"2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қыркүйектегі № 1056 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      04 «Білім беру» деген функционалдық топта:
      225 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» деген әкімші бойынша:
      005 «Білім және ғылым объектілерін салу және реконструкциялау» деген бағдарламада:
      «Шығыс Қазақстан облысы» деген бөлімде:
      «Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында 700 орындық машина жасау саласы үшін техникалық және қызмет көрсету және өңдеу саласындағы қызметкерлерді даярлау мен қайта даярлауға арналған өңіраралық кәсіби орталығын салу» деген жолда «706 041» деген сандар «1 426 570» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Қарағанды облысы» деген бөлімде:
      мына:
      «





Қарағанды қаласы Т. Бегелдинов атындағы республикалық мектеп интернатының спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы

200 864



                                                                    »
      деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      «





Маңғыстау облысы








Ақтау қаласындағы Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті жатақханасының құрылысы

121 615



                                                                   »;
      «Павлодар облысы» деген бөлімде:
      «Беркімбаев-Московская көшелерінің қиылысында орналасқан көлемі 8,0 гектар (Екібастұз қаласындағы 700 орынды отын-энергетика саласына арналған) техникалық және қызмет көрсететін еңбек кадрларын даярлау бойынша регионаралық кәсіби орталығының құрылысы» деген жолда «1 668 028» деген сандар «155 884» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Оңтүстік Қазақстан облысы» деген бөлімде:
      «Түркістан қаласындағы А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің 500 орындық жатақхананың құрылысы» деген жолда «521 519» деген сандар «891 519» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Оңтүстік Қазақстан облысында өңдеуші салаларында жұмыс істейтін техникалық қызмет көрсету кадрларын дайындайтын және қайта дайындайтын 700 оқу орынды регион аралық кәсіби орталығын салу» деген жолда «382 370» деген сандар «682 370» деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады