"Халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп беру жөнiндегi конкурстық комиссиялар құрамын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 ақпандағы № 72 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 қыркүйектегі № 1044 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 222 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 11.03.2014 № 222 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. «Халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп беру жөнiндегi конкурстық комиссиялар құрамын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 ақпандағы № 72 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
      көрсетілген қаулымен бекітілген халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп беру жөнiндегi конкурстық комиссиялар құрамдарына мыналар енгізілсін:
      Арал теңiзi, Сырдария өзенi және Шардара су қоймасы бойынша:

Жұмажанов
Бауыржан Жұмажанұлы

-

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Балық шаруашылығы комитетi төрағасының орынбасары, төраға,

Қожағұл
Әлимұса Айжарықұлы

-

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетi Арал-Сырдария облысаралық бассейндiк балық шаруашылығы инспекциясының бастығы;

       Балқаш көлi, Алакөл көлдер жүйесi, Iле өзенi және Қапшағай су қоймасы бойынша:

Садықов
Қайрат Райымқанұлы

-

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Балық шаруашылығы комитетi Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндiк балық шаруашылығы инспекциясы бастығының орынбасары;

      мына:

«Асылбекова
Сәуле Жәңгірқызы

-

«ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамы «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Балқаш филиалының директоры (келісім бойынша)»

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Асылбекова
Сәуле Жәңгірқызы

-

«ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамы «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының орынбасары (келісім бойынша)»;

       Зайсан көлi, Бұқтырма және Шүлбi су қоймалары, Ертiс өзенi және Қ.Сәтпаев атындағы канал бойынша:

Жұмажанов
Бауыржан Жұмажанұлы

-

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Балық шаруашылығы комитетi төрағасының орынбасары, төраға,

Көбенов
Манап Шарапиденұлы

-

Павлодар облысы әкiмiнiң орынбасары,

Тоқтасынов
Кенжеғазы Абзалбекұлы

-

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекцияның Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының бастығы,

      мына:

«Иманжанов
Мирзан Тілеуқанұлы

-

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясының бөлім бастығы»

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Иманжанов
Мирзан Тілеуқанұлы

-

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы бастығының орынбасары»;

       Каспий теңiзi, Жайық өзенi және Қиғаш өзенi бойынша:

Паритов
Бекет Захарұлы

-

Маңғыстау облысы әкiмiнiң орынбасары;

      көрсетілген құрамдардан Әзіс Василийұлы Шотқараев, Елікбай Дүйсенбайұлы Керуенбаев, Досмұхамбет Нұрмахамбетұлы Қасымов, Төлеген Қабыкенұлы Закарьянов, Жанымхан Қаюұлы Құндызбаев, Мұханбет Мұратбайұлы Жүнбасов шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады