қоны мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):
      495-баптың 9-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Бұл ретте жергілікті өкілді органдар энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында келісім жасаған субъектілерге объектілер бойынша тек қана осындай келісім шеңберінде осы бапта белгіленген төлеу мөлшерлемелерді көтермеуге құқылы.».
      4. «Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегi Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат, № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 15, 63-құжат; 2006 ж., № 14, 89-құжат; № 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 17-18, 114-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; 2011 жылғы 30 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне рұқсат беру жүйесiн жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 4-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Көліктегі қауіпсіздік, энергия тиімділігі және жауапкершілік»;
      2) 15-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Көлiк құралдары, көлiк саласындағы техникалық регламенттерде белгiленген энергия тиімділігіне, адам өмiрi мен денсаулығының, қоршаған ортаның қауiпсiздiгi жөнiндегi талаптарға сәйкес келуі, сәйкестiктi растау саласындағы құжаты болуы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте тiркелуі тиiс.».
      5. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; 2011 ж., № 1, 2,3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне халықтың көшi-қоны мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй қатынастары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 97-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Меншiктiң барлық нысандарындағы тұрғын үйлерде коммуналдық қызмет үшiн ақы Қазақстан Республикасы Үкiметi белгiлеген тәртiппен бекiтiлген тарифтер бойынша алынады.
      Мемлекет аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеу және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға жарналар төлеміне;
      тұрғын жайдың меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және қалалық телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк ақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтыну төлеміне;
      жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысын төлеуге;
      жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде) жекеменшік тұрғын үйде тұрып жатқан, тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алумен және бақылаумен, нақты 1-ден төмен емес сыныппен электр энергиясының бір фазалық есептеуішінің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөнінде шаралар қабылдайды.
      Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстауға, күрделі жөндеуге ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күтiп-ұстауға, күрделi жөндеуге жұмсалатын коммуналдық қызметтердiң ақысын төлеуге жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша, сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үй жайларында (пәтерлерде), жеке меншік тұрғын үйде пайдаланудағы нақты 2,5 сыныпты электр энергиясының бір фазалық есептеуішінің құны орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алумен және бақылаумен, нақты 1-ден төмен емес сыныппен электр энергиясының бір фазалық есептеуішінің құнын төлеуге жеткізуші ұсынған шот бойынша тұрғын үй көмегі республикалық бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi өкiлдi органдары Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тұрғын үй көмегiн көрсетудің ережелері негiзiнде тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерiн және тәртiбiн айқындайды.».
      6. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2011 жылғы 30 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне рұқсат беру жүйесiн жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 27 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiс енгiзу туралы» 2011 жылғы 20 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 4-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) өнеркәсіптік кәсіпорындардың және электр станцияларының, кәріздік-тазарту имараттарының ағын су қалдықтарын, топырақтың жылуын, жерасты суларын, өзендерді, су қоймаларын пайдалана отырып өндірген жылу энергиясын қоспағанда жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау жөніндегі;».
      7. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3; 17-құжат; № 9; 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж; № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж; № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29,32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сыртқы мемлекеттiк қаржылық бақылауды жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «ақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне халыққа қызмет көрсету орталықтарының мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй қатынастары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-9), 1-10) тармақшалармен толықтырылсын:
      «1-9) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша іс-шараларды тиісті аумақтың даму бағдарламасына енгізуді қамтамасыз етеді, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында келісім жасасады, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында ақпараттық қызметті жүзеге асырады;
      1-10) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді.»;
      2) 31-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-9), 1-10) тармақшалармен толықтырылсын:
      «1-9) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы іс-шараларды тиісті ауданның даму бағдарламасына енгізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында ақпараттық қызметті жүзеге асырады;
      1-10) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді.».
      8. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат):
      1) 62-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын;
      «1. Ғимаратты (монументтi) жасаудың дербес жобасы ретiнде, сондай-ақ құрылысқа арналған жобалау (жобалау-смета) құжаттамасының бiр бөлігi ретiнде сәулет жобасы да құрылыс жобасын немесе құрылысқа арналған өзге де құжаттаманы әзiрлеу үшiн қажеттi көлемде объектiге қойылатын әлеуметтiк, экономикалық, функционалдық, инженерлiк, техникалық, өртке қарсы, жарылысқа қарсы, санитариялық-гигиеналық, экологиялық, сондай-ақ энергия тиімділігі және өзге де талаптар кешендi түрде ескерiлетiн сәулетті-көркемдiк, композициялық және көлемдiк-жоспарлау шешiмдері болуы тиіс.»;
      2) 63-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Құрылыс үшiн жобалау (жобалау-смета) құжаттамасының негiзгi бөлігi ретiнде құрылыс жобасында (құрылыстық жобада) объектiнiң орналасқан жерiнiң қала құрылысы жағынан негiзделуi, құрылыс жүргiзу және объектiнi пайдалануға беру үшiн қажеттi көлемде экономикалық, сәулет, көлемдiк-жоспарлау, функционалдық, технологиялық, конструкциялық, инженерлiк, табиғат қорғау, энергия үнемдейтін және өзге де шешiмдері болуы тиiс.».
      9. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 7, 38-құжат; № 13, 87-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2011 жылғы 30 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне рұқсат беру жүйесiн жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үй қатынастары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 22 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 18-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Бөлшек сауда нарығында электр және жылу энергиясын сатып алу-сату энергиямен жабдықтаушы ұйымдармен тұтынушылар жасасатын шарттар негізінде жүзеге асырылады.
      Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың тұтынушыларға электр энергиясын тәулік зоналары бойынша және (немесе) тұтынатын энергияның көлеміне (жеке тұлғалар үшін) қарай сараланған тарифтер бойынша өткізуден (сатудан) бас тартуға құқығы жоқ.
      Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың тұтынушыларға жылу энергиясын есепке алу аспаптарының бар болуына немесе жоқ болуына байланысты сараланған тарифтер бойынша жылу энергиясын өткізуден бас тартуға құқығы жоқ.».
      10. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 12, 60-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2011 жылғы 30 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне рұқсат беру жүйесiн жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):
      85-баптың 6-тармағы алып тасталсын.
      11. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 1-құжат; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2011 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне арнайы экономикалық аймақтар мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 21 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):
      осы Заңға қосымшада:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-1) Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасының сақталуына;».
      2-бап. Осы Заң:
      бірінші және үшінші бөліктерінде 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап және екінші және төртінші бөліктерінде 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 230-3-баппен толықтыру бөлігіндегі 1-баптың 1-тармағының 4) тармақшасын;
      2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 230-4-баппен толықтыру бөлігіндегі 1-баптың 1-тармағының 4) тармақшасын;
      2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 230-5-баппен толықтыру бөлігіндегі 1-баптың 1-тармағының 4) тармақшасын;
      қуаты 100 Вт және одан жоғары қыздыру электр шамдары үшін 2012 жылғы 1 шілдеден бастап, қуаты 75 Вт және одан жоғары 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап, қуаты 25 Вт және одан астам 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 230-6-баппен толықтыру бөлігіндегі 1-баптың 1-тармағының 4) тармақшасын;
      2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 230-7-баппен толықтыру бөлігіндегі 1-баптың 1-тармағының 4) тармақшасын;
      жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде), меншікті тұрғын үйде пайдалануда тұрған электр энергиясының дәлдігі 2,5-сыныпты бір фазалық есептеуішінің орнына орнатылатын электр энергиясының шығысын тәулік уақыты бойынша саралап есепке алып және бақылай отырып, дәлдігі 1-ден төмен емес сыныпты бір фазалық электр энергиясы есептеуішінің құнын төлеуге жеткізуші ұсынған шот бойынша тұрғын үй көмегін көрсету бөлігінде «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабының 2-тармағының абзацтары бөлігінде 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін және 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болатын 1-баптың 5-тармағының 1) тармақшасын;
      2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 9-тармағының 1) тармақшасын;
      2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 10-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледі.

      Қазақстан Республикасының
            Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады