«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 220-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мүліктің тізілімін жасау жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орталық және жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік органдар (келісім бойынша) Іс-шаралар жоспарын орындау жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі жыл сайын 2012 – 2014 жылғы 10 желтоқсаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 1115 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік мүліктің тізілімін жасау жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р/с |
Іс-шаралар |
Аяқталу |
Жауапты |
Орындалу |
Болжамды |
Қаржыландыру |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1. Ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар |
||||||
1 |
Тізілімді жасау шеңберінде салалық АД-ің өзара іс-қимылы бойынша және Тізілімді жүргізу қағидасының жобасы бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін ведомствоаралық жұмыс тобын құру |
Қаржыминінің бұйрығы |
Қаржымині (жинақтау), ЭДСМ, ММ, Әділетмині, ЖРБА, БАМ, ТЖМ, БҚА, АЕО (келісім бойынша), ЭКО (келісім бойынша) |
2011 жылғы қыркүйек |
Талап етілмейді |
|
2 |
Жұмыс тобының, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған есептеу объектілері бойынша ақпаратты салалық АЖ-ға енгізу үшін Тізілім жасау шеңберінде оларды перспективалық дамыту және жаңғырту бойынша ұсыныстар әзірлеу |
ҚРҮ-ге ақпарат |
Қаржымині, АЕО (келісім бойынша), ЭКО (келісім бойынша), мүдделі мемлекеттік органдар |
2011 жылғы қараша |
||
3 |
Тізіліммен біріктіру үшін салалық АЖ-ны жаңғырту жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру бойынша ұсыныстар әзірлеу |
Бюджеттік өтінімнің жобасы |
ММ, Әділетмині, ЖРБА, БАМ, ТЖМ, Қаржымині |
2011 жылғы желтоқсан |
Талап етілмейді |
|
4 |
Орталық органдардың республикалық меншіктің ведомстволық бағыныстағы ұйымдары бойынша ақпаратқа қол жетімділік ұсыну бөлігінде оларды «МемТізілім» АЖ-ға қосу |
ЭДСМ-ге ақпарат |
Қаржымині (жинақтау), мемлекеттік органдар, АЕО (келісім бойынша) |
2012 жылғы 1-тоқсан |
Талап етілмейді |
|
5 |
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының коммуналдық меншік объектілері бойынша деректерді «МемТізілім» АЖ-ға енгізуді және оларды «МемТізілім» АЖ-ға қосуды қамтамасыз етуі |
ЭДСМ-ге ақпарат |
Қаржымині (жинақтау), АЕО (келісім бойынша), облыстардың Алматы және Астана қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың әкімдіктері |
2012 жылғы 1-тоқсан |
Жергілікті бюджет |
|
2. Тiзiлiмдi жүргiзудiң бағдарламалық құралдарын техникалық қамтамасыз ету және жаңғырту |
||||||
1 |
Тізілімді жасау бойынша жұмыстарды жүргізу, соның ішінде «е- Қаржымині» жобасын iске асыру шеңберiнде веб-портал арқылы оған қол жетімділікті қамтамасыз ету |
ЭДСМ-ге ақпарат |
Қаржымині, АЕО (келісім бойынша), ЭКО (келісім бойынша) |
2012 жылғы 4-тоқсан |
«е- Қаржымині» жобасының шеңберінде көзделген РБ қаражатынан қаржыландыру |
|
2 |
Мемлекеттік заңды тұлғалар бойынша тізілім деректерінің өзектілігін қамтамасыз ету үшін Тізілімді «БСАЖ» АЖ-мен біріктіруді жүргізу |
ЭДСМ-ге ақпарат |
Қаржымині, АЕО (келісім бойынша), ЭКО (келісім бойынша) |
2012 жылғы 4-тоқсан |
«е- Қаржымині» жобасының шеңберінде көзделген РБ қаражатынан қаржыландыру |
|
3 |
Тiзiлiмнің салалық ақпараттық жүйелермен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету және оған мына: |
|||||
акционерлiк қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін |
ЭДСМ-ге ақпарат |
Қаржымині, АЕО (келісім бойынша), ЭКО (келісім бойынша) |
2012 жылғы 4-тоқсан |
«е- Қаржымині» жобасының шеңберінде көзделген РБ қаражатынан қаржыландыру |
||
мемлекеттiк заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттiк мүлiкті |
ЭДСМ-ге ақпарат |
Қаржымині, АЕО (келісім бойынша), ЭКО (келісім бойынша) |
2012 жылғы 4-тоқсан |
«е- Қаржымині» жобасының шеңберінде көзделген РБ қаражатынан қаржыландыру |
||
Мемлекеттiк заңды тұлғаларға бекітіліп берілген және Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде тұрған жылжымайтын мүлік объектілерін |
ЭДСМ-ге ақпарат |
Қаржымині, АЕО (келісім бойынша), ЭКО (келісім бойынша) |
2012 жылғы 4-тоқсан |
«е- Қаржымині» жобасының шеңберінде көзделген РБ қаражатынан қаржыландыру |
||
«Жылжымайтын мүлiк тіркелімі» мемлекеттiк деректер қорынан «электронды үкімет» шлюзі арқылы мемлекеттiк заңды тұлғаларға тiркелген мемлекеттiк мүлiкті |
ЭДСМ-ге ақпарат |
Қаржымині, Әділетмині, АЕО (келісім бойынша), ЭКО (келісім бойынша) |
2012 жылғы 4-тоқсан |
«е- Қаржымині» жобасының шеңберінде көзделген РБ қаражатынан қаржыландыру |
||
«Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімі» АЖ-дан мемлекетке тиесілі ұлттық мәдени игілік объектілерін |
ЭДСМ-ге ақпарат |
Қаржымині, ММ, АЕО (келісім бойынша), ЭКО (келісім бойынша) |
2012 жылғы 4-тоқсан |
«е- Қаржымині» жобасының шеңберінде көзделген РБ қаражатынан қаржыландыру |
||
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің Ұлттық зияткерлік меншік институты» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен мемлекетке тиесілі зияткерлік меншiктің объектілерін |
ЭДСМ-ге ақпарат |
Қаржымині, Әділетмині, АЕО (келісім бойынша), ЭКО (келісім бойынша) |
2012 жылғы 4-тоқсан |
«е- Қаржымині» жобасының шеңберінде көзделген РБ қаражатынан қаржыландыру |
||
жер пайдалануға берілген және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жер кадастры» АЖ-дан мемлекеттiк заңды тұлғаларға бекітіліп берілген жер учаскелерін |
ЭДСМ-ге ақпарат |
Қаржымині, ЖРБА, АЕО (келісім бойынша), ЭКО (келісім бойынша) |
2012 жылғы 4-тоқсан |
«е- Қаржымині» жобасының шеңберінде көзделген РБ қаражатынан қаржыландыру |
||
«Қазақстанның мемлекеттiк материалдық резервi» АЖ-дан мемлекеттiк материалдық резервтiң объектілерін |
ЭДСМ-ге ақпарат |
Қаржымині, ТЖМ, АЕО (келісім бойынша), ЭКО (келісім бойынша) |
2012 жылғы 4-тоқсан |
«е- Қаржымині» жобасының шеңберінде көзделген РБ қаражатынан қаржыландыру |
||
мемлекеттiк кәсiпорындардың және мемлекет қатысатын мемлекеттің бақылауындағы акционерлiк қоғамдардың (жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердің) даму жоспарларын және олардың орындалуы туралы есептерді |
ЭДСМ-ге ақпарат |
Қаржымині, АЕО (келісім бойынша), орталық атқарушы органдар, облыстардың, Алматы және Астана қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың әкімдіктері |
2012 жылғы 4-тоқсан |
«е- Қаржымині» жобасының шеңберінде көзделген РБ қаражатынан қаржыландыру |
||
ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың стратегиялары мен даму жоспарын және олардың орындауы туралы есептерді есепке алу бөлігіңде ақпаратты енгізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу |
ЭДСМ-ге ақпарат |
Қаржымині, АЕО (келісім бойынша), орталық атқарушы органдар, |
2012-2013 жылдар |
|||
4 |
Мемлекеттік заңды тұлғалардың иелігінде тұрған және оларға бекітіліп берілмеген мемлекеттік мүлікті құрылатын Тізілімдегі және «Жылжымайтын мүлік тізілімі» мемлекеттік деректер қоры ақпараттық жүйесінің деректеріне салыстыру жүргізу жолымен мемлекеттік мүлікті анықтау |
ЭДСМ-ге ақпарат |
Қаржымині, АЕО (келісім бойынша), орталық атқарушы органдар, облыстардың, Алматы және Астана қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың әкімдіктері |
2013 жылғы 2-тоқсан |
Талап етілмейді |
|
5 |
Мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген тіркелмеген (тіркелген) мемлекеттік мүлікті ресімдеу (қайта ресімдеу) жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру бойынша ұсыныстар әзірлеу |
ЭДСМ-ге ақпарат |
Орталық атқарушы органдар, облыстардың, Алматы және Астана қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың әкімдіктері |
2013 жылғы 2-тоқсан |
Талап етілмейді |
|
6 |
Мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларында құқық беретін құжаттарды ресімдеуге және оларға бекітіліп берілген тіркелмеген мемлекеттік мүлікті заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыруға арналған шығыстарды қарастыру |
ЭДСМ-ге ақпарат |
Орталық атқарушы органдар, облыстардың, Алматы және Астана қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың әкімдіктері |
2013 жылғы 2-тоқсан |
Талап етілмейді |
|
7 |
Есеп беруі автоматтандырылған мемлекеттік мүліктің қосымша түрлерін (санаттарын) құрылатын Мемлекеттік мүлік тізіліміне енгізу жөніндегі ұсыныстар |
ЭДСМ-ге ақпарат |
Қаржымині, |
2013 жылғы 2-тоқсан |
Талап етілмейді |
|
8 |
Мемлекеттік заңды тұлғалардың бекітіліп берілмеген мүлкіне меншік құқығын бекіту, кейіннен оны құрылатын тізілімде көрсету |
Қаржыминінің ММЖК және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың |
Қаржымині, орталық атқарушы органдар, облыстардың, Алматы және Астана қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың әкімдіктері |
2013 жылғы 4-тоқсан |
Талап етілмейді |
Мемлекеттiк кәсiпорын- |
9 |
Мемлекеттік кәсіпорындарға бекітіліп берілген тіркелмеген мемлекеттік мүліктің құқық беретін құжаттарын ресімдеу және заңнамада белгіленген тәртіппен оларды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру |
ЭДСМ-ге ақпарат |
Орталық атқарушы органдар, облыстардың, Алматы және Астана қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың әкімдіктері |
2014 жылғы 4-тоқсан |
Мемлекеттiк кәсiпорын- |
|
10 |
Мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген тіркелмеген мемлекеттік мүліктің құқық беретін құжаттарын ресімдеу және заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру |
ЭДСМ-ге ақпарат |
Орталық атқарушы органдар, облыстардың, Алматы және Астана қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың әкімдіктері |
2015 жылғы |
Республика-лық және жергілікті бюджеттер |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЭДСМ – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Қаржыминінің ММЖК – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті
Әділетмині – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
ТЖМ – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
БАМ – Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі
MM – Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
СА – Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
ЖРБА – Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі
БҚА – Қазақстан Республикасы Бәсекелестік қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік)
ИЖТМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
ЖАО – жергілікті атқарушы органдар
АЕО – «Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамы
ЭКО – «Электрондық коммерция орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
РБ – республикалық бюджет
МЗТ – мемлекеттік заңды тұлғалар
ММ – мемлекеттік мекемелер
АЖ – ақпараттық жүйелер
Тізілім – «Мемлекеттік мүлік тізілімі» АЖ
«БСАЖ» АС – «Біріккен салықтық ақпараттық жүйе» АЖ
«МемТізілім» АЖ – «мемлекеттік кәсіпорындар мен жарғылық капиталына мемлекет қатысатын мекемелер, заңды тұлғалар