"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау жөнінде іс-шаралар жүргізу үшін бөлінген бюджеттік кредитті қайта құрылымдау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 қыркүйектегі № 1042 Қаулысы

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 193-бабына және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңына сәйкес «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына 023 «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ кредит беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша берілген бюджеттік кредит 17 105 000 000,0 (он жеті миллиард бір жүз бес миллион) теңге сомасындағы негізгі борыштың бір бөлігін өтеу мерзімін 2012 жылғы 1 қарашаға дейін ұзарту арқылы қайта құрылымдалсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі тиісті қосымша келісім жасасуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады