ТРACЕКA Үкiметаралық комиссиясы Тұрақты хатшылығының Қазақстан Республикасындағы Тұрақты өкiлдiгiнiң басшысын (Ұлттық хатшысын) тағайындау туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 тамыздағы N 869 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 қыркүйектегі № 1069 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.09.17 № 1069 Қаулысымен.

      1998 жылғы 8 қыркүйектегi Еуропа-Кавказ-Азия дәлiзiн дамыту жөнiндегi халықаралық көлiк туралы негізгi көп жақты келiсiмнің  9-бабына және 2003 жылғы 10 қазанда ТРАСЕКА Үкiметаралық комиссиясы бекiткен ТРАСЕКА Үкiметаралық комиссиясының Тұрақты хатшылығы туралы ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Көлiк және коммуникация ғылыми-зерттеу институты" жауапкершілiгi шектеулi серiктестігінің президентi Мұрат Махметұлы Бекмағамбетов TPACEКA Үкiметаралық комиссиясы Тұрақты хатшылығының Қазақстан Республикасындағы Тұрақты өкілдігінiң басшысы (Ұлттық хатшысы) болып тағайындалсын.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi ТРАСЕКА Үкiметаралық комиссиясының Тұрақты хатшылығын қабылданған шешiм туралы хабардар етсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзіледi.

       Қазақстан Pecпубликасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады